БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МІНДЕТТЕР
Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын жəне принциптік көзқарастарын тара- ту жəне оны бүгінгі күннің кəдесіне жарату бағытында «Ақ жол» демократиялық партиясы бастамашылдық жасаған жəне атқарған істерін одан əрі жалғастыру жəне атқарылуға тиіс мынадай міндет- терді шешу жолында жұмыс істейді:
- Премьер-министрге жолданған «Ақ жол» парламенттік фракциясы өзінің депутаттық сауалдарында көтергеніндей, Әлихан Бөкейханның 150 жəне Алаш қозғалысының 100 жылдығы мерей- тойларын мемлекеттік жəне жалпыұлттық дəрежеде атап өту үшін, 2015 жылдың төртінші тоқсанынан кешіктірмей, Үкімет жанынан Мемлекеттік комиссия (үкімет мүшелері, парламент депутат- тары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері енген) құру, оған жалпы- мемлекеттік жəне аймақтық кешенді бағдарламалар даярлау ісін жүктеу, осы мерейтойларды елімізде жəне шет елдерде ЮНЕСКО аясында ұлықтауға күш салу;
- Жас ұрпақты Алаш идеясымен кең ауқымда жəне жүйелі түрде таныстырып, оны отаншылдық рухта тəрбиелеу мақсатында
Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттарын, бірінші кезекте 1928-1938 жылдарға тиесілі ғасыр құжаты аталған «Алаш ісі» сот процестері материалдарын көп томдық жинақ ретінде шығару;
- Осы «Алаш ісі» сот процесімен тікелей байланысы бар ке- лесі мəселе ол ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарында жүргізілген саяси репрессия материалдарын, Қазақстандағы репрессия та- рихын, ресейлік ғалымдарды араластырмай, отандық тарихшы- ғалымдардың күшімен қорытып, көп томдық түрінде жариялауды қолға алу;
- Қазақстан тарихындағы осы бір қайғылы оқиғаларға жұртшылықтың назарын аудару үшін ғылыми конференция- лар өткізу; Бұл жұмысқа зұлымдықтың терең, тамырлы мəнін, геноцидтің империялық саясатының, саяси қуғын-сүргіннің опасыздық сипатын ашуға қабілетті тарихшы-ғалымдар, саясат- танушылар, қоғамтанушылар; жаппай аштық жəне ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін жылдарында қазақ халқына қатысты кеңес өкіметінің келтірген зардабын əшкерелеп, мəселенің құқықтық жағын жан-жақты ашу үшін заңгер-ғалымдар, құқық қорғаушылар тартылуға тиіс. Сондай-ақ ашаршылықтың қазақ ұлтына сандық жəне сапалық өсуін ұзақ мерзімге тежеген генефондық зиянын анықтайтын генетик, демограф, əлеуметші т.б. салалардағы ғалымдар, қажет жағдайда халықаралық сарапшы- лар қатысуы тиіс деп санаймыз. Оларға Қазақстанның ғана емес, Ресейдің көптеген қалалары мен Өзбекстанның (Ташкент), өзге де шет елдердің мұрағат қазыналарын ақтаруына толық мүмкіндіктер тудыру керек.
- Аштық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын мемлекеттік деңгейдегі күнтізбеге енетін ұлттық аза тұту күнін белгілеу;
- Қазақ халқының жартысына жуығын жалмап кеткен қолдан жасалған Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Алматыдағы тастұғырды ескерткіш-мемориалдық ке- шенге айналдыру;
- Қазіргі таңда жыл сайын 3 кезеңмен өтіп, дəстүрге енген, 18-ден 35 жасқа дейінгі ғылыми ізденушілер арасындағы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауын өткізіп, финалдық сатысын ғылыми-практикалық конференциямен қорытындылап, оның материалдарын негізге ала отырып, ғылыми
жинақ шығарып тұру; Онда негізінен Бағдарламаның алдына қойған мақсаты мен тұжырымдамалық негіздері басшылыққа алы- нады. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдерді шығаруға, орыс тіліндегі жəне басқа этностар тілдерін- дегі зерттеулерге назар аударылады.
- Партияішілік ағарту жұмысын дамыту мақсатында «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясының апта сайын өтетін онлайн бейнеконференциясының аясында, ай сайын ашық есік жағдайындағы барлық партия филиалдары қатысатын «Алаш тағылымдары» дəрістерін өткізу; Оны елімізге белгілі алашта- нушы ғалымдар, зерттеушілер жүргізеді.
- Жыл сайын 5-13 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Алаш апталығын» өткізу тəжірибесін дəстүрге айнал- дыру; 2014 жылы біз бұл шараның пилоттық жобасын Астанада Орталық аппарат, Шығыс Қазақстан (Семей), Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан филиалдары өткізді.
- Жыл сайын желтоқсан айында оқу орындарында, мемле- кеттік органдар мен əскери бөлімшелерде, мұрағаттар мен кіта- пханаларда «Алаш тағылымдары» тақырыбына Алаш оқуларын: бұқаралық лекциялар, сабақтар, дəрістер, конференциялар, жина- лыстар, көрмелер т.б. шаралар өткізу;
- Бірінші заманауи, демократиялық қазақ үкіметінің құрылған күніне маңыз беру мақсатында Тұңғыш Ұлт кеңесі – Ала- шорда үкіметі құрылған тарихи күн: 1917 жылдың 13 желтоқсаны құрметіне жыл сайынғы 13 желтоқсанды ресми түрде «Алашорда» күні деп атау;
- Астанада қаланың ең көрікті жерінен Алаш қайраткер- лерінің монументалды ескерткіші орнатылған «Алашорда» ал- леясын ашу. Алаш қайраткерлерінің ескерткіштерін Алматыда, барлық облыс орталықтарында орнату;
- Республикалық жəне жергілікті жерлердегі онома- стика комиссияларына Қазақстанның барлық облыс, аудан орталықтарындағы, əсіресе Алашқа қатысы бар жерлердегі көше, мекеме т.б. ұлт қайраткерлері атын (белгілі оқиғалардың атауын) беру;
- ҚР сыртқы министрлігі арқылы Ресейдің Мəскеу, С.-Петер- бор, Омбы, Самара, Орынбор қалаларындағы, бауырлас Түркия,
Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан астаналарындағы көшелерге Алаш қайраткерлерінің атын ұсыну,
- Алаш қозғалысына тікелей қатысы бар Ресейдің Петербор, Омбы, Орынбор, Өзбекстанның Ташкент, Қоқан қалаларында, еліміздегі Семей, Торғай, Жымпиты т.б. қала-кенттерінде Алаш қайраткерлерінің тарихи істеріне байланысты белгі, ескерткіш тақталар орнату, мұражайлар ашу жұмысын ұйымдастыру;
- Тілдік бағыттарына қарамай мектептерде Алаш ұғымын, Алаш идеясын, Алаш қозғалысын жəне Алаш қайраткерлерінің өмір жолын отаншылдық аясында кеңінен ұғындыру. «Қазақстан тарихы» оқулығына жеткілікті көлем беру. Жоғары оқу орында- рында Алаш идеяларын оқытудың тиімді жүйесін құру. Білім жəне ғылым министрлігінің тарих пəнін оқытудың бүгінгі, болашақ дамуымызға сай жаңа мазмұны мен жүйесін енгізуіне қоғамдық бақылау орнату;
- Алаш мұрасы мен тарихы, Алаш қайраткерлері ту- ралы ғылыми-зерттеу монографияларын, əдебиет пен өнер шығармаларын, деректі жəне көркем фильмдер жəне теледидар туындыларын мемлекеттік тапсырыспен шығару;
- Алашорда өмірінен, 1937 жылғы саяси-қуғын сүргіннің құрбаны Мұқтызар Титақұлы жазған «Мұрат үшін май- дан» пьесасының қойылымын осы драма-пьесаның негізгі кейіпкерлерінің бірі, Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығы қарсаңында шығару; Мұның жауапкершілігін, тиісті өнер майтал- мандарымен: драматург-жазушы мен театр режиссерімен келісім- шартқа отырған, «Ақ жол» партиясы өз мойнына алады.
- «Ақ жол» қызметкерлері тауып, «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ғылыми жинағына енгізілген «Алаш əнұранының»,
«Алаш маршының» 10 нұсқасының ноталарын іздестіріп, со- ларды насихаттайтын орындаушылар тауып, Қазақ радиосының Алтын қорына, Қазақстан телеарнасының бейнеқорына енгізу жұмыстарын жүргізу;
- Алаш қозғалысының тарихын терең жəне жан-жақты зерттеу үшін Қазақстанның ғана емес, Ресей, Түркияның, Қытайдың, Францияның, Германияның, Өзбекстан, Қырғыз, Түркмен жəне басқа мемлекеттердің мұрағаттарында ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттар бөлу мəселесін қарастыру;
- Облыстық жəне аудандық əкімдіктерімен ғылыми жəне қоғамдық мекемелермен бірлесіп Алаш тарихына қатысты жер- лерге экспедициялар ұйымдастыру;
- 1917 жылдың желтоқсанынан 1920 жылға дейін Алаштың ордасы болып, Алашқала атанған Семей қаласын «Алаш» деп ата- уды Республикалық ономастикалық комиссиядан сұрау. Қаладағы
«Алаш үйіне» ескерткіш тақта орнату. Семей қаласындағы «Алаш арыстары — Әуезов» мұражай-үйінің негізінде «Алаш» ұлттық мұражайын ашуды қолға алу;
- Отарсыздану саясатын тиімді жүргізу мақсатында қазіргі қолданыстағы альфавитті латын харпіне ауыстыру процесін ба- стап, осы əліппеге өткен басқа түркітілдес елдердің тəжірибелерін саралай отырып, оған өтудің кезең-кезеңге бөлінген жүйелі шара- ларын жасау;
- Тұрғын елді мекендердің, географиялық объектілердің атауларындағы тарихи əділеттілікті қалпына келтіру жөнінде жұмыс жүргізу; Бүкіл тарих жəне рухани мəні бар қазақ атауларының бəрі еліміз бен халқымызға қайтарылуы тиіс.
- Қазақ тілінің мəртебесін арттыру жəне қолданылу аясын кеңейту, мəңгілік тəуелсіз ел болудың басты шарттарының бірі – тілімізді дамытып, мəңгілік тіл етіп, оны ұлттың ұйытқысына ай- налдыру;
- Жас ұрпақты тəрбиелеу ісін Қазақстанның ұлттық та- рихына, Алаш тарихына, қазақ тіліне жəне қазақ мəдениетіне, сол сияқты басқа этностардың тарихына, мəдениеті мен тіліне құрметпен қарау рухында жүргізу.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлт-азаттық Алаш қозғалысының негізін қалаушы əрі саяси жетекшісі ретінде Қазақ мемлекеттігін қалпына кел- тіру ісінде шешуші рөл атқарды жəне қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен тəуелсіздігін нығайту үшін де тарихи маңызды жұмыстар істеді. Ә.Н.Бөкейханның 150 жылдығына байланы- сты «АҚ ЖОЛ» партиясы мыналарды қажет деп есептейді:
- Жетекші жоғары оқу мекемелерінің біріне (ұлттық дәрежелі университетке) жəне ғылыми-зерттеу институттарының біріне (Мемлекет тарихы, экономикалық зерттеулер, ауыл- шаруашылығы және мал шаруашылығы бағытындағы) Ә.Н. Бөкейханның есімі беру;
- Бурабай кентіндегі Орман шаруашылығы училищесіне Ә.Н. Бөкейханның есімін беру; (училище әлі Омбыдан көшпей тұрған 1895-1897 жылдары Ә.Н. Бөкейхан осында математика пәнінен сабақ берген).
- Саясат пен экономиканы дамытуға жəне ғылымға қосқан зор үлесі мен жетістіктері үшін берілетін «Әлихан Бөкейхан ұлттық сыйлығын» тағайындау;
- Астана жəне Алматы қалаларында Ә.Н. Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тəжірибелік жəне ғылыми-теориялық конференциялар ұйымдастырып өткізу;
- Ә.Н.Бөкейханның 16 томдық толық шығармалар жинағын құрастырып қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде 50 мың дана- мен басып шығару; Мұны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мəдениет жəне рухани даму институтына Үкімет тарапынан тиісті қаржылық көмектер көрсете отырып, жүктеуге болады;
- Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мəдениет жəне ру- хани даму институты, БҒМ ҒК Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты жəне Мемлекет тарихы институты бір- лесіп Ә.Н.Бөкейхан энциклопедиясын құрастырып қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде 10 мың данамен басып шығару;
- Ә.Н.Бөкейханның өміріне жəне Алаш қозғалысы тақырыбына қатысты зерттеулер мен көркем шығармаларға мем- лекеттік гранттар жариялау;
- Ә.Н. Бөкейханның өмірі мен қызметі жəне оның ұлт- азаттық Алаш қозғалысы бойынша үзеңгілестері туралы құжатты, фотосуретті альбом құрастырып, 10 мың данамен басып шығару;
- Ә.Н. Бөкейханның жəне оның үзеңгілестері туралы: теле- хикая, көркем жəне деректі фильмдер түсіру;
- Қазпоштаға Ә.Н.Бөкейханның 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасын шығаруды, Ұлттық банкке – Алаш көсемі бейнеленген арнайы монета басып шығаруды жүктеу;
- Астанадағы Ұлттық мұражайдан Ә.Н.Бөкейханға арналған зал ашу;
- Ә.Бөкейхан сынды халықаралық деңгейдегі ұлы тұлғаға оның қайраткерлік қызметіне қатысы бар орындардың (шетелдер- дегі де) бəріне дерлік ескерткіш-белгі (тақта) орнату.
Тұтастай алғанда, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы мен «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын бір-бірінен бөліп
алып қараудың өзі қисынға келе бермейді. Ұсынылған ке- шенді шаралардың жиынтығын орындаудың алғышарттары, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар аясын- да, 2015 жылдан басталып жасалуы тиіс. Бес жылға арналған бағдарламаның бірінші жылында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының шарттарына «Алаш жəне Қазақ хандығы» атты арнайы номинация енгізіліп, оған осы тақырыпқа ізденушілердің, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, кеңінен тартылуы қамтамасыз етіледі. 5-13 желтоқсан аралығындағы «Алаш апталығы» бүкіл республика аумағында өткізіліп, ол «Алаш жəне Қазақ хандығы» тақырыбына арналады.
«Алаш тағылымдары» дəрістерінде осы тақырып қамтылады. Осы мерейтой аясында мектептердегі Қазақстан тарихы оқулықтарының мазмұндық сапасы, Алаш қозғалысы тарихын қоса алғанда, тағы бір рет пысықталып, қажет болып жатса, депутаттық сауал жол- данады. 2016-2017 жылдары жоғарыда көрсетілген алға қойылған міндеттерді орындай отырып, Алаш арыстарын ардақтаудың биік деңгейіне қол жеткізу керек. Ал осы іс-шаралардың түпкілікті орындалуын 2018-2019 жылдары тиянақтап, Алаш идеяларының қоғамның жаңғыруы мен жасампаздыққа қызмет жасай бастағанын азаматтық қоғам бақылауға алуы тиіс.