Жүніп болу

Жүніп болу

С: Қандай жағдайда адам жүніп болады?
Ж: 1) мәни (шауһат) ләззатпен шықса; 2) жыныстық қатынастан кейін; 3) ұйқыдан тұрған кезде, төсегіне не киіміне шауһат жұққан болса, жүніп болады.
С: Жүніп кісі таза саналмайды ма?
Ж: Иә, жүніп кісінің денесі таза емес.
С: Жүніп кісіге тыйым салынған амалдар?
Ж: Құран оқуға және Құран жазуға, аяттар жазылған қағаздарды және діни кітаптарды ұстауға, мешітке баруға болмайды.
С: Жүніп халде тамақ ішіп-жеуге бола ма?
Ж: Болады.
С: Жүніп болғаннан кейін қанша уақыттың ішінде ғұсыл алу керек?
Ж: Мүмкіндігінше дереу ғұсыл алу – мұстахап, бірақ ғұсылды кешіктіріп, бірнеше намаз уақытын өткізіп жіберу аса дұрыс емес.
С: Ғұсыл алатын жер болмаса немесе басқа бір себеппен аз уақыт жүніп күйінде жүру күнә емес пе?
Ж: Аз уақыт жүрсе, ештеңе етпейді.
С: Жүніп болған жағдайда алдымен не істеу керек?
Ж: Истинжа қылу, дәрет алу немесе таяммум қылу мұстахап.
С: Бір кісі ғұсыл алмай тұрып, үш рет қатарынан жүніп болса, қанша рет ғұсыл алады?
Ж: Барлығына бір рет ғұсыл алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *