Күнәһәр пенделер
С: Ислам дініннің хақ екендігіне және ондағы сенуге тиісті мәселелерге ділімен иман келтіргенімен, өзін ұстай алмай күнә амалдарды істеген кісі мүмін және мұсылмандықтан шығады ма, әлде шықпайды ма?
Ж: Мүмін және мұсылмандықтан шықпайды, бірақ пасық және күнәһар деп аталады.
С: Пасық деген кім?
Ж: Күнәһар кісі.
С: Күнәлі істерді жасап, пасық болған кісілер тозақ азабынан құтылуы мүмкін
бе?
Ж: Мүмкін. Алла тағала күнәларын кешірген кейбір пенделер тозаққа кірмей,
жәннатқа кіруі ықтимал.
С: Алла тағала кейбір күнәларды кешіреді ме? Ж: Егер қаласа Өзінің кеңшілігімен ғапу етеді. С: Алла тағала қандай күнәларды кешіреді?
Ж: Алла Тағала қаласа барлық күнәні кешіруі өз еркінде, бірақ Алла тағала Әділ. Әділ болғаны үшін зияны адамның өзіне ғана тиетін күнәларды кешіреді. Алайда зияны біреуге тиген күнәлардан зұлымдық көрген кісі кешірсе, онда бұл күнәларды да Алла тағала қаласа кешіреді.
С: Зияны өзгеге тиетін күнәлар қандай?
Ж: Адам өлтіру, қинау және жаман сөздермен балағаттау, біреудің малын ұрлау немесе айла жасап тартып алу және осыларға ұқсас амалдар жатады.
С: Зияны өзіне ғана тиетін күнәлар қандай?
Ж: Харам тағамдарды жеу, харам ішімдіктерді ішу, зина жасау және осыларға ұқсас амалдар.
С: Алла тағала қандай кісілердің күнәларын кешіреді?
Ж: Дүниеде шын ықыласпен тәубе еткен кісілердің күнәларын кешіруді Алла тағала уәде еткен.
С: Жасаған күнәларына дүниеде уақытында тәубе жасай алмай өмірден өткен мүміндердің күнәларының кешірілуі мүмкін бе?
Ж: Мүмкін. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) және басқа салиқалы кісілердің шапағаттары себеп болып көптеген кісілердің күнәларының ғапу етілуі ықтимал. Мұхаммед (с.ғ.с.) күнәларды шапағат етуші. Парыз және уәжіп амалдарды жасағаннан кейін сүннет амалдарды да көп жасаған адамдарды Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шапағат етеді.
С: Пайғамбарлардың және басқа салиқалы кісілердің шапағатынан мақрұм болған күнәһар кісілердің де күнәлары кешіріледі ме?
Ж: Кешірілуі ықтимал. Алла тағала кешірімді. Тәубесіз өмірден өткен күнәһар кісілердің де кейбіреулерінің күнәлаларын қаласа, кеңшілігімен және рахметімен Алла тағала кешіруі мүмкін. Бірақ Алла тағаланың кешіретіндігіне үміт артып, күнә істерді
жасауға болмайды. Өйткені Алла тағаланың Ғафур сипаты сияқты Қаһһар сипаты да бар. Алла тағала Әділдік және Қаһһарлық сипаттарымен күнәһар пенделерді адам төзгісіз азаппен жазалайды.