Діни ғибратты сөздер

Алтылық бап

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Алты нәрсе алты жерде ғаріп (бөтен, жат):

Намаз оқымайтын қауымның ортасындағы мешіт ғаріп.
Оқымайтын адамның үйінде тұрған Құран кітабы ғаріп.
Пасықтың ішінде жатталған Құран аяттары ғаріп. Оспадар залымның қолындағы жақсы мұсылман әйел ғаріп.
Ахлақсыз, шайпауыз әйелге тап болған салихалы мұсылман ер ғаріп.
Сөзін тыңдамайтын қауымның арасында қалған ғалым ғаріп».
Сосын Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Осыларды ғаріп
күйге түсіріп, жетімсірет-кендерге Алла Тағала Қиямет күнінде рахым етпейді».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алты адамға лағынет айттым. Алла Тағала да, дұғасы қабыл болған күллі пайғамбарлар да лағынет айтты. Олар:

Алла Тағаланың Кітабында жоқ сөзді қосып жазушы; Алла Тағаланың тағдырын өтірікке шығарушы;
Алла Тағала төмендеткенді жоғарылатып, Алла жоғарылатқанды төмендету үшін қатыгез билік жүргізуші;
Алла Тағала харам еткенді халал деуші; Менің әулетімнен харамды халал дегендер; Сүннетімді тәрк етуші.
Алла Тағала оларға Қиямет күні рақымшылық етпейді».

****

Әбубәкір Сыддық айтқан: «Ібіліс алдыңда тұр. Нәпсің оң жағыңда тұр. Әуейілік (желік) сол жағыңда тұр. Дүние артыңда тұр. Дене мүшелерің жан-жағыңда. Жаббар Иең төбеңде. Алланың лағынеті болғыр Ібіліс дініңді таста дейді. Нәпсің асылыққа шақырады. Әуейілік нәпсіқұмарлыққа шақырады. Дүние ақыретіңді өзіне айырбастауыңа шақырады. Дене мүшелерің күнәларға шақырады. Ал, Жаббар Иең жәннат пен жарылқануға шақырады. Алла Тағала Кітабында: «Алла жәннатқа және жарылқануға шақырады» (Бақара, 221), – деген. Кім Ібілістің айтқанын тыңдаса, дінінен айрылады. Кім нәпсісін тыңдаса, Жоғары

айрылады. Кім әуейілікке ерсе, ақылынан айрылады. Кім дүниенің айтқанын тыңдаса, ақыретінен айрылады. Кім дене мүшелерінің азғыруына ерсе, жәннаттан құр қалады. Кім Алла Тағаланың аятына құлақ асса, оның жамандықтары жуылып, хисапсыз қайырлылыққа кенеледі».

****

Омар (р.а.) былай деген: «Алла Тағала алты нәрсені алты жерге жасырды. Өзінің разылығын тағат-ғибадатында жасырды. Ашу-қаһарын өзіне жасалған асылықта жасырды. Өзінің Ұлы Есімін Құранда жасырды. Қадір түнін Рамазан айларының түндерінің арасына жасырды. Орта намазды күнделікті бес намаздың арасында жасырды. Қиямет күнін күндердің арасында жасырды».

****

Осман (р.а.) айтқан: «Мүмінде алты түрлі қауіп болады. Алла Тағаланың иманын алып қоюынан қауіптенеді. Жазушы періштелердің Қиямет күні масқара ететін күнәларын жазып қоюынан қауіптенеді. Шайтанның өзінің жақсы амалын бұзуынан қауіптенеді.Өлім періштесінің қаперсізде жанын алуынан қауіптенеді. Дүниенің қызықтарына батып, ақыретін ұмытудан қауіптенеді. Өзінің бала-шағасымен болып, Алланың зікірін ұмытудан қауіптенеді».

****

Әли (р.а.) былай дейді: «Кім алты сипатқа ие болса, жәннат бұйырып, тозақтан аман-сау болады: Алла Тағаланы танып, оған бойсұнса; шайтанды танып, оған бағынбаса; ақыретті біліп, оған құлшынып амал істесе; дүниені танып, одан бет бұрса; ақиқатты танып, оның ізіне ерсе; жалғандықты танып, одан аулақтаса».

****

Ол тағы былай деген екен: «Нығметтер алтау: Ислам, Құран, Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.с.), бас амандық, Алланың күнәларды жасыруы, адамдарға тәуелді болмау».

****

Яхия ибн Муғаз ар-Рази былай деген екен: «Білім – амалдың жол бастаушысы, түсінік – білімнің қазаны, ақыл – қайырлыққа бастаушы, әуейілік – күнәға апарар көлік, мал- мүлік – такаппарлардың киімі, дүние – ақыреттің базары».

****

Әбу Зу-Жимһир былай деген екен: «Алты нәрсе бүкіл дүниеге тең: дұрыс тамақ, жақсы бала, лайықты жар, нақты әрі айқын сөйлеу, ақылдың кемелдігі, деннің саулығы».
Жоғары

****

Хасан Басри былай деген екен: «Заттардың күйден-күйге ауысуы болмаса жер де, оның бетіндегілер де құрып кетер еді. Ізгілер болмаса нашарлар құрып кетер еді. Ғұламалар болмаса адамдар хайуандар сияқты тіршілік етер еді. Әмірші болмаса адамдар бірін-бірі құртар еді. Жел болмаса дүние сасып кетер еді».

****

Кейбір даналар былай депті: «Алладан қорықпаған тілінің зарарынан құтылмайды. Аллаға жолығатынын біліп, одан қорықпағанның жүрегі харам мен күдіктен құтылмас. Халайықтан күдер үзбеген есекдәмеліліктен құтыла алмас. Амалына мұқият болмаған риядан құтылмас. Алладан жүрегін таза сақтауды сұрамаған бойындағы қызғаныштан құтылмас. Өзін білімі мен амалы жоғары тұрған адаммен салыстырмаған өз-өзіне тамсанудан құтыла алмас».

****

Хасан Басри былай депті: «Жүректер алты нәрседен бұзылады: тәубені үміт етіп күнә жасау; білімді үйреніп, оған амал етпеу; амалдарын ықыласпен орындамау; Алла берген ризықты жеп, шүкіршілігін жасамау; Алланың бергеніне разы болмау; өлгендерін көміп, одан еш ғибрат алмау».

****

Хасан Басри тағы былай деген: «Кім тек дүниені қалап, ақыретін дүниемен ауыстырса, Алла Тағала оны алты нәрсемен жазалайды. Олардың үшеуі осы дүниеде, үшеуі ақыретте. Дүниедегі үшеуі: шексіз үміт (амал етпей, Алланың рахымынан бос үміт ету), қанағат, тойымы жоқ ашкөздік, ғибадаттың тәттілігін сезбеу. Ақыреттегі үшеуі: Қиямет күні қатты қорқыныш, ауыр есеп, шексіз қасірет».

****

Ахнаф ибн Қайыс былай деген екен: «Қызғаншақта рахат болмас. Өтірікшіде тектілік болмас. Сараңда айла болмас. Патшаларда опа болмас. Мінез-құлқы нашарда басшылық сипат болмас. Алланың тағдырынан құтылу болмас».

****

Бір хакімнен «Күнәсына тәубе жасаған пенденің тәубесінің қабыл болғандығының білуге бола ма» деп сұрағанда: «Ол туралы үкім ете алмаймын. Бірақ оның белгілері бар», – деген екен. Сол белгілер: өзін күнә-қателіктен тазамын деп есептемеу; жүрегінде қуаныштан гөрі мұңның басым болуы; жақсыларға жақын жүріп, жамандардан алыстау; аз дүниесін көп деп көріп, көп амалын аз деп көру; Алла Тағаланың уәде бергеніне (жәннатқа) амал жасап, жүрегі соны ойлау; Алла Тағаланың өз кепілдігіне алғанын (ризық)
Жоғары

ойламау; тілін күнәлі, бос сөздерден сақтап, көп ойлану; істеген күнәсіне қамкөңіл болып, опық жеу».

****

Яхия ибн Муғаз былай деген: «Меніңше, қатты адасуға мыналар жатады: кешірілуіне үміттеніп, күнә істерін жалғастыра беру, Аллаға ғибадатсыз жақындаймын деп ойлау, тозақтың дәнімен жәннаттың миуасын егуді ойлау, бойсұнушылардың әлеміне асылық сипатымен жетем деп ойлау, жақсы амал етпей жақсы сыйдан дәмелену, Алла Тағаладан амал етпей үміт ету».

****

Ахнаф ибн Қайыстан «пендеге берілген нәрсенің ең жақсысы не» деп сұрағанда «таза ақыл» депті. «Ол болмаса ше» деп сұрағанда, «жақсы әдептілік» деп жауап беріпті. «Ол болмаса ше» деп сұрағанда «жақсы жолдас» депті. «Ал, ол болмаса ше» деп сұрағанда «күшті, таза жүрек» деп жауап беріпті. «Ол да болмаса ше» деп сұрағанда «үндемей жүру» депті. «Ол сипат та болмаса ше» деп сұрағанда «онда өлімнің өзі жақсы деп жауап берген екен.

****

ﺑ ْﺴــﻢ ٱd اﻟﺮ ْﺣ ٰﻤ ِﻦ اﻟﺮ ِﺣﻴـﻢ
Жетілік бап

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *