Намазда ұмыту

Намазда ұмыту

С: Егер төрт ракағат намазда алғашқы отырысқа отырмай тұрып кетсе, не істейді?
Ж: Егер орнынан толық тұрмай есіне түссе, қайта отырып намазын жалғастырады, сәһу уәжіп болмайды. Егер тізелері түзеліп, қиямға жақындап қалса, қайта отырмай, намазын жалғастырып, намаз соңында сәһу сәждесін жасау уәжіп болады.
С: Бір кісі соңғы отырысқа отырмай, қиямға тұрып кеткен соң, жаңылысқандығы есіне түссе, не істейді?
Ж: Жаңылысқандығы сол ракағаттың сәждесіне бармай тұрып есіне түссе, тез арада отырысқа отырып, ташаһуд оқып, сәлем беріп, сәһу сәждесін жасайды. Ал, егер жаңылысқан ракағаттың сәждесін жасап қойған болса, онда намазы парыз емес, нәпіл болып кетеді. Қаласа сол жаңылысқан ракағатқа тағы бір ракағат қосып 2 ракағат қылады немесе сәлем беріп, намаздан шығады. Ал, парызды қайта оқиды.
С: Ақырғы отырысты әуелгі отырыс деп ойлап, ташаһудтен кейін қиямға тұрып кетсе, не істейді?
Ж: Егер қателескені сол ракағаттың сәждесіне бармай есіне түссе, қайта отырып, сәһу сәждесін жасап, сәлем беріп, намазын аяқтайды. Егер қателескен ракағатының сәждесіне барып қойса, әуелгі бастаған намазы өтелген болып, қателесіп бастаған ракағатына тағы бір ракағат қосып, намаз соңында сәһу сәждесін жасайды.
С: Қателесіп оқыған намазындағы екі ракағат не болады?
Ж: Нәпіл намазға саналады.
С: Үш немесе төрт ракағат намазда бірінші отырыстан кейін намаз аяқталды деп ойлап сәлем беріп қойса, не істейді?

Ж: Сәлем бергеннен кейін намазды бұзарлық бір іс жасамаса, қиямға тұрып қалған ракағаттарын оқып, сәһу сәждесін жасайды. Ал егер намаз бұзылатындай іс жасап қойса, оқылған намазы нәпілге саналып, парызды қайта оқиды.
С: Бір кісі намазда нешінші ракағатты оқып жатқанын ұмытса, не істейді? Ж: Егер ұмытқаны өмірінде бірінші рет болса, намаздан шығып, қайта оқиды. С: Ол кісі намаздан қалай шығады?
Ж: Қай рүкінінде болса да екі жаққа сәлем беріп, намаздан шығады.
С: Кейін тағы да қай ракағатта екенін ұмытқанда не істейді?
Ж: Іштей қай ракағатты оқып жатқанына көбірек сенімді болса, сол жерден жалғастырып намазын аяқтайды.
С: Ал қай ракағат екендігіне ой басымдылығы болмаса не істейді?
Ж: Екі ойының азыннан бастап жалғастырады. Мысалы «Мына оқып жатқаным екінші ме әлде үшінші ракағат па?» деп күмәнданса, аз ракағаттан, яғни екіншіден жалғастырады.
С: Осылайша күмәнданған адам соңғы ракағатта тұрмын деп көбірек сенімді болса, не істеуі керек?
Ж: Ташаһһуд оқитындай уақыт отыруы шарт.
С: Не үшін былай отыру шарт?
Ж: Өйткені сол ракағаттың ақырғы ракағат болу ықтимал. Егер соңғы ракағат болса, онда қағадаға отыру парыз. Сол парыз орындалмай қалмауы үшін жасайды.
С: Осы себептен намаздың соңында сәһу сәжде жасау шарт па?
Ж: Жасау керек, өйткені сәлемді кешіктірген болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *