Діни нақыл сөздер

Бестік бап

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Кім бес нәрсені құрметтемесе бес нәрседен құр қалады.

Кім ғалымдарды құрметтемесе діннен құр қалады. Кім әміршілерді құрметтемесе дүниесінен құр қалады.
Кім көршілерін құрметтемесе көп пайдадан құр қалады.
Кім күштілерді құрметтемесе олардың қолдауынан құр қалады.
Кім өзінің жанұясын құрметтемесе тыныш өмірден құр қалады».
****

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Үмметіме бір заман келеді. Сонда олар бес нәрсені жақсы көріп, бес нәрсені ұмытады. Жоғары

Дүниені жақсы көреді, ақыретті ұмытады. Үлкен үйлерді жақсы көреді, қабірді ұмытады. Мал-мүлікті жақсы көреді, Есеп күнін ұмытады.
Көп әйелі, баласы болғанын жақсы көреді, әділдікті ұмытады.
Нәпсілерін жақсы көреді, Алланы ұмытады.
Олар менен емес және менің оларға қатысым жоқ».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алла Тағала кімге бес нәрсені берсе үстеме ретінде тағы да бес нәрсе береді:

Кімге шүкіршілік қасиет берсе оның ризығын үстемелейді;
Кімге дұғагөйлік қасиет берсе оның дұғасын қабыл етеді;
Кімге истиғфар – жарылқану тіленетін қасиет берсе оған кешірім жасайды;
Кімге тәубешілік қасиет берсе оның тәубесінің қабыл болуын даярлайды;
Кімге садақа берушілік қасиет берсе оның садақасын қабыл алуды даярлайды».
****

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) былай дейді: «Бес нәрсе қараңғылық, бес нәрсе сол қараң-ғылықты сейілтетін шамшырақ: дүниені жақсы көру – қараңғылық, тақуалық оның шамшырағы, күнә – қараңғылық, ал оның шамшырағы – тәубе, қабір – қараңғылық, ал оның шамшырағы – «Лә иләһә иллаллаһ Мұхаммадур-расулаллаһ», ақырет – қараңғылық ал оның шамшырағы – ізгі амал, Сират қылкөпірі – қараңғылық, ал оның жарығы – айқын иман».

****

Омар (р.а.) былай деген екен: «Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Ғайыпты болжап айтудың күнә екені болмаса бес адамның жәннаттық болатыны туралы айтар едім:

Көп балалы пақыр кісі; Күйеуі разы болған әйел;
Жарының жағдайына қарап қалың малын талап етпеген әйел;
Әке-шешесі разы болған бала; Күнәсіне тәубе жасаған пенде».
****

Осман (р.а.) былай деген екен:

«Мұттақиндердің (аса тақуалардың) белгілері бесеу:

Дініне пайда беретін, беталды сөйлемейтін адаммен ғана бірге отырады.
Көп дүниеге тап болуын үлкен сынақ деп түсінеді.
Дініне пайдалы бір аз нәрсені көзі шалса, дереу содан пайда алуға ұмтылады.
Харам нәрсе араласып кетер деген сақтықпен халал нәрсемен қарнын тойғызбайды.
Әрдайым басқа жұрт тозақтан құтылды, тек мен ғана тұтылдым деген пікірде болады».
****

Әли (р.а.) былай деген екен: «Бес нәрсе болмаса адамдардың барлығы ізгілерге айналар еді: надандықты қанағат тұту, дүниеқоңыздық, жақсы мінезден алыстау, іс-амалды рия- көрсету үшін істеу, өз пікіріне ғажаптану».

****

Жамиғы мұсылман ғұламаларынан: «Алла Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) бес түрлі керемет берген: есім, Өзінің тікелей жауап қатуы, мол сый, қателіктің кешірілуі, ризашылық. Есімі туралы айтсақ, Алла Тағала барлық бұрынғы пайғамбарларын өз есімдерімен атап шақырса, Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) Расулаллаһ (Алланың елшісі) деп шақырған. Ал өзінің тікелей жауап қатуына келер болсақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) қандай дұға қылса да Алла Тағала өзі тікелей жауап берген. Бұл қасиет басқа пайғамбарларға берілмеген еді. Мол сыйға келер болсақ, Алла Тағала оған (с.а.с.) Кәусар бұлағы мен ұлы шапағатты сыйлады. Ал қателікке келер болсақ, Алла Тағала Оның (с.а.с.) бұрынғы- соңғы қателерінің кешірілгендігін айтқан. Алланың разылығына келер болсақ, Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) барлық фидиясы, садақасы, қабыл болынды».

****

Абдолла ибн Амр ибн Ас (р.а.) былай деген екен: «Кім бес сөзді айтса екі дүниеде де бақытты болады: әрдайым «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-расулалланы» айтып жүру, бір бәлеге, сынаққа душар болса, «Иннә лилләһи уа иннә иләйһи ражиъун, уа лә хаулә уа лә қуаатә иллә билләһил-ъалийл- ъазим» деп айту, ал нығмет берілсе шүкірлік алғыс ретінде
«Әлхамдулилләһи раббил-ъаламин» деу, бір істі бастарда
«Бисмилләһир-рахманир-рахим» деп бастау, бір қателікке, күнәға ұрынғанда «Астағфираллаһал-азим уа әтубу иләйһи» деп айту».

****

Хасан Басри айтады: «Тәуратта бес нәрсе жазылыпты: байлық қанағат етуде, амандық дара жүруде, абырой нәпсіқұмарлықтан аулақтауда, қызыққа кенелу көп күндерде (тағат қылуда), сабыр ету аз күндерде (шыдауда)».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай айтты:

«Бес нәрседен бұрын бес нәрсені пайдаланып қал:

қартаймастан бұрын жастық шағыңды, ауырмастан бұрын денсаулығыңды, кедейленбестен бұрын байлығыңды, өлместен бұрын өміріңді,
жұмыстан бұрын бос уақытыңды (Алла жолына, ақыретіңе пайдаланып қал)».
****

Яхия ибн Муғаз ар-Рази былай дейді: «Кімнің тоюы көп болса, денесінің еті-майы көп болады. Ал кімнің денесінің еті-майы көп болса, бойының желігі көп болады. Ал кімнің бойының желігі көп болса күнә-қателігі көбейеді. Ал кімнің күнә-қателігі көп болса жүрегі қатыгезденіп, сөнеді. Ал кімнің жүрегі өлсе, пәни дүниенің апаттары мен өткінші қызықтарының тереңіне батып кеткен болады».

****

Суфиян Сәури былай деген: «Кедейлер бес нәрсені қалады, байлар бес нәрсені қалады. Кедейлер жан рахатын, жүрек тыныштығын, Раббыларына ғибадатты, Қияметте жеңіл есепті, жәннатта биік дәрежелерді таңдады. Ал, байлар жанның шаршауын, жүректің мазасыздығын, дүниеге құлшылықты, Қияметте ауыр есепті, жәннаттың төмен дәрежелерін таңдады».

****

Абдолла әл-Антаки былай деді: «Жүректің дауасы бесеу: салихалылармен мәжіліс, Құран оқу, қарынның бос болуы, түнгі намаз,таңғы мінәжат».

****

Бүкіл ғұламалар былай деген: «Бес түрлі пікір ету бар.

Алланың аяттарына зер салып пікір етуден таухид пен айқын иман туындайды.
Алланың мейірімі туралы ойланудан махаббат туындайды. Алланың ізгі амал еткендерді жәннатқа кіргізетін уәдесі туралы ойланудан құлшыныс пайда болады.
Алланың залымдарды тозаққа кіргізетіні туралы пікір етуден Алланың айбатын ұғынады.
Өзінің ғибадаттарды дұрыс орындай алмайтындығын пікір етуден Алла Тағаладан ұялу пайда болады».
****

Даналардан қалған сөз: «Тақуаның алдында бес асу бар. Сол асулардан өте алса тақуалыққа қол жеткізеді: рахатты қиындыққа айырбастау, демалысты ауыр еңбекпен айырбастау, өзін жоғары ұстауды төмен ұстауға айырбастау, көпсөзділікті үнсіздікке айырбастау, өмірді өліммен айырбастау».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Оңаша мінәжат сырларды қорғайды. Садақа малды қорғайды. Аллаға шынайы ықылас амалдарды қорғайды. Шын сөйлеу сөздерді қорғайды. Көппен кеңес көзқарастарды қорғайды».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Дүниені жинауда бес жаман нәрсе бар:

Оны жинауда шаршап-шалдығу,
Оны түзеймін деп Алланың зікірінен алыстау, Ұры-қарыдан қорқу,
Сараң деген атқа қалу,
Сол үшін салихалылардан алыстау.
Ал дүниеден алыстаудан бес нәрсе бар:

Оны іздеп шаршамау,
Алланы зікір етуге уақыт табу, Ұры-қарыдан қорықпау, Жомарт деген атқа ие болу, Салихалылармен бірге жүру».
****

Суфиян Сәури былай дейді: «Осы заманда кімнің малы көп болса, онда міндетті түрде бес түрлі жаман қылық бар: Алланың рахымынан амал етпей есекдәмелілікпен үміт қылу, шектен асқан дүниеқоңыздық, шектен тыс сараңдық, аз тақуалық, ақыретті ұмыту».

****

Бір шайыр былай деген екен:

Дүниеге беріліп, мастанушы замандас! Алдамшы ол, бермес опа, көзіңді аш!


Күнде өлтірер жаңа келген ашынасын, Оны ойлап жаның енді ашымасын.


Көріп бүгін бір құрбысын, ертең іздер басқаны

Кешегісі есте қалмас, бәрібір оған жас-
кәрі.

****

Хатим әл-Асам былай деген екен: «Асыққан – шайтанның ісі. Тек бес жағдайда асығу – келген қонаққа ас беруге, мәйітті аттандыруға, балиғатқа толған қыз баланы ұзатуға, қарызды қайтаруға, істелінген күнәға тәубе жасауға асығу Пайғамбардың (с.а.с.) сүннеті».

****

Мұхаммед ибн әд-Дури былай деген екен: «Ібіліс бес нәрсемен бейшара болды:

Істеген күнәсін мойындамады; Күнәсына өкінбеді;
Өзін кінәламады;
Тәубе етпеді; Жоғары

Алланың рахметінен күдер үзді.
Ал, Адам Ата бес нәрсемен бақытты болды:

Істеген күнәсін дереу мойындады; Күнә істеп қойғанына қатты өкінді; Өзін-өзі кінәлап, жегідей жеді; Тәубе етуге асықты;
Алланың рахымынан күдер үзбеді».
****

Шақиқ әл-Балхи былай деген екен: «Бес нәрсені орындаңдар: қолдан келгенше Аллаға ғибадат етіңдер, дүниеден керектіні қанша өмір сүретіндеріңе қарап алыңдар, азабына шыдайтындарыңа нық сенімді болсаңдар күнә істей беріңдер, қабірде қанша көп болатындарыңа қарап дүниеде ізгі амалдарды сонша көп істеңдер, жәннаттан қандай дәрежесін қаласаңдар сондай лайықты амал етіңдер».

****

Омар (р.а.) былай деген екен: «Көп сырластарды көрдім, бірақ тілімді сақтаудан артық сырлас таппадым. Көп киімді көрдім, бірақ тақуалықтан артық киім таппадым. Көп мал- мүлікті көрдім, бірақ қанағаттан артық малды көрмедім. Жақсы істің көп түрін көрдім, бірақ насихаттан артық жақсылық көрмедім. Көп тағамдардың дәмін татып көрдім, бірақ сабырдың дәмінен тәтті дәм татып көрмедім».

****

Даналардан қалған сөз: «Тақуалық (зуһд) бес сипатты: Аллаға нық сенімділік, халайықтан аулақтық, амалда ықыластылық, зұлымдыққа төзе білу, қолдағы барға қанағат қылушылық».

****

Кейбір тақуалардың мінәжаттарынан: «Ей, Раббым! Пендеңді көпүміттілік алдады, дүниеқұмарлық түбіме жетті, шайтан адастырды, нәпсім шындықтан алыстатты, жаман пиғылым жамандыққа итерді. Ей, Құтқарушым, өзің құтқармасаң құрыдым! Өзің рахым етпесең, кім рахым етеді?!».

****

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген (екінші риуаят): «Үмметіме бір заман келеді. Сонда олар бес нәрсені қатты жақсы көріп, бес нәрсені мүлде ұмытады.

Дүниені жақсы көріп, ақыретті ұмытады. Өмірді жақсы көріп, өлімді ұмытады.
Зәулім сарайларды жақсы көріп, қараңғы қабірлерді ұмытады.
Мал-мүлікті жақсы көріп, ол үшін беретін есепті ұмытады.
Жаратылысты жақсы көріп, Жаратушыны ұмытады».
****

Жоғары

Яхия ибн Муғаз ар-Рази мінәжаттарында былай деген екен:
«Уа, Раббым! Саған мінәжат етпей түнімнің сәні болмайды. Саған құлшылық етпей күндізімнің сәні болмайды. Сені зікір етпей дүниемнің сәні болмайды. Сенің жарылқауыңсыз ақыретімнің сәні болмас. Сені көрмей жәннаттың сәні болмас».

****

ﺑ ْﺴــﻢ ٱd اﻟﺮ ْﺣ ٰﻤ ِﻦ اﻟﺮ ِﺣﻴـﻢ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *