Ислам діні – таза дін, сондықтан таза болуға тырысыңыз, таза болмаған кісі жәннатқа кірмейді.
Дін Ислам тазалықтан құралған.
Тазалық – иманның жартысы.
Ислам – сондай хақ және пәк дін. Пенделерге қай жағынан да таза болуды үндейді. Мұсылман адамның көңілі жаман қылықтардан және бұзық пікірлерден, ал денесі, киімі, жейтін тамағы, ішкен суы кез келген нәжістерден таза болуы керек. Намаз оқығанда, басқа да ғибадаттарды істеген кезде, арнайы тазалану парыз.
Дәрет алу тәртібі
парыз.
С: Намаз оқығанда адамның қай жерлері таза болуы керек?
Ж: Оның денесі, киімі, намаз оқитын жері әртүрлі нәжістерден таза болуы қажет.
С: Намаз оқудан бұрын не істеу шарт?
Ж: Шариғаттың бұйыруы бойынша, сумен жуылуы тиіс ағзаларды жуып, дәрет алу
С: Дәретті қалай алады?
Ж: Дәрет алғанда мына мүшелер жуылуы тиіс: 1) әуелі таза сумен истинжа істейді,
яғни әуретін нәжістен тазартады; 2) қолының саусағынан бастап білезікке дейін жуады; 3) үш рет ауызын шаяды; 4) үш рет мұрнын шаяды; 5) үш рет бет-жүзін жуады; 6) үш рет қолын шынтағымен қосып, саусақтарының араларын да жуады; 7) қолын сулап, екі қолымен әуелі басына, одан кейін екі құлағына, сосын мойнына бір мәрте мәсіх тартады (сипайды); 8) сол қолымен әуелі оң аяғын, сосын сол аяғын тобықтарына дейін, башпайларының арасына су тигізіп үш рет жуады;
Дәреттің парыздары
С: Дәреттің парыздары нешеу?
Ж: Төртеу.
С: Қайсылар?
Ж: Бетін жуу, қолын жуу, басқа мәсіх тарту, аяғын жуу.
С: Бетті қай жерге дейін жуу керек?
Ж: Маңдайының шаш шығатын жерінен иек астына дейін және екі құлақтың арасын дерлік жуу керек.
С: Қас, мұрт, сақалды қалай жуады?
Ж: Қас, мұрт және сирек сақал бетпен бірге жуылады. Ал, қалың сақалдың үстіне мәсіх тартылады.
С: Қолдың қай жерлерін жуады?
Ж: Саусақтан бастап шынтаққа дейін, шынтақты бірге қосып жуады. Тырнақ асты мен саусақтардың арасына су тимей қалмау керек.
С: Бастың қай жеріне мәсіх тартылады?
Ж: Бастың шаш өсетін жерінің төртен бір бөлігіне мәсіх тарту – парыз. Барлық жеріне мәсіх тарту – сүннет.
С: Құлақ пен мойынға қалай мәсіх тартылады?
Ж: Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен сыртына мәсіх тартылып, алақанның сыртымен мойынға мәсіх тартады.
С: Аяқты қалай жуады?
Ж: Башпайдың ұшынан бастап тобыққа дейін және тобықты қосып жуады.