Дін және шариғат
Сұрақ: Дін және шариғат деген не?
Жауап: Алла тағаланың құлдарына жіберген үкімдері.
С: Алла тағала құлдарына не үшін үкімдер жіберді?
Ж: Алла тағала дүниеде және ақыретте құлдарына рақым ету үшін үкімдер жіберді.
С: Бұл үкімдерде не баяндалған?
Ж: Бұл үкімдерде кейбір істерге бұйырған, кейбір істерден тыйған.
С: Алла тағала құлдарына дін және шариғат үкімдерін қалай үйретті?
Ж: Алла тағала адамдардың арасынан пайғамбарды (елші) таңдап, оған Жәбірейіл атты періште арқылы дін үкімдерін үйретті. Ал, пайғамбарлар басқа адамдарға сол дінді жеткізді.