Нәзір және ақиқа
С: Егер бір кісі пәлен мақсатым орындалса, соғым соямын деп айтса, соғым сою міндет болады ма?
Ж: Мақсатым орындалса, соғым сойып, етін және терісін кедейлерге садақа қылып беремін десе, міндет болады. Ал егер етті және терісін садақа қылуға ниет етпесе, міндет емес.
С: Сол кісі нәзір болған соғымды бауыздаса, не істейді?
Ж: Нәзір бойынша етті және терісін кедейлерге садақа қылады.
С: Ақиқа деген не?
Ж: Бала туылғаннан соң, жетінші күні шалынатын құрбандық.
С: Бала туылғанда қандай және неше жануар құрбандыққа шалынады?
Ж: Ер балалар үшін екі қой, қыз балалар үшін бір қой бауыздалады.
С: Ақиқаны кімдерге береді?
Ж: Мүшелерін бұзбай пісіріп, не пісірмей, кіндік шешесіне және басқа да кедейлерге береді.
С: Ақиқа жасау сүннет пе, әлде мұстахап па?
Ж: Мұстахап. Бірақ, кейбір ғалымдар сүннет дейді, тіпті мәкрүһ дейтіндер де бар.