Менеджменттің маңызы,кәсіби білім беру жуйесіндегі рөлі мен орыны.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1.Менеджмент ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және тарихы.
- Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері.МЕНЕДЖМЕНТ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ?
- Менеджмент ғылым ретінде
Менджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында пайда болып,
өзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді.Экономикалық әдебиеттерде басқару
ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» ағыммен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерок
Тейлор /1859-1915/. Ол өңдірісті ғылым басқаруға болады деген пікір айтты.Кезінде ғажайып
жаналық болған бұл құбылысты кеиін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты
дәлелдеді.Ф.Тейлор кәсіп орынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені
жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасау болатының» нысан
етті.Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қамтамассыз етті.Оның
теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд(1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919),
Лилиан Гилберт (1861-1919), т б өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Классик үлгідегі «әкімшілік» мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик,
Джеймс Муни,А. К.Райли басқарудың әмбебап принциптерің ойластырды.Сондай мектептің
негізің салушы франсуз ғалымы Анри Файоль(1841-1925)практикалық тәжірибені жинақтау
негізінде мынадай қорытындыға келді-«басқару-кәсіпорынның мүмкіңдіктерін барынша
пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу» . Ол сонда-ақ, мемлекеттік басқару ісін
ғылыми жолымен ұйымдастыру принциптерің қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Бихевористік «мінез-қҧлық» мектебі 20 ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші
жылдардың басында қарқың белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарың
басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі
американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949)болды.Осы ілім формалдық емес басқаруды
ұйымдастыру міндеттерің , еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді
ұсынды-«қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өңдіріс салаларымен еңбекті
гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды.Американдық
зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970)
бихевористік (мінез-қҧлық) мектептің өкілдері болып табылады.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде
басқарудың математикамен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сӛйтіп
«басқару ғылымы немесе сандық ықпал»мектебі өмірге келді.Бұл мектептің негізгі өкілдері-
американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х
Райфа. 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жана бағыт қалыптасты.Ол
«ситуациялық әдіс» деп аталды .Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір
ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасу жағдаймен байланыстыруды
талап етеді.Өзінің зерттеуіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын,
олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді.Осы кәсіпорынның қызмет
жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше
варианттардан, мҥмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі
алынады. Басқару теорисы мектептерінің пада болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан
белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.
Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінең
қалыптасты-« ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші
дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның
басталуы.
Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен
түсіндіріледі, дайындығы жақсы менджрлерге сұраным екіншідүниежүлік соғыстың
нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.
«Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар
Көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өңдірістің құлдырауымен түсіндіріледі.
«Ситуациялық тәсіл»мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы
әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық , бақталастық, жоғары технологиялық өнімнің өмірге
келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы биліктілікті талап ететінмамандықтардың
өсуімен байланыстырылады.
Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару
моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды.Қазіргі кезде басқарудың- американдық,
жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.
Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы
Қазақстанда басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау
алады.Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді.Менеджментке деген
қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты
туды.Мемлекетті басқару жөнінде бідің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әр түрлі
міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының
қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.
10-12 ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-
950) болды.Ол жұлдыздармен басқа табиғи құбылыстырға қарай отырып,
мемлекеттің, шахарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған
әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді.Оның адамзат қоғамының
шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше
қызығушылық тудырып отыр.Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми
мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын
жүргізуде.Тәуке хан (1860-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогресивті мемлекет және
рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766)
болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару
жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі
принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті-жарғы»-бұл әкімшілік, азаматтық және
қылмыстық қққықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдармен
қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға»
сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды.Басқару халықтық
жиналыс-құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге
асырылды.
Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолг және қайтақҧрушы Әбілқайыр хан
(1693-1748) болды. Олжеке хандық құрып , Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды
тереториясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды.Алайда, Әбілхайыр
хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және
этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.
18 ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің
дамуында Қазақстанның териториялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекет
қайраткері Абылай хан (1711-11781) маңызды роль атқарды.Өзінің оңжылдық басқару
кезеніңде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.
19-ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым
ағартушы Ш.Уалиханов(1835-1865) маңызды орын алды.Ол орыс ағартушыларымен
ревалюцияшыл демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады.Сонымен бірге
патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс
мәдениетінен сусындау жолында жену үшін күресті, қазақтардың отырықшылықпен егін
шаруашылығына кӛшуін насихаттады.Ш.Уалиханов ағарту ісімен жеке реформалардың
рольін асыра бағалай отырып,басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар
өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мҥмкін деп жорамалдады.Ш.Уалихановтың мемлекетті
басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары
Ы.Алтынсарин(1841-1889)мен Абай Құнанбаев(1845-1904) әрі қарай дамытты.
20-ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен
ерекшеленеді.Олар-Ә. Жангелдин, Ә.Бөкейханов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев, Л.Мирзоян,
О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С.Мендешев, Н.Нұрмақов, Т.Рұсқұлов,Ғ.Тоқжанов, О.Жандосов,
Т.Жүргенов,С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров және т.б.Торғай облысында-Ә.Бөкейханов, Жетісуда-М.Тынышбаев, Түркістанда-М.Шоқаев қазақ халқының өкілдері
уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды.Бірақ олар отарлаушы басқару
жүйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін
толық шеше алмады.
Қазіргі заманғы менджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын 20-ғасырдың 50-ші
жылдарынан бастап қараса болады.Алғашқы қазақ инженер-менджері, өңдірісті
ұйымдастырушысы Қ.И.Сатбаев(1889-1964) болды. Ол бірінші болып кеңшілердің
еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелердің,
жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен байыту комбинаттарында еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті.Оның
басқару стильіне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелетің нақтылы материалдарды терең
ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын.Бұл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы
көрінеді.
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым ,
қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А.Қонаев (1912-1993)ерен ҥлес қосты.Олқырық
жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің
бірінші басшысы болды.Д.А.Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезенде респблика
бұрынғы КСРО-ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарына айналды.Мұнда елдегі түсті
металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті,
мұнай өңдірудің үлкен потенциалы болды.
20-шы ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуасиясы
айтарлықтай өзгерді.Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін
ауыстырды.Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестікпен сыртқы нарыққа
шығу перспективасын алды.Қазақстанда мемлекеттік кадр Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылы
19наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылды «Мемлекет жаңа жұмыс
орындарын ашады, адамның өз қаблет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың
табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді».
Қазақстанның Бүкіл дүниежүзілік Сауда ұйымына еңу қарсаныңда біз басқару
шешімдері салаларындағы ғаламшарлық бәсеке алдында тұрамыз.Президент мемлекеттік
қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есптейді:
а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек;
ә) өзін үшін пайданы көздемей , өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;
б) «мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;
в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.
г) лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.
Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан
экономикасында қазіргі менджментті қолданужөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау
болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің 20-шы ғасырдың 30-шы
жылдары сезілді.Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни
нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады.Мемлекетте дүниежүзілік білім
стандартына жауап беретін менеджмент сала бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс
басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің
экономикалық старатегиясының құрамды элементтері болып табылады.
Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор
К.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993) ж. Кітабы болып есептелінеді.Біздің
пікірімізше , ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып
табылады.Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994ж) .
«Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж). Жұмыстарының авторы
К.Б.Бердалиевтыда атауға болады.Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды
басқару ерекшелліктерін мазмұндады.
Қазақстандық кадр менеджменттінің мәселелерін алғаш рет Қарағандылық ғалым
Каренов Р.С. зерттеді.Одан басқа «Өңдірістік менеджмент» (1996ж), «Иновациялық
менеджмент»(1997ж), деген еңбектері бар.Ол «Кадрлық менеджмент» атты еңбектерінде
нарықтық экономикалық жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отаңдық тәжірибесін
қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану
жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды.Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өңдірістік
менджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә.Әбдірешовтың «Кәсіпорынның өндірістік
менеджменті (2001ж)кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды,
еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конюньктура
жағдайында қаржы менджерінің рольі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджменттініңде
мәселелері де Қазақстанның ғалымдарының еңбектерінде көрініс табуда.
Осылайша Қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы
аспектілері зерттелініп жатыр және арықарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын
білу менеджменттің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен
роль атқарады. - Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік
қорымызға «менеджер», «менеджмент», ұғымдары тез енді.Менеджмент сөзін қазақша дәл
аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады.Алайда
сөзбе-сөз аудару сӛздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермеиді. Күнделікті тұрмыста
менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен
шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі төркіні гректің «манус», яғни «қол,күш»
деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, аттізгінің ұстау,
меңгеру шеберлігің білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып,
адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін
болды.
Ағылшын тіліңдегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік білдіреді:
а) адамдармен қарым-қатынас жасау үлгісі, әдісі;
ә) билік және басқару өнері;
б) шеберліктің ерекше түрі әкімшілік дағды;
в) басқару органы, әкімшілік бөлігі. (1)
«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық
оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету
үшін адамның материалдық және қаржылдық ресурстарды ұтыды пайдалану процесі»
(11).
Э.А.Уткин «Курс менеджмента» еңбегіңде менеджментті былайша түсіңдіреді:
Менеджмент- бҧл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге
жету үшін менеджменттің әлеуметтік- экономикалық механизімнің түрлі принциптерін мен
қызметтерің, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше
түрі.(72)
А.А.Рудгиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасы
қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент- бұл әрі өнер, әрі ғылым.(66)
Менеджмент- бҧл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің
тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың
принциптерінің, әдістерінің құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай
сипаттаманы Вачугов Д.Д, жетекшілік еткен ғалымдар тобы «Основы менеджмента» деген
кітапта береді.(75)
Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше
қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталды. Осыған орай белгілі
бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетің менеджменттің негізгі алты түрі
тармақталады:Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон
мен плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы
анықтамасына сәйкес келеді. - Мемлекттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және
сондағы қызметкерлерге билік жҥргізуді жүзеге асыру. - Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің еркше түрі. Қарулы
күштерді ұйымдастыру және соларға жутекшілік ету. - Құрама одақтық (ассосиациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік
мекемелердегі секілді , мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетің ұйымдастырып, басшылық
ету қажет. - Бизнес- менеджмент. Үкіметтіктіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетің
менджменттің ерекше түрі. - Мемлекеттегі меншіктік менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.
Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік
және әлеуметтік проблемалар мен ой –пікірлерде ықпал етеді.
Волфьганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп
жазды : «Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған комерциялық кәсіпорынның арнайы
органы». Егер батыста кез-келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол
кәсіпорындағы бҥкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын тек
басшылар(3).