Ораза тұту мәкрүһ болып табылатын күндер
С: Қандай күндерде ораза ұстау мәкрүһ?
Ж: Екі айт күндері, Құрбан айттан кейінгі үш күнде, тек жұма немесе тек сенбі күні ораза ұстау мәкрүһ.
С: Тек жұма мен сенбіде емес, бір-екі күн қосып, мысалы, бейсенбі мен жұма немесе сенбі мен жексенбі күндері нәпіл ораза ұстаса, мәкрүһ болады ма?
Ж: Мәкрүһ болмайды.
С: Ниет етіп бастаған нәпіл оразаны бұзуға бола ма?
Ж: Бұзу мәкрүһ болады.
С: Біреу қонаққа шақырса немесе үйге қонақ келіп қалып, нәпіл оразаны бұзса бола
ма?
Ж: Қонаққа шақырған адамның немесе үйге келген қонақтың көңіліне тиетін
болса, бұзуға болады. Бірақ түстен кейін оразаны бұзбаған абзал.
С: Нәпіл оразасын бұзған адам не істеуі керек?
Ж: Оның қазасын өтеуі шарт.