Зекеті берілетін мал-мүліктер
С: Зекетті қандай нәрселерден береді?
Ж: Мынадай үш түрлі дүниеден зекет беріледі: алтын-күмістен, сауда-саттық тауарларынан және жайлаудағы жануарлардан.
С: Осы үш түрлі дүниеден басқа нәрселерден зекет беріле ме?
Ж: Болмайды.
С: Өзі тұратын үй-жайдан және пайдаланатын құрал-саймандардан зекет беріле
ме?
Ж: Берілмейді.
С: Жалға берілген үйден, қоралар мен егін, бау-бақшалардан зекет беріле ме?
Ж: Олардың өз құнынан зекет берілмейді, бірақ олардан түскен пайда нисапқа
жетсе, зекет беріледі.
С: Қандай түрдегі алтын-күмістен зекет беріледі?
Ж: Алтын-күмістен жасалған барлық бұйымнан және табиғи қалыптағы алтын- күместен зекет беріледі.
С: Мыс немесе басқа бір зат араласқан алтын-күмістен зекет беріле ме?
Ж: Қоспаның алтын-күмісі көп болса, зекет беріледі. Егер қоспасы көп болса, берілмейді.
С: Қағаз ақшадан зекет беріледі ме?
Ж: Қағаз ақшаның өзі негізі құнсыз. Дегенмен, ол қазынаға қарыз деп бірелген алтын-күмістің көрсеткіші. Сол себептен қағаз ақшаның дәл өзінен зекет берілмейді, бірақ сол банкноттың бетіне жазылған сан мөлшерінде қазынада сақталатын алтын-күміс ақшадан беріледі.
С: Қандай малдардан зекет беріледі?
Ж: Қой, ешкі, сиыр, түйе малдарынан зекет беріледі. Олар алты ай жайлауда жайылған болуы тиіс. Қашыр, есек, бұғыға ұқсас жануарлардан зекет берілмейді.
С: Шаруаға пайдаланылатын және сүті, жүні үшін ұсталынатын жануарлардан зекет беріледі ме?
Ж: Берілмейді.