Пайғамбарымыздың не себептен ұлдары ерте жастан қайтыс болған?

 

Ислам дінінде ұрпақ ер баламен жалғасады, сондықтан отағасы ұлды болса ұрпағының жалғасқаны деп білген. Алайда ұлды болу, жақсы ұрпақ тастап кету үшін жеткіліксіз. «Бала бер, бала берсең сана бер» демекші ол баланың ізгі де иманды, елін жұртын ойлайтын азамат болуы бір Аллаһқа

аян, сондықтан маңыздысы тек ұлды болу емес үлгілі болу, мұсылман үмбетінің хал-жағдайын ойлау, ізгі амал ету. Сан ғасырлар өтсе де халық аузынан түспейтін Әбу Бәкір мен Омар, Осман мен Али, азаншы Біләл секілді сахабалар, тек ұрпағымен емес ерлігімен, имандылығымен, ізгі амалдарымен барша мұсылмандарға үлгі болды. Бұл сахабалардың ұстазы болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінің соңына дейін әрбір ісін өнеге ететіндей барша мұсылман жұртшылығына қайталанбас тұлға болды. Мұны түсінбей тәкаппарлықпен, баласының көптігімен мақтанған кейбір ақымақтарПайғамбарымыздың (с.а.с.) ер балалары шетінеп кете бергендіктен
«Мұхаммедтің ұрпағы құрыды» деп айтқандары да болды. Алайда бұны айтқандардың өздері ұрпақсыз қалатынын біле алмады. Бұлай айтқандар мен ойлағандарға Аллаһ тағала: « Расында, біз саған Кәусарды бердік. Ендеше, сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады » («Кәусәр» сүресі, 1) , – деп жауап береді. Бұл аяттағы
«Кәусар» сөзі «жаннаттың бұлағы» деген мағынаны берумен қатар «көп, мол» де- ген мағынаны да білдіреді, сондықтан тәпсіршілер бұл сөзге « көп үмбет» деген мағына берген. Олай болса, Мұхаммедке (с.а.с.) ұл баланың орнына «Кәусар», яғни, көп үмбет берілгендігі, яғни, қарапайым адамдарға ер бала беру арқылы санаулы ұрпақ берілсе, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) иман жолы арқылы шынайы ұрпағы, яғни мыңдаған мұсылман үмбеті сый ретінде берілді. Ұрпағын жалғастыратын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз ұлдары шетінеп кете бергенімен, Мекке мен Мәдина қалаларындағы мешіттермен қоса бүкіл жер бетіндегі мешіттерді толтырған, миллиардтаған үмбетінің өзі оған шынайы ұрпақ болды. Әке-анасына дұға ететін ер бала емес, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) күніне аз дегенде бес мәрте дұға ететін, аты аталса салауат айтатын, саны күннен күнге артып отыратын мұсылман үмбеті берілді. Олай болса, Пайғамбарымызды (с.а.с.) сол кездері ұрпақсыз деп айтқандардың өздері үрім-бұтағымен жойылып кетті.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балалары ерте жастан, тіпті 2 жасқа жетпей шетінеп кетуінің тағы бір сыры, егер олар өмір сүргенде Пайғамбардың баласы болғандықтан ер бала да пайғамбар болар еді. Бұл сырды Аллаһ елшісі (с.а.с.) мына хадисімен түсіндірген. Ибн Аббас былай дейді: Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер баласы қайтыс болғанда, оның жаназа намазын оқып, артынша: « Оның жаннатта сүт анасы болады. Егер тірі қалғанда шыншыл бір пайғамбар болар еді және ешбір қыбти құл болмас еді », – деп айтты деген. Ал Аллаһ елшісінен (с.а.с.) кейін пайғамбар келсе, ол (с.а.с.) соңғы пайғамбар, соңғы елші болмас еді. Құранда Пайғамбарымыздың соңғы елші екендігін және ол (с.а.с.) ешбір ер адамның әкесі бола алмайтынын мына аятпен түсіндірген:
أَبَا أَح ٍد من رجالِ ُك ْم ولَ ٰـكن رسول َّاللـه وخاتَ َم ال َّنب ِِّيي َۗ َن و َكان َّاللـهُ بِ ُكل َي ٍء علِي اما ما كان مح َّمٌد

« Мұхаммед (с.а.с.) сендерден ешбір еркектің әкесі емес, бірақ ол – Аллаһтың елшісі әрі пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әр нәрсені толық білуші » («Ахзаб» сүресі, 40-аят) .

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балаларының қайтыс болуының тағы бір сыры, Ибраһим пайғамбардың (а.с.) баласымен сыналғаны секілді, Аллаһ елшісі (с.а.с.) ер балаларының дүниеден жастайынан озуымен үлкен сынаққа түсуі. Құранда:
إِنّ َما أَ ْم َوالُ ُك ْم وأَ ْوالَ ُد ُك ْم فِ ْتنَة
«Шын мәнінде, балаларыңмен дүние-мүліктерің сендер үшін сынақ» («Тәғабун» сүресі, 15-аят.) деген. Ал мұндай сынақтың ең ауыры да Пайғамбарларда болмақ. Бір хадисте: « Ең ауыр сынақ пайғамбарларда болады, сосын одан кейін келгендерде, сосын одан кейін келгендерде » деп, ең ауыр сынаққа Пайғамбарлар түсетінін айтқан. Аллаһ елшісінің Аллаһтан келген сынағы: әкесінің қайтыс болуы, сосын өзін қорғап, демеп жүретін көкесінің қайтыс болуы, сосын жан жолдасы Хадиша анамыздың қайтыс болуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұлардың барлығына сабырлық танытып, Аллаһқа деген иманының беріктігін көрсете білді.
Ер балаларының қайтыс болуының тағы бір сыры бүлік пен саяси шиеленістердің болуынан мұсылман үмбеті қорғалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінен кейін кімнің халифа болатын мұсылмандардың кеңесіп шешуіне қалдырып кетті. Өзінің бала- сы немесе туысы болсын деп айтпаған, сондықтан халифалыққа Пайғамбарымыздан кейін Әбу Бәкір (р.а.) тағайындалды. Егер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ер баласы болғанда оны сөзсіз халифалыққа лайықты деп, мұсылмандардың кеңесуіне дес бермейтіндердің болуы мүмкін. Али (р.а.) Пайғамбарымыздың туысы болғанның өзінде оған бірінші халифалықты беруге тырысып, үлкен саяси шиеленіс болғаны да Ислам тарихында кеңінен жазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *