Нәпіл намаздар

Нәпіл намаздар

С: Қандай нәпіл намаздар бар?
Ж: Он үш нәпіл намаздың түрі бар: истисқа, кусуф, хусуф, қауіп, истихара, қажет, шүкір, истиғфар, ишрақ, дұха, әууәбин, таһажжуд, һаул.
С: Истисқа намазы қандай намаз?
Ж: Истисқа – көп уақыт жаңбыр жаумай, егінге, жан-жануарларға кесірі тию қаупі туындаса, Алла тағаладан жаңбыр тілеу мақсатында оқыталын екі ракағаттық нәпіл намаз.
С: «Истисқа» сөзі не мағынаны береді?
Ж: Истисқа – Алладан жаңбыр тілеу деген сөз.
С: Истисқа намазы қандай жерде оқылады?
Ж: Бір ауылдың және қаланың мұсылмандары балаларын, жан-жануарларын алып, ауылдың шетіне мүсәпір, бейшара күйде шығады. Кедейлерге садақа беріліп, адамдар бір-біріне зұлымдық жасаған болса, өзара кешірім жасауы қажет. Далада имам жамағатқа қарап тұрып, Алладан кешірім сұрау жайында уағыз айтады. Сосын барлығы Алладан кешірім сұрап, тәубе етеді. Кейін әр адам жеке-жеке екі ракағат намаз оқиды.
С: Ол намазға қалай ниет қылады?
Ж: «Екі ракағат нәпіл намазын оқуға ниет еттім», – деп, басқа намаздар секілді оқиды. Намаздан кейін дұға тілейді.
С: Қиямда не оқылады?
Ж: Басқа намаздарға ұқсас, «Фатиха» және бір сүре оқылады.
С: Намаздан кейін қандай дұға оқылады?
Ж: Мына дұға оқылады:

PدعPوVنPاكP كPمPا أPمPرVتPنPا

PوعPدVتPنPا إeجPابPتPكP فPقPدV

PحمV بPهPائeمPكP الل[هKم[ أPمPرVتPنPا بeدKعPائeكP وP

الل[هKم[ اسVقe عeبPادPكP وP ارV

PحمV صeبVيPانPنPا

PحمV لeأPنVفKسeنPا لeكPثVرPةe ذKنKوبeنPا فPارV

PوعPدVتPنPا الل[هKم[ eإنV PلمV تPرV

فPأPجeبVنPا كPمPا

Транскрипциясы: Аллааһумма асқи ъибәәдәкә уәрхам бәһәә-имәкә, Аллааһумма әмәртәнә би-дуъәә-икә, уәъәттәнәә ижәәбәтәкә, фәқод дәъәунәә кәмәә әмәртәнәә фә-әжибнәә кәмәә уәъәттәнәә, аллааһуммә ин ләм тәрхәм ли-әнфусинәә ли- кәсроти зунуубинәә фәрхәм сыбиәәнәә.
Мағынасы: Я, Раббым! Пенделеріңді жарылқай гөр! Хайуандарыңды рақым ет!
Біздердің дұға етуімізді әмір еттің, дұғаларымызды қабылдауды уәде еттің. Енді біз Сенің әміріңмен дұға қылдық. Сен енді уәдең бойынша дұғаларымызды қабыл ете гөр! Я, Раббым! Егер күнәларымыздың көптігінен бізді рақым етпесең де, жас балаларымызға рақым ете гөр!
С: Неше күн оқылады?
Ж: Жаңбыр жаумаса, үш күн осылай оқиды. Егер жаңбыр жауса, бас киімдерін шешіп, бастарын жаңбырға тосып, Аллаға шүкіршілік етеді.
С: Кусуф намазы қандай намаз?
Ж: Күн тұтылған кезде мешітте жамағатпен оқылатын екі ракағат нәпіл намаз.
С: «Кусуф» сөзінің мағынасы қандай?
Ж: Күн тұтылып, нұры кету дегенді білдіреді.
С: Кусуф намазын имам қандай қырағатпен оқиды? Ж: Имам намазды іштей, ұзақ сүрелерді оқуы тиіс. С: Намаздан кейін не істейді?
Ж: Күн тұтылып болғанша жамағат Алладан тәубе және кешірім тілеп отырулары керек.
С: Хусуф намазы қандай намаз?
Ж: Ай тұтылып, нұры кеткен уақытта оқылатын екі ракағат нәпіл намаз.
С: Хусуф намазы қай жерде және қалай оқылады? Ж: Бұл намазды әр адам өз үйінде жалғыз оқиды. С: «Хусуф» сөзінің мағынасы қандай?
Ж: Ай тұтылып, нұры кету дегенді білдіреді.
С: Кусуф пен хусуф уақыттарында не үшін намаз оқылады?
Ж: Ол кездері пенделер нұрдың бізге берілген нығмет екенін ойланып, ғибрат алып, шүкіршілік ету үшін намаз оқиды.
С: Қауіп намазы қандай намаз?
Ж: Қатты жел тұрып, жаңбыр көп жауып, су тасып, қатты суық пен зілзала секілді табиғат апаттары болған уақытта оқылатын екі ракағат нәпіл намаз.
С: Бұл намазды оқығаннан кейін не істейді?
Ж: Намаздан кейін тәубе және кешірім сұрап: «Я, Раббым! Мына пәлекеттердің зиянынан сақтай гөр», – деп дұға етеді.
С: Истихара намазы қандай намаз?
Ж: Бір істі бастар кезде: «Осы іс қайырлы ма, қайырлы емес пе?», – деп күмәнға берілгенде оқылатын екі ракағат нәпіл намаз. Бір істі бастарда екі ойлы болған адам осы намазды оқып, кейін истихара дұғасын жасайды. Содан соң көңіліне қарайды, егер көңілі сол істі қаласа, Аллаға тәуекел етіп, бастап кетеді. Егер көңілі ол істі қаламаса, оны жасамайды. Бірақ, дәрет алып, екі ракағат намаз оқыған соң, истихара дұғасын жасап, дәретті күйде құбылаға қарап, оң жақ бүйірімен жатып ұйықтау керек. Егер қайырлы түс көрсе, ол істі жасау дұрыс, қайырсыз түс көрсе, ол істі жасау дұрыс емес.
С: Истихара дұғасы қандай?
Ж:

eظي eم، فPإeن[كP تPقVدeرK

eمنV فPضVلeكP الV Pع

Pك، وPأPسVأPلKكP

Pك، وPأPسVتPقVدeرKكP بeقKدVرPتe

الل[هKم[ إنeي أPسVتPخeيرKكP بeعeلVمe

PولPا أPقV eدرK، وPتPعPVلمK PولPا PأعPVلمK، PوأVPنتP Pعل[امK الVغKKيو eب، الل[هKم[ eإنV كKنVتP تPعPVلمK Pأن[ هذPا الVأPمVرP خPيVرé لeي فeى
eيني وPمPعP eاشي PوعPاقeبPةe أPمVرeي فPاقVدeرVهK لeي وPيPسlرVهK لeي ثKم[ بPارeكV لeي فeي eه، وP eإنV كKنVتP تPعPVلمK Pأن[ هذPا دe

PوعPاقeبPةe أPمVرeي فPاصVرeفVهK عPنlي وPاصVرeفVنeي عPنVهK وPاقVدeرV لeي الVخPيVرP

الPمVرP شPر‡ لeي فى دeينeي وPمPعPاشeي حPيVثK كPانP ثKم[ أPرVضeنeي بeهe

Транскрипциясы: Аллаһумма инни астахи-рука биъилмика, уә астақди-рука биқудратика, уә әсәлукә мин фадликал ъазим, фә иннәкә тақдиру уә лә ақдиру, уә таъламу уә лә әъләму, уә әнтә ъәләәмул ғуйуб. Аллааһуммә ин кунта тәъләму әннә һәзәл әмро хойрун ли фи диинии уә мәъәәшии, уә ъәәқибәти әмрии фақдурһу лии уә иассирһу ли суммә бәәрик ли фииһи, уә ин кунтә тәъләму әннә һәзәл әмро шаррун лии фии диинии уә маъаашии уә ъақибәти амрии фасрифһу ъаннии уасрифни ъанһу уақдур лии хойра хайсу кәәнә суммә ардыйнии биһ.
Мағынасы: Я, Алла! Маған іліміңнен игілік бергейсің. Құдіретімен мені қуатты еткейсің. Кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында менің құш-құдіретім жетпейді. Мен еш нәрсені білмеймін. Ал Сен барлық нәрсені білесің. Әрі Сен көместі де толық көрушісің. Я, Алла! Егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: қазіргі өмір тіршілігім де келешекте) (бұл істің) мен үшін хайырлы екендігін білсең, оны маған нәсіп ете гөр. әрі маған ол істі оңай етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында (немесе былай дейді: қазіргі өмір тіршілігім де келешекте) (бұл істің) мен үшін жаман екендігін білсең, оны менен алыстата гөр. Әрі мені де одан аулақ ет. Қай жерде болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет, мені сол жақсылықпен разы ете гөр.
С: Қажет намазы қандай намаз?
Ж: Алладан тілеу намазы, яғни бір нәрсені тілеу мақсатында оқылатын екі ракағат нәпіл намаз.
С: Бұл намазды оқығаннан кейін не істейді?
Ж: Намаз оқығаннан кейін шын көңілімен Алладан қажетіңді тілеп, дұға жасау

керек.

С: Шүкір намазы қандай намаз?
Ж: Бір мақсатың орындалғанда, нығмет берілгенде шүкір ету мақсатында

оқылатын екі ракағат нәпіл намаз.
С: Тәубе және истиғфар намазы қандай намаз?
Ж: Қателік, күнә жасаған кезде өкініп, Алладан күнәларының кешірілуін тілеп оқылатын екі ракағат нәпіл намаз.
С: Истиғфар намазын оқыған соң, не істейді? Ж: Алла тағаладан күнәсін кешіруді дұға етеді. С: Қандай дұға оқиды?
Ж: Мына дұғаны оқиды:


Pمنe

eمنV كKلl ذPنVبœ أPذVنPبVتKهK عPمVدZا أPوV خPطPأZ سeرøا أPوV عPلPانeيPةZ وP أPتKوبK إeلPيVهe

اسVتPغVفeرK الP اسVتPغVفeرK الP تPعPالPى

الذV[نبe ال[ eذى PأعPVلمK وP eمنP الذ[نVبe ال[ذeى لPا PأعPVلمK إeن[كP أPنVتP عPل[امK الVغKيKوبe

Транскрипциясы: Астағфирулла астағфируллаһә тәъәлә мин кулли зәнбин әзнәбтүһу ғамдән әу хатаән, сирран әу ғаләниятән, уә әтубу иләйһи миназ-занбил-ләзи ағләму уә минәз-зәнбил-ләзии лә әғләму, иннәкә әнтә ғалләәмүл ғуюб.
Мағынасы: Әдейі немесе қателесіп, құпия немесе ашық жасаған әрбір күнәларыма Алла тағаладан кешірім сұраймын. Біліп те, білмей бе істеген күнәларыма Оған тәубе етемін. Я, Раббым, сен ғайыпты аөте жақсы білушісің.
С: Ишрақ намазы қандай намаз?

Ж: Күн толық шығып болғаннан кейін оқылатын нәпіл намаз.
С: Ишрақ намазы неше ракағат?
Ж: екі, төрт, алты, сегіз ракағаттардан тұрады.
С: Дұха намазы қандай намаз?
Ж: Күн шығып, біраз көтерілгеннен кейін оқылатын нәпіл намаз.
С: Дұха намазы неше ракағат?
Ж: екі, төрт, алты, сегіз, он екі ракағаттардан тұрады.
С: Аууәбин намазы қандай намаз?
Ж: Ақшам намазынан кейін оқылатын нәпіл намаз.
С: Аууәбин намазы неше ракағат?
Ж: екі, төрт, алты ракағаттардан тұрады.
С: Тахажуд намазы қандай намаз?
Ж: Түннің ортаңғы бөлігінде оқылатын намаз. Таңға дейін оқуға болады.
С: Тахажуд намазы неше ракағат?
Ж: екі, төрт, алты ракағаттардан тұрады.
С: Һаул намазы қандай намаз?
Ж: Бір мұсылман қайтыс болған күні соған сауабын жеткізу үшін ақшам намазынан кейін оқылатын екі ракағат нәпіл намаз. Онда «Тәкасүр» сүресі оқылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *