Дәретті бұзатын амалдар
С: Дәретті қандай амалдар бұзады?
Ж: Он бір түрлі амал бұзады: 1) жел шығару; 2) үлкен немесе кіші дәретке отыру;
3) денесінен қан, сары су, ірің ағып, басқа жерлеріне жайылу; 4) мұрны немесе тісі қанау;
5) ауруға байланысты көзіне іріңді жас келу; 6) қан құсу;7) ауызын толтырып құсу; 8) жатып немесе бір нәрсеге сүйеніп ұйықтау; 9) есінен адасу; 10) намазда тұрғанда дауыс шығарып күлу; 11) ер мен әйелдің жыныс мүшелері бір-біріне тиюі.
C: Денесінен ірің, сары су, қан сияқты нәжістер аз көлемде шығып, басқа жерлерге жайылмаса, денесінен тер шықса, көзіне жас келсе, қолдары өзінің немесе жұбайының жыныс мүшесіне тисе, дәрет бұзылады ма?
Ж: Жоқ, бұзылмайды.