Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал-1

Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал-1

Аса Мейірімді Жаратушымызға бар мадақ мақтаулар болсын бізге керемет тәлімгер берген, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның әулетіне және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!
Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеттерінің маңыздылығы мен құндылықтарын әр мұсылман баласы жете түсінеді, алайда оны күнделікті дағдыға айналдырып, қолданатының саны аз. Көпшілігі Сүннетке еруді бір аса қиын әрі ауыр деп ойлайды, анығында ол мүлде олай емес. Біздер Сүннетке еруді сектанттардың саясат ұранынан өзіміздің жалауға, ал сөздерін –амалдарымызға айналдыруымыз қажет.
Біз Сүннеттердің ішінен адам баласының күн бойына орындай алатын әрі көп уақытты талап етпейтін, есесіне мол сауап алатын, абзал болған 100 сүннет амалдарын жинадық, мәселен күнделікті көп орындалатындары: әжетханаға қалай кіру керек, қалай ішіп — жеу керек, қалай ұйқыдан ояну керек, қалай киіну, қалай үйге кіру керек және басқа да амалдар. Күнделікті қарапайым істерді Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сай орындайтын болсақ, онда үнемі мол сауапқа кенеліп,өмірімізге береке енер еді. Сонымен қатар, қажет болған тұста, оқырмандарымыз үшін араб тіліндегі дұғалардың жазылуы мен аудармасын және де имам әл-Ғазалидың «Ихья улюм ад-дин» бөлімдерінен түсіндермелерін ұсынатын боламыз.
Жақсы көрген адамыңа еліктеу – махаббаттың белгісі емес пе? Ал кімде бұл еліктеу болмаса, онда махаббаттың да болмағаны.
Және де біз Ұлы Жаратушымыздың мына сөзін естен шығармауымыз керек:
قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبّونَ اللّهَ فَاتّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَۗاللّهُ غَفُورٌ رّحِيمٌ
Мағынасы: « Айт: Егер сендер Алланы жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер, сонда Алла да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді, себебі Алла – Кешірімді әрі Рахымды».
Алланың бізге деген махаббаты мен күнәларымызды кешуі біздің Алла Елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) еруімізге байланысты. Алла Тағала біздерге Сүйікті құлының (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын) Сүннеттеріне еруімізде тауфиқ нәсіп етсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *