Намаз муфсидтері

Намаз муфсидтері

С: Намазды қандай амалдар бұзады?
Ж: Жиырма екі.
1. «Калам»– намаздағы зікірлерден бөлек, екі әріп немесе одан да көп әріпі бар сөз сөйлеу;
2. «Таслим» – өз еркімен бір адамға сәлем беру;
3. Өз еркімен бір кісінің сәлеміне жауап қайтару;
4. Адамдардан сұрай алатын нәрсені сұрау, мысалы: «Аллаhым маған ақша бере гөр», — деп айту;
5. Дауыс шығарып күлу;
6. Дүние үшін дауыс шығарып жылау;
7. Ноқат мөлшеріндегі тамақты жеу;
8. Сусын ішу;
9. Екі қолымен бір затты көтеру, мысалы, киімді немесе бір нәрсені көтеріп тұру;

10. Бір әрекетті бірден үшке дейін жасау, яғни бір рүкінде бетті үш мәрте сүрту, бір мүшені үш рет қасу;
11. Құранға қарап қырағат ету;
12. Құранның мағынасын бұзатындай қате оқу;
13. Ұюшы адамның имам алдына шығуы;
14. Ер кісілермен бір қатарда әйел кісінің тұруы;
15. Таң намазын оқып тұрғанда, күннің шығуы;
16. Әуреттің төрттен бірінің ашылуы;
17. Бір парызды тәрк ету;
18. Құбыладан басқа жаққа қарау;
19. Киімі немесе намаз оқып тұрған жерінің нәжіс болуы;
20. Ташаһһуд оқылатын уақытта отырмай, өз еркімен дәретті бұзу;
21. Түшкірген кісіге: «ярһамукаАллаһ», — деп айту;
22. Имамнан басқа адамға лұқма беруі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *