Пайғамбарымыздың күнәсіздігін қалай түсінеміз?

 

Аллаһ тағала адамдар арасынан пайғамбар таңдағаннан кейін оларды жан-жақты қорғаған. Бұл қорғау исмәт сипатына, күнәсіздікке алып келген. Ең кішкентай қателіктен де қорғалған, себебі соларға қарап бой түзейтін, артынан ерген тұтас үмбет бар.
Адам баласы иман, сенім және амалдарға тиісті барлық діни үкімдерді пайғамбар арқылы үйренеді. Әрі екі дүниенің бақытына қол жеткізуі үшін, Пайғамбардың, дінді ең кәміл түрде ұстанғанын көруі қажет. Ал егер жолбасшының өзі күнәға бой алдыратын болса, онда пайғамбардың соңынан ілесудің нендей парқы болмақ?

Тағы бір жағынан пайғамбарларға уахи әкелетін үлкен сенімге ие әрі ұлық міндетті арқалаған Жәбірейіл періште бар. Құран кәрім Жәбірейіл (а.с.) туралы: «Көкте періштелер оған бағынады. Ол сенімді» («Тәкуир» сүресі,
21) деген. Ол Аллаһқа шын берілген, уахиға ең сенімді періште. Құранды жеткізуші періштеде осы қасиеттер ерекшеленсе, оны халыққа жеткізетін пайғамбарда да осы сипаттың көрінуі орынды. Ұлы Рахман осы бір қасиетке толы міндетті бойында күнәнің кірі бар адамға жүктемесі анық.
Көңілінің көрсоқырлығы иман етуіне кедергі етіп, иманның шуағына шомыла алмай кеткен дін дұшпандарының өзі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өне бойынан иненің ізіндей де мін таппаған. Ақиқатқа көзі қанықса да, мойындауға ары жібермей, қанша жерден қаскөйлік танытса да, Аллаһ елшісінің алдында мысы құрыды. «Сиқыршы», «жынды» деп жалған сипат таңса да, исмәтына (күнәсіздігіне) тиісе алмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *