3. Пайғамбарымыздың «Мен – Ибраһимнің дұғасымын» дегенін
қалай түсінеміз?
Ибраһим пайғамбар бір кездері әйелі Ажарды құндақтағы сәбиімен бірге Қағбаның төңірегіне, сусыз шөлді мекенге Аллаһтың әмірімен тастап кеткен болатын. Исмайылдың құрметіне ол жерде зәмзәм суы шығып, ел болып Ибраһим пайғамбардың ұрпағы көбейеді. Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар баласымен ақылдасып, қасиетті Қағбаны қайта тұрғызбақ болады. Қағба қайта тұрғызуды қажет ететіндей мүжіліп кеткен болатын. Қағбаны
қайта тұрғызуға білек сыбана кіріскен Ибраһим пайғамбар бір жағынан Аллаһтан жалбарына дұға тілеп жүрді, өйткені мұндай қасиетті жерде дұғаның қабыл болатынын жақсы білетін. Жаратушыға
حكي ُم
زيز ا ْل
ا ْل َع ت
ك أَن
إِنَّ ْم ْۚ ه
ِّكي ز
ويُ
َمةَ ح ْك
وا ْل
كتَاب
ُمهُ ُم ا ْل ويُ َعلِّ
ْم آيَاتِك ه
ْي علَ
ْم يَ ْتلُو م ْنهُ
رسو اًل
ْم ه
ث فِي
وا ْب َع
ربَّنَا
« Раббымыз! Бұл әулеттен өздеріне аяттарыңды оқитын, кітап пен хикметті (сүннетті) үйрететін һәм оларды (жаман ойлардан) тазартатын елші жібер. Сен үстемсің әрі Хикмет иесісің » («Бақара» сүресі, 129) деп дұға еткен болатын. Бұл дұғасының қабыл болуының көрінісі жүздеген жылдардан кейін Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар болып дүниеге келуі еді, өйткені Ибраһим пайғамбардың баласы Исмайылдың ұрпағынан тек Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардан басқа пайғамбар келген емес. Дұғаның іске асуы үшін кейде бірнеше жылдарды қажет етуі мүмкін. Ибраһим Пайғамбарымыздың тілеген елшісі жүздеген жылдардан кейін келді. Ол – біздің Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.). Осыған байланысты бір күні сахабалардың бірі Аллаһ елшісінен: «Бізге өзіңіз жай- лы айтып берсеңіз», – деп өтінеді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен – Ибраһимнің дұғасы, хазірет Исаның сүйіншісімін» , – деген (әл-Һинди, Кәнзул-Уммал, 11/384.) .
Шынайы тіленген дұға қашан да қабыл болатыны белгілі. Кейде асығыстық жасап, дұға жасадық, дұғамыз қабыл болмады деп, тілеген дұғамыздың дереу бола салғанын қалаймыз. Алайда Ибраһим пайғамбардың дұға тілегенінен кейін ғасырлар өтіп, бірнеше ұрпағынан кейін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келді.
Мұсылман үмбеті хазірет Ибраһимге (а.с.) алғысын білдіріп, әрбір намазының соңында Ибраһимге, оның ұрпағына береке тілеп, салауат айтады.