Жергілікті және жолаушы адамдар
С: Жергілікті адамдар деген кімдер?
Ж: Өз мекенінде тұрған, жолаушы емес адамдар.
С: Жолаушы дегеніміз кімдер?
Ж: Орта жүріспен үш күнде жететін бір мекенге баруды ниет етіп шыққан кісі.
С: Жолға шыққанда қай жерден бастап жолаушы болып есептеледі?
Ж: Өзі шыққан мекен көрінбей қалғаннан бастап жолаушы болып саналады.
С: Ол кісі қанша уақыт жолаушы болып есептеледі?
Ж: Басқа жерде он бес күнге дейін болуды ниет етіп сапарға шыққан кісі жолаушы саналады.
С: Жолаушы болу үшін кемінде қанша шақырымға баруды ниет ету қажет?
Ж: Кемінде тоқсан шақырымға.
С: Орта жүріспен үш күнде жететін жерге көлікпен бір күнде жетсе, жолаушы болады ма?
Ж: Жолаушы болады.
С: Бір жерге жеткесін он бес күннен артық болатынын білсе, жолаушы болып саналады ма?
Ж: Жоқ, жолаушы болып саналмайды.
С: Бір жерге жолаушы болып барғаннан соң, он бес күн тұруды ниет етпесе, бірақ, бірнеше күннен немесе он төрт күннен соң, сол жерден кетпекші болса, тұрған жерінде жолаушы болады ма, тұрғын болады ма?
Ж: Жолаушы болады.
С: Алғашында ол жерде он бес күннен артық болуға ниет етпей, бірақ, жұмыстары бітпей, 15 күннен артық қалып қойса, тұрғын болады ма, әлде жолаушы болады ма?
Ж: Жолаушы бола береді.
С: Жолаушы болып жүріп, кейін он бес күннен артық тұруды ниет етсе, жолаушылықтан шығады ма?
Ж: Әлбетте, шығады.
С: Алдымен он бес күннен артық тұруды ниет етіп, тұрғын үкімінде болса, бірнеше күннен кейін он бес күнге жетпей өз жеріне қайтса немесе басқа жаққа шықса, тұрғын болады ма, әлде жолаушы болады ма?
Ж: Тұрғын болады.
С: Алдымен он бес күннен артық тұруды ниет етіп, біраз күннен кейін, он бес күнге толмай кетпек болса, тұрғын болады ма, жолаушы болады ма?
Ж: Жолаушы болады.
С: Бір кісінің екі жерде үйі болса (арасы 90 шақырымнан кем емес), бір үйден екінші үйге жеткенше жолаушы болады ма?
Ж: Жолда жолаушы болады. Үйлерінде тұрғын болады.