Пайғамбарымызға (с.а.с.) сиқыр жасалған ба?

 

Әһл-сүннет ғұламаларының көзқарасы бойынша, сиқыр өмірде бар нәрсе. Ол физикалық дүниеге де әсер ете алады, бірақ бұл әсер сиқыршының емес, Аллаһтың құдіретімен жүзеге асатын іс. Ал сиқыршының әрекеті себепші ғана.
Бұхари мен Мүслім жеткізген хадистерде Хақ расулына сиқыр жасалғандығы айтылады. Аз ғана әсер етіп, тез арада сауығып кеткендіктен, сахабалар бұл оқиғаны жасырып қалмаған. Оның өзі тек Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жеке басына ғана қатысты екенін, дінге ешқандай да кесірі тимегенін айтқан.
Сиқыр жасалғаннан кейін Аллаһ расулы (с.а.с.) кей намазында өз дәрежесінде сәл-пәл жаңылысқан, бірақ бұл көпке созылмаған. Аталмыш жаңылысулар ақиреттік ойлар мен дағуаға деген ынтызарлықтан адамның ұлы сезімге бөленуі, уақыт пен кеңістікті ұмытудан туындаған.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне сиқыр жасалғанын білген бетте дұға оқып, Аллаһ тағаладан шипа сұраған. Көп кешікпей Жәбірейіл (а.с.) мен Микайыл (а.с.) келіп не істеу керек екенін көрсетеді. Аллаһ расулының (с.а.с.) шашы мен сақалын, сондай-ақ құрма гүлін қолданып сиқыр жасаған Ләбит ибн Асам артынша түйіншекті Зәруан құдығына тастаған екен. Жанына бірнеше саха- басын ертіп барып құдықтың аузын жаптырып тастайды. Хазірет Айша анамыз (р.а.) «Сиқырды алдың ба?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, алмадым. Оны алып шықсам, ел арасында сиқыр жайылып кете ме деп қорықтым», – деп жауап қайтарды. Шипаны Аллаһтың өзі беретінін, сиқырдан құтылу үшін міндетті түрде сиқырланған затты алып шығудың керек еместігін айтқан. Осы оқиғаға қатысты «Фәлақ» және «Нас» сүрелері түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *