Діни нақыл сөздер

Екілік бап

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Екі қасиеттен абзал ештеңе жоқ: Аллаға иман келтіру мен мұсылмандарға пайда келтіру. Екі нәрседен асқан қасиетсіздік жоқ: Аллаға серік қосу мен мұсылмандарға зарар беру».

****

Пайғамбар (с.а.с.) басқа хадисінде былай деген:
«Ғалымдардың мәжілістеріне қатысып, даналардың сөздеріне құлақ қойыңдар. Алла Тағаланың жауын арқылы құнарсыз топыраққа жан бітіргеніндей хикметтер арқылы өлі жүректер тіріледі».

****

Әбубәкір (р.а.) былай дейді: «Қабірге жол азықсыз (ізгі амалдарсыз) кірген адам ашық теңізде кемесіз қалғанмен бірдей».

****

Омар (р.а.) былай дейді: «Дүние даңқы малмен, ақырет даңқы ізгі амалмен шығады».

****

Осман (р.а.) былай дейді: «Дүниені ойлаумен жүректі кір басады, ақыретті ойлаумен жүректі нұр басады».

****

Әли (р.а.) былай деген: «Білім жолында іздену жәннатты іздеумен тең, күнә жолында жорту тозаққа асыққанмен тең».

****

Яхия ибн Муғаз былай дейді: «Асыл жанды пенде Аллаға асылық танытпас, шын данагөй дүниені ақыреттен жоғары қоймас».

****

Ағмаш былай дейді: «Кімнің байлығы тақуалық болса, оның тапқан діни пайдасын сипаттауға тіл жетпес, ал кімнің байлығы тек дүние болса, оның тартқан зиянын сипаттауға тіл жетпес».

****

Суфиян Сәури былай депті: «Нәпсіқұмарлықпен болған күнәнің кешірілуіне үміт бар, бірақ тәкаппарлықпен болған күнәның кешірілуіне жоқ. Оның себебі, Ібілістің күнәсі тәкаппарлықтан болатын, ал Адам Атаның күнәсінің негізі құмарлықтан еді».

****

Кейбір зәһид-тақуалардан қалған мынадай сөз бар: «Кімде- кім күліп жүріп күнә қылса, Алла оны жылатып тозаққа кіргізеді. Кімде-кім Алла жолында жылап ғибадат етсе, Алла Тағала оны күлдіріп жәннатқа кіргізеді».

****

Кейбір даналар былай депті: «Кішкентай күнәларға салғырт қарама. Өйткені үлкен күнәлар кішкентай күнәлар арқылы көбейіп шығады».

****

Пайғамбар (с.а.с) былай деген екен: «Қайта-қайта істелінген күнә кішкентай болмас, жарылқау тіленген күнә үлкен болмас».

****

Ескіден қалған мынадай сөз бар: «Алланы танушының бар қамы Алланы мадақтау болса, зәһид-тақуаның мұңы – дұға. Оның себебі Алланы танушының бар мұңы – Раббысы, тақуаның бар мұңы – жеке басы».

****

Бағзы даналардан мынадай сөз қалыпты: «Кімде-кім Алладан артық жақыным бар деп ойласа, ол оның Алла жөніндегі танымының аздығын білдіреді. Кімде-кім өзінің нәпсісінен асқан дұшпаным бар деп ойласа, ол оның өзінің нәпсісін танымағандығы».

****

Әбубәкір (р.а.) «Адамдардың істеген істері себебінен құрылықта да, теңізде де бүлінушілік шықты» (Рум, 41) деген аяттағы құрылықты тіл, ал теңізді жүрек деп түсіндіріп: «Пенденің тілі бұзылса, адамдар жылайды, ал егер жүрегі бұзылса, періштелер жылайды», – деген е Жоғары

****

Ескілерден қалған мынадай сөз бар: «Нәпсіқұмарлық патшаларды құл етеді. Ал, сабырлылық құлдарды патша етеді». Жүсіп пен Зылиханың қыссасы бұған айқын мысал емес пе?

****

Ескіден қалған тағы бір нақыл мынадай: «Ақылы көшбасшысы болып, нәпсісі тұтқыны болғанға нұр жаусын! Керісінше, нәпсісі көшбасшысы болып, ақылы тұтқыны болған қандай қасырет!».

****

Даналар былай депті: «Күнәлардан тыйылғанның жүрегі жұмсарар, арамды жеуді тоқтатып, тек адалмен азықтанғанның ой-пікірі тазарар».

****

Алла Тағала пайғамбарларының біріне былай уахи етіпті:
«Бұйырған нәрселеріме бойсұн, айтқан кеңестеріме қарсы шықпа».

****

Даналар айтқан мынадай нақыл сөздер бар: «Адам ақылы Алланың разылығын іздеп, қаһарынан аулақтауымен толысады».

****

«Бекзат жан үшін жат жер жоқ, надан үшін Отан жоқ».

****

«Аллаға бойсұнып жақындаған пенде адамдар арасында ғаріп (бөтен) болар».

****

«Тәннің қозғалысы оның тірі екендігін білдіргені сияқты Аллаға бойсұнып, әрекет ету Алланы танудың айғағы».

****

Пайғамбар (с.а.с) былай деген: «Барлық күнәлардың түп негізі – дүниені жақсы көруден, барлық бүліктердің түп негізі – үшір мен зекет бермеуден».
**** Бұрынғылардан қалған нақыл сөздер:

«Өзінің кемшілігін мойындаушы әрдайым мақтаулы. Өйткені кемшілікті мойындай білу – көркем қасиет».

****

«Нығметке шүкірсіздік ету – күнә, ақымақпен бірге болу – қасірет».

**** Бір ақын былай деп бәйіт айтқан екен:
Бауырым! Дүниеге мас болып, бойкүйездікке ұрындың, Қалмағайсың ғапілетте, салғанша ажал құрығын.
Өлім айтып келмейді, қабірде жолдас – амалың Дүниеде сабыр қыл, жеткенше уақыт – ажалың.
****

ﺑ ْﺴــﻢ ٱd اﻟﺮ ْﺣ ٰﻤ ِﻦ اﻟﺮ ِﺣﻴـﻢ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *