Мектепте құқықтық білім беру сатылары
Құқықтық білім беруде оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызы.
Орта және жоғары сыныптарда құқықтық білім берудің ерекшеліктері.
Жоспары:
Құқықтық білім беруде оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызы.
Орта және жоғары сыныптарда құқықтық білім берудің ерекшеліктері.
Негізгі түсініктер: құқықтық білім ерекшелігі, жас ерекшеліктер
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі — құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату үдерісімен байланысының маңызы ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:
Оқушыларға мемлекет, құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар.
Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе – бүгінгі таңда елімізді қайта құру кезеңінде Парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімін қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу.
Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру.
Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата Заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген. Олай болса адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға атсалысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті — жасөспірімдерді адамзаттық белсенділігіне қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру қажет. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: 1-4 сыныпта (бастауыш мектеп); 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі мектепте оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» — деп атап көрсетілген [6].
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар:
1. Мораль мен құқық мәселелеріне арналған лекциялар мен әңгімелер өткізу;
2. Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
3. Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;
4. Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру;
5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершіілк және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;
6. Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау;
7. 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау;
8. Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару;
9. «Жас заңгер» клубын ұйымдастыру;
10. Ай сайын «құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін» жүргізу.
Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.
Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.
Кинолекториялар — әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат — жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.
Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.
Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Ынталандыру және тежелуәдістері тобы: ынталандыру әдістепрі, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері).
Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
4. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
5. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.
6. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б
Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.
А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.