Намаздың мубахтары

Намаздың мубахтары

С: Намаз оқыған кезде қандай амалдар мубах саналады?
Ж: Тоғыз.
1. Басты бұрмай, көзімен ғана назар салу;
2. Сәжде ететін жерді бір-екі мәрте түзулеп жіберу;
3. Жылан немесе шаянды өлтіру үшін аспап алып келген уақытта,денесі құбыладан бұрылса да намаз бұзылмайды;
4. Сүннет намазында қырағатты бұзбайтындай аузында теңге немесе бір зат болса;
5. Жерге немесе тізеге қолды қоюға кедергі болмайтындай қолда бір заттың болуы;
6. Рукуғта және басқа жерлерде киім жабыспауы үшін киімді қағу;
7. Нәпіл намазының бір ракағатында екі рет бір сүрені оқу;
8. Нәпіл намазда қабырғаға немесе бір нәрсеге сүйену;
9. Имам қандай іс-әрекет жасаған көру үшін, көз қиығымен алдына, жанына қарау.
С: Намаз оқып жатқанда,өз еркінен тыс дәреті бұзылса, мұрын қанаса немесе құлағынан бұлұғы шықса, намазы бұзылады ма?
Ж: Осындай жағдайларда намазды бұзып, дәрет алған соң қайта оқиды. Бірақ намазды бұзбай дәретханаға барып, дәрет алған соң, намаздың қай жерінде дәреті бұзылған болса , сол жерден бастап намазды аяқтау да дұрыс болады.
С: Бір кісі дәрет алу үшін су жаққа қарай барған кезде құбыла тараптан басқа жаққа бұрылса намазы бұзыла ма?
Ж: Намазы бұзылмайды. Бірақ дәретке қажетті болмаған ешбір амалды істеу дұрыс емес. Егер басқа амалмен айналысса намазы бұзылады.
С: Имамның дәреті бұзылса не істейді?
Ж: Бір жаққа жылжып арқасындағы бір кісіге имам болу үшін ишара жасайды. Кейін өзі дәрет алуға шығып кетеді. Имамның орнына шыққан кісі, имамның дәреті бұзылған жерден бастап намазды аяқтайды.
С: Алғашқы имам не істейді?
Ж: Дәрет алғаннан кейін, дәреті бұзылған жерден бастап, қалған намазын жалғыз намаз оқитын кісі сияқты, өзі жеке оқып аяқтайды.
С: Намаз оқып тұрған кісінің алдынан кесіп өту дұрыс па?
Ж: Көзі түсетіндей жерден кесіп өту мәкрүһ, намаз оқып тұрған кісі өзінің намазда екендігін «субханаллаһ» деп немесе бір басқа тасбих айтып, білдіруі керек.
С: Алдынан кесіп өтуі белгілі болған кезде не істеуі керек?
Ж.: Ұзындығы бір кез келетін ағашты алдына қадап қойып, намаз оқиды. Ол ағашты сутра деп атайды.

С: Алдынан адам жүретін жерде бір кісі жамағат болып намаз оқымақшы болса не істейді?
Ж: Имамның алдына бір ағашты сутра етіп қойса барлығына жеткілікті болады.
Басқалары үшін сутра қажет емес.
С: Имам намазда жаңылысқан кезде, имамға ұйыған адам оны имамға қалай білдіреді?
Ж: Тәкпір немесе тасбих айтып білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *