Пайғамбарымыз кісі есімдерін өзгерткен бе?

 

Адамға ат қоюға атүсті қарамайтын. «Сендер қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса, әдемі есім қойыңдар»( Әбу Дәуіт, Әдеп, 70) ─ деп өсиет айтқан Пайғамбарымыз (с.а.с.) есімге қатты мән берген, тіпті кейбір адамдардың психологияға әсер ететін жағымсыз немесе жаман мағынадағы есімдерін басқа есіммен ауыстырған. Мысалы, «Бәрра» деген атты «Зейнеп» деп алмастырған, өйткені
«Бәрра» сөзі «ақталушы, кінәсіздігін дәлелдеуші» деген мағынаны береді.
«Үкім беретіндердің әкесі, ең үздігі» деген мағынадағы Әбу Хәкім деген кісінің есімін ауыстыртқан, өйткені үкім беруші жалғыз Аллаһ. «Берекесіз, пәтуасыз» деген мағынаға келетін Арсам деген есімді де Зүра деп өзгертті. Зүраның мағынасы «арсамға» қарама-қайшы «өсу, көбею» дегенді береді. Хазн (қаттылық) деген атты Сәһл (жеңілдік) деген атқа, Асия (қарсы шығушы) деген атты Жәмила (сүйкімді) деген атқа өзгерткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жағдайға қарай жұбайларының есімдерін ауыстырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *