Жаназа намазы
С: Жаназа намазы қандай намаз?
Ж: Жаназа намазы – мәйіт үшін оқылатын намаз.
С: Жаназа намазы парыз ба, уәжіп пе?
Ж: Парыз кифая, яғни бір жамағат ішінен кемінде бір кісі жаназа намазын оқыса, сол жамағаттың мойнынан бұл міндет түседі. Жаназа намазын оқыған әрбір адам мол сауап алады.
С: Жаназа намазының шарттары қандай?
Ж: Төмендегідей:
Дәретті; Денесі таза; Киімі таза;
Қиямда тұрған жері таза; Әуреті жабық;
Құбылаға қарап тұру; Ниет ету;
Мәйіт жуылған болу. Егер мәйіт шейіт болса, жуылмайды.
С: Жаназа намазы неше ракағат?
Ж: Жаназа намазында ракағат жоқ. Төрт тәкбірден тұрады және ол тәкбірлер төрт ракағатқа есептеледі.
С: Жаназа намазында рүкүғ пен сәжде жасалына ма? Ж: Жаназа намазында рүкүғ, сәжде және қағда болмайды. С: Жаназа намазын қалай оқиды?
Ж: Әуелі: «Осы мәйіт үшін жаназа намазын оқуға ниет еттім, осы имамға ұйыдым, Алла разылығы үшін. Аллаhу Акбар», – деп, бас бармақты құлақ жұмсағына тигізеді. Сосын қолдарын байлап, сана дұғасын оқып, екінші тәкбір айтқан соң, салауат оқиды. Үшінші тәкбірден кейін жаназа дұғасын оқиды.
Егер қайтыс болған адам балиғатқа толған кісі болса, мына дұғаны оқиды:
الل[هKم[ اغVفeرV لeحPيlنPا وP مPيlتeنPا وP شPاهeدeنPا وP غPائeبeنPا وP ذPكPرeنPا وP أKنVثPانPا وP صPغeيرeنPا وP كPبeيرeنPا
PمنV تPوPف[يVتPهK مeن[ا فPتPوPف[هK عPلى الVإeيمPانe
PمنV أPحVيPيVتPهK مeن[ا فPأPحVيeهe عPلى الVإeسVلPامe وP
الل[هKم[
Транскрипциясы: Аллааһуммәғфир ли хаййнәә уә мәййтинәә уә шаһидинәә уә ғоо-ибинәә уә зәкәринәә уә унсәәнәә уә сағииринәә уә кәбииринәә.
Аллааһуммә мән ахиәйтәһу миннәә фә ахиһи ъалал-исләм уә мән тәуәффәйтәһу миннәә фа тәуәффәһу ъалал-иман.
Мағынасы: Я, Алла! Тірілерімізге, өлілерімізге, осы жердегілерде және мұнда болмағандарға, ерлерімізге, әйелдерімізге, кішіміз бен үлкенімізге кешірім ет! Аллаһым! Бізден кімге өмір берсең, соған ислами өмір нәсіп ет! Ал ажалы жеткен құлдарыңның жанын иманмен ала гөр!
Егер қайтыс болған адам балиғатқа толмаған бала болса, мына дұғаны оқиды:
الل[هKم[ اجVعPلVهK لPنPا فPرPطZا وP اجVعPلVهK أPجVرZا وP ذPخVرZا وP اجVعPلVهK لPنPا شPافeعZا وP مKشPفlعZا
Транскрипциясы: Аллаһуммәжъәлһу ләнәә фаротон уәжъәлһу ләнәә әжрон уә зухрон уәжъәлһу ләнәә шәәфиъан уә мушаффәъән.
Мағынасы: Я, Алла! Бұл сәбиді жәннатта бізді қарсы алушы әрі ақырет сыйы және бізге оны шапағатшы ет! Оның бізге жасайтын шапағатын қабыл ала гөр!
Осы дұғалардан соң төртінші тәкбірді айтып, сәлем береді. Сөйтіп жаназа намазы тәмамдалады.
С: Жаназа намазы біткеннен кейін қандай дұға оқылады?
Ж: Мына дұға оқылады:
رPبŒe اغVفeرVلPنPا وP لeهذPا الVمPيŒeتe وP افPVتحV لPهK فى قPبVرeهe الل[هKمŒP زeدV أPجVرPهK وP لPا تKضPلlنPا بPعVدPهK
Транскрипциясы: Робби-ғфирләнәә уә ли-һәәзәл-мәйити уәфтәх ләһуу фии қобриһии Аллааһуммә зид ажроһуу уә ләә тудоллинәә бәъдәһуу.
Мағынасы: «Я, Раббым! Арамыздағылардың күнәларын және осы марқұмның күнәларын кешіре гөр. Осы мәйітке қабірінде кеңшілік бере гөр! Я, Аллам! Осы мәйіттің сауаптарын арттыра гөр! Одан кейін бізді адасудан сақта!».
С: Жаназа намазындағы тәкбірлерді айтқанда қолды және басты көтере ме?
Ж: Тәкбір-тахрима айтқанда қолды көтереді, басқа тәкбірлерде қолды да, бас ты да көтермейді.
С: Жаназа намазы оқылғанда мәйітті қайда қояды?
Ж: Жамағаттың алдында, құбыла жаққа қояды.
С: Мәйіт қалай жатқызылады?
Ж: Оң жағын құбылаға қаратып шалқасынан жатқызылады.
С: Имам қай жерде тұрады?
Ж: Жамағаттан ілгері, мәйіттің көкірегі тұсында сәжде жасайтындай аралықта тұрады.
С: Бір адам жаназа намазына кешігіп келсе, не істейді?
Ж: Ол имамға тез арада ұйиды. Имам сәлем берген соң, оқылмаған тәкбірлерді өзі оқып бітіреді.
С: Егер кешіккен адамның дәреті болмай, дәрет алғанша намаз бітіп қалатындай болса, не істейді?
Ж: Таяммүм алып, намазға қосылады.