Оразаның қазасы мен кәффәраты

Оразаның қазасы мен кәффәраты

С: Оразасын бұзған адам не істейді?
Ж: Оразасы бұзылған күндердің қазасын Рамазаннан кейін өтейді. Оразасы қанша күн бұзылса, сонша күн қазасын өтейді.
С: Оразаның кәффәраты деген не?
Ж: Оразаны біле тұра адейі бұзған адамның өтеуі тиіс міндеті. Ол адам бір құлды азат етуі тиіс, егер оған шамасы жетпесе, оразадан кейін 60 күн ораза ұстайды, егер оған да шамасы жетпесе, 60 кісіні тамақтандыруы қажет.
С: Егер 60 күн ораза ұстаған уақытта арада біраз күнді үзіп алса, не істейді?
Ж: 60 күн оразасын қайтадан бастап ұстайды, алдындағы бастаған 60 күн ораза кәффәратқа саналмайды.
С: Бір адам кәффәратының 59 күнін өтеп, соңғы 60-шы күнін өтей алмай қалса, не болады?

Ж: Кәффәрат үшін жаңадан 60 күн ораза бастайды, алдыңғы тұтқан оразасы есептелмейді.
С: Бір адам Рамазан оразасына ниет етіп, ұстап жүріп, кейін бірнеше күнді, мысалы, 4-5 күнін біліп тұрып бұзса, не істейді?
Ж: Әрбір бұзған күнінің қазасын өтейді және бәріне бір кәффәрат өтеуі тиіс.
С: Бір немесе бірнеше күннің оразасын ниет етпей, біле тұра ұстамай, тамақ жеп жүрген адам не істейді?
Ж: Әрбір тұтпай қалған күндерінің қазаларын өтеуі тиіс, әрі бұл күнәһарлығы үшін тәубе және кешірім тілейді. Бірақ, ол кісі кәффәратын өтемейді. Өйткені, оның күнәсі өте ауыр, ол кәффәратпен өтелмейді.
С: Егер ораза екенін біле тұра, байқаусызда тамақ жеп қойса, су жұтса, зорлықпен бір кісінің оразасын бұзса, ауыз толтырып құсса, таң атқанын байқамай тамақ жеп қойса немесе күн батпай тұрып күн батты екен деп ауыз ашса, не болады?
Ж: Ол кісінің оразасы бұзылады және ораза бұзылған соң да, ауызы берік адам сияқты күн батқанша аш жүреді. Рамазан айынан соң қазасын өтейді. Кәффәрат өтемейді.
С: Ораза тұтқан адамның тамағына шаң, құм, топырақ, қыл және түтін сияқты нәрселер кірсе, оразасы бұзыла ма?
Ж: Бұзылмайды, қаза және кәффәрат ләзім емес.
С: Ауызы берік адамның тамағына қар, жас, жаңбыр суы кірсе, оразасы бұзыла

ма?

Ж: Бұзылады, қазасын өтейді, кәффәрат ләзім емес.
С: Өзінің түкірігін жұтса, оразасы бұзыла ма?
Ж: Бұзылмайды, бірақ жинап жұту дұрыс емес.
С: Адам өзінің ораза екенін ұмытып, біраз тағам жесе, ішсе, жыныстық

қатынасқа түссе, оразасы бұзыла ма?
Ж: Бұзылмайды, қаза және кәффәрат ләзім емес.
С: Адам ұйқыдан тұрғанда жүніп болса, немесе жыныстық қатынастан басқа бір себеппен жүніп болса, оразасы бұзыла ма?
Ж: Бұзылмайды.
С: Ол адамға ғұсыл алу керек пе?
Ж: Тез арада суға түсіп, ғұсыл алу керек және душпен ғұсыл алған дұрыс болады.
С: Тіс арасында қалған тамақты жұтса, оразасы бұзылады ма?
Ж: Ноқаттан кіші болса, аузынан сыртқа шығармай жұтып жіберсе, ораза бұзылмайды, егер ноқат көлеміндей болса немесе аузынан шығарып, кейін жұтса, бұзылады.
С: Ол кісі не істеуі керек?
Ж: Оразаның қазасын өтейді, кәффарат керек емес.
С: Қаза және кәффарат үшін ұсталатын оразаға қай уақытта ниет етеді?
Ж: Кешке ниет етілуі керек.Таң атқаннан кейін ниет ету жарамды емес.
С: Босанғаннан кейін қырық күн толмаған немесе етеккір уақытындағы әйелдерге ораза ұстау міндет пе?
Ж: Міндет емес.
С: Сол ораза ұстамаған күндерін не істейді?
Ж: Неше күн ораза ұстамаса, кейін қазасын өтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *