Пайғамбарымыздың мешіті қалай жарықтандырылған еді?

 

Һижреттің алғашқы жылдарында таң мен құптан намаздары кезінде мешіт ішіне кептірілген құрма ағаштары жағылып жарық берілетін. Тәмимүд-Дари деген сахаба Шамнан алтын шырағдан бауларын ала келген екен. Бір жұма кешінде соны жағып қояды. Шырағданның ішіне білте салып, зәйтүн майын құйған екен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітке кіріп келіп аң- таң болады. Мұны істеушінің Тәмимүд-Дари екенін естіп, ол кісіге: «Сен Исламды нұрландырдың, мешітті көркейттің. Аллаһ та сені дүние мен ақиретте нұрландырсын», – деп дұға етеді. Кейін осы әдісті тұрақты қолданды. Шамды Фатих деген бозбала жағып жүрді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны «Сираж» деп атайтын. Келе-келе халайық оны осылайша атап кеткен деседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *