2015 жылдың 26 қыркүйегінде «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Пленумы «Ақ жол» демократиялық партиясының 2015- 2020 жылдарға арналған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерделеу және тарату жөніндегі Бағдарламасын бекітті. Бағдарламаны мұқият қарап, ой елегінен өткізіп, талдай келе «Ақ жол» партиясының басшылығы мұнда көрсетілген қадау-қадау шараларды іске асыру үшін оған жүйелі де кешенді көзқарас керектігін және оны шешудің қуатты тетіктерін жасаудың қажеттігін түсінді. Бағдарламаның діңгегі болып отырған 2016 және 2017 жылдардағы шаралар- ды орындаудың алғышарттары да биылдан кешіктірілмей жа- салуы тиіс. Сондықтан да аталмыш пленум өткеннен кейін көп ұзатпай «Ақ жолдың» Парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын лайықты деңгейде өткізу үшін Мемлекеттік комиссия құруды сұрап, депутаттық сауал жолдады.
Алаш арыстарының ана тіліне деген жауапкершілігі мен оның беделін көтеруге жұмсаған күш-жігері ғаламат бола- тын. Мәселен, жеті жұрттың тілін білген Халел Досмұхамедов елдіктің басты шартын «Өз тілін білмеген ел ел болмайды. Тілі- нен айрылған жұрт – жойылған жұрт» деп атаған. ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш зиялылары көтерген тіл мәселесі бүгінгі таңда да өзекжарды мәселе болып тұрғаны жа- сырын емес. Осыны жақсы сезінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жақында ғана туған тіліміздің тума тілдің жетегінде өне бойы жүруге тиісті емес екендігін іс жүзінде көрсетіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәртебелі мінбері- нен қазақша сөйлеп, ел патриоттарына тікелей үлгі көрсетті.
«Ақ жолдың» фракциясы Мемлекеттік тіліміздің дамуына Ел- басымызбен бірге еліміздің әрбір азаматын жеке үлесін қосуға шақыра отырып, Мемлекеттік тілдің Конституцияға сай болуы жәнеТілдер туралы Заңымыз бен Тілдерді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыстарды іске асыру туралы Үкіметтен мерзімаралық есебін беруді сұрады.
Төменде Партия төрағасы Азат Перуашевпен фракция аты- нан жарияланған осы депутаттық сауалдардың мәтіндері кел- тіріледі.
«Ақ жол» партиясы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын лайықты деңгейде өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру қажет деп санайды.
14 қаз, 2015
“Ақ жол” партиясы төрағасы, Мəжіліс депутаты Азат Перуашевтың қазақ тілінде жасалған кезекті
депутаттық сауалы Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға арналды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мəсімовке
Депутаттық сауал Құрметті Кəрім Қажымханұлы!
Өзіңізге мəлім, 2017 жылы–«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы, ал одан бір жыл бұрын, келесі, 2016 жылы – сол қозғалыстың негізін қалаушы жəне жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы.
«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының қызметі, жалпы Алаш идеясы – қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды басты бағыттарының бірі ретінде ұстанғанын, сол замандағы нақты жағдайларға бейімдеп, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруға ұмтылғанын жұртшылық байыптап келеді.
Париждегі ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің биылғы жылы қараша айына белгіленген осы ұйымның Бас конференциясында қабылдау үшін жіберген ұсыныстарының ішінде 2016 жылы қоғам жəне мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жайы қарастырылып отырылғаны осының айғағы.
Бұл Алаш мұрасын əлемдік деңгейге шығарып насихаттаудың таптырмайтын мүмкіндігі туып тұр деген сөз. Мұның маңызы Пре- зидентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіп жатқан тұста тіпті еселеп арта түседі. Елбасы жария еткен «Мəңгілік ел» мұраты да Алаш жолын елімізде де, халықаралық деңгейде де зерделей түссек, баянды бола түспек. Ұлт көшбасшысы өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінің
«Алаш мұрасы жəне осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал»
- деп көрсеткен болатын.
Сондықтан да «Ақ жол» партиясы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын лайықты деңгейде өткізу жөніндегі Мемлекет- тік комиссия құру қажет деп санайды.
Оның негізгі мақсаты – жəй ғана той тойлаумен емес, ой ой- лаумен, артынан із қалатын, танымдық, тағылымдық тұрғыдан ұлтымыздың, мемлекетіміздің рухын көтеретін, қоғамдық санаға сілкініс туғызатын мазмұнды шараларды іске асыруды қамтамасыз ету болуы тиіс.