АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АТАНЫҢ АРДАҚТАЛУЫ

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АТАНЫҢ АРДАҚТАЛУЫ

 

Кеше (25.02.2015) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ елінің қаhармандық тарихы және Кетбұқа тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оған белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

(«Егемен Қазақстан», 21 ақпан 2015 жыл)

 
   

 

Қазақ баласында кішкентайынан «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихы мен хан баласының өлімін Кетбұқа баба күймен естірткен- де, домбыраның шанағына қорғасын құйылыпты, домбырадағы тесік содан қалған екен деген аңызды естімеген жан жоқ шығар. Бала қиялын сонау əлмисаққа тартатын, көңілінің көгінде күй күмбірін төгілдіретін, алыстағы арманға қол сермететін осынау күй-аңыз қазақ даласын ғасырлар бойы тербеген.

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің қолға алуымен жарыққа шыққан «Абыз тұлға, аңыз тұлға — Кетбұқа» жинағын таныстырып, баба жайындағы ғылыми ортаның ой-пікірін жинақтауға құрылған дөңгелек үстелді ашқан ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы: «Биыл қазақстан халқы Ассамблеясының, Ата Заңымыздың 20 жылдықтары жəне Қазақ хандығының 550 жылдығы үлкен мемлекеттік деңгейде аталып өтпекші. Осының барлығы біздің елімізді бірлікке, ынтымаққа, тарихымызды бліу- ге шақырады. Кетбұқа болса, қарапайым халыққа аңыз түрінде жəне ғалымдар ізденістерінде табылған дерек түрінде келіп жет- ті», дей келіп, оны тарихтың қойнауына жасырынған тек аңыз бейне деп қана емес, тарихи тұлға ретінде тəуелсіздігіміздің ке- регіне жарату қажеттігіне тоқталды.

Жиналғандарға аталы сөзін, баталы сөзін бағыттаған көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Өмірбек Байгелди халқымыздың өткен өмірінде терең ізін қалдырған, еткен ерлігі аңызға айналған, ұлы тұлға – Кетбұқа туралы əңгімеге жиналып отырған қалыпты сауабы мол, маңызы телегей тіршілік деп ойлайтынын жеткізіп:

«23 жылдың жүзінде 300 жыл бойына шашылған, бұрмаланған та- рихты жинақтау оңай іс емес. Кеңес өкіметі алғаш орнаған жылда- ры арабша жазылған кітаптардың барлығын «Құран» деп жинап, өртеткенде, ішінде тек діни емес, барлық рухани дүниелер де те- гіс жойылды. Сөйтсек, оның бəрі тарих екен. Солардың барлығын жинап, ешкімнің үйінде қалдырмай қырнап, тазартқанның ар- тында халықтың тарихи жадын жоғалтатын сұрқия саясат жатқан екен. Сонау ертедегі бабасынан қалған, ұрпағына жеткен дулыға, қылыш, семсерлерді де неге жинайды десек, оның да ар жағында санасына ештеңе қалдырмау керек, тарихынан  ештеңе  біл- месін деген терең саясат жатыпты. Сондықтан да, тарихымызға

 

қатысты дүниелер өздігінен жоғалған жоқ, жалпы, ештеңе ізім- қайым жоғалып кетпейді. Іздеген табады. Кетбұқа жайлы дерек- терді жөнін тауып, ретін тауып іздестіруіміз керек», десе, ғалым Тұрсын Жұртбай абыз ағаның сөзін тірілтті. Сонау кеңестер тұсында, осыдан 35 жыл бұрын асылдарымызды зерттеп, одан

«Дулыға» атты қос том шығарып, түркілік тұлғатанудың баста- уында болған ғалым, Кетбұқаға қатысты деректердің француз, араб-мəмлүк мұрағаттарында жазылғанын айтып, аңыз бабаны зерттеуде қателіктерге бой ұрмай, екшеп, зерттеп барып ғылыми айналымға түсірудің маңызын қадап айтты.

Фольклортанудың көзі тірі корифейі, академик Сейіт Қасқабасов Кетбұқаның Жошы өлімін Шыңғыс ханға естіртуін дала заңдылығына жатқызды. Өйткені, қай кезде де, өмірден ай- тулы тұлға озғанда оны естіртетін адам да толымды болуы тиіс. Мəселен, Абылайға Үмбетей жыраудың Бөгенбай қазасын естір- ткені тəрізді деп, сонау ықылымнан жеткен дəстүрдің көнермей бүгінгі санаға дейін жетуін мысал етті.

Дөңгелек үстелге қатысқан дəулескер күйші Жанғали Жүзбаев «Ақсақ құлан» күйінің де, аңызының да əлденеше нұсқасы барлығын айта келе, жиналғандар  назарына  сол  күйді ұсынды. Ал белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев: «Та- рих ғылымы тəпсірлеуді (интерпретация) қажет етеді. Сол тəпсірді кім қалай жасайды, ол қалай жарық көріп, айналымға түседі, солай тарихи түсініктер қалыптасып жатады. Кетбұқаға қатысты қолымызда көп дерек жоқ, негізінен қазақ, иран, араб мұрағатында, ал соның ішінде қазақ аңыздары тəпсірлеуді қажет етеді. Мысалы, жаңа орындалған күйдің Орталық Қазақстанда жыр түрі де бар ғой. Алаша хан, Жошы хан деп басталатын осы жырдың нұсқасында неге Шыңғыс хан мен Жошы хан жайында емес, неге Алаша хан, Жошы хан? Бұл да белгілі бір дəрежеде идеология деп ойлаймын. Сосын біздер үшін Бейбарыс пен Кетбұқа тұлғаларын қарастырғанда алдыңғысы тарихи тұлға ретінде мойындалды да, ал Кетбұқаға келгенде олай болған  жоқ. Сондықтан осындай тұлғаларды дұрыс тануға күш са-  лып, алдымен деректерді барынша жинастырып, сүзгіден өткізу маңызды» деген ойын айтты.

 

Дөңгелек үстел отырысында «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің хатшысы Сəбит Байдалы зиялы қауымға, ғалымдарға Кетбұқадай аңыз да абыз тұлғаны танудағы жасалған қадамдарға қолдау көрсеткен жандардың барлығына алғыстарын айтты.

«Абыз тұлға, аңыз тұлға — Кетбұқа» жинағы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шахмұрат Ибадатовтың құрастыруымен «Фолиант» баспасынан 3000 таралыммен жарық көріпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *