Алла тағаланың қасиетті кітаптары

Алла тағаланың қасиетті кітаптары

С: Алла тағаланың кітаптары қандай?
Ж: Алла тағаланың пайғамбарларға жіберген кітаптары.
С: Алла тағала ол кітаптарды не үшін жіберді?
Ж: Ол кітаптарда жазылған дін және шариғат үкімдерін қауымдарына үйретсін деп жіберді.
С: Пайғамбарларға неше кітап жіберілді?
Ж: 104 кітап.
С: Қай пайғамбарға қанша кітап жіберілді?
Ж: Адамға (ғ.с) 10 парақ, Шиске (ғ.с) 50 парақ, Ыдырысқа (ғ.с) 30 парақ, Ибраһимге (ғ.с) 10 парақ келген. Осы 100 парақ 100 кітапқа тең болып есептеледі. Және де Мұсаға (ғ.с) Тәурат, Дәуітке (ғ.с) Забур, Исаға (ғ.с) Інжіл және Мұхаммедке (с.ғ.с.) Құран атты кітаптар келген.
С: Бұл кітаптарда не туралы жазылған?
Ж: Әртүрлі уағыз, насихат, өнегелі қиссалар мен хикаялар, дұға, ғибадат үшін қажетті сөздер және адамдардың дүние мен ақыретте бақытқа жетуі үшін үкімдер жазылған.
С: Әр кітаптағы шариғат үкімдері бір-біріне сәйкес келеді ме, әлде бір-біріне қарама-қайшы ма?
Ж: Көпшілігі бір-біріне сәйкес, ал кейбір үкімдер бір-біріне қарама-қайшы. Себебі, кейінгі түсірілген кітаптарда заманға және адамдардың әдет-ғұрыптарына, қабілеттеріне қарап, бұрынғы кейбір үкімдердің күші жойылып, тоқтатылған. Сол себепті әуелгі кейбір үкімдерге қарама-қайшы сияқты болып көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *