Исламдағы ұлағатты сөздер

Расулалла (с.а.с.) Әбу Зәрға (р.а.) былай деген екен: «Ей, Әбу Зәр! Кемеңді жаңала, шындығында, теңіз тұңғиық терең. Жол азығыңды жақсылап әзірле, сапарың тым ұзақ. Алатын жүгіңді жеңіл ал, жолда өтуі қиын асу бар. Амалыңды шын ықыласыңмен істе, Ұлы Сыншы әрдайым бақылауда».

****

Бір шайыр былай деген екен:

Тәубе ету күнәлардан парыз болса, Күнәны тәрк етпек лайықтырақ. Сабыр ету әрдайым қиын болса, Көп сауаптан айрылу айып бірақ.


Замананың жылдамдығы бір ғажайып, Ғапылдығы пенделердің ғажап бірақ. Қуаныштар келетін күндер жақын, Өлім келер күн бірақ жақынырақ.
****

Кейбір даналар былай деген екен: «Төрт нәрсе жақсы, ал төрт нәрсе олардан да жақсырақ. Ұят ерлер үшін жақсы, әйел заты үшін одан да жақсы. Әр адамның әділ болғаны жақсы, алайда әміршілердің әділ болғаны одан да жақсы. Қарт адамның тәубеге келгені жақсы, алайда жас жігіттің тәубе еткені одан да жақсы. Байлардың жомарт болуы жақсы, алайда кедейдің жомарттығы одан да жақсырақ».

****

Даналар тағы былай деген екен: «Төрт нәрсе жаман, ал тағы төрт нәрсе одан да жаман. Жас жігіттің күнә істегені жаман, ал қарттың күнә жасауы одан да жаман. Сауатсыздың дүниеге берілгені жаман, алайда, ғалым адамның дүниеге берілуі одан да жаман. Барлық адамдардың ғибадатқа салғырт қарауы жаман, алайда ғұламалар мен шәкірттердің салғырт қараулары тіпті жаман. Байлардың тәкаппар болғаны жаман, кедейдің тәкаппар болғаны одан өткен жаман».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Жұлдыздар аспандағыларға (періштелерге) аманат, егер жұлдыздар жойылса ондағылар да жойылар еді. Менің әулетім
Жоғары

үмметіме аманат, егер олар құрыса үмметім де құрып кетер еді. Мен сахабаларыма аманатпын. Егер маған бірдеңе болса сахабаларым да жойылар еді. Таулар жер бетіндегілерге аманат, егер таулар жойылса жер бетіндегілер де құрып кетер еді».

****

Әбубәкір Сыддық былай деген екен: «Төрт нәрсенің қателігін толықтыратын төрт нәрсе бар. Намаздың толықтырушысы – сәһу сәждесі, оразаның толықтырушысы – пітір садақасы, қажылықтың толықтырушысы – фидия, иманды толықтырушы – жиһад».

****

Абдолла ибн Мүбәрак былай деген: «Кім күніне он екі рәкәғат сүннет намазын оқыса ерікті намаздың ақысын өтеген болады, кім әр айдан үш күн ораза тұтса нәпіл оразаның ақысын өтеген болады. Кім күніне жүз аят оқыса Құран оқудың ақысын өтеген болады. Кім әр жұмада бір дирхем садақа берсе садақаның ақысын өтеген болады».

****

Омар (р.а.) былай дейді: «Төрт теңіз бар: әуейілік – күнәнің теңізі, нәпсі – құмарлықтың теңізі, өлім – пенделер өмірінің теңізі, қабір – өкініштердің теңізі».

****

Осман (р.а.) былай дейді: «Құлшылықтың тәтті дәмін төрт нәрсе арқылы таттым: біріншісі – Алланың парыздарын орындау, екіншісі – Алла харам еткен нәрселерден аулақ болу, үшіншісі – Алла Тағаладан сауап алу үшін халайықты ізгілікке бұйыру, төртіншісі – Алланың қаһарынан сақтану үшін жаман істерден тыю».

****

Осман (р.а.) тағы былай деген: «Төрт нәрсенің сырты артықшылық, іші парыз. Ізгі адамдармен бір болу – артықшылық, ал олардың ізімен жүру – парыз. Құран оқу – артықшылық, онымен амал істеу – парыз. Қабірді зиярат ету
– артықшылық, ал қабір әлеміне дайындалу – парыз. Әл үстінде жатқан аурудың жағдайын білу – артықшылық, ал оның соңғы өсиетіне құлақ асу – парыз іс».

****

Әли (р.а.) былай деген: «Жәннатқа асыққан қайырлы іс жасауға асығар. Тозақтан қорыққан құмарлықтардан тыйылар. Өлімнің келетініне көзі анық жеткенге ләззат қалмас. Дүниені жақсы танығанға оның тауқыметтері жеңіл көрінер».
Жоғары

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай депті: «Намаз – діннің тірегі, үндемеу абзалырақ, садақа Раббының ашуын басады, үндемеген абзалырақ, ораза – тозақтан қорғар қалқан, үндемеген абзалырақ, жиһад – діннің биігі, үндемеген абзалырақ».

****

Алла Тағала Бәни Исраилдағы бір пайғамбарға былай уахи етіпті: «Жаман сөздер айтпай, үндемесең, Мен үшін ораза тұтқандайсың, дене мүшелеріңмен күнә жасамасаң, Мен үшін ғибадат қылғандайсың; халайықтан ештеңе дәметпеуің Мен үшін садақа бергеніңдей, мұсылмандарға зарарың тигізбесең, Мен үшін жиһадқа шыққандайсың».

****

Абдолла ибн Масғұд (р.а.) былай депті: «Төрт нәрсе жүректі қарайтады: ашқарақтықпен мөлшерден тыс көп тамақ ішу, залымдармен бірге жүру, өткен күнәларды ұмыту, амал етпей, есекдәмелі үміт ету. Төрт нәрсе жүректі нұрландырады: тамақты тоймай ішу, ізгілермен бірге жүру, өткен күнәларды ұмытпау, амал етіп үміттену».

****

Хатим әл-Асам былай депті: «Кім төрт нәрсесіз төрт нәрсеге жеттім десе, онікі жалған. Тыйымдарынан тыйылмай, Алла Тағаланы жақсы көремін деу – өтірік. Жарлы-жақыбайды ұнатпай, Пайғамбарды (с.а.с.) жақсы көремін деу – өтірік. Садақа бермей жәннатты жақсы көремін деу – өтірік. Күнәларынан тыйылмай, тозақтан қорқамын деу – өтірік».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай депті:

«Сорлылықтың белгісі төртеу:

1. Алланың алдында сақтаулы тұрған өткен күнәларын ұмыту;
2. Қабыл болғанын білмей бұрынғы жақсылықтарын айту;
3. Дүниеде өзінен жоғары тұрғанға қарап өкіну;
4. Діни жағынан өзінен төменге қарап шүкірлік ету. Сонда Алла Тағала: «Мен оны қалап едім, бірақ ол мені
қаламады, сондықтан оны тәрк еттім» дейді. Бақыттылықтың белгісі төртеу:
1. Өткен күнәларды еске алып тұру;
2. Өткен жақсылықтарын ұмыту;
3. Өзін діни тұрғыдан өзінен жоғары адаммен салыстыру;
4. Дүниелік халін өзінен төмен адаммен салыстырып, шүкірлік ету».
**** Жоғары

Кейбір хакімдердің айтуынша иманның төрт нышаны бар. Олар: тақуалық, ұят, шүкірлік, сабырлылық.

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Төрт биік бар: дауаның биігі, әдептің биігі, ғибадаттың биігі, арманның биігі.

Дауаның биігі – аз тамақ ішу. Әдептің биігі – аз сөйлеу.
Ғибадаттың биігі – күнәнің аз болуы. Арманның биігі – сабырлық».
****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Пенденің өне бойындағы төрт жауһар бар. Бұл төртеуін төрт нәрсе кетіреді. Бұл төрт жауһар: ақыл, дін, ар-ұят, жақсы іс. Ақылды кетіретін нәрсе – ашу-ыза, дінді құртатын нәрсе – қызғаныш, ар-ұятты құртатын нәрсе – нәпсі, жақсы амалды құртатын нәрсе – ғайбат сөз».

****

Пайғамбар (с.а.с.) тағы былай деген: «Жәннаттағы төрт нәрсе жәннаттың өзінен артық:

Жәннатта мәңгілік қалу жәннаттан артық. Періштелердің қызмет жасауы жәннаттан артық. Пайғамбарлармен көрші тұру жәннаттан артық.
Алла Тағаланың разылығы жәннаттан артық.
Ал, тозақтағы төрт нәрсе тозақтың өзінен де жаман:

Тозақта мәңгілік қалу тозақтан жаман. Періштелердің кәпірлерді ұрып-соғуы тозақтан жаман. Тозақта шайтанмен көрші болу тозақтан жаман.
Тозақтағы Алланың қаһары тозақтан жаман».
****

Бір хакімнен «халың қалай» деп сұрағанда ол: «Иемммен татумын, нәпсіммен аразбын, халайықпен ыстық ықыластымын, дүниемен тек зәру жағдайда кездесемін», – деген екен.

****

Хакімдердің бірі төрт кітаптан төрт сөз таңдап алған екен. Тәураттан «Кім Алланың бергеніне разы болса, дүниеде де, ақыретте де жаны жай табады» деген сөзді, Інжілден: «Кім құмарлықтарын, нәпсісін жеңсе, екі дүниеде де абыройлы болады» деген сөзді, Забурдан: «Кім адамдардан аулақтаса дүниеде де, ақыретте де құтылады» деген сөзді, Құраннан
«Кім тілін сақтаса дүниеде де, ақыретте де аман-сау болады» деген нақыл сөздерді таңдаған екен.

****

Абдолла ибн әл-Мүбәрәк былай деген екен: «Бір дана кісі хадистерді оқып шығып оның ішінен қырық мыңын таңдап алыпты. Сосын оның арасынан төрт мыңын таңдап Жоғары

Сосын оның ішінен төрт жүзін таңдапты. Сол төрт жүзден қырық таңдапты. Сосын сол қырықтан төртін таңдап шығарған екен. Олардың біріншісі: «Қандай жағдайда да әйелге сенбе», екіншісі: «Қандай жағдайда да малмен мақтанба», үшіншісі: «Асқазаныңа ауыр келетіндей ас ішпе», төртіншісі: «Өзіңе пайда бермейтін білім жинама».

****

Мұхаммед ибн Ахмед «Мырза, нәпсісін жеңген және салихалылардан шыққан пайғамбар ретінде» (Әли Имран,39) деген Жақия пайғамбар жайындағы аят туралы:
«Алла Тағала Жақияны Өзінің құлы болса да «мырза» деп атауының сыры ол төрт нәрсені жеңген болатын: нәпсісін, Ібілісті, тілін және ашуын», – деген екен.

****

Әли (р.а.): «Дін мен дүние аман-сау болады, егер төрт жағдай сақталынса: байлар ке-дейлерге сараңдық танытпаса, ғалымдар білгендеріне амал қылса, сауатсыздар білмеген- деріне тәкаппарлық танытпаса (үйренсе), кедейлер дүние үшін ақыретін сатпаса», – деген.

****

Пайғамбар (с.а.с.): «Алла Тағала Қиямет күні төрт түрлі топқа төрт адамды дәлелге келтіреді: байларға Дәуітұлы Сүлейменді (а.с.), құлдарға Жүсіпті (а.с.), ауруларға Аййубты (а.с.), кедейлерге Исаны (а.с.)», – деген екен.

****

Сағыд ибн Біләл былай деген: «Пенде күнә жасаса да Алла Тағала оның төрт нәрсесін үзбейді: оның ризығы тоқтатылмайды, денсаулығына зиян етілмейді, күнәсі халайыққа жария етілмейді және жазасын тез арада татпайды».

****

Хатим ибн әл-Асам былай деген екен: «Кімде-кім төрт нәрсені төрт нәрсе үшін доғарса жәннатқа кіреді. Қабір үшін ұйқыны, амал таразысы үшін мақтаншақтықты, сират көпірі үшін демалуды, жәннат үшін құмарлықты».

****

Хамид әл-Ләффаф былай деген: «Төрт нәрсенің жолын қате ойлап, кейін дұрысын таптық. Байлық дүние жинауда деп ойлап едік, сөйтсек нағыз байлық қанағатта жатыр екен. Жан тыныштығы бай-қуатты тұруда деп ойласақ, керісінше, мал-мүліктің азында екен. Қызық-ләззатты нығметтерден іздеп жүрсек, ол деннің саулығында екен. Ризық-несібені жердің бетінен іздеп жүрсек, оның кілті аспанда екен».
Жоғары

****

Әли (р.а.) былай деген: «Төрт нәрсенің азы да көп: ауру, кедейлік, от, дұшпандық».

****

Хатим ибн әл-Асам былай деген екен: «Төрт нәрсенің қадірін төрт адам білер. Жастықтың қадірін қарт білер. Аман- саулықтың қадірін бәлеге ұшырағандар білер. Денсаулықтың қадірін науқас білер. Өмірдің қадірін өлілер білер».

**** Шайыр Әбу Нуас былай деген екен:


Күнәларым қарап тұрсам зор екен, Рахым-мейірі Раббымның кеңірек. Үміттенбеймін амалыма жасаған, Рахметіне үміттенем көбірек.


Жаратушым бір Алла нақ Ием, Құлымын мен бой ұсынып, бас ием. Кешірімі рахметінен болады, Кешірмесе пенде гүлдей солады.
****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Қиямет күні амалдар таразыға қойылып, тартылады. Намаз оқушылар келтіріліп, олардың амалдары таразыны басып, намаздарының қайырын көреді. Сонан соң ораза тұтушылар әкелініп, амалдары таразыны басып, оразаларының қайырын көреді. Сонан соң қажылық жасаушылардың амалдары тартылып, қажылықтарының қайырларын көреді. Осыдан соң бәлеге (ауру, кемістік) ұшырап, сабыр еткендер әкелінеді. Олардың амалдары таразыға тартыл- майды, қарыздары да есептелінбейді. Бәлемен сыналып, одан иманмен шыққандары үшін оларға есепсіз сауап жазылады. Сонда олардың мұндай есепсіз сауапқа ие болғандарын көрген бәлеге ұшырамағандар солар сияқты болмаған екенбіз деп өкінеді».


****

Жоғары

Кейбір хакімдер былай депті: «Адам баласы төрт рет тоналады. Өлім періштесі жанын тартып алады. Артында қалғандар мал-мүлкін бөлісіп алады. Қабірде қалған денесін құрт-құмырсқа талайды. Қиямет күні зияны тиген даугерлері істеген жақсылықтарын тонайды».

****

Бағзы даналардан қалған сөз: «Құмарлықты мақсат тұтқанға әйел керек, есепсіз мал-мүлікті мақсат еткен үшін арам айла керек, мұсылмандарға пайда тигізуді мақсат еткен үшін олармен араласу керек, ғибадатты мақсат еткен үшін білім керек».

****

Әли (р.а.) былай деген екен: «Төрт түрлі жағдайда төрт істі істеу қиын. Ашу үстінде кешірім жасау, жоқшылықта жомарттық жасау, оңашада күнә іс істемеу, өзі қорқатын немесе тәуелді кісісінің бетіне шындықты айту».

****

Зәбур кітабында Алла Тағала Дәуітке (а.с.) былай уахи етіпті:
«Ақылды пенденің төрт түрлі сағаты болады: бір сағатында Раббысына мінәжат етеді, бір сағатында өзіне-өзі есеп береді, бір сағатында өзінің айыбын бетіне басатын достарына барады, тағы бір сағатында нәпсісін адал жолмен дүние қызығына қандырады».

****

Даналардан қалған сөз: «Төрт түрлі ғибадат бар: берген сертте тұру, шектерден асып кетпеу, жоққа сабыр ету, барға қанағат қылу».

****

ﺑ ْﺴــﻢ ٱd اﻟﺮ ْﺣ ٰﻤ ِﻦ اﻟﺮ ِﺣﻴـﻢ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *