Мудрик және масбуқ

Мудрик және масбуқ

С: Имамға алғашқы ракағатта ұйыған адамды не деп атайды?
Ж: Мудрик деп атайды.
С: Имамға әуелгі ракағатта үлгермей, кейінгі ракағаттарда ұйыған кісіні не деп атайды?
Ж: Масбуқ деп атайды.
С: Ракағаттың қай жерінен ұйығанда, сол ракағатқа үлгерген болып есептеледі?
Ж: Рүкүғке үлгерсе, сол ракағатқа үлгерген болып есептеледі.
С: Бірінші ракағаттың рүкүғіне ұйып үлгерсе, мудрик бола ма, әлде масбұқ бола

ма?

Ж: Мудрик болады.
С: Бір кісі төрт ракағат намаздың төртінші ракағатында ұйыса, имамнан кейін

неше ракағатты қаза етеді?
Ж: Үш ракағат қаза етеді. Осылайша, қалған үш ракағат намаздан бір ракағат оқып, алғашқы отырысқа отырып, «Ташаһуд» дұғасын оқиды. Кейін қайтадан тұрып, екі ракағат оқып бітіреді.
С: Сол үш ракағаттың қайсысында «Фатиха» сүресінен кейін зәм сүре оқиды?
Ж: Алғашқы екі ракағатында зәм сүре оқиды. Соңғы бір ракағатта оқылмайды. Тек
«Фатиха» сүресін оқып, рүкүғ жасайды.
С: Соңғы ракағаттың рүкүғіне үлгермесе, имамға ұюға бола ма? Ж: Әлбетте болады, сәждеде болса да ұйып, жамағат сауабын алады. С: Сосын имамнан кейін неше ракағат қаза оқиды?
Ж: Неше ракағат намаз болса, сонша ракағат оқиды, яғни сол намазды толық
оқиды.
С: Ақшам сияқты үш ракағат намаздың соңғы ракағатында ұйыса, имамнан кейін
неше ракағат қаза оқиды?
Ж: Екі ракағат қаза оқиды.
С: Сол екі ракағаттың бірінші ракағатынан кейін отырысқа отырады ма, әлде қиямға тұрады ма?
Ж: Отырысқа отырып, «Ташаһуд» дұғасын оқиды. Содан кейін қиямға тұрып, соңғы ракағатты оқиды.
С: Екі ракағаттық намаздың әуелгі ракағатының рүкүғіне үлгермей, имам сәждеге барғанда ұйыса, не істейді?
Ж: Келген жерінен қосыла береді.
С: Ол «мудрик» болады ма, әлде «масбұқ» болады ма?
Ж: Масбұқ болады.
С: Енді ол кісі қалған бір ракағатын не істейді?
Ж: Намаздың соңында имам сәлем бергеннен кейін, орнынан тұрып, қалған бір ракағатын оқиды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *