Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу шарт. Балалардың жасаған қателігі үшін жекіп, болмаса келеке етіп, ұнжырғасын түсіретін сөздер айтпау маңызды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп тентектік жасай- тын балаларға «Өскенде ақылды болады» (Мүнәуи, 4,310 ) деп оларға ашуланбау керектігін меңзеген.
Хазірет Әнас (р.а.) Аллаһ елшісінің жұмсақтығы жайлы: «Хазірет Пайғамбарға (с.а.с.) 10 жыл қызмет еттім. Орындамаған ісім үшін «Неге орындамадың?» – деп ұрсып, орынсыз істерім үшін «Неге олай істедің?» – деп жекігені есімде жоқ. Маған ешқандай ауыр сөз айтып, айыптаған емес», – дейді (Бұхари, Әдеп, 39; Мүслим, Фәдаил, 13 ) .
Тағы бір риуаятта Әнастың (р.а.) балалық мінезіне Аллаһ елшісінің ұстанымын мына риуаяттан көре алмыз: «Бір күні Аллаһ елшісі мені бір іске жұмсады. Алғашында бармаймын деп қарсылық таныттым. Іштей Аллаһ елшісінің бұйырған ісіне барғым келіп тұрды. Сосын айтқанын орындау үшін жолға шықтым. Жолда бір топ балалардың ойнап жатқанына кезігіп, ойындарына алданып біраз кідіріп қалған едім, иығыма біреудің қолын қойғанын байқап артыма бұрылып қарасам, Аллаһ елшісі екен, маған күліп
қарап: «Әнас, менің тап- сырмам не болды?» – деді. Мен: «Міне, орындауға бара жатырмын, – деп жүгіре жөнелдім» (Мүслим, Фадайл 54. Әбу Дәуіт, Әдеп 1) , – дейді.
Ардақты елші балалары бар ата-аналарға: «Балаларыңның ізгілік жолында болуына жәрдем етіңдер. (Болашағын ойлаған) адам оларды ата- анасына қарсы шығудан (дұрыс тәрбие беру арқылы) қорғасын!» (Фәйзул- қадир, 2/13 ) – деп кеңес берген. Оларға мейіріммен, қайырымдылықпен қарап, ата-анасына қарсы шығудан сақтандырған. Балаларға осылай қарау оларды бағынуға, тәртіпке үйретіп, ер жетіп жетілгенде, олардың бағынбауларының алдын алады деп түсіндіреді (Фәйзул-қадир, 2/13-14 ) .
Аллаһ елшісі (с.а.с.) балаларына тәрбие берумен бірге білім беруді бірінші орынға қойған. Тілі шығысымен қасиетті Құран аяттарын жаттатқан. Бұл жайлы Ибн Шұғайып былай дейді: «Абдулмутталиб ұрпағының бірі сөйлейтін жасқа келгенде Аллаһ елшісі (с.а.с.) :
ك فِي ا ْل ُم ْلك
َري
يَ ُكن لّهُ ولَم
ولَداا
خ ْذ
الّ ِذي لَ ْم يَتّ ل هِّ
ح ْمد
ا ْل
« Әлхамду лилләһи әлләзи ләм ияттахиз уәләдә, уә ләм иәкул-ләһу шәрикун фил-мулк » деген аятты жаттататын (Ибн Әби Шәйба 1,348) . Мұнымен қатар «лә илаһа иллаллаһ» деген кәлима шаһадатты үйрететін. Балалардың жасына қарай 6-7 жасында намаз оқуды, 10 жасында егер намаз оқымаса, ұрсу, денесіне ба- тырмай ұру әрі бөлек жатқызу керектігін де айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алиді 9 жасында Исламға шақырған. Сонымен қатар, балаға жазу-сызу оқу т.б. өмірге қажетті нәрселерді де үйретуге ынталандырған.