КЕТБҰҒА МА, ӘЛДЕ КЕТБҰҚА МА?

КЕТБҰҒА МА, ӘЛДЕ КЕТБҰҚА МА?

Биыл  еліміз  Қазақ  хандығының  550 жылдығын атап өту үстінде. Алай- да, халқымыздың тарихи тамырының одан да əріде, тым тереңде жатқанын бəріміз жақсы білеміз. Әйтпесе, көптеген жатжұрттықтар біздің тəуелсіз елдің ширек ғасыр  ішінде  əлемдегі  озық ойлы елдер қатарына шығып кеткенін ақылдарына  сыйғыза   алмай,   былай- ша айтқанда, іштарлықтан түрлі қаңқу сөздерді қоңырсытып та жүр. Сол себе- пті өткенімізді түгендеп, сол кезеңнің

жарқын тұлғаларын зерделеп, жастарға дұрыс ұғындыру əрбір са- налы азаматтың парызы .

Мен, кездейсоқ жайға бола көңілді алаңдата беретін жастан əлдеқашан өтіп кеткен адаммын. Сондықтан да, тəуелсіз Қазақ Елінің азаматы ретінде заң мен заңдылықтардың, ұлттық салт- дəстүрлердің бұзылуына жол бермеуді əркез адал борышым деп санаймын.

Тарихты бүгінгі күн тұрғысынан түсіндіруде методологиялық мəселелердің назардан тыс қалмауы үшін, гуманитарлық ғылымдар кешенді тұрғыда ат салысуы қажет. Өйткені, Қазақстан тарихын дəуірлеу (периодизация), деректану, тарихнама мен зерттеу əдістерінің заңдылықтарын қадағалауда туындайтын теориялық жəне методологиялық мəселелері жетіп артылады. Та- рих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев «… Қазақ этногезі проблемасын ғылымның антропология, генетика сияқты салаларынсыз шешу мүмкін емес», деген тұжырымды ұзақ жылдардан бері айтып келеді.

Халық даналығы: «Толған ел – тарихын таспен жазады, тозған ел – тарихын жаспен жазады», – дейді. Сол себепті «қазақ ұлтының рухын жандандыру үшін ең алдымен, өзіміздің шынайы тарихы- мызды, мəдениетіміз бен дінімізді терең пайымдап, сезінуіміз» керек. Егер аяқ басқан сайын тарихи оқиғаларды саясиландырып, тұлғалар есімін «бұрмалау» тəсілімен шежіреден шығарып тастап,

 

тамыры жоқ, тегі жоқ, ойдан құрастырылатын «кино кейіпкеріне» айналдыратын болсақ, онда елдік деңгейдегі тарихи тұлғалар бей- несін қалай қалыптастырамыз? Жат жұрттықтарға «бабамның есімі қалай жазылатын еді», соны түсіндіріп берші деуіміз керек пе? Сон- да қазақтардың арғы атасы болып табылатын түріктердің «сына» жазуы «кирилл» жазуынан 15 ғасыр, «грузин-армян» жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болды» дегенге күдік келтіреміз бе? Жоқ, оның реті келе қоймас. Қайта ата-бабалардың өнегесін дұрыс қабылдап, ұрпаққа дұрыс мағлұмат беруге күш салайық. Мен айтып отырған бұл пікір соны емес, оны əркім-ақ айтып жүр. Тіпті, дуалы ауыз ағаларымыз ғылыми еңбектеріне де енгізді. Бір жерлесіміз, ұзақ жыл Жезқазған қаласы облыс орталығы болған кезінде арамызда жүріп, облыстық кəсіптік-техникалық білім беру басқармасын басқарған, кейінірек республикалық деңгейде қызмет атқарған, ҚР Білім министрінің орынбасары болған, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, Халықаралық ақпараттану Академиясының ака- демигі, Ресей кəсіптік-техникалық білім беру Академиясының академигі, Қазақстан педогогикалық ғылымдар Академиясының толық мүшесі, п.ғ.д., профессор, Болат Әбдікəрімұлы айтқан мына бір ғылыми тұжырым əр жүрекке қозғау салуға тиіс, яғни намысты жанның көкірегін оятқан бұлқыныс тура бағыт ұстануға ұмтылтады деп сенемін: «…кезінде бабаларымыздың тасқа таңбалаған мұраларын бізге Батыс ғалымдары оқып берді. Енді өзіміз оқуымыз керек. Өйткені, Орхон-Енесай жазбаларынан ба- стап, талай мұраларымызды сөйлетуде орасан қателіктер бар екенін біле бастадық. Біз өз мұрамызға өзгелердің көзімен қарап үйренгенбіз. Сол əдеттен арылып, бұл мəселеге өзіміз шындап кірісетін уақыт жетті. Өз ұлттық құндылықтарымызды азаматтық мұраға айналдыруға өзіміз күш салуымыз қажет». (Ғибратты ғұмыр: Тұлға. Ұстаз. Ғалым», (құраст. А.М.Әбдіров, В.В.Егоров, Қ.А.Сарбасова), Астана, «Жасыл Орда» баспасы, 2015 жыл, 92- бет).

Қашаннан тағдырымыз бір болған «қарға тамырлы қазақтың» қай баласы дана болса, сол елге ортақ құт – бақыт. Солай болған, бола да бермек. Олардың ерлігі- үлгі, тарихы -елдіктің көрінісі. Сол үшін көзі қарақтылар тарихи тұтастықты құрайтын ел-ше- жіресін жазған. «Тарихи шежірелерге патша өкіметі саяси мəн

 

беріп, жергілікті орындардан жинатып отырған», – деп Әлкей Марғұланның да атап өткені есімізде жүрсе де, соның астарына кейде мəн бермейміз. Кеңес өкіметі ол істі індете түскені мəлім. Сонда олар қазақ халқына жанашырлық жасап, ұйыстырайын деп пе еді? Сол қармаққа түсіп қалғандықтан əлі күнге таптаурын жол- дан шыға алмай шиырлап жүргендердің бары анық. Халық жадын- да сақталған тарихи мəлімет əрқашан құнды, пайдалы болғанын профессор Мақсат Алпысбестің «Қазақ шежіресі: тарихнамалық- деректанулық зерттеуінде (Астана: «BG-Print», ЖК, 2013 жыл):

«Шежіре – қазақ халқы тарихының тарихи-этнографиялық  де- рек көзі». «Шежіре қазақтың қадірлі ұлттық дəстүрінің біріне айналған», – деп орынды атап көрсетеді. Шежіреге енгізілген теріс пікір тұтастай тарихи оқиғаларға, тұлғалар есіміне нұсқан кел- тіретіні анық. Ол тарихымызды бұрмалауға əкеліп соқтырады. Сол себепті мұндай істе аса сақтық қажет. Дəлел негізді болуға тиіс.

Бар ғұмыры тартысқа құрылған Кетбұға есімін ертеден-ақ елі ұлықтады. Өйткені ол шын мəнінде əлемдік деңгейдегі бірегей тұлғалардың бірі еді. Оның өресі Шыңғыс ханмен де иықтасқан. Сол себепті оған таласатындар да, өзіне жақын тартатындар да, оның атына қара күйе жағуға ұмтылатындар да табылуы заңдылық. Содан барып оның бүгінге дейінгі өмірбаяндық ғұмырнамасы əр қилы құралып, тарау-тарау болып қалыптасып жатса таңырқауға болмас. Дегенмен де бүгінгі көзі қарақты саналы ұрпақ тарихи тұлғаларға қиянат жасау обал екенін ескеруі лəзім.

«Тіліміздегі кісі есімдері – мəдени-тарихи мұра, ұлттық құндылық. Бұл атаулардың өн бойына ел тарихының, халықтың бол- мысы мен дүниетанымының, табиғат құбылыстары мен кəсібінің, салт-санасы мен əдет-ғұрпының қат-қабат сырын сақтаған», – деп жазады. «Қазақ есімдерінің анықтамалығын» құрастырушылар профессор, ф.ғ.д., Телғожа Жанұзақ, жəне ф.ғ.к., Ғарифолла Әнес (Алматы, 2009 жыл, 3-бет) – Егерде есімдердің дəуір, қоғам өміріне қарай даму, толысу, өзгеру сырына ден қойып, айрықша зер салсақ, онда ұлтымыздың əр кезеңдегі тарихи дəуірлердегі рухани жəне мəдени өмірінен мол мағлұматтар аламыз». Осыны ескерген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1996 жылы 2 сəуірде

«Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен əкесінің атын жазуға байла- нысты мəселелерді шешу туралы» Жарлық шығарды. Оның бірін-

 

ші бабында «…тегі мен əкесінің атының түбірлік негізі сақталуға тиіс» деп атап көрсетілген. Осы мəселеге қатысты Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының

«Қазақстан Республикасындағы ұлты қазақ азаматтардың аты- жөнін реттеудің Тұжырымдамасы қабылданды. Қыруар жұмыстар жүргізілуде. Оған білікті мамандар мен ғалымдар ат салысуда. Тілдік ахуал – қоғамдағы тіл саясатының нақты қолдануының көрінісі. Ол Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңның жүзеге асуының бір көрінісі, яғни оның құқықтық негіздерін баян етеді. Сол себепті бұл мəселеге жүрдім-бардым қарауға ешкімнің ешқашан еш себебі жоқ.

Реті келгенде айта кетерлік бір жайт, кейінгі кезде Кетбұғаны тарихтың сан тарау оқиғасына да киліктіріп, руы мен атауын өзгертіп, ойдан құрастырылған кітап кейіпкерлеріне айналдырып

  • «Кербұға», (ғылыми терминге негіздемек ниетпен) «Кет Бұқа»,

«Кетбұқа», «Кет-Бұқа», «Керт бұғы», «Кетбука», «Кит Бұғы» бо- лып қалыптасу етек алып барады. Ертеректе ол білместіктен болған жайт еді. Қазіргі ұстанымды қалай ұғуға боларын біле алмадым… Дұрысы, Кетбұға баба есімі қалыптасқан, яғни ауыз-екі айтылу ретімен қазақи ұғымға лайық «Кетбұға» болып қала бергені жөн. Ол пікірлерімді, дəлелімді сан мəрте жазып келемін. Сонымен қатар осы жəне басқа да ұқсас мəселелерді бірізділікке түсіру 1996 жылғы Жарлықта қарастырылған. Десекте, ғалымдар арасында əлемге танымал Шоқан Уəлиханов, Абай Құнанбаев (Абайды – Ибраһим, т.б.), т.б. тұлғалардың есімдерін жазғанда «алғашқы ре- сми» нүсқасы сақталып қалмаса, өзге елдің ғалымдары көз жазып қалады екен. Бұл да ақылға қонымды десек, онда өз жастарымыз арасында қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізейік.

Әуелі Кетбұғаның ұлты қазақ, діні мұсылман, соңында ұрпақтары бар екенін ажыратып алуымыз керек. Әйтпесе, аңыз тұлға жайлы сөз шексіздікке созылып кете бермек.

Ғалым Тұрсын Жұртбай ертеректе: «…киелі хайуанаттардың атын кісінің есіміне қосып айтатын ежелгі түркі дəстүрі бойынша

«Кет-бұқа» атанды», – деп жазды. Әлгінде мен айтқан мəселелерге тұңғыш түрен салып басын ашуға мұрындық болған да Тұрсын ағамыз. Оған əлі сан ораламыз. Тұрсекең көрнекті қазақ ғалымы, оған талас жоқ. Өзіміз де сол ғалымның еңбегіне сілтеме жасап

 

басшылыққа алатынымыз рас. Әлгі жазбаны оқыған сайын баба есіміне қатысты ойлар санада ширыға береді де, «ежелгі түркі дəстүрі бойынша «Кет-бұқа» атанды» деп əуел бастағы «Кетбұға» есімі жатжұрттықтар арасында солай аталып кеткенін айтса керек деген ойға орала беремін. Өйткені «Азан шақырып қойған есімі» деп тұрған жоқ қой. Сондай-ақ, Тұрсекеңнің досы марқұм Ақселеу Сейдімбек ағамыз да пір тұтатын ғалымдарымыздың бірегейі. Ол екеуінің дос екені де баршаға аян. Соған байланысты ойланарлық тұсымыз: «Бұқа» мен «бұға» сөзі қазақтар арсында қолданыста ілгері замандарда да болған-ау!» дегенге саяды. Осы екі сөздің мағынасына үңіліп зер салған жан бар ма? Олардың пікірі қандай? Шежірелердің    бір    тармағындағы    көпшілікке     беймəлім оқиғалардың, Найманның шығу тарихының сонау Ноғайлы зама- нынан да əрі жатқанына жол сілтейді. «Найман елі – Қытай та- рихында – VІІІ-ІХ ғасырда белгілі болған. Оқыран өзенінің басы Мұңғолдан Ертіске дейін қоныстанған. Найман руының алғашқы патшасы Нарқыш Таян, Инаш қаған, Бұқа хан, Табұға, Бұйрық хан жəне үлкен рулардың басшылары Тоқпан, Елата, Өкіреш, Кетбұға, Төлекатай, Сүгірші болған», – деп жазады. («Найман – Қаракерей Жаңбыршы руының шежіресі» кітабы, Алматы, 2001 жыл). Осындағы «Бұқа хан», «Табұға» есімдері анық жазылғанан аңғармау мұмкін бе? Демек, «бұқа» мен «бұға»-да айырма бар. Ол нені көрсетеді? Ол жайлы ғалымадар нақты тұжырымын өздері

айта жатар.

ДАТ (далалық ауызша тарихнама), яғни ауыз-екі шежіре бойынша Жанарыстан – Қарашор туады. Сонау  шежіре басын-  да тұрған тұлғалар өз балаларын қалай атауды білмеген деп күмəндануға бола ма?! Зер салайық: Қарашордан – Тұлпар батыр

– Алшын – Семізбұға – Жұмыр – Жұртбай – Жүндібай – Кенен- бай – Сары (Сармантай) – Шал – Ер Қаптағай – Найман, Най- мантай. Найманның сегізінші атасы (бабасы) – Семізбұға. Назар аударыңыз Семіз Бұқа емес – Семізбұға! Шамамен Кетбұғаның он екінші бабасы – Семізбұға! Демек, Семізбұғаны да, Кетбұғаны да қолдан бұқаландырудың қажеттігі жоқ!

Түбі Кетбұға бабаға қатысты «бір шикілік туындай қалса, ойымды біле жүрсін» деді ме екен, кім білсін, жарықтық данагөй Ақселеу ағамыз 1993 жылы мынадай түсінік береді:

 

«…Кейбір шежіре бойынша Серікбайдан – Келбұға, Кетбұға атты екі ұл туады. Келбұғадан – Балталы, Кетбұғадан – Бағаналы тарайды дейді. Сөз орайында Кетбұға жырау əйгілі Шыңғысханның оң тізесін басып отырған би болғанын, «Ақсақ құлан» сияқты күйді тудырған ұлы күйші екенін айта кеткен жөн». «Қалың Найманның еншісін бөлу билігі жас та болса ақылы кемел Кетбұғаға беріліп- ті. Кетбұға тоғыз Найманға енші бөліп, таңба таратады. Сонда еншілес Келбұға мен Кетбұғаға таңба жетпей қалып, таңбаларын жылқының сол жағына басады. Содан олар «Теріс таңбалы» атан- са керек. Найманның ұрпақтарының еншісін дау-дамайсыз бөлгені үшін Кетбұға «Ноқта ағасы» атанады» (Тарақты Ақселеу (Сейдім- бек А.), ««Балталы, Бағаналы ел, аман бол»,( шежіре), Алматы, 1993 жыл, 91,92-беттер).

Ғылыми тұжырымы тиянақты болған соң Тұрсекеңе ден қоярымыз анық. Дегенмен қазақтың ежелден қалыптасқан, құлағымызға əбден сіңісті болған бабамыздан қалған  құнды  мұра шежіреміз де бар ғой. Шежіренің еңсесін көтеріп, ғылыми айналымға қосқан профессор Мақсат Алпысбесұлының еңбегіндегі: «Қазақ халқының шежіресі – тарихи тамыры, оны құраған ру-тайпалардың талайының тарихи тағдыры», – деген тұжырымы езіле бастаған көңілімізге қуат бергені рас.

Кетбұға баба өмірде болған. Ол шежіреде анық көрсетілген, ұрпақтары жайлы дерек келтірілген. Бір ғажабы «Кетбұқа» шежіреде жоқ! Демек, оның өмірде болғаны, бар-жоғы күмәнді. Міне қайшылық! Сонда барды жойып, жоқтан бар жасай ал- мау қаупі тумас па екен?

Кетбұға – күрделі тұлға, сол себепті оның төңірегінде сан түрлі лақап əңгіме, жорамал, болжам өте көп өрбіген.

Енді мына бір жайға да назар аударта кетпекпін. «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармалары туралы зерттеулер» атты жинақтағы, Бекқайыр Аманшиннің «Махамбеттің бабалары мен ұрпақтары» еңбегінде «Махамбеттің «Айналайын Ақ Жайық»  деп басталатын атақты толғауына қатысты кейбір зерттеуші- ғалымдардың пікірімен келіспейтіндігін ашық білдіреді:

«Керт бұғыдай билерден

Ақыл сұрар күн қайда? (1962, 31-бет)

деген жолдар бар. Ақынның барлық кітабында осылайша

 

жазылған да, оған «бұғының бір түрі» деген түсінік беріледі. «Бұл

  • өте жаңсақ жəне жазылуы қате. Дұрысы – Кет Бұғы. Кет Бұғы
  • кісі аты. Профессор С.Аманжоловтың көрсетуі бойынша, қазақ шежірелерінің бірінде: Найманның Тоқпан, Ел-Ата, Өркеш деген үш ұлы болады. Ел-Атадан – Келбұғы, Кетбұғы тарайды. Кетбу- ка (Кит-Бука) деген XIII ғасырда жасаған тарихи адам да болған. Ол – Монғол империясының Хулагу ханы тұсындағы армиясының штаб бастығы Найман Кит Бұғы. Буга, Бука, Буке сөздері түркі- монғол халықтарының тарихындағы кісі аттарында жиі кездеседі. Махамбет ақынның атап отырған Кет бұғысы кім? «Кетбұғыдай билер» дегеніне қарағанда, тарихи немесе аңызға айналған атақты билердің біреуі болса керек. Қорыта келгенде, Махамбет өлеңдеріндегі Кетбұғы сөзі – біріншіден, Керт Бұғы емес, Кет бұғы, екіншіден, бұғының бір түрі емес, адам аты», – дейді. (103- бет). (ikitap.kz).

Әңгіме барысында аңғарғанымыздай тұжырым сан тарау, бірақ кім, қандай пікір білдірсе де, «Кетбұға» – Кетбұға қалпында қалары анық. Өйткені өркениетті елдер дəстүрінде өзге жатжұрттықтар кез-келген атауды, есімді қаншалық бұрмаласа да, қалыптасқан  өз тегінің қанына тартып, өз қалпынан айнымайды. Әу бастағы өз ұстанымын берік сақтап қала береді. Алысқа бармай-ақ іргемізде- гі Ресей елін алып қарайық. Жат жұрттықтар елінің астанасын –

«Моskay», «Мəскеу» деп жазсақта. Өз дегенінен қайтпай «Москва» дейді. Кезінде «Алма-Ата», «Медео» дегеннен əрең арылғанымыз естен шықты ма? Біздің Астана қаласындағы «Кенесары» көшесі өзгелерге ұғынықты болу үшін «Kenessary str» деп таңбаланады. Соған қарап келешекте Кенесары хан деген қате, дұрысы «Кеңес- Сары» деп түзетуіміз қажет пе?

Сонымен қатар, шет елдіктер қазақтың қазіргідей дербес мемлекет, тəуелсіз тұтас ел болғанын, онымен қоймай, əлемдегі жетілген елдердің алдыңғы санатында болуға ұмтылған қарқынды қимылына іші жыли қоя ма? Осыны неге пайымдамаймыз? Қазақ халқынан шыққан  ұлы  тұлғаларды,  ғалымдарды,  ойшылдар- ды, шет елді билеген кемеңгер басшыларды оп-оңай мойындап, атағы əлемге жайылған данышпандарымыз алдында бас ие қояр деп елді несіне алдарқатамыз? Одан да, елдігімізді нығайтатын кез-келген шарапатты іске қолдау жасап, ілгері алып кетуге тал-

 

пынуымыз керек қой. Ендеше, сондай бір игі істегі – «Кетбұға бабамызға ескерткіш орнату» қажеттігін сонау жылдары «Қазақ əдебиеті» газетінде көтерген Алдияр Әубəкіровтің бастамасы құптарлық еді.

Шет елдің ғалымдары, қаламгерлері есңмңн кітаптарына ен- гізгеніне қуануымыз керек. Өйткені ол кезде біз заман аужайына алаңдап оны лайықты құрметтей алмағанымыз шындық қой.

Л. Гумилев: «XII ғасырдағы бірден-бір кемеңгер қолбасшы – КетБұқа», – деп жазғаны үшін (Л. Гумилев, «Черная легенда» кіта- бы, 56-бет) оған алғыстың орнына «кезінде «бұға» деп жазуың ке- рек еді» деуіміз бізге лайықсыз болар.

Ұлы бабамыз жайлы  деректі  Тұрсын  Жұртбай  «Дулыға»  (ІІ том), «КетБұқа», Мұхтар Мағауиннің «Қобыздың сарыны» кітаптарында жəне зерттеуші ғалымдар Шəкəрім Құдайбердіұлы, Мұхамбетжан Тынышпаев, Ақселеу Сейдімбек, т.т. еңбектерінен айқын аңғарамыз.

Абай атамыз: «Болмасаң да ұқсап бақ» демей ме, Кетбұға нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы азамат». Ел билігін араласу, қамқор абыз болу, домбыра мен қобызда елінің зарын дастанға айналдыру, т.б. өнері кімге де болса үлгі емей не? Әлі де қарастырып зерттесе, сан тарау сырдың беті ашылар…

«Күні бүгінге дейін күйшілер Кет-Бұғаның Жошы өлімін ес- тіртуі деп «Ақсақ құлан, Жошыхан» атты күй тартады. Қазақ шежіресінің айтуынша, Найманның бір бұтағы Балталы – осы Кет-Бұғадан тараған ұрпақ. Халық өлеңдерінде Кет-Бұға ескіде өткен батагөй ақсақал ретінде еске алынады…», – дейді Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» еңбегінде. Дұрыс, бірақ көптеген де- ректер Кетбұғаның Бағаналы екендігіне куəлік етеді. Жошы өліміне қатысты нұсқаны əркім əр қилы баяндаса, біздің елдің көне көздерінің сарынымен «Қобыз сарыны» өте үндес келері анық. «Алайда тарихтан белгілі, Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы аңда жүргенде қаза болған. Мазары Қарағанды облысының Кеңгір өзенінің бойында тұр… Алайда айтылған хикая парсы тілінде жазылған «Шаджарат аль-атрак» (түрік  шежіресі)  атты  кітап-  та да (ХVғ.) ұшыратамыз. Мұндағы Шыңғыс ханға Жошының өлімін естіртушінің аты – Ұлығ жыршы (ұлы жыршы, үлкен жыр- шы)». (Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны», Алматы, «Мектеп»,

 

2003ж.,11-бет). Бұл көне шежіре Кетбұға беделін өсірмесе, кеміт- пейді. Оның еліміздің ұлы жыршы, ұлық би болғаны аян. Мұхтар ағаның да сол үшін келтіргені белгілі. Бір ғана айырма, Қлытау елінде сақталған нұсқаларда  хан  қазасы  домбырамен  естіртіл- ді дейді. «Қобыз сарыны» қобызды алға тартады. Ұлы күйшінің қобызды да, домбыраны да күңіренткеніне дау бар ма? Өйткені, ел басына қатер төніп, тұтас дала аза тұтты емес пе?

Осындайда Қазақ Ұлттық музыка академиясының ұстазы- күйші Жанғали Жүзбайдың: «Күй шежіресін білмей тарту домбы- рашыны жарға жығады, – дегені еске оралады. – Қазақ «Күй иесі – Қорқыт» дейді, оғыз тайпасынан шыққан бабамыз күй атасы болып есептеледі. «Күй атасы – Кетбұға» деген де сөз бар. Қорқыттың заманы ХІ-ХІІ ғасыр болса, Кетбұғаның заманы Ұлытауға Жошы ұлысының, Шыңғыс ханның Дешті Қыпшақ даласына келуімен тұстас жылдар. Өздеріңізге мəлім, Палестинаға дейінгі жорыққа қатысқан Кетбұға би, абыз, күйшідан «Ақсақ құлан» деген күй қалды. Бұл – Алтын орда кезең».

Осы ойлар желісін түйіндей келіп Жанғали: əр күйдің аста- рында «рухыңды жоғалтпа, елің мен жеріңді менше сүй» деген өсиет бар. Марқұм Ақселеу ағамыз «Күй деген – адамның күйінуі» деп айтушы еді. Демек, күй – күйіктен шығады. Қорқыттың за- манын алыңыз, Кетбұға, Асанқайғы, Тəттімбеттің «Бес төресін» алыңыз, қайсысы болса да зар төккен күйініштен шыққан», – дей- ді. Шындығында күйші – қарапайым жандар емес əр кезең, əр дəуірдің тарихын күймен жазып қалдырған ірі тұлғалар. Ендеше олардың күйлеріне де, есімдеріне де құрметпен қарай білуіміз қажет.

Ел аузындағы, ғалымдар зертеулері мен түрлі басылымдар- ды мақалалардың ішіндегі түйінді жиынтықтай келе, көкейге қонымдысы «Керей» ақпараттық порталында жарияланаған «Күй атасы – Кетбұға» деген Мұрат Әбуғазының  мақаласы.  Соған  ден қоямын. «Қазақ тарихында Кетбұғаның есімі қабырғалы би, ержүрек батыр, дəулескер күйші ретінде белгілі. Әйгілі «Ақсақ құлан» күйінің авторы. Осы уақытқа дейін Кетбұғаның өмір сүрген кезеңі жөнінде əртүрлі деректер айтылып келеді. Белгілі ғалым-зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» атты еңбегінде: «Атадан балаға жалғасып жеткен ауыз əңгімеде де,

 

жазба деректерде де Кетбұға Шыңғыс ханның замандасы ретін- де мəлім. Яғни, шамамен 1150-1230 жылдар аралығында ғұмыр кешкен адам. Ауызша-жазбаша деректерде Кетбұға ұлы жыр- шы, дəулескер күйші, көріпкел бақсы, тіптен Шыңғыс ханның  хат     таныған    шежірешісі    ретінде   баяндалады»(А.Сейдімбек,

«Қазақтың күй өнері», Монография, Астана: Күлтегін, 2002.жыл) делінген. Осы мəлімет энциклопедияда, басқа да дереккөздерде жиі ұшырасады.Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтархан Оразбайдың «Қазақ əдебиеті» газетінің 2007 жылдың қараша айының № 45 санында «Кетбұға күйшінің тарихи суреті та- былды» атты мақаласындағы деректер қазаны қобызбен естірткен деген бір жақты тұжырымды өзгертіп, Кетбұғаның домбырашы екендігін айғақтай түсті. Ал, қазақ даласында сақталаған аңызда Кетбұғаның есімі əйгілі «Ақсақ құлан» күйімен тығыз байланысты болып келеді. «Ақсақ құлан» десе – Кетбұғаның, Кетбұға десек –

«Ақсақ құланның» қосарлана айтылатындығы белгілі. Қаһарлы Шыңғыс ханның заманының тірі куəсіндей болып жеткен «Ақсақ құлан» қазақтың күй тарихындағы ескі күйлердің бірі болып сана- лады. Күйдің аңызы бойынша Шыңғыс ханның баласы Жошының қазасын естіртуге байланысты болса, кейде Жошы ханның баласы аң аулап жүріп мерт болғанда осы қайғылы хабарды күймен естір- ткен болып айтылады. Көршілес Қырғыз халқында «Кетбұқа» де- ген елдік күй бар жəне күйдің аңызында Шыңғыс ханның баласы Жошы ханның өлімін күймен естірткен деп келеді. «Ақсақ құлан» күйіне қатысты маңғыстаулық күйші Мұрат Өскенбаевтың айтуы бойынша аңыз былайша баяндалады:

«Бұрынғы өткен заманда Жошы деген ханның қырық жігітке келіп:

  • Уəзірдің айтқан жеріне біз де барып, көзімізбен көріп қайтайық, – дейді. Қырық жігітті көндіріп, құлан жайылып жүр екен. Ханның баласы қызыл шекпенін киіп, мылтығын қолына алады да, құландарға қарай жүреді. Сонда көп құланның ішінен бір ақсақ құлан үйірінен бөлініп шығып, одағайлап келіп жер те- бініп, пысқырып қалғанда айналаны қап-қараңғы тұман басып ке- теді. Мергендер бір-бірінен көз жазып қалады. Бір кезде тұманның арасынан: «Қу шақайлыдан қаша жүріңдер, қызыл шекпендінің үстін баса жүріңдер» деген бір дауыс естіледі. Жігіттер тұман

 

сейілгеннен кейін қараса, құландар да, ханның баласы да ізім- ғайым жоқ болып шығады. Олар үш күн бойы іздеп жүріп хан баласының жалғыз шынашағын тауып алады. Үстінен шұбырып өткен көп құлан оны таптап кеткен екен. Мергендер елге келеді. Баласын жоғалтқан хан қайғыдан қан құсып, басын көтермей жа- тып қалады.

  • Кімде-кім менің алдыма балаң өлді деп келетін болса, соның құлағына қорғасын құямын, – деп жарлық етеді. Мұны естіген халық ханға баласының өлімін естіртуге қорқады. Сөйтіп, ел-жұрт мұның еш амалын таба алмай, дал болады. Сонда ноғайлыдан шыққан Кербұқа деген домбырашы тəуекелге бел буып, хан сарайы- на келеді. Ол келе домбырасын тарта бастайды. Сонда домбыраға алғаш салғаны құланның жүрісі екен. Хан басын көтерместен жата береді. Домбырашы əрі қарай толғайды. Домбыра «Балаң өлді, Жошы хан» деп күңіренеді. Сонда хан басын көтеріп алып:

– Әй, сенің тартар күйің емес, менің естір күйім емес екен бұл, «Балаң өлді, Жошы хан» деп тұр ғой мына күй, – дейді. Сол уақытта Кербұқа:

  • Тақсыр-ай, балаңыздың өлгенін өзіңізден естіп тұрмын, – дейді. (Райымбергенов А, Аманова С. «Күй қайнары», Алматы: Өнер, 1990 жыл).

Біздің бала кезімізден естіп өскен аңыз да осылай дейтін. Тіп- ті Қумола өзені бойындағы Иттұмсықтағы моланы да «баланың моласы» дейтін. Айырма Кетбұға атауында. Бірақ ол ғылыми тұжырым емес, аңыз желісі ғой.

Біздің бала кезімізден естіп өскен аңыз да осылай дейтін. Айырма «ноғайлыдан шыққан Кербұқа» яғни Кетбұға атауында. Сосын «құлағына қорғасын құямын», біздің елде «көмекейіне» десетін. Бірақ ол ғылыми тұжырым емес, мифтік-аңыз желісі ғой. Тіпті Қумола өзені бойындағы Иттұмсықтағы моланы да «баланың моласы» дейтін, «жалғыз шынашақ та» өзгеріссіз қолданылып тұр. Бұл – ел тағдырының ортақтығына негіз болмақ. «Ақсақ құлан» күйінің астарында не бар, шындық қайсы, Жошыхан өлімінің сыры неде? – деген сауалдар ашық күйінде қалып келеді. Кетбұғаның əкесі туралы да даулы пікірлер қалыптасуда. Демек, сол кезеңнің құпиясы көмулі қалпында жатыр.

 

Тарихи деректер бойынша «Алтын топшы» кітабында: «1223 жылдары Орта Азия елдерін Шыңғысхан өзіне түгелдей қаратып Самарқанд қаласында тұрады.Үш ұлын жинап, ақылын айтып, Монғол үстіртіне қайтып кетудің қамына кіріседі. Сол кезде, үлкен ұлы Жошы қайтып келмей қояды. Шыңғысхан ашу шақырып, Жо- шыны шақырып келуге үш дүркін шабарман жібереді. Бұл екі ара- да Жошы аң аулап жүріп тосыннан мерт болады. Жошының өлімін ешкімнің Шыңғысханға естіртуге жүрегі дауаламайды. Осы ке- зде атағы жер жарған күйші Кетбұға «мен Жошының өлгенін ұлы ханға естіртем» дейді. Сол бойынша, Қаһарлы Шыңғысханның алдына барып «Ақсақ құлан» атты күйін шертіп береді», – деп жазады. Демек, күй аңызында да, тарихи деректің арасында аса алшақтық жоқ, ортақ сарын Шыңғысханның баласы Жошының қазасын естіртуге байланысты болып келеді. «Ақсақ құлан» күйі Қазақстанның Алтай мен Маңғыстау түбегіне дейінгі байтақ да- лада дерлік тартылып күні бүгінге дейін жеткен. Монғолияның Баян-Өлгей қазақтарында, еліміздің Шығыс Қазақстан, Семей, Сыр бойы, Ақтөбе, Орал, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде «Ақсақ құлан» күйінің бірнеше нұсқалары бар. Күй теріс бұрауда (квинта) орындалады. Кетбұғаның өзінің тартқан нұсқасы дəл сол қалпында жетті деу қиын. Қазақ күйлеріне тəн импровизациялық үрдіс тəн екендігін ескеретін болсақ, 800 жылда күйдің түрлі нұсқаларының пайда болуын табиғи құбылыс деп қараған жөн. Бірақ бір нəрсенің басы ашық, ол «Ақсақ құлан» күйін алғаш шығарып, орындаған Кетбұға екендігі анық. Тарбағатайлық домбырашы Бағаналы Саятөлековтың, Сыр бойының күйшісі Нəби Жəлімбетовтың, Маңғыстаулық    күйші    Мұрат    Өскенбаевтың  орындауындағы

«Ақсақ  құлан»  күйіндегі ортақ  сарын  «Балаң  өлді, Жошы  хан»

  • деп келетін естірту ретінде домбыраның сөйлейтін тұсы. Дей тұрғанмен де, домбыршы Қамбар Медетовтың жеткізуіндегі нұсқасын айрықша айтуға болады.

Әлемдік энциклопедияларда жəне ғаламторда Кетбұға баба- мыз жайлы мағлұматтар көптеп кездеседі. Алайда, қайда жерлен- гені туралы ешқандай дерек жоқ. Сөйте тұра, неге екені белгісіз мəз біреулер «Кетбұғаның əкесі Жошы маңындағы көне мазардағы Домбауыл» деген долбарды тықпалап жүр. Оның негізсіз екенін, əрі Домбауыл туралы ой-тұжырымымды, яғни ол мазардағы тұлға

 

Түрік қағанатының үшінші қағаны Мұқан қаған болуы мүмкіндігін

«Имандылық кеңістігі» кітабымда таратып жазғанмын. Мені елең еткізген деректің бірі – Камал Абдрахмановтың «Хан батыры Қаракерей Қабанбай» деген кітабындағы «Мұса пайғамбардың мінəжатханасында ап-анық, айқын да ашық түрде «1249-1260. Кетбұқа» деп жазылғаны, яғни он жыл сол елде билік жүргізгені, Кетбұқа ноянның Израил елінің тарихынан орын алғаны.

Ел ішіндегі үстірт ойлап, жеңіл мінезділік пен даңқ құмарлыққа салынғысы келгендердің бірі ойлап тапқан «Кетбұғаның əкесі – До- мбауыл» екен деген қауесет тарағанын жоғарыда айттық. Оны мəз біреулер шындық ретінде қабылдап, баспасөзге жарияланған фак- тілер де кезігуде. Бұл жаңылыс түсінік Н.Мыңжанның «Қазақтың қысқаша тарихы» кітабындағы: «Теріс таңбалы тайпасының аты

  • Домбауыл екен» дегенін теріс пайымдаудан туған сыңайлы…

«Ұлан есімі – ұлағат бесігі» анықтамалықта: «1236 жылы Кеңгір өзенінің бойындағы мекенінде жарық дүниемен хош айты- сыпты», «Жезқазған қаласынан 54 шақырым жерде… осы кесене- де жатқан адам – Серікбайұлы Домбауыл… тарихи тұлға», «Кет- Бұқа би шамамен 1194-1195 жылдары… дүниеге келген. Домбауыл бидің екінші ұлы», – деп жазады.

Кетбұғаның Бағаналы екеніне дау жоқ, əйтсе де, оның əкесі «До- мбауыл» екені зерттеуді қажет етеді. Басқаны айтпағанда, Кетбұға заманында Домбауыл кесенесі қасқайып тұрғаны қайда! Ол көне заман куəгері – Түркі қағанаты кезінде бой көтерді емес пе?! Ол туралы тарихи негіздерге сүйеніп ертеректе мен де «Имандылық кеңістігі» кітабымда өз пікірімді кеңейте жазғанмын. Сондықтан қысқаша атап кеткім келгені Қойшығара Салғарин зерттеуі ақылға қонады. Бұл ойды Ш. Уəлиханов, Ә. Марғұлан, Т. Жұртбай, т.б. ғалымдар саралап, қисынды пікір қалдырды. Сондықтан Домба- уыл кесенесі Бірінші Шығыс Түрік қағанатының үшінші қағаны

  • Муган, яғни Мұқан қаған құрметіне тұрғызылса керек.

Әбілғазы Баһадүр-хан «Түрік шежіресінде» моңғолдардың (сиуңнулардың) Түрік мемлекетінен бөлініп, жеке хандық ретін- де өмір сүре бастауының түріктің Аланша ханының тұсында болғанын, олардың Ертағы мен Кертағыны жайлап, қыста Сыр- дария мен Қарақұмды мекендегенін жазатыны бар ғой. Түрік қағанатының іргесін қалаған, шаңырағын көтеріп, айбынын

 

асырған алғашқы қағандар – Бумын қаған, Істіми қаған, Мұқан қағандар мен Қорқыт атаны оның замандастары болған аңыз кей- іпкерлерін тағдырлас, сырлас етуі де мүмкін ғой. Міне, біз енді осы мəселеге зер салмақпыз. Қорқыт атаның тұстасы, замандасы болған – Домбауыл күйші, мерген. Ал «тастан өріп жасаған биік дың архитектурасының жиі кездесетін жері Орталық Қазақстан, оның ішінде Ұлытау ауданы… Ең сəулетті дың – Домбауылдың ке- шені…» (Ә.Марғұлан). Ол Жошыхан күмбезінің іргесінде тұрғаны анық. Домбауыл есімі, оқиғасы құланға қатысты өрбіп, əр саққа жүгіреді. Ал, қай қазақ, қай хан, қай қаған ит жүгіртіп, құс са- лып, саяткершілік құрмады? «Кентаврлар» – арғымақпен жел- дей есуімен, асауды бас үйретуімен, тағы жылқы, құланды қолға үйретуімен ерекшеленеді емес пе? Демек, сонау сақ, ғұн, түрік, қазақ дəуірі де ат-тұлпарсыз болған емес. Демек, Домбауыл есімін Шыңғысхан мен Жошыхан дəуірінен əрі апарғанымыз жөн болар. Себебі Жошыханды құлан шайнап өлтіруіне байланысты Домба- уыл «құл-сақшы» ант-су ішіп, «құланды қырып» тастауы ақылға сыйыңқырамайды, сол «қызметі үшін» VІІІ-ІХ ғасырда қалақтастан

«кешене тұрғызуы» қисынға келмейді жəне оны «Құлдың тамы» десе жараспас па?

Осы ретте ғалым Тұрсын Жұртбаевтың «Кетбұқа» тарихи əфсанасындағы мына бір жолдар назарға ілігеді. «… Сол Жошы- хан мазарын өлгеннен кейін де қорғап жатқысы келгендей, дəл жа- нында Домбауылдың кешені асқақтайды». Бұл аталмыш дыңның бұрыннан бар екенін қуаттаған тағы бір ірі ғалымның пікірі. Сондықтан дəл берілген баға іспеттес. Неге десеңіз? Жошы тағдыры

  • қиын да күрделі тағдыр. Ол Шыңғыс қағанның үлкен ұлы бола тұра, қағандыққа, мұрагерлікке ілікпеген, іші шерге толы, сөйте тұра, біртұтас қазақ хандығының негізін салушы, тарихи тұлға, жұмбақ тұлға. Ал, соның нақ жанында жүрген Дешті Кыпшақтың Ұлық биі Кетбұға болса, Шыңғыс қағанды, тақ мұрагері Огедей, Мөңке қағанды көзімен көрген, қай қайсысының да ішқұса сыр- ларын білген жан. Сондықтан да ол Жошыханның рухани жанын ұқты, екеуі бірлесе ел мүддесіне хал-қадірінше қызмет етті. Ажал- ды да ат үстінде, «құлан қуған – саятшылық кезінде» қарсы алаты- нын Кетбұға білген. Қаһарлы қағанға көңіл айтуға – «Ақсақ құлан» күйін арнады. Бұл да досы, бəлкім, құрдасы, сырласы Жошыға де-

 

ген құрмет, мəңгі мұра, сол сияқты 1228 жылы «…келер жылы жа- зда Жошыханға Кеңгір өзені бойында күмбез салдырғаны анық».

Осы жерде сəл шегініс жасап ой жүгіртер болсақ, қадірі «өткен ханды Алашахандай ардақтымыздың қасына жерлеп, күмбез орнатудың орнына («кейін Домбауыл құл-мергенді әкеліп кесене салармыз» дейтіндей) кемеңгер Кетбұға ақылынан ауысқан ба?» деген күдік калмас үшін ой безбеніне салған жөн. Мұнда басқа бір терең сыр болса керек. Сондай-ақ, «Кетбұға абызды ілгері-кей- інгі дəуір естелігінен, хан, қаған өмірінен хабарсыз болған» деп тұжырым жасауға хақымыз бар ма? – деген сауал да бой көтереді. Оның сонау Заратуштра, Тұман, Мұде, Бумын, Істеми, Мұқан қағандар өмірінен, мол дерегінен бейхабар болуы мүмкін емес. Өйткені оның санасында Күлтегіннің арғы-бергі тарихы  сай-  рап тұр. Ол Тата-тұнғаны тектен тек жақын тұтып, Шыңғысхан төңірегіне əкелген жоқ. Бұған дау бар ма? Ал, хат таныған көзі ашық бұл бабаларымыз əлемді таңқалдырса, Кетбұға  сауатсыз еді деуге ауыз бара ма?  «Қазақтың  қысқаша  тарихы» кітабын- да атақты білгір Н.Мыңжан: «Тоғыз таңбалы Найман дегеніне қарағанда, бұрын осы рулардың барлығында да айырма таңба болған сияқты, шежірешілер: «Теріс таңбалы тайпасының – аты Домбауыл» екен, Найманның ноқта ағасымын деп, басқа Найман тайпаларына (сегіз тайпаға) таңба үлестіріп, өзіне таңба жетпей қалғандықтан… теріс таңбалы аталыпты», – деп жазады. Мұнда да Домбауыл тегі тереңнен сыр тартады. Осының бəрін Кетбұғы баба білген, санасында сан зерделеген. Осы ойларын ұрпаққа сабақтауды ойлаған. Ұлытау киесін бағалаған. Демек, Домба- уыл кесенесі Жошыханға дейін бар, оның рухы «Жошыны же- беп» жүрсін, тірісінде қол жетпеген тақ мұрагерлігі, қағандыққа, бақида жетсін, – деген ниетпен əдейі əкеліп жерлеген, күмбез тұрғызған. Сөйтіп, Домбауыл мен Жошыхан кесені «ансамбль» кұрған. «Қорқыт жырының бір тарауы – «Доқа Қожаұғлы ер До- мрул». Қазақ əфсаналарында «Тоқаұлы Домбауыл, қият тайпасы- нан». (Ә.Марғұлан).

Сонымен Домрул – Дизабул – Домбауыл каған Ұлытауда (Жо- шыхан күмбезі маңындағы, сонау замандағы Домбауыл қаласының маңына) жерленген деуге тұрарлықтай ой мезгейді. Әлбетте, бұл мəселені тарихшылар тереңдетер деп есептейміз.

 

Ал, біз өз тарапымыздан Ұлытау төңірегінде небір заманның куəгері болған балбал тастар көп болғанын білеміз, оның белгілі бір оқиғалар тұсында əр тараптан жиналып келген өкілдердің ұлы тұлға құрметіне белгі ретінде қалдырғанынан да хабардармыз. Осы хақында да бірер ой тастағымыз келеді. «Мұқан қағанның əлемнің тең жартысын жаулап алып, Қытай, Парсы, Рим импе- рияларымен елші алмасқаны мəлім ғой. Олай болса, Домбауыл кешені маңындағы ұзын-ұзын алып балбал тастарды «кездейсоқ тастар» деп айта аламыз ба?  Ондай  көзқарас  қалыптастыру  обал болмас па екен? Аты əлемге əйгілі қаған дүниеден өткенде əлемнің əр түпкіріндегі мемлекеттерден келген аза тұтушылардың қаған құрметіне балбал тас қашап қою дағдысы бар емес пе еді? Оның Мұқан қағандар дəуірінде дəстүрлі жағдай екені тарихтан белгілі. Әрі ұзыннан-ұзақ сап түзеген балбал тастар қатары сол елдердің сан межесін аңғартады ғой». (Т. Құлманұлы «Имандылық кеңістігі», 188-бет).

Демек, Кетбұғаның əкесінің аты Домбауыл емес, басы ашық мəселе ол Жошыхан маңындағы кесене иесі емес.

Найман тайпасы жат дінде деген ұғымды «тарихқа таңба» басқандай шегелеген саясат салқыны оның ақ-қарасына зер салуға мүмкіндік берер емес. Ол «солай ғой» деп, əлдеқашан жазылып кеткен жазбаларды алдыңа тоса береді. Мұндай сорақылықтың бір көрінісі ретінде Кеңес кезінде əнге қосқан «Ақ көгаршын» əнін атауға болады. Оны көкейімізде «өшірілместей» жаттап, «бей- бітшілік» символы ретінде өн бойымызға «сіңіріп» алдық. Оның

«қасиетті Иса пайғамбардың көкке ұшқан рухы» деп білетін хри- стииан дінінің символы екенінде қайсы бір қазақтың еш шаруасы жоқ. Тарихты мұндай бұрмалау, тарихи тұлғанының «өңін айнал- дыру кімге тиімді?» дегенге ой жүгіртуге кейде «уақытымыз бол- май жатады-ау!» деймін. Соның бір мысалы 2005 жылғы «Жұлдыз» журналының қараша айындағы санында жарияланған «Құлагер трагедиясы: қауесет пен қиянат» мақаласында да келтіріледі:

«Ақан мен Құлагер трагедиясында да таптық тарихтың сорақы іздері сайрап-ақ жатыр. Алайда, санаға сіңірілген тұжырымдары өзгерте қою, мидан сылып тастау өте қиын. Иə, «Моцартты, Са- льери, Пушкинді – Дантес, Қозыны – Қодар, Төлегенді – Бекежан өлтірді» дейміз. Алайда аңыз өзінше, ақиқат өзінше өмір сүріп

 

жатыр. Ал ауыз əдебиеті деген құдыреттің күшіне ешкім төтеп бере алмайтын. Тарих бейбақ: «Төлегенді өлтірген Бекежан емес, Қарабалта деген қарақшы, Бекежан Жібектің рулас ағайыны, ағасы» деп қаншама зар қақсаса да «Қыз Жібек» дастаны, «Қыз Жібек» операсы мен киноэпопеясы оған құлақ аса алмады. Өйткені тарих аңыз бен ақиқат қоспасы арқылы түзіліп, миллиондар санасына сіңіп үлгерді. Ал король сарайының бас концертмейстері болған Сальеридің «Моцартты у беріп өлтіргенін» ешкім ештеңемен дəлелдей алған жоқ. «Солай екен» делінуі мұң екен, тұжырым тас- түйін жасалып, тарады да кетті. Құлагердің өлімі де сондай», – деп жазады əлгі мақала авторы Серікбай Алпысұлы. Бірақ…

Дегенмен қазіргі егемен елдің тарихи мəселеде де өз тұжырымы болуы керек. Мұрағат деректері қанша қажет десекте, онда да əр кезеңнің өз саясат салқыны сақталады. Ол шындық.

Бағаналы көне заманнан-ақ іргелі ел екені мəлім. Оның қас батырлары халық ауыз əдебиетінің ертеден-ақ кейіпкері болған. Шоқан Уəлиханов, Әлкей Марғұлан зерттеу-еңбектерінде «Ма- нас» жырындағы Ер Қосай, Ер Үрбінің шыққан тегі Найман, оның ішінде Ұлытау, Кішітау бойын жайлаған Бағаналы екен- дігі дəлелдеген. Құлағу əскерінің құрамында аты мен аспабы- на дейін жез құрсанған, жез оқты Бағаналы батырлары бөлек жүргенін тарих шежіресі жазып кеткені мəлім. Алғаш рет Батыстағы Қоқан хандығын басып алған да Бағаналы əскері, Кетбұға қолы екенін екінің бірі біле бермейді.

Құтыздың қолына түскен Дешті Қыпшақтың ұлық биі Кетбұғаға құрметпен қараған Бейбарыстың дұшпаннан кек алғаны мəлім. Сондықтан да ол араға уақыт салып атамекенмен байла- ныс орнатты. Демек, Кетбұға ұрпағына да қолынан келгенінше қолғабысын аямады деген сөз. Соның арқасында олар да таршылық көре қоймаған да болар. «Найманның бір баласы – Бағаналы» шежіресінің 4-бетінде: «Найманбайдан – Ел ата – Серікбай – Кетбұға – Қызғыш, Құсша», – екендігі тарқатылған. Тарихтың қатал үкімі бабалардың ұрпақтарын небір қиын-қыстау заманның сынағына салғандықтан үзіктің орын алуы заңдылық. Сол үзікті жалғастыруда Ұландықтар жинаған Кетбұға ұрпақтары жайлы деректерге ризашылығымды білдіремін. Маған «Ұлан есімі – Ұлағат бесігі» кітабын тарту еткен Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген əртісі, профессор Бекболат Байсағатов бабалар ұрпағын зертеуде

 

сіңірген еңбектері туралы тұшымды əңгімелеп берген-ді. Кітап- та Кетбұғадан тараған батыр бабалар мен Мəмбет би, Ақтана би, Боқбасар би, Бөрі би, Шоқай би, Рысқұл би, Ахмет-Әлі би, т.б., бірқатар есімдердің келтіруі көңілге демеу. Дегенмен ғылыми тұжырымда байсалдылық қажет.

Сол сияқы Кетбұғаның дініне де шүбамен қарайтындар та- былуда. Сөйтіп, оны кəпір ретінде қарастыру, шеттету ұғымын қалыптастыруға талпыныс байқалуда. Ол пиғылдың «Мұса пайғамбардың мінəжатханасында ап-анық, айқын да ашық түрде

«1249-1260.  Кетбұқа»  деп  жазылғаны…»  (Камал   Абдрахманов,

«Хан батыры – Қаракерей Қабанбай» кітабы) – деген Камалдың дерегіндегі адал ниетті теріс пайдаланғысы келетіндердің қылығы. Мұсылман қауымы Алла тарапынан түсірілген төрт қасиетті кітапқа сенеді. Пайғамбарларға күман келтірмейді. Күмəнді жан мұсылман саналмайды. Тұрсын Жұртбайдың «Тоғыз хатун – несториандық сенімде болған шығар, бірақ Кет-бұқаны дəл сол кезде оған жатқызуға болмайтын. Өйткені, Жошыхан дəргейіндегі ұлысын мұсылмандардың Одағы деп жариялап, өзі де сол дін-    ді қабылдаған. Оның Ұлығ биі – Кет-бұқаның одан сырт қалуы мүмкін емес. Дешті Қыпшақ дерліктей Мұхаммед үммедіне көшкен», (Тұрсын Жұртбаев, «Қазақ әдебиеті», газеті, 12-нау- рыз, 1993 жыл, 14-бет) – деген ғылыми дəлеліне неге қайта-қайта күмəн келтіре беруге əуеспіз?

Кетбұғаның ұлық істері мен ішкі рухани дүниесінің адалдығына күмəнді сейілтіп, туған халқына арналған берекелі еңбегін жоққа шығаруға ұмтылысты тию қажет. Оның ендігі жер- де лайықты бағасын алғаны жөн. Осы ретте Жезқазған қаласында көше аттарын беруді қолға алғаны, Ұлытау ауданында ескерткіш орнатқаны бабаға арналған құрмет белгісі. Ол өгейсімейтін ұлы тұлға. Қайта ұрпағы оларға лайықты бола білейік.

Кетбұға абыздың туған елі, мекені, жайлау қоныстары хақында Қазақ энциклопедиясында былай дейді: «Кетбұға Орта жүз Най- ман тайпасының руы. Ол көбінесе «Бағаналы» деген атпен мəлім. Өйткені, Кетбұғаның рулық таңбасы – Бақан болған… Тарихи де- ректерге қарағанда Шыңғысхан Наймандарды талқандағаннан кейін, Кетбұға жоғарғы Ертіс пен Алтайдағы өз қоныстарын та- стап, Батысқа қарай жылжыған. Кетбұғалар қыста Сарысу, Шу

 

өзендерінің төменгі сағасын, Қаратаудың батыс бөктері мен Сыр- дария жағасын мекендеп, жазда Ұлытау, Арғанаты таулары мен Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді өзеңдерінің алқаптарын жайлаған».

«Төрт Төлекатайдың ұрпақтары қазір Семей, Жетісу өңірінде… Сөйтіп, Кетбұға мен Келбұға ұрпақтары Ұлытау мен Шу өзенінің арасын ертеден қоныс етіп келеді». (Материалы по киргизскому землепользованию, 9-том, С-Петербург, 1905 г.).

Шығыс Қазақстан облысының қазақтары айтатын бір нұсқада

«Сарманай атты кісіден Арғын, Найман атты екі ұл туған екен» дейді. Бұл əңгімедегі «Арғын – аға баласы, Найманмен бірге туған» деген қисынға айналып соғатынын байқаймыз.

«Арғын ұрпағы өсіп, алты ауыл болғанда, Найман бір-ақ ауыл болып қалып қояды. Мұның себебі, Найман шалдың Тоқпан атты жалғыз ұлы болыпты. Оның өзі де 26 жасында дүниеден өтіпті. Бұл бір кез Найман ақсақал 96 жаста екен. Жесір қалған келіні Ақсұлу атасын жас қызға үйлендіреді де, оны атымен ата- май «Қыз еней» атапты дейді. «Қыз еней» жүкті болып, ұл туып- ты. «Құдайға шүкіршілік еттім» деп Найман ақсақал нəрестенің атын Шүкірше қойыпты. Сол Шүкіршеден Ақсұлу екі ұл туады. Сол ұлдардың біріне – Келбұға, екіншісіне – Кетбұға деген ат қойылыпты». Мұндағы «Шүкірше» мен Ұлытаулықтар шежіресін- дегі «Сүгіршінің» дыбыстық қана айырмашылығы аңғарылады. Сондай-ақ, Келбұғаның жасы Кетбұғадан үлкен екенін айғақтай түседі.

«Найман ақсақал өлген соң «Қыз енейді» Сарманайдың тағы бір шөбересі Елатаға қосады. Ол Найман атаның орнына қалған

«Ноқта аға» атанады. Елатадан – Балталы, Бағаналы деген екі    ұл туады. Қазіргі кезде Ұлытау маңын қоныстанған наймандар солардың ұрпақтары», – дейді.

Көкейге кептелетін бір түйін: көпшілік айтатын əңгімелердегі

«Найман шал» сөзі шартты түрде алынбай ма екен? Оның аста- рында Найман патшалығының, Күшілік ұрпағының шашыраңқы келбеті көмескіленбей ме? Олай болар себебі, Найман сөзінің ілгеріден бары анық, Рубасы Найман бабамыз да 83, яки 93 жасын- да қасірет құшып, Алланың демеуімен ұрпағын қайта жалғапты деседі. Кей əңгіме 130 жасағанын айтады. Бұл ұзақ ғұмырда  оның алған орны қайсы? Тарих қай тұстан мүлт кетті? Бəлкім,

 

ол, шынында да, зерттеуші-ғалымдар тұжырымдағандай, Найман патшалығы хандарының тікелей ұрпағы, заңды жалғасы шығар? Әйтпесе, Тата тұнға, Кетбұға сынды ұлылар ғылымға, ел басқарған билікке қалай жақын бола алған? Кетбұғаға Шыңғыс ханның сенім артуында, Ұлы Дешті Қыпшаққа Ұлық би болуында не сыр бар? Мұны анықтау тəуелсіз қазақ елінің тағы бір қырын аңғартарына күмəн жоқ.

Сондай-ақ, кейбір деректе Найман атаның Құлманай деген жиырма жасар баласының он бесінші ғасырда қайтыс болып, Қызеней анамыздың ақылды шешімімен бүгінгі ұрпақтың аман қалғаны айтылады. Әйтседе бұл деректердің қисынға келетін- келмейтін тұстарына пікір білдіре кетпекпіз. Пікір-талас көбіне

«Найман ру ма, əлде тайпа ма, əлде патшалық па?» дегенге саяды.

«Найман тарихы ілгеріректен бе, əлде баласы қайтыс болғаннан соңғы тірліктен ғана бастала ма?» деген сауалдар төңірегінде өрбиді. Таластың өзі осыған орай əр қилы құрастырылады. Егер ХV ғасырда тоқсандағы Найман атамыз Қызеней анамызды алып, одан туған бала он жетіге толғанда оны Жезетек анамызға əперіп, Сүгірші туса, одан Төлекатай ұрпағы өсіп-өнсе, уақыт қай кезеңге келіп қалғаны? 1185 жылы туған Кетбұға атамыз қайда қалды? Қайсыбір деректерде кезігетін Қаражал-Жəйрем төңірегіндегі Қытай атамызды қай кезеңнен іздейміз? Бағаналы мен Балталыны қай ғасырға телиміз?

Шыңғыс қаған туралы əлі күнге бір тұжырымға келе алмаған тарихи деректер əр қиырды шарлаумен жүр. Сол себепті оның баласы Жошыхан жайлы да əр түрлі дүдамал жорамалдар тара- лып келді. Демек, оның тұстастары хақында да осыны айтамыз. Солардың қатарында Кетбұға абыз, Бағаналы, Найман туралы да қисынсыз мəліметтер етек алды. Ғалымдар тұжырымына сенсек, Монғолдың 38 ханы ішінде тек бесеуі ғана хандардың ханы, яғни

«Ұлы қаған» атаныпты. Солардың қатарына Жошыханның ба- ласы əлемді дүр сілкіндірген Баты хан кірмегені қалай?! Мұның астарында Жошыханның қазақ жерінде өз ұлысын құруы, салт- дəстүрін ұстануы, үшінші ұрпағынан бастап мұсылмандықты қабылдап, қыпшақ тілінде сөйлеуі жатқанын аңғару қиын емес.

Жошыханның қырық ұлының ішінде Қырым мен Орта Азия жерлерін, Алтын Орда мемлекетін билеген он төртінің ғана есімі тарихта белгілі.

 

«Жошы-қыпшақ ұлысының» негізі кімдер дегенге келсек, əлбетте бұрынғы Көк бөрінің ұрпағы – Көк Түрік хан əулеті екені даусыз. Ендеше, Ертағы, Кертағыны жайлаған жұртты қазақ та- рихынан бөле-жарып ала алмаймыз, дініне де күмəн келтірудің қажеттігі шамалы.

Халық санасына ертеден орныққан киелі орындарды бағалай білу, ел үшін қасық қанын аямаған ата-бабаларымыздың құт ме- кендері жайлы кеңірек білуі ұрпақ көкірегіне ұлттық сананың берік орнығуының кепілі. Өз жақыны, қазақ батырларын, елдің қамын жеген арда бабалардың ісін сыйлап өскен жас қатыгездіктен, безбүйректіктен, имансыздан ада болары анық. Қай өлкеде болма- сын қазақ хандары мен батырларына, ақындары мен жазушылары- на, қоғам қайраткерлеріне ізет білдіруге дағдылануымыз керек. Ол үшін қазақ тарихы мен шежіресін ажырағысыз тұтас дүние ретінде қарастырып, насихаттаудың маңызы зор.

Біздің кейбір ғалымдарымызда, саясатшыларымызда, өлке- тануға құмартушылардың да қазақ тарихын əр елден табылған мұрағат, мұражай деректерімен шектеп тастауға, яки соларды не- гізге алуға басымдылық беруге ұмтылысы байқалуда. Ол ойдың   ə дегенде жалпы оқырмандарды елеңдетіп тастайтыны да рас. Әйтседе, ол «қандай дерек, оны жазған кім, оның ғылыми деңгейі қандай, қандай оқиғалар, қай кезеңдегі саяси бағыттан хабар бе- реді, қандай мақсатта жазылды, оның көздегені не еді?» деген сау- алдарды сұрыптап, сараптауды да ескеру қажет.

Ол деректер мен елдегі шежіре-аңыз, халық жадында сақталған мəлімет сəйкес келе ме, жоқ па? Жат жұрттық жазған қорытынды дұрысқа саналатын болса, еліміздегі дуалы ауыздардың дəйек- темелерінің құнсыздану себебін анықтап, жалпы қауымға түсіндіру қажет. Содан соң ғана ғылыми тұжырымдар жасалуы керек.

Жат елден келген бай мұра еліміздің сол дəуірде-ақ көпке таны- мал болғандығын айғақтауымен құнды. Оқиғаның уақыт мөлшерін нақтылауға септігін тигізеді. Сонымен қатар елдегі қалыптасқан жайды шежіре қалай тарқатады? Мұны білу саясиланған тұстағы оқиға астарының қалай құбылғанын білуге де мүмкіндік береді. Міне, бұл ақ-қараны сараптауға ең қажетті дəйек. Кейінгі жылдары шежіреге назар аударудағы көзқарас ғылыми тұрғыдан жөнге келді. Бұл өте дұрыс шешім. Мұнда бір назар аударарлық тұс, əр кезеңде

 

шежірені көшіріп басушылар тарапынан кететін жаңғалақтық, яки қасақана бұрмалау мəселесі. Мен бұл жерде біреуге нақақтан күйе жағудан аулақпын. Дегенмен өзімнің куə болған жайларымда он- дай фактілер жиі кезіккені рас. Солардың бір қатарын жинастырып кітаптарымда азды-көпті түсінік бердім. Сол себепті салыстырма- лы, зертеу жұмыстарының жіті жүргізілуіне мұқият болу шарт. Қазіргі тəуелсіздік жылдарындағы мүмкіндікті баса пайдалану қажет. Бірақ асығыстыққа бой алдырмағанымыз абзал. Қарапайым мысал, ғылымдағы жаңалықта кішкентай ғана екен деп «атом, ядро бөлшектерін елеусіз қалдырсақ не болар еді?», көз алдыңызға елестетіңізші «атом, ядроны» табиғи-жаратылыстан алып тастасақ не болмақ?..

Демек, елдегі бұрыннан қалыптасқан, елмен бірге ғұмыр кешкен, басынан сан қиындықты өткерген ауыз əдебиеті, шежіре, аңызды елеусіз қалдыру яки, сыртқа сырып тастап, оны ғылыми айналымнан шеттету жаңсақтық болмақ. Қарапайым бір мысал: қазақ еліне жайлы қоныс, алаңсыз бақытты ғұмыр кешуге лайық орын іздеген Асан қайғы бабамыз бұл мұратын «Жер ұйық» деп атапты. Ол жайында Әлкей Марғұлан түйініне назар аударайық:

«Асан қайғының Жəнібек пен Керейді ертіп Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы тарихта белгілі фактінің бірі. Ол іздеген

«Жерұйық» – шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жа- улардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, – қазақ халқын та- рих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы». Кетбұға да осы ойдың жаршысы, жүзеге асыруға ұмтылушы, сол жолда басын қаймықпай қатерге тіккен ірі тұлға.

Ол шындық, өйткені, Түркі халықтарының тарихында көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында Асан Қайғыға тең келетін та- рихи тұлға жоқ. Ол шын мəнінде, шынайы өмірден адам нанғысыз аңыз кейіпкеріне айналған данагөй. Ондай жандар қазақ сахара- сында аз емес. Сондықтанда Асан қайғының «Жерұйықты» іздеуін

«мифтік құбылыс» деп қарастыруға, яғни ойдан құрастырылған аңыз ертегілер қатарына жатқызуға болмас. Ел болашағын ойлаған, халқымен бірге қайғырған дана баба көкейін тескен арманын хан мен билермен, ойшылдармен бірлесіп жүзеге асырмаққа талпынды.

Сондай жандардың тарихымыздан орын алмай қалуы мүмкін бе? Ендеше, шежіре жазған, жинаған, насихаттаған жандардың ар-

 

ман, мұраты не еді, оларды өз халқына кім деп таныстырғанымыз жөн? Сол шежіреге ілікпей қалудың қаншалық қасірет екенін жат жұрттықтар біле ме екен? Білсе, неге бұрмалайды? Немесе, жат жұрттықтың жазғаны мен шежіренің қабыспауынан қандай нақты қорытынды шығарамыз? Бұған бүгінгі ғалымдар дайын ба екен? Шежіреге ілікпей қалу, болмаса, қасақана алынып тастаудың өзінде қандай саясат барына барлау жасасақ, артық па? Шежіреге қайта енгізіп, тарихи тұлғамыздың абыройын қайтара алсақ, ұтыламыз ба? Өйткені ол да өз кезеңіндегі саясаттың құрбаны еді ғой. Ол қудалаудың өз заманынан асып, дəуірі тұрмақ, бүгінгіге жалғасуы қалай? Оларға тоқтам бола ма, жалпы саясат ауыздықтала ма? Сол себепті тəуелсіздігімізді ардақтай білген абзал!

Мен бір нəрсеге назар аудара кетпекпін, рас, талас жоқ ақиқаттың бірі Найманның тотемі – Бұқа! Бірақ, ол одан тараған ұрпақтардың бəріне шегеленіп берілген таңба емес қой. Ғылыми еңбектер «бұқа – түркі тотемі» дейді. Ендеше, неге шежіреде-     гі Бағаналыдан тарайтын Серікбай баласы Кетбұға есімі, жат жұрттықтардың айтуы бойынша, ғылыми түрде «Кетбұқа» деп аталуы заңдылыққа айналуға тиіс? Әлде бұл оны шежіреден шет- тету ме, яки Бағаналы Кетбұғадан басқа, «Ақсақ құлан» күйін тартқан өзге «Алаштың Кетбұқасы» бар ма? Онда ғылыми түсінік берейік. Осы екі оқиғаның қатар өрбуін ғылым қалай қабылдайды, ғалымдар немен түсіндірмек? Қазақтың яки біздің бұрынғы бабаларымыздың «қ» қаріпіне тілі келмегендіктен «ғ» деп атаған ба? Ол «дыбысталу заңдылығы ғой, бір əріпте тұрған не бар?» де- генді де естідім. Егер əлдекім Асан қайғы бабамызды да бір күні айды аспаннан шығарып, «Асан қайқы» демесіне кім кепіл?!

Осы бір əріпке мəн бермеуден қазақтың сөз қорына зиян келіп жатқан жоқ па? Қарапайым ғана арбаның доңғалағы деген сөз бо- лушы еді, оны бүгінде машинаның «дөңгелегі» дейтін болдық. Орыстар неге оны «шина», «колесо» деп арнайы бөліп атайды, олар дөңгелек пен доңғалақ дегеннің не екенін білмей ме? Демек, əр нəрсенің өз орны бар, ендеше Кетбұға болып неге жазыла бермей- ді? Сонау Шыңғыс кезеңінде «Кетбұқа» деп айтылған шығар дей- ді, бірақ қағанды кінəлауға негіз жоқ, өйткені Шыңғысхан тұқымы Арықбұға есімі еш өзгеріссіз сақталғанына уақыттың өзі куə.

 

Бір қарағанда, «бұқа» болсын, «бұға» болсын, əйтеуір, Кетбұға бабамның өмірге, діні мұсылман, өзі қазақ болып танылып, өз ор- тасына қайта оралғанына аса қуаныштымын, шүкір дейміз ғой.

Бірақ, талассыз бір ақиқат заманының, тіпті дəуірінің алып тұлғасы бола білген баба өз есімін тарихқа əлдеқашан жазып кет- кен. Оны тек былғанған жаладан ғана аршып ала алуымыз қажет.

«Данышпан – өз мөлшерін білетін ақыл иесі» деген екен Фран- цуз философы А. Камю. Сол сөздің Кетбұғаға да тікелей қатысы бар. Бəлкім, оның есімінің «қалай жазылуы» басты мақсат емес  те шығар… Тым болмаса, ресми орындар жаздырмай жатса, (оған күмәнім бар) «Кетбұқа (Кетбұға)» десе де болушы еді. Өкініштісі, бұрынғы өткен Доспанбет сияқты жырауларға да «Кетбұғадай би- лерден, Кеңес сұрар күн қайда?!» дегенін өзгертіп, «Кетбұқадай билерден, Кеңес сұрар күн қайда?!» деп жазуды ұсынып отыр. Бұл қалай? Доспанбет жырау «Кетбұқа» деп айта алмаған ба, əлде оған да ендігі жерде Кетбұға деп айтуға болмай ма?

2005 жылы Алматы қаласында «Эверо» баспасынан Жезқазған қаласының 50 жылдық мерейтойына орай Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ұйымдастыруымен шығар- ған «Жезқазған» энциклопедиялық анықтамада: «Кетбұға» деп анық жазылған. Сол кездегі ғалымдар парықсыз ба еді? «Он бір- он екі жасында Кетбұға Құба-тегіннің күйлерін тыңдап, оны ай- нытпай қағып алып, өзіне қайта шертіп беретін болған. Оған ырза болған Құба-тегін кейіннен қара домбырасы мен құлжа қобызын сыйлаған» (274-бет), – деп жазған болатын. Кітаптың алғы сөзінде:

«Латын нақылындағы: «Мен жасадым, өз қолымнан келгенді, жет- пегенін қосарсың дос, сен де енді», – деген ойды жазып, алдағы күнге зор үміт артып еді.

Жазушы, баспагер, «Өнер» баспасының директоры Әшірбек Көпештің басшылығымен жарық көре бастаған «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» қысқаша анықтамалық кітаптар есімдері көне дəуірлер қойнауынан бүгінге дейін жеткен халқымыздың тарихи тұлғаларының өмірдеректерін толық қамтыған құнды еңбек.

Осында Ер Тарғын, Кетбұға абыз, Доспамбет  жырау  жайы  да қамтылған. Тарихи тұлғаны жұлмалудың қажеттігі жоқ, олар онсыз да өмірде аз соққы көрген жоқ, сондықтан дерегін жинап, ұрпаққа жеткізу парыз.

 

«ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың алғы ширегінде жасаған Доспамбет жырау Кетбұға биді құрметпен ауызға алады, оның сөздерімен өзінің таныстығын білдіреді. Халық өлеңдері мен аңыз əңгімелерде де Кетбұға ел қамқоры, дана ақсақал ретінде бейнеленген. Ол туралы аңыздар қырғыз фольклорында да бар». («Қазақ халқының тарихи тұлғалары» қысқаша анықтамалық, 2-кітап, Алматы, 2013 жыл, 19-бет).

Кіші Ноғай ордасында қолбасшы болған, Қырым ханының жағында көптеген жорықтарға қатысқан батыр, жырау Доспамбет қазақ халқының қалыптасу кезеңіңде ғұмыр кешті. «Азау маңын мекендеген Кіші орданы билеуші əскери шонжарлар тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы мен ортасының талабына сай тамаша тəрбие алып өскен сияқты» («Бес ғасыр жырлайды», екі томдық, Алматы «жазушы», 1989 жыл, 30-бет).

1989 жылы жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды», екі томдығындағы (33-бет):

…Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда,

…Кет-Бұғадай билерден

Кеңес сұрар күн қайда…… дейтұғын ел ағасы болған

данагөй жырау Дешті Қыпшақ жұртының Ұлық биі Кетбұғаның есімін білмеді дегенге көңілім сенбей-ақ қойды. Екеуінің өмір сүрген кезеңінің арасы да онша қашық емесін бажайлап көрейікші. Кетбұға 1260 жылы өмірден озса, Доспамбет жырау 1490 жылы дүниеге келіпті. Арасы бар-жоғы екі-ақ ғасыр.

Ал біз бүгін араға дəуірлер салып өз заманының озық ойлы ардасы Доспамбет жырау «Кетбұқаны білмей, Кетбұға» деп қате айтты деген тұжырымға келіп тұрмыз. Осымыз қалай болар екен? Сонда қалай көзі қарақты Доспанбет жырау да бейсеубет сөйлей беретіні ме? Өзге ұлттың өкілдері қазақ есімін «тілін бұрап» айта- тыны əлі күнге сабақ болмағаны ғой, сірə?..

Өркениетті елдер дəстүрінде өзге жат-жұрттықтар кез-келген атауды, есімді қаншалық бұрмаласада, қалыптасқан өз тегінің қанына тартып, өз қалпынан айнымайды. Әу бастағы өз ұстанымын берік сақтап қала береді. Алысқа бармай-ақ іргеміздегі Ресей елін алып  қарайық.  Жат  жұрттықтар  елінің  астанасын  –  «Моskay»,

«Мəскеу» деп жазсақта. Өз дегенінен  қайтпай  «Москва»  дей-  ді.  Кезінде  «Алма-Ата»,  «Медео»  дегеннен  əрең  арылғанымыз

 

естен шықты ма? Біздің Астана қаласындағы «Кенесары» көшесін өзгелерге ұғынықты болу үшін «Kenessary str» деп таңбалады. Осыған қарап келешекте Кенесары хан деген қате, дұрысы «Кенес- Сары» деп түзетуіміз қажет пе?

Дана жыраулар сөз қадірін білмесе, кім біледі? Жат жұрт- тықтар ма?

Өкініштісі, кез келген сауатты жан Бағаналы шежіресін ақтарып қарағанда оның тарихи орнын сипап қаларымыз анық, сөйтіп, шежіредегі реттік қатары, ұрпақтарының бабасы екендігі тағыда тұңғиыққа жол тартып, жоққа шығады. Бабасыз қалған Кетбұғаның тікелей ұрпақтары Ұландық бауырларымызға мұны кім, қалай түсіндірер екен? Оны осы ғасырға дейін ел-жұрты көзінің қарашығындай сақтап келіп, нақ тəуелсіздік жылдарында жойғанымыз ақылға сыймайды.

Жоғарыдағы шежірелерге көз салсақ, (мәселе қазіргі қалыптасқан шежіремен сәйкестігі жайында емес) Бағаналы, Кетбұға бабаларымыздың тарихта болғанына еш күмəніміз қалмайды. Ендеше оған тəуелсіздік алған тұсымызда (бұрында да солай ғой) оларды жоққа шығаруға соншама шүйілуіміз қалай? Шежіре бойынша Бағаналы да, Кетбұға да, Төлекатайда ірі тұлға болғаны анық. Дегенмен Дешті Қыпшақ кезеңінде Бағаналының ру болып қалыптасуы ерекше болғаны күмəн келтірмейді. Сол себепті «Кетбұғадан – Бағаналы ру  болып  қалыптасқан»  де-  ген тұжырым шындыққа жақын деп білемін. Бірақ кейінгі кезде Кетбұқа («Кетбука»)-ны қалайша «Кетбұға» деп жазуға жол бер- дік деп таңырқайтынымызға жол болсын!!! Мен біраз жылдардан бері Кетбұға бабаға қатысты пікірлерімді жазып келе жатырмын. Дегенмен 2014 жылы жарық көрген «Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа» деген кітапта менің жазғандарымды пайдалану кезінде көзқарасымды «өңдеп басқанына» түсіне алмай қалғаным анық.

Зер салайық: «Ертағы, Кертағыны жайлаған жұрт» кіта- бымда: «Кейінгі кезде оны тарихтың сан тарау оқиғасына да киліктіріп, руы мен атауын өзгеріп ойдан құрастырылған кітап кейіпкерлеріне айналып, «Кербұға», ғылыми терминге негізде- мек  ниетпен  «Кет  Бұқа»,  «Кетбұқа»,  «Кет-Бұға»,  «Керт бұғы»,

«Кетбука», «Кит Бұғы» болып қалыптасу етек алып барады» («Ертағы, Кертағыны жайлаған жұрт», Астана,2012 жыл,19- бет), – деп жазғаным анық-ты, бірақ, аяқасты ол көз қарасымның

 

«өңі» өзгеріп, «Реті келгенде айта кетерлік жайт, Кетбұқа баба есімі халық қалыптасқан, яғни ауыз-екі айтылу ретімен қазақи ұғымға лайық «Кетбұқа» болып қала бергені жөн. Әйтпесе, кей- інгі кезде «Кетбұға» болып қалыптасу етек алып барады» (Абыз тұлға, аңыз тұлға – «Кетбұқа», кітабы, 347-бет), – деп ба- сылыпты. Неге? Неге менің көзқарасым өзгеріп шыға келді, дұрысы өзгертілді? Оны кім істеді? Не қажеттігі болды? Менің

«мүнафиқтық танытар екіжүзділігім» кімге қажет болды? Әлде та- рихты осылай бұрмалауымыз əлдекімдерге қажет болды ма? Біз тəуелсіз елде өмір сүріп жатқан жоқпыз ба? Қазақтың кез келген тұлғасы – халықтың төл баласы. Кетбұға замана желі теріс соғып тұрған кезеңде Дешті Қыпшақтың Ұлық биі, абызы, данагөйі, ба- сына іс түскенде пана болған қорғаны, кемеңгерлігіне қоса, атағы жер жарған Шыңғыстай қаһарлы қаған алдында «Ақсақ құлан» күйін төгілткен ел аузындағы күйшіміз емес пе еді? Бүгін нағып əлдекімге жақпай қалып, атын атауға именіп қалдық?

Қазір шүкір тəуелсіз елміз, «Мəңгілік ел» жасау үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын табысты жалғастырып келеміз. Енді туған елдің тарихын түзетіп жазып, əлдекімдерден кеткен қателіктердің орнын толықтырып жүрміз. Ғалымдарымыз шежірені де ғылыми жолға қоюды қолға алды. Елден олардың жұрнақтары там-тұмдап жинақталуда. Шежіре ғылыми айналымға енді. Ендеше  олар-  дан тарихи тұлғаны алап тастауымыз қалай болмақ? Сонда сонау ғасырлардағы көз майын тауысып, тірнектеп жиналған еңбектер босқа кетіп, «шежірешіге» кінə артамыз ба? Олар өз əкесінің, бабасының атын білмейтін, хатқа түсіре алмайтын, ауызша тарата білмейтін шетінген топастар, сауатсыз, надандар еді дейміз бе?..

«Бұрынғыны» «бүгінгінің» себепсіз, дəлелсіз, қисынсыз шежіре- ден шығарып тастауы қалай?

Көкейімде кептеліп тұрған тағы бір ой – күй кұдіретіне қатысты.  Оны  кейінгі  ұрпақ  қаншалық  қадірлейтіні  жайында.

«Күй – күйші – тағдыр – домбырашы – зертеушілер» өмір жалғастығын сезініп қызмет етушілер деген ұғым көкірек көзімізді түбегейлі аша түседі. Ендеше оны жастардың есіне неге жиі жаңғыртып салмасқа?! Илья Жақанов ағамыздың 1979 жылы жазған қазақ композиторлары мен əнші-күйшілерінің творчестволық өмірін əр қырынан ашуға арналған «Бірінші концерт» атты деректі əңгімелер мен эссе кітабында «Ақсақ құлан» күйі, күйдің құдіреті,

 

оның орындаушыларының асқақ сезімі жайлы шебер суреттелгені мəлім. Қазақ жеріне, Алматыға жат елдің музыканттарының ар- найы осы күйді өз құлағымен естіп, орындаушысын көзімен көруге келгенінің өзі ғажап құбылыс емес пе? Мəскеуден «ИЛ- 62» ұшағымен келген музыкант, халық музыкасының зерттеушісі, радиода қызмет атқаратын Венгерлік Ласло Мадер мен оның ау- дармашысы, венгерлік аққұба сұлу келіншек Юлиананы əуежайда қарсы алған сəтінен бастап, əңгіме арақауы «Ақсақ құлан» күйі, оның тарихы төңірегінде құрылуының өзі-ақ жан-дүниеңді бау- рап алады. Бұл əңгімеде қазақ күйлерін қадір тұтып, қастерлейтін, киесінен именетін атақты домбырашы Рүстембек Омаров бейнесі қалай жарқырап көрінген десеңізші! Нағыз өнер адамы, өнерді бағалау осындай болса керек!

Әуежайдағы қысқа-қайырым əңгіме тұсында қадірлі мейман- дар келген басты шаруасының жайынан хабар беріп үлгереді. Бұл да асқақ сезімнің дүмпуіндей естілері анық. Елге, жерге деген ма- хаббатты ауыздықтап тұру оңай емес екен-ау!

Қазір ойлап отырсам, мен ертеректе бұл кітапты оқыған тұсымда, тіпті, Илья ағамызды кезіктіріп, əңгімесін тыңдап жүрген кезімде де күй парқына жете бойлай алмаған екенмін, сірə?! Соны қазір ғана зерделеп отырмын. Ласло да, Илья ағамыз да «Ақсақ құлан» күйінің байыбына барғысы келгендер үшін, мен үшін кіта- бында мына сөздерді əдейі арнапты:

«Ласло еліне қайтар күні маған кішкене пленканы көрсетіп:

  • Рүстемнің бұл «Ақсақ құланын» бойтұмардай қастерлеп, көзімнің қарашығындай сақтармын. Күйдің не екенін, күйшінің не екенін білгісі келген венгерліктерге мен əр кез осыны көрсететін боламын. Мендегі бір ізгі үлкен олжа осы. Шабыт өз құдіретін қалай-қалай танытты! Керемет! – деді.

Бұл сөзге менің мерейім тасыды».  (Илья  Жақанов,  «Бірін- ші концерт», Алматы, «Жалын», 1979 жыл, «Ақсақ құлан», 147-150-беттер).

Осы кітапта менменсінген талай күйшісымақтың «Ақсақ құлан» күйін тартуға өресі жетпейтіні ғажап суреттеледі. Оны тар- татындар санаулы ғана болса керек. Ілья Жақанов ағамыздың айта- ры осы. Сондықтан кез-келген бұл күйді батып тарата аламайды. Ой астары соған мезгейді. Ол шындық.

 

Жалпы еліміздің бай мұрасын қадірлі азамат-тұлғалары, мəдени мұра, құндылықтар тəуелсіз еліміздің заңдарымен қорғалуда. Сол шеңберде жүзеге аса бермек.

Осының айғағындай, жаңа жылда көңілімді қуанышқа бөлеген жайдың бірі – Қазақ Ұлттық университетінің профессо- ры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбайдың құрастыруы, ғылыми түсініктемесімен «Ақсақ құлан. Кетбұға бидің күй-мұрасы» деген қомақты ғылыми еңбектің жарық көруі. Кітап Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында, «Қазіргі заман музыкасы» жобасы бойынша ҚР Білім жəне ғылым ми- нистрлігі, Ғылым комитеті 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалармен жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде шығарылды.

Бұл кітап Кетбұға күйші мұрасының ноталарымен аңыздары топтастырылған. Кетбұға абыз туындыларының аудиожазбасы қосымша құрал ретінде ұсынылуы – қобыз бен домбыра күйлерінің ұлыстық мектебінің негізін салған Алтын Орданың ұлы жыршы- сы, ұлы күйшінің мұрасын жастарымызға кеңінен насихаттауға жол ашады.

Елінің жарқын болашағын көксеген ұлы тұлғалардың біре- гейі – Кетбұға абыз бабамыздың өзінің бар болмысымен жарқырап көрінетін шағы туды. Оның есімі ұлықталып, күйлері еркін тара- лып, жастар өнегесінен үлгі алатын болды. Мұның бəрі «Мəңгілік елдің» жасампаз саясатының арқасында қол жеткен еркіндік деп бағалаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *