БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- «Алаш» қозғалысы идеяларының мемлекет құрылысындағы, демократиялық құндылықтардағы және қазіргі Қазақстан қоғамының еуропалық жолды таңдаудағы сабақтастығы.
Кез келген ұлт үшін мемлекеттілік басты құндылық болып та- былады. Әлихан Бөкейхан айтқандай, мемлекеттілігі жоқ халық
- жетім халық. Алаш идеясының өзегі де ұлттық мемлекеттік дер- бестік. Алаш көшбасшылары қазақ қоғамын біртіндеп Еуропалық деңгейдегі өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды ұштастыру негізінде сол замандағы нақты жағдайларға бейімдеуді өздерінің анық та айқын мақсаты тұтты. Қазақтың белгілі тарихшы- сы Манаш Қозыбаевтың сөзімен айтсақ «ХХ ғасырда ұлт-азаттық қозғалысының жаңа сатысы басталды. Оның басы-қасында «Оян, қазақ» ұранымен шыққан, демократиялық Ресейдің құрамында қазақ елін еуропалық жолмен дамытуды, жаңғыртуды көксеген ре- форматорлар (Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай) бастаған ұрпақ жүрген еді» («Егемен Қазақстан», 1996 жылдың 6-ыншы желтоқсаны). Түркістан ав- тономиясын жариялаған Алаш қайраткерлерінің жапондықтарды үлгі тұтқан шығыстық (Мұстафа Шоқай) бағыттағы ұстанымдары да маңызды. Жапонияның өзі Еуропадан үйрене отырып, ілгері дамудың жолына шыққанын ескерсек, олардың ұстанымдарында алшақтықтар көп емес. Сол себепті де «Ақ жол» партиясы тəуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі – Еуропалық Одақпен ынтымақтастық болуы тиіс деп санай- ды. Қазіргі таңда егемен еліміз Еуропаның жетекші елдерімен үнқатысудың деңгейін едəуір көтеруге қол жеткізді. Еуропа мемле- кеттері, олардың жоғары деңгейдегі технологиялық дамуын ескер- сек, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда біздің басты экономикалық серік- тесіміз, Қазақстанның басты сауда жəне инвестициялық əріптесі болып қала беруі аса қажет. Сол себепті елде біздің азаматтарымыз
үшін визалық режімді либераландыру жөнінде дəйекті жұмыстар атқарылғаны жөн. Қытай мен Ресей секілді екі алып елдің орта- сында отырған бізге Еуроодақпен де сенімді серіктес болу өте маңызды. Сонымен қатар тағы бір маңызды бағыт – Түркі тілдес мемлекеттердің өзара ынтымақтастығынан, мəдени, рухани, саяси жəне экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың қажеттілігінен туындайды. Тегі бір, тілі бір, тарихы ортақ түркі халықтарының тұтастығын Алаш қайраткерлері де аңсаған. Мағжан жырлап, арман еткен Ер түріктің рухы оянып, түбі тектес, тереңге тамыр тартқан мəдениетімізді, тарихымызды түгелдеп қана қоймай, жаhандану дəуірінің иіріміне төтеп беру үшін, əлем халықтары арасынан ойып тұрып өз орнымызды алу үшін ағайын түркі халқы болып тұтастануымызға жұмыс жасау керек. «Ақ жол» партиясы осы асыл арманды жүзеге асыруда түркі халықтарының атажұрты саналатын Қазақстан мемлекеті көп күш-жігер жұмсауы керек деп есептейді. Бұл бағытта Түркі тілдес халықтарының ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынасының стратегиясының жасалуына Қазақ елінің бастамашылдық танытып отырғанын біздің партиямыз қолдайды.
Дүрбелеңге толы дүниеде елдің ешбір сына қағылмастай тұтас болуы айрықша маңызды. Ол үшін, ең алдымен қазақтың бірлігі, қазақтың маңына топтасқан барша этностардың бірлігі керек. Еш- кімді ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлмеу, кемсітпеу – зайырлы, мəдениетті елдің белгісі. Алаш көшбасшыларының ұлылығы да сон- да, олардың таптық жіктелуге де, ұлтшылдық томаға-тұйықтыққа да ұрынбауында. Олар қазақтың жоғын жабайы ұлтшылдық сарын- мен жоқтамаған. Өзге азшылықтағы ұлттар өкілдерінің құқығын шектемейтін қазақ ұлтының елді біріктірушілік идеясын Алаш Орда үкіметін сайлаған съездің өзінде жария еткен. «Алаш Орда» Уақытша Ұлттық Кеңесінің құрамы 25 адам болып бекітіліп,
10 орынның қазақтар арасындағы орыс жəне басқа ұлттардың өкілдеріне қалдырылуының өзі көп жəйтті аңғартады. Ал бізде күні кешеге дейін Алашордалықтарды тек ұлтшылдық тұрғысынан қарастыру белең алғаны рас. Содан да Алаш дегенде басқа ұлттың өкілдері осы қозғалысты ұлтшылдық бағытта деп қана пайымдау кездеседі. Бізге Алаш идеясын біржолата ысырып тастауды көздеген кеңестік жүйеде өмір сүрген кездегі ойлау жүйесінен, сол
кездегі психологиялық пиғылдан тұтастай арылуға күш жұмсауға тура келеді. КСРО-ның үйіндісі астынан шығып тəуелсіздігін алған Қазақстанда ұлттық негіздердің, қағидаттардың жылт етіп көрінуіне секемдікпен қарау əлі де жалғасып келеді. Елбасының жұртшылыққа еліміздің атауын Қазақстан емес, Қазақ елі деп ата- уды ойластыруымыз керек дегенін «Ақ жол» партиясы қолдайды. Өркениет əлемінде мемлекеттің атауы мен азаматтық жігі ажыра- мас ұғым. Қазақстанның азаматы – «қазақстандық» емес, қазақ. Жаңа ұлт саясатын қалыптастыру жəне оны іске асыру барысын- да бүгінгі Қазақстан халқының 65 пайыздан астамын қазақтар құрайтыны, халықаралық құқықтық нормаға сəйкес, бір этностық топтың үлес-салмағы 67 пайызды құраған жағдайда ол ұлттық мемлекет болып танылатыны басшылыққа алынуға тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан көпұлтты емес, əртүрлі этностардың диаспорасы бар, мемлекет жəне жүйеқұрушы қазақ этносы басым ұлттық мемлекет болып табылады жəне халықаралық деңгейде оны ұлттық мемлекет деп көрсету заңды. Жəне оған барлық этникалық қауымдастықтар мүдделі болуға тиісті. Алаш идея- сын əрбір қазақстандық үшін елді ажырататын емес, біріктіруші мақсатқа пайдалануымыз керек. Әлихан Бөкейхан «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» екенін, «бірлік- тен айырылған елдің қаңғып қалатынын» айтқан.
Алаш қайраткерлерінің саяси-қоғамдық қызметтерінен тағылым алу біздің дамуымыздың басты құндылықтарының бірі. Олар Президенттің билігін «Алаш» партиясының бағдарламасы бойынша: «Үкімет басында Құрылтай жиналысы, оның ара- сында Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президент тұрады»,- деп анықтаған. ХХ ғасырдың басында Президенттік басқарудағы мемлекеттердің санаулы болғандығын ескерсек, Алаш арыстарының мемлекет басқару ісінде құқықтық мемлекет құрудың алғышарттарын жасағандығы көрініп тұр. Партия Қазақстанда Президенттік билік бір формациядан екінші формацияға өтіп, тəуелсіздіктің іргетасын орнықтыру бағытындағы стратегиялық басты міндет- теріне жауап бере алғанын атап өте отырып, Қазақстан қоғамы елімізде кезең-кезеңмен саяси жаңғыруды жүзеге асырып, Конституциялық реформалар арқылы Қазақстанды президент-
тік республикадан президенттік-парламенттік республикаға іс жүзіндегі түрлендіруге (трансформациялауға) пісіп жетілді деп санайды. Демократияның шынайылығына дəлел бола алатын
«күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беруші Үкімет» саяси жүйесіне кезең-кезеңмен көшуге кірісуді тым алысқа со- збай бастау қажет. Мемлекеттік басқарудың бұл үлгісін алудың қажетті келесі шарттары: күшті көшбасшы, саналы азаматтық қоғам жəне дамып келе жатқан партиялық сегмент біздің елде бар. Алаш көсемдері сол кездің өзінде жергілікті өзін-өзі басқару идеясын қозғаған. Жергілікті биліктің міндеттеріне — білім беру, денсаулық сақтау жəне шаруашылық жүргізуді жатқызған, жер- гілікті биліктің экономикалық мəселелерді өздері шешулері- не қабілеттілігі жəне мүмкіндіктері барлығына ерекше көңіл аударған.
Мемлекеттің бастауы – демократиялық бостандықтар мен адам құқықтарын қорғауда да Алаштықтар ұлтына, дініне, тілі- не, нəсіліне, жынысына қарамай барлық азаматтардың құқының теңдігін, сөз, баспасөз бостандығын, саяси партия, қоғамдық ұйым немесе қауым құру еркіндігін, өкімет орындарының ешкімді заңсыз жолмен ұстамауын т.б. мəселелерді қозғап, қазіргі таңда да өзекті болып табылатын, озық ойлы идеяларымен ерекшеленеді. Қазіргі заманда азаматтардың құқығы мен бостандығына нақты кепілдікті тек қана заңдары мен тəртібі, құқық қорғау жүйесі жетілген қуатты мемлекет қана бере алады. Біз барлық мемлекет- тік органдар мен олардың кез келген деңгейдегі басшылары тара- пынан əрбір қазақстан азаматының жеке басының қадір-қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуді талап етеміз жəне соған қол жеткізуге ұмтыламыз. «Ақ жол» партиясы ХХ ғасырдың басындағы Әлихан Бөкейхан бастаған озық ойлы қазақ зиялыла- ры құрған «Алаш» партиясының бағдарламасындағы «Әділдікке жақ болу, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болу» қағидатын өзінің бағдарларының бірі ретінде қарастырады. Заңсыздыққа, сы- байлас жемқорлыққа, жүгенсіздікке жəне шектен шығушылыққа əрдайым қарсы шығатын болады. Егемендігіне ие болған ел үшін территориясының тұтастығын қалыптастыру қандай маңызды болса, табиғи байлығы мен қоғамдық игілігін қорғап, экономика- ны жаңғырту да сондай маңызға ие.
Алаш қайраткерлерімен қазақ жерін сақтауда, қазақтардың автономиялық мемлекеттігін, тұрақты əскерінің, экономикасының, ұлттық мəдениетінің жəне тілінің негіздерін қалауда орасан зор саяси, заң шығарушылық, ғылыми жұмыстар жүргізілді. Олар та- рихи деректермен республикамыздың шекарасын негіздей жəне қорғай алды, елдің жалпы дамуының бағытын анықтады жəне т.б. Жаhандану дəуірінде бұл идеялар мен бастамалардың баға жет- кісіз құндылық болып табылатынына күмəн жоқ.
- «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда дамыту.
Алаш партиясының, сол партияның негізінде құрылған Алаш Орда ұлттық үкіметінің бағдарламасының интеллектуалдық- саяси деңгейінің жоғарылығы бұл мəселелерге де бүгінгі күннің биігінен, ертеңгі алар асуларымыздың талаптары тұрғысынан келгенді қалайды. Сол кезеңдегі беделді саяси партиялардың бағдарламаларынан бірде кем емес «Алаш» партиясының бағдарламасы, біріншіден, қазақ елін өзінің бөлінбейтін тер- риториясы бар, отарлық тəуелділіктен азат елге айналдыруды, екіншіден, қазақ халқының өмірін жаңа сапаға көтеруді көздеді. Алашордалықтар бірінші мақсатын: халықтың арманы болған өзін-өзі билеу идеясын қазақтың алғашқы заманауи үкіметі – Алашорданы құрып, аз уақытқа болса да іске асырды. Алашор- да көшбасшылары екінші мақсатын орындауға күш салып, елде пəрменді реформалық шараларды іске асырғылары келді. Кез келген мемлекеттің тұрақты жəне тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор екенін Алаш қайраткерлері жете түсінді. Оны ұлттық басымдықтардың бірі ретінде қарастырды. Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан «қазақтың қойының жүні тоқылып, үстіне киім бо- лып, әрбір темірі өзіне түйме болуы тиіс» деп, сол заманның өзінде нарықтық экономикаға, ұлттық бизнестің дамуына үндеді. Алаш білімдарлары елдің шикізат базасы болып шектеліп қалуына қарсылықтар білдіріп, шикізатты сыртқа шығармай, қазақ жерінде өңдеудің қажеттігін айтқан, ал бұл мақсатқа фа- брик-зауыттар, шойын жол салып қана жетуге болады. Олар қазақ шаруашылығында өнеркəсіптің маңыздылығына мəн беріп, басқа
салалармен салыстырғанда оның алатын орнының қаншалықты екенін бағамдай білген. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағдарын барынша азайтып, оның орнықты өсімін қамтамасыз ететін құрылымдық реформалар жүргізіп, индустриялық салаларды белсенді дамыту бағыты Алаш ұстанымдарына сай іс-шаралар бо- лып табылады. Алаш арыстары ұлттық өндірісті дамытуды табиғи жолмен жүргізуді дұрыс деп тауып, өндірістік қатынастарды коо- перация арқылы жүзеге асыруға ұмтылды, барлық субъектілердің құқықтары тең дəрежеде қорғалып, адал, ашық жұмыс істеуі шарт деп есептеді. Бірінші кезекте дəстүрлі мал шаруашылығын дамыту мен егіншілікпен айналысу арқылы ауыл шаруашылығы саласын көтеріп, жетекші де қуатты агроөнеркəсіптік мемле- кет қалыптастыруды жақтады. Жер көлемі бойынша əлемде тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді еселеп ұлғайтуға əлеуеті жеткілікті. Ол үшін ауыл шаруашылығында өндірісті жедел индустриялық- инновациялық технологияларға ауыстыру қажет. Алашордалықтар жерге ең алдымен қазақ ие болып, жердің асты-үстіңгі байлығын қазақ пайдаланса деген ниетте болып, бұл мəселені «қазақтың тірі я өлі болу мәселесі» деп қазақ қоғамы алдына өткір қойған. Олар жер, жеке меншік жəне кəсіпкерлік мəселелерін ел экономикасы- нан бөліп қарамаған, оны экономикалық өсудің негізі деп санаған. Алаш жолын ұстанған «Ақ жол» партиясы əрдайым Қазақстанда бəсекеге қабілетті жəне нарықтық экономиканы құрудың, жеке меншік, ең алдымен, шағын жəне орта бизнесті барынша қолдаудың табанды жақтаушысы болып келеді жəне бұл жолынан таймақ емес. Негізгі ұстанымдарының бірі ретінде шағын жəне орта бизнес саласына, кəсіпкерлікке қолайлы жағдайлар туғызып, оны дамыту тұрғысында, олардың құқығын қорғау бағытында белсенді қимылдар жасаудың шараларын ұсынған. Партия қазіргі заманның басты міндеті – елімізді өркендету мақсатында орта таптың қалыптасуына жəне нығаюына жəрдемдесуді өзінің тарихи миссиясы деп санайды.
Қазақстанның табысты бəсекелестік қабілеттілігінің кепілі бо- лып табылатын интеллектуалды ұлт құру аса маңызды. «Ақ жол» партиясы адам капиталының сапалы өсуі Қазақстанды дамытудағы
жоғары басымдылық болуы тиіс деп санайды. Экономика салаларының бəсекеге қабілеттілігі, бірінші кезекте, өнімділікке, сапаға жəне адами ресурстардың икемділігіне қатысты. Ең дамыған отыздыққа кірудің негізгі шарты да елімізде адами капиталды да- мыту. Адам əлеуетін дамыту индексіне сəйкес (БҰҰ ДБ) Қазақстан 2007 жылы 73 орыннан (177 ел арасынан) 2013 жылы 70 орынға (187 елдің ішінен) орналасқан. Бұдан да жоғары деңгейлі елдерінің тобына ену үшін экономиканың өнімділігіне жағдай туғызатын, Қазақстан болашағының флагманы – барлық деңгейдегі білім беруді жəне оны қолданудың аясын кеңейте беру қажет. Ах- мет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі» — деп жазса, ал Ха- лел Досмұхамедов: «Шын азаттықты білім береді» деп санады. Сондықтан да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемле- кеттік бағдарламасының басты формуласы: білім – ғылым — өндіріс болуы тиіс. Адами капиталдың мүмкіндігін көтеруге сондай- ақ денсаулық сақтау, жұмыспен қамту жəне халықты əлеуметтік қорғау жүйесі де ықпал етеді. Білімі мен білігі мықты отандық ка- дрларды даярлап, олардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру үлкен маңызға ие.
«Ақ жол» партиясы экономиканы əлеуметтік дамудың мін- деттерін тиімді шешудің құралы ретінде қарастырады. Қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеуді мақсат еткен
«Алаштың» асыл мұраттары біздің қазіргі жедел жаңғыру, мо- дернизация бағытымызбен үндес келеді. Партия экономикалық мəселелерге, əлеуметтік салаларға ерекше көңіл бөліп, əлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Әлеуметтік жаңғырту қоғамның рухани өмірінде болып жатқан үдерістермен санасуға, ұлттың сана-сезімінің, мемлекеттің зайырлы сипаты мен білім жүйесінің нығаюына кепілдік беруге ықпал етеді, сондай-ақ, өкінішке орай, жастарымызды алғашқы құрбандықтарына ұшыратқан экстремизм мен діни радикализмнің пайда болуына алып келетін əлеуметтік себептерді барынша азайтуға тиісті. Рухани сана, білім, діни сенім сапалы болған кезде біздің қоғам қандай да бір ішкі-сыртқы біздің елге қарсы əрекеттерге дайын тұра алады.
Бізге «Алаш» партиясының толерантты либералдық қозғалыс ретіндегі əлеуетін, ішкі генезисін барлық азаматтарға, əсіресе жас ұрпаққа, ашып көрсету ісіне ғылыми ортаны тартып, оларды осы партияның прогрессивті əлеуметтік-экономикалық идеяларын қалпына келтіруге жұмылдыруға ықпал етуге ұмтылу керек бола- ды. Қазақстанның экономикалық, əлеуметтік ресурстары, ең ал- дымен, ұлттық мүддеге қызмет етуге тиіс. Бұл кез келген одақта, ұйымдарда Қазақстан өнімінің жəне Қазақстан кəсіпорындарының басымдығы үшін күресуіміз керек деген сөз. Алаш мұрасын жалпыадамзаттық құндылықтар жəне ілгерішіл экономикалық ойдың үлгілері ретінде халықаралық деңгейге шығару жəне насихаттауға күш жұмсау қажет.
- Алаштың рухани-мәдени тәжірибесінің, ұлттық құнды- лықтарға көзқарастарының қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.
Рухани жəне мəдени даму – өркениет өлшемдерінің бірі. Қазіргі əлемдегі елдің беделі тек саясат пен экономикаға ғана емес, сондай-ақ, мəдени тартымдылығына да байланысты. Ұрпақтардың рухани-мəдени тəжірибесінің сабақтастығы Қазақстанның мем- лекеттік тəуелсіздігін нығайтудың басты негіздерінің бірі болып табылады. Ұлттық тарихымызды, өзіміздің төл бастауларымызды, қайнар көздерімізді, ерекшеліктерімізді тиянақты ұғыну қоғамды рухани жəне идеялық нығайтуға қызмет етеді. Алаш қайраткерлері қазақ мемлекеттігінің, ұлттық дамуының тарихымен шұғылданған, олардың көпшілігі қазақтың көне тарихына үңілген. Қазақ халқының түркілік негіздерін дəлелдеуге тырысқан, ежелден сон- да мекендеген халықтар негізінде қазақ ұлтының қалыптасқаны туралы мəліметтер қалдырған. Ғылымдық та, саяси да мəні бар сол деректерді терең зерттеудің қажеттігі анық.
Кеңес заманында халықтың рухани сана-сезімі жəне ұлттық ерекшелікті сақтау инстинкті болып табылатын ұлтшылдықтың классикалық мəні мен мағынасы өрескел бұрмаланды. Ұлт- шылдыққа интернационализм деп аталған ұғымды қарама-қарсы қойды. Кеңестік «интернационализмнің» астарында – өзгенің ұлттық ерекшеліктерін жойып, үстемдік жүргізу саясатын жалғастыру мүддесі жатқаны ешқандай құпия емес. Өркениетті əлемде ұлтшылдық («АҚШ сөздігі; Британ және Жапон энцикло-
педияларында) – өз ұлтына адалдық, ұлттық бірлік пен тəуелсіздікті қорғайтын табиғи құбылыс ретінде сипатталады. Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың ұлтшылдық туралы айтқан келесі пікірлері керемет əсер қалдырады: «Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық — ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі» дей келе: «Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан
«ұлтым» деп өседі», — дей келе, одан əрі ол «Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек». Қазақтың «Алаш» ұлттық идея- сы өзінің болмысында классикалық ұлтшылдықтың аясынан бір адым аттап шыққан емес. Большевиктер партиясы құрған Кеңес өкіметі ұлттық-мемлекеттік құрылыс мəселесін шешудің не- гізіне қазіргі заманғы əлемде күні əбден өткен таптық жіктелу қағидасын басшылыққа алса, Алаш арыстары керісінше қазіргі за- манда дұрыстығына ешкім де шүбə келтірмейтін өміршең қағида
- мемлекет пен халық бірлігін қамтамасыз етудің, топтасқан қоғам қалыптастырудың, рухани-мəдени бірегейлікті нығайтудың, əлеуметтік жəне діни бітімнің, қоғамдық құндылықтардың, ай- налып келгенде, ұлттың рухын көтеретін, Қазақстанның шешуші əлеуеті болып табылатын — ұлттық бірлік саясатын таңдап алды.
«Ақ жол» партиясының ұстанымы – өз мемлекеттілігімізді, рухани дүниемізді, мəдениет пен тілімізді, дініміз бен ділімізді, дəстүріміз бен тарихи мұрамызды жаңғыртуымыз тарихи заңдылық болып табылады. Сол арқылы тарихи жадыға, бабалар аманатына, Алаш аманатына адалдық танытып, ұлттық тарихымызды жаңаша көзқараспен зерделеп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, қазақ ұлтын отарсыздандыруды біртіндеп жүргізіп, ұлттық санаға сілкініс туғызу — Партия міндеттерінің бірі. Идеологияның негізгі жүргізушісі ретінде қазақ елінің бұқаралық ақпарат құралдарын əлемдік медиа-империялармен бəсекелестікке түсуге даярлай беру үшін түбегейлі трансформациялауды күн тəртібіне қоятын кез де жетті. Қазақ елінің рухани жəне материалдық игіліктерін қорғау үшін ақпараттық-мəдени орта құру қажет. Ұлттық мəдени мұраны сақтау жəне дамыту, балалар мен жастарды ұлттық құндылықтарды
құрметтеу, патриотизм рухында тəрбиелеу біздің бағытымыз болып қала береді. Біз қазақ мəдениеті мен өнерінің түрлі салаларының: театрлардың, кітапханалардың, мұражайлардың, киноның, филармониялардың, орындаушылық ұжымдардың, цирктердің, қолөнердің, шығармашылық одақтардың, мəдени-тарихи орталық- тардың жəне басқа да мəдениет ұйымдарының ел ішінде лайықты қызмет көрсетуін ғана емес, əлемдік мəдениет кеңістігіне кірі- гу үдерісін де жіті қадағалағанымыз жөн. ЮНЕСКО-ның қазақтың киіз үйі мен дəстүрлі күйін адамзат қазынасы қатарына қосуы секілді шешімдерінің көбейе түскені абзал. Мəдениеттер үйлесімі – өркениеттің алтын қазығы. Сонымен қатар дəстүрлі мəдени мұраның тарихи миссиясы қоғамның рухани-танымдық тұрақтылығын сақтау, оның негізгі моральдық құндылықтарының шайылып кетуіне жол бермеуге бағытталатынын естен шығармауымыз керек. Мəдениет пен өнер саласы мекемелері қызметкерлерінің əлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтарының сақталуы мен қамтамасыз ету мəселелеріне ерекше назар аударуы- мыз қажет.
Қоғамды біріктірудің келесі аспектісі этносаралық қарым- қатынаста шешуші факторлардың бірін бейнелейтін тіл мəселесі болып табылады. Кейбір полиэтностық мемлекеттер үшін түйткілге айналған проблеманың Қазақстанда орыс тілді аза- маттар үшін барлық мүмкіндіктерді сақтау арқылы шиеленіспей шешіліп отырғанын құптаймыз. Дегенмен, «Ақ жол» партиясы қазақ тілін пайдалану көлемін бұрын болмаған жоғары деңгейге көтеру қажет деп есептейді. Алаш арыстарының ана тіліне де- ген жауапкершілігі мен оның беделін көтеруге жұмсаған күш- жігері, жанкештілігі ғаламат болатын. Сонау 1905 жылы Әлихан Бөкейханның Мəскеуде земство жəне қала қайраткерлері съезінде сөз сөйлеп, сол кездегі 5 миллион қазақ халқының тең құқығын үзілді-кесілді талап еткенін еш ұмытуға болмайды. Ол өз сөзінде əлеуметтік мəселелермен қатар тіл, сайлау еркіндігі проблема- сын да көтерген: «…қазақтардың жуық арадағы мұқтажы, əсіресе алдағы сайлау үгітіне байланысты қажет болатын ана тілін қолданудағы еркіндік болып табылады жəне мен съезде жер- гілікті тілдер құқықтарына орай барлық шектеулерді дереу жою- ды жақтап пікір айтылуын өтінген жолдастардың ұсыныстарына
қосыламын». Алаштың саяси көсемінің осыдан 110 жылға жуық уақыт бұрын айтқан «қазақтардың жуық арадағы мұқтажына»
- ана тілінің еркіндігіне əлі күнге дейін толықтай қол жеткізе ал- май келе жатқанымыз шындық. Туған тілді тума тілдің жетегінде өне бойы қалдыруға болмайды. Ұлтты танудың да басты шарты
- туған тіліңнің əлеуетін арттыру, керегесін кеңейту. Халқының саны бізден аз Бельгия мемлекеті (10 млн 379 мың) өз тілінен өзге тілге қадам баспайды. Ұлтымыздың дəрежесі көбіне-көп тілімен бағаланатынын естен шығармауымыз керек.
Тұтастай алғанда, мемлекет құрушы қазақ халқының руха- ни жағынан түлеп, мəдениетінің өсіп-өркендеуі – қоғам алдында тұрған аса күрделі міндеттерді шешудің, Қазақстанның адымдап дамуының негізгі кепілдерінің бірі. Сондықтан да мемлекеттің мəдени саясатының өзекті проблемаларын мəдениеттің қоғам мен мемлекет тіршілігінің барлық маңызды аспектілері дамуының сапалық өлшемі болып табылатынын ұдайы есте ұстай отырып шешу керек.