Ораза, зекет және қажылық
С: Исламдағы үшінші парыз не?
Ж: Рамазан айында отыз күн ораза тұту.
С: Оразаны қалай тұтады?
Ж: Таң бозарып атқаннан күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылу.
С: Оразаның парызы нешеу?
Ж: Үшеу: ниет ету, ішіп-жеуден сақтану, жыныстық қатынастан сақтану;
С: Ниет етпей ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан сақтанса, ол ораза болып есептеле ме?
Ж: Жоқ, есептелмейді. Міндетті түрде ниет ету керек.
С: Оразаға қай уақытта ниет етіледі?
Ж: Сәресінен таң бозарғанша ниет ету абзалырақ. Таң бозарғаннан сәске уақытына дейін ниет қылуға болады, одан кейінгі уақытта ниет ету дұрыс емес.
С: Бір адам таң бозарғаннан сәске уақытына дейін оразаны бұзатын амал істемей, сәскеден бұрын сол күнге ниет ететін болса, оразаға санала ма?
Ж: Әрине, оразаға саналады.
С: Таң бозарып атқаннан кейін сәресін ішіп, оразаға ниет етсе, оразасы дұрыс бола ма?
Ж: Дұрыс болмайды.
С: Оразаға тек тілмен ниет ету қажет пе, әлде жүрекпен ниет ете салуға бола
ма?
Ж: Оразаға тілмен бірге жүрекпен ниет қылу абзалырақ. Бірақ, тек жүрекпен ниет
етуге де болады. Алайда, сақ болу керек. Өйткені, тек қана тілмен ниет ету дұрыс емес. Ниет – жүректің ісі. Көп адамдар тілмен айтылған ниетті ниет деп есептейді. Ғибадаттың бәрінде тек тілмен ниет ету дұрыс емес.
С: Тілімен ораза ұстауға қалай ниет етіледі?
Ж:
نPوPيVتK أPنV أPصKومP شPهVرP رPمPضPانP مeنP الVفPجVرe إeلPي الVمPغVرeبe خPالeصZا لeل[هe تPعPالPي اPلK أPكVبPرK
Транскрипциясы: Нәуәйту ән асуума шаһра рамадаана минәлфәжри иләлмағриби хоолисан лилләәһи тәъәәләә Аллааһу акбар.
Мағынасы: «Алла Тағала үшін ықыласыммен таң бозарғаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын тұтуға ниет қылдым».
С: Күн батқаннан соң ауызды қалай ашады?
Ж: Отқа піспеген тағаммен ауыз ашу керек. Құрма сияқты шырынды тағаммен ашу мұстахап. Болмаса, сумен ашады.
С: Ауыз ашқанда не деп айтады?
Ж: Мына дұға оқылады:
اPلل[هKم[ لPكP صKمVتK وP بeكP آمPنVتK وP عPلPيVكP تPوPك[لVتK وP عPلPي رeزVقeكP أPفVطPرVتK فPاغVفeرVلeي يPا غPف[ارK مPا قPد[مVتK وP مPا أPخ[رVتK
Транскрипциясы: Аллаһумма ләкә сумту уә бика әмәнту уа ъаләйкә тәуәккәльту уә ъалә ризқикә афторту фағфирли иә ғоффәр мә қоддәмту уә мә аххорту.
Мағынасы: «Я, Аллам! Осы оразаны тек Сен үшін ұстадым, Саған иман келтірдім және Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Я, Аллам! Менің әуелгі күнәларымды және алдағы күнәларымды кешіре гөр және жарылқай гөр!».