Жұма құтпалары
С: Жұма намазаның құтбасы қай уақытта оқылады?
Ж: Жұма намазаның алғашқы төрт ракағат сүннетінен кейін оқылады.
С: Имам неше құтпа оқиды?
Ж: Екі құтба оқиды. Құтбада Алла тағалаға мадақ айтып,. кәлима шахадат оқиды.
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауат айтады, төрт ұлы сахабаға және басқа сахабаларға сәлем айтып, Құраннан бір-екі аят оқиды. Барша адамадарға уағыз-насихаттар айтып, қайырлы дұға тілейді.
С: Құтпа біткеннен кейін не істейді?
Ж: Азаншы қамат айтады, имам михрабқа барып, жұма намазының екі ракағат парызын оқиды. Жамағат имамға ұйиды.
С: Жұма намазының парызы дауыстап оқыла ма?
Ж: Иә, дауыстап оқиды.
С: Парыздан кейін не оқылады?
Ж: Жұма намазының төрт ракағат сүннеті оқылады.
С: Имам мінберде құтпа оқып тұрғанда жамағат не істейді?
Ж: Бәрі үнсіз имамның құтпасын тыңдайды.
С: Құтпа оқылып жатқанда зікір және тасбих айтуға, Құран оқуға, нәпіл немесе сүннет намаздарын оқуға бола ма?
Ж: Бұлардың ешбірін де істеу дұрыс емес, жамағат тек құтпаны тыңдауы керек.
С: Құтпа қандай тілде оқылады?
Ж: Араб тілінде.
С: Имам мінберге шығып, құтпа оқып тұрған уақытта мешітке келген адам не істейді?
Ж: Кірген сәтінен құтпаны тыңдауға отырады. Мешіт ақысын және жұма намазының алғашқы төрт ракағат сүннет намазын оқымайды.
С: Оларды парыздан кейін оқи ма?
Ж: Төрт ракағат сүннетті оқыса жетеді.
С: Егер бір адам жұманың алғашқы төрт ракағат сүннет намазын оқып жатқанда имам құтпаны бастап кетсе, не істейді?
Ж: Бастаған намазын сол жерден тоқтатады.