АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ АЗАМАТЫ ПЕРУАШ КӘРІМҰЛЫ — САЯСИ РЕПРЕССИЯЛАР ҚҰРБАНЫ: ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДА

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ АЗАМАТЫ ПЕРУАШ КӘРІМҰЛЫ

— САЯСИ РЕПРЕССИЯЛАР ҚҰРБАНЫ: ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ

 

Кеңес өкіметі жылдарында қазақ халқы «Алашпен байланы- ста» деп айыпталған ұлттық зиялыларынан айырылды.Солардың бірі – Перуаш Кəрімұлы. Перуаш Кəрімұлы – сол жылдары қазақ даласында болған зиялы, ұстаз, жас болса да білімге құштар, алған білімін ел игілігі үшін жұмсауға тырысқан жандардың бірі еді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ар- найы мұрағаттарында Перуаш Кəрімұлына қатысты НКВД кезін- дегі құжаттар табылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мұрағатында Перуаш Кəрімұлының қылмыстық іс құжаттары сақтаулы болды. Осы мəліметтер  туралы  Перуаштың  немере-  сі, Мəжіліс депутаты Азат Перуашевтың атына келген мұрағат құжаттары жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңға сəйкес қылмыстық іс материалдарымен танысып шыққан бо- латын. Сонда Перуаш Кəрімұлының ұрпақтары: «Перуаш атамыз туралы оның көзін көрген туған-туыстарының, жақындарының, ел ішіндегі əңгімелердің шындық екеніне көзіміз жетті», – дейді олар[1].Кəрім Перуашев 1914 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Әкесі – Кəрім Әмрин, ал əйелі – Ерке Жиеналина, артынан бір ғана тұяғы – Тұрлыбек есімді бір ғана ұлы бар еді.

1930 жылы 16 жастағы Перуаш Қазақстанның социалистік егіншілік техникумына оқуға түсуіне келсек, тек осының өзі Перуаштың мінезі мен мақсаткерлігін айқындап тұр. Перуаш Кəрімовты түсіну, сезіну үшін сол кезеңде Қазақстанда қандай оқиғалар орын алғанын еске салу қажет. Осы оқиға қарсаңында, 1927-1929 жылдары голощекиндік «үлкен секіріс» деп аталған солақай саясат жүргізіліп, көшпелі шаруашылыққа  тыйым  салуға жəне шаруашылықтарды, əсіресе, үй малдарының басын, жаппай ұжымдастыруға байланысты қазақ ауылдарын күштеп

 

отырықшыландыру науқаны жүзеге асты. Бұл тарихи даму бары- сында мал шаруашылығына сүйенген жəне өзін тамақ өнімімен қамтамасыз ету үшін жеткілікті дəрежеде егіншілік машықтарын меңгермеген қазақ халқының ашаршылықтан жаппай қырылуына əкелді. Аштықтан тұтас ауылдар жойылып кетті, қаныпезер жыртқыштықтың деректері көп, құрбандардың саны миллиондап саналады, сахарадағы тұтастай аудандар қаңырап бос қалды[2].

Құжаттарға, куəліктерге сүйенетін болсақ Кəрім Перуашев 16 жасында мұғалім болып, ауылда тұңғыш мектеп салып, сол мек- тепті 1936 жылға дейін басқарды. 1930 жылы Қазақстандағы егін- шілік техникумын, ал 1931 жылы Ақмола педагогикалық техни- кумын сырттай оқып оқып бітіріп, қазақ мұғалімдерінің курсын үздік бітірді. 1934 жылы Алматыда «аудандық ағарту комитеттері төрағаларының біліктілігін арттыру өлкелік курстарын» аяқтап, сол жылы қазақ мұғалімдер курсын бітірген. Перуаш орыс тілін еркін меңгеріп, математика бойынша, жаратылыстану, география жəне т.б. пəндерден үздік бағалар алған, кейін 1936 жылы аудандық білім беру бөлімінің мектептер бойынша инспекторы болды.

1937 жылдың басынан — ақ облыстық партия органдарындағы

«контр — революциялық əрекеттер» айтыла бастады. Оны 22 қаңтарда өткен БКП (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің VII пленумы қаулысы [3, 14-15 б.] əшкерелейді. Қаулыда бүкіл елде жүргізілген əртүрлі тексерулер нəтижесі жарияланған.

Мəселен, Қызыл — Ордада, Шаян, Орал, Орда, Бесқарағай ау- дандарында партия құжаттарын ауыстыру жəне тексеру барысын- да «контрреволюционерлік ұлтшыл элементтер», ал Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында саяси- тəрбие жұмыстары жүргізілмегені анықталған. Мəселені шешу мақсатында Пленум партия ұйымдары алдында көптеген міндет- тер жүктейді. Оның ішінде, сталиндік Конституцияны насихаттау, мектептерде жұмыс істеу, «қазақ ұлтшылдарымен» күрес, ком- сомолды күшейту сияқты т.б. мəселелер бар. Дəл сол күні БКП  (б) Қарағанды қалалық комитетінің бюросы Қарағанды ГРЭС құрылысында орын алған контрреволюциялық — ұлтшыл топ тура- лы шешім шығарды.

1937 жылдың 23-30 қаңтарында Мəскеуде «параллелді антикеңестік» деп аталатын орталыққа байланысты ашық сот

 

үдерісі болды. Сотта Ю.Л. Пятаков, Г.Я. Сокольников, К.Д. Радек жəне басқа 17 адамның үстінен іс қозғалды. Орталықтың мақсаты КСРО-да Кеңес өкіметін құлату, капитализмді қалпына келтіру, герман жəне жапон барлау қызметі пайдасына тыңшылық, пар- тия мен мемлекет басшыларына қастандық жасауды даярлау деп түсіндірілді [3, 251 б.]. Бұл КСРО-дағы үлкен қудалау үдерісін ба- стап берді. Мəскеуден бастау алған сот үдерістері ұлт республика- ларын да қамтыды.

Іле-шала, БКП (б) Қазақ Өлкелік Комитеті 4 ақпанда

«Антикеңестік троцкистік орталық үдерісінің қорытындысын түсіндіру туралы» шешім [3, 29 б.] қабылдады.

Бұл шешім нəтижесі көп күттірмеді. Бүкіл республикада сая- си репрессияларға байланысты науқан басталып кетті. Алғашында орталықтан басталған шаралар  біртіндеп  жергілікті  жерлерге  де жетті. Алашқа қатысы бар, барлық қазақ оқыған азаматтары түрмелерге тоғытыла бастады.

Осыдан кейін Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы  тұтас  ұйым құрылған делінді. Ұйымның террористік — көтерілісшіл жəне тыңшылық — диверсиялық бағытта екені айтыла бастады.    Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов,  С.  Қожанов,  Ұ.  Құлымбетов  секіл- ді мемлекеттік қызметте болған адамдар басшылық жасап, бүкіл Қазақстанның облыстарында, аудандарында тұтас жүйе құрған жəне орталықтағы Троцкий, Зиновьевтермен байланысты болған деген жаланы дəлелдеді. Эмигранттармен (М. Шоқай, Р. Мәрсеков) тікелей байланыста болды дей келе, осы «контрреволюцияшыл ұлтшыл» деген айыпты бірте — бірте троцкийшілдікке апарады. Бұл туралы: «Қазақстанда троцкийлік — фашистік оңбағандар контрре- волюцияшыл қазақ ұлтшылдары алашордашылдармен тығыз бай- ланысты» деп дəлелдеді [4].

ІІ ХК өз істерінің дұрыстығын жасаған құжаттарында дəлелдеп көрсеткісі келді. Мəселен, 1937 жылғы 9 маусымда Қазақстан Ішкі істер халық комиссары Л. Залин БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің жəне ревизиялық комиссияның есебі бойынша КП (б) К I сьезін- де сөйлеген сөзінде:«Қазақстанда жапон — герман агентурасының істері ашылды»[3, 14-15 б., 59-58 б.], -деп хабарлады. Бұл республикадағы саяси репрессиялардың негізделуі болатын. Оны əртүрлі контрреволюциялық, троцкистік, оңшыл, ұлтшыл жəне əртүрлі тыңшылар жұмыстарынан көреді. Л. Залин «фашистік

 

бандылар Қазақстанның халық шаруашылығына өлшеусіз зиян келтірді, соғыс басталған жағдайда үлкен қауіп тудырады» дей-  ді. Ол Қазақстан ағылшын жəне жапон — герман интервенттерінің қызығушылығына айналғанын бірнеше фактормен дəлелдейді: олар, республиканың Қытаймен шекаралық жағдайы, Түрксиб сияқты темір жол жүйесі, өнеркəсіпті өндірістер мен заводтар бо- луы. Осының бəріне контрреволюциялық жұмыстарды жүргізетін кадрлардың барлығы əсер етті дейді.

Зиянкестік əрекеттерді Л. Залин өнеркəсіптердегі саяси, экономикалық, əскери тыңшылық  диверсиялық  жұмыстардан,  ал террористік актілерді Қазақстанның басшылығына қарсы тер- рорды даярлауынан көреді. Комиссар бірнеше басты ұйымдарды əшкерелегенін келтіріп кетеді: олар, Риддерде, Ащысай құрылысының бастығы Кельмансон бастаған ұйым, бұған елде-  гі барлық өнеркəсіп орындарын енгізеді; мыс қорытушы Балқаш комбинатындағы ұйымы, оны Қарағандымен байланыстырады; Түрксиб теміржолындағы құрылған ұйым; Алматы жəне Шығыс Қазақстанның шекаралық аймағындағы ұйым. Географиялық тұрғыдан қарасақ, ІІХК күдігі республиканы толық қамтыды. Интеллигенцияға қарсы қудалау орталықпен ғана шектелмей, пар- тия мен кеңес жұмысында жүрген барлық қызметкерлер ілігетінін құжат айғақтап тұр.

Елді түгелдей қамтыған науқанға мектеп мұғалімдері де ілік- ті. 1937 жылы 14 наурызда Перуаш Кəрімұлы революцияға қарсы халық арасында əдебиеттерді тарату мен іріткі туғызу жұмыстарын жүргізді деп айыппен тұтқынға алынып, жарты жыл түрмеде тұтқындалды. Кейін Перуаш Кəрімұлы Қарағанды облыстық сотының шешімі бойынша қыркүйек айында қамаудан босатыл- ды. Арада көп уақыт өтпей бір айдан кейін Қазақ КСР Жоғарғы сот төрағасының жеке талабы бойынша қайтадан қамауға алынды. Сонымен қатар, түрмеден босағаннан кейін тағы 3 жыл сыртқы дүниемен байланысуға тыйым салынды. Бір сөзбен айтқанда, барлық құқықтарынан айырылады. Тарихшы мамандардың айтуы бойынша, қиыншылық жолдар тудырмасын, ізсіз-түзсіз кетсін деп қасақана жасалған, шын мəнімен қарайтын болсақ, мұндай өкім адам үшін өлім жазасымен тең еді. Осындай жазамен кесілгендер тірі қалмайды деп есептелген. Осылайша қатаң жазалармен жаза- лап отырған.

 

1938 жылдың 15 қаңтарындағы Қарағанды облыстық сотының үкімімен РСФСР ҚК 58-10-бабы бойынша (Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізу) бас бостандығынан 5 жылға айырылған, өз жа- засын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болған.

Енді, Перуаш Кəрімұлының сотталған бабының мазмұнын дерек ретінде талдайық. Алдымен аталған баптың мазмұнын талдалық.  Дəл  мəтінін  келтірелік,  58-10  —  мазмұны  бойын-   ша арнайы қорғалатын мемлекеттік құпия болып табылатын мəліметтерді шетелдік мемлекеттерге, контрреволюциялық ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға беру мақсатында жинау неме- се ұрлау, беру, шпиондық. 58-10 бабының екінші бөлімі (мазмұны бойынша арнайы қорғалатын мемлекеттік құпияны құрамайтын, заңның тікелей тиым салуы немесе мекеме, кәсіпорын, ведом- ство басшысының өкімі бойынша жариялауға жатпайтын экономикалық мәліметерді аталған баптың І бөлігінде көрсетілген (шетелдік мемлекеттерге, контрреволюциялық ұйымдарға неме- се жеке тұлғалар) ұйымдарға немесе тұлғаларға ақысыз немесе ақыға беру мақсатында жинау немесе беру) 58-2 бабымен санк- циясымен (контрреволюциялық мақсатта кеңес территориясына қарулы отрядтар мен бандылар кіруі немесе қарулы көтерілістер ұйымдастыру, сонымен бірдей орталықта және жергілікті жер- лердегі өкіметті жаулап алу немесе РКСФС – дан оның қандай да болсын территориясының бөлігін зорлап бөліп алу мақсатында қандай да болсын әрекеттерге қатысу)[5, 10-12 б.]. Талай қазақ зиялысының түбіне жеткен атышулы бап қарапайым азаматтың да тағдырына əсер етті.

РСФСР Қылмыстық Кодекстің 58-10 бабының Алаш қай- раткерін қудалауға қаншалықты дəйекті екенін қарастырайық. Иə, осы аталған бапқа сəйкес талай алаштың азаматтары сотталып кет- ті. Мысалға, Әлихан Бөкейхан, Мыржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, ал кейінгі жүргізілген репрессияда Ермұхан Бекма- ханов та осы баппен сотталды. Қайраткердің бұл баппен сотталуы қаншалықты дəйекті болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Перу- аш Кəрімұлына тағылған айыптар негізсіз деп толығымен есеп- теуге болады. Себебі, Қылмыстық Кодекстің 58-10 бабына сəйкес тыңшылық айыптар тағылған. Айыпталушы өз өмірінде шетел- дерге мүлде шығып көрмеген.Осыны ескерсек, əрдайым ауылда

 

ұстаз болып қызмет атқарған адамның тыңшылық жасауы еш не- гізсіз деп толығымен есептеуге болады.

Контрреволюциялық қылмыстар туралы заңдардың қырла- рының бірі — бұл Кеңес мемлекетінің репрессивті жазалау саясатының ядросы болды. Қылмыстық жазалау шарасын жүзеге асыруға қолданылған шектен шыққан қаталдық екенін мойындау керек. Мəселен, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің не- гізгі бөлігінің 1 –бөлімінің қарастырған 17 контрреволюциялық қылмысының нақты құрамының 12-сі жоғары жазалау шарасы атуды қолдауды ұсынды. Азаттығынан айыруымен бірге халық жауы етіп, жариялау жəне мемлекеттен қуу, мүлігін тəркілеу, қатаң оқшаулаумен еркінен айыру жəне т.б. жазалау шаралары кеңінен қолданылды. Қатыгездік дəрежесі бойынша контрреволюциялық қылмыстар туралы заңдар ортағасырлық инквизицияның шірке- улік–қылмыстық заңдарымен, сонымен қатар фашистік заңдармен бақталаса алатын еді. Жасаған іс əрекеттің ауырлығына жауапкер- шілік шарасының құбыжықтық көлемсіздігі айыпкерді жəне сотта- лушыны шектен тыс ауыр жағдайға қойды. Бұл жағдайда олардың құқығын сақталу мүмкіндігі туралы тек қана үлкен дəрежедегі шарттылық деп айтуға болады [6, 154 б.].

Кəрім Перуашевтің ұрпақтары «Атамыз Кəрім Перуашевпен қоса əжеміздің өмірі де өте қиын болды. Ерке Жиеналина əжеміз де Алжир лагерінде азап шеккені туралы əңгімелер бар, əжеміздің де одан арғы тағдыры біз үшін белгісіз, əлі де анықтай түсу қажет»,

— дейді.

Бұл туралы біз өз уəжімізді келтірелік. «Халық жауларының» қаптапқамалуыəйелдерменбалалардыңұсталуынаəсеретті. Оның заңдық негізі 1937 жылғы 15 тамыздағы №00486 Ішкі істер халық комиссарының жедел бұйрығы [5, 83 б.] бойынша қаланған бола- тын. Бұйрықта «осы бұйрықты алғаннан соң 1936 жылдың 1 та- мызынан бастап бірінші жəне екінші категория бойынша Әскери алқа жəне Әскери трибуналда айыпталған оңшыл–троцкистік, тыңшылық — диверсиялық ұйымдар мүшелері, отанын сатқандар əйелдерін  репрессиялауға  кірісіңдер»  деп  ашық  айтылды.   Бұл

«халық жаулары» деп ұсталған азаматтардың əйелдері мен отба- сы мүшелеріне үлкен шабуыл еді. Сонымен қатар, бұйрықта жи- налатын материалдар негізінде  мына  құжаттар  құрастырылды: а) отбасыға нақтыланған жалпы анықтама, онда көрсетіледі: от-

 

басы басшысының фамилиясы, аты жəне əкесінің аты, қандай қылмыс, қашан, кім жəне қандай айыпқа тартылды; отбасы құрамының атаулы тізімі (сотталғанның қарауына тұрған және онымен бірге тұрған барлық адам — дарды қоса), отбасының əр мүшесіне нақты мəлімет; сотталғанның əйеліне қаралаушы ма- териалдар; 15 жастан жоғары балалардың əлеуметтік қауіптілік дəрежесіне қатысты мінездеме; отбасында өзінің физикалық жағдайына байланысты қарауды талап ететін ата — аналар мен қарттар барлығы туралы мəліметтер; б) 15 жастан жоғары əлеуметтік қауіпті жəне антикеңестік əрекетке қабілетті балаларға жеке қысқаша анықтама; в) 15 жасқа дейінгі мектеп-  ке дейінгі жəне мектептегі жастағы балалардың атаулы тізімі. Анықтамаларды республикалардың Ішкі істер халық комиссар- лары мен өлкелер мен облыстар ІІХК басқармалары басшылары қарастырып, шешім шығарды.

Сондықтан да П. Кəрімовтің əйелі Е. Жиеналина да басқа əйелдер секілді Ақмоладағы «Отанын сатқандар» əйелдерінің ла- геріне жіберілуі əбден мүмкін. Деректерді анықтау уақыттың ен- шісінде деп білеміз.

1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы соты Президиумының қаулысы бойынша Перуаш Кəрімұлы жолдастарымен бірге ақталды. 23 жылдан кейін ғана бұл кісінің ісі қаралып, өз шешімін тапты. Әкесінің түрмеде құрбан болғаны ұлы – Тұрлыбекке хабарланған еді. Арада 50 жыл өткеннен кейін немерелерінің қолына атасының қылмыстық іс  құжаттары  тиіп  отыр.  Бірақ  та, Перуаш Кəрімұлының өмірінің  соңғы  кездері  қалай  бол-  ды, жастық кезі қалай өтті: кімнің қолынан қаза тапты, қалай  бұл дүниеден өтті, неден қайтыс болды жəне бұл кісінің сүйегі қайда екені, осыныңбарлығы да ұрпақтарына белгісіз болып кел- ді. Осылайша атасының сүйегі қайда жатқан жерді анықтауды ұрпақтарының мойнына жүктелген аманаттық парызы деп санап отыр.

Жалпы, КСРО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау  1954 жылы басталып, бұл үдеріс 1960 жылдардың басына дейін жалғасқан. Ал П.Кəрімовке қатысты қылмыстық істің 1961 жылы наурыз айында тоқтатылғанын осы жылымық кезеңге ілігуімен түсіндіруге болатын секілді.

 

Өйткені, одан кейін бұл үдеріс тежеліп, тек қайта құру деп атал- ған кезеңде – 1980-жылдардың соңына қарай қайтадан басталғаны мəлім. Осылайша Перуаш Кəрімұлының сотталғаннан кейінгі тағдыры беймəлім қалпында қалып, артындағы жалғыз ұрпағы – Тұрлыбектің əке – шешесін іздеген əрекеті еш нəтижесіз аяқталды. Қазіргі ұлттық тарихымыз қайта зерделеніп жатқан тұста қатты ойланатын жайт, бұл. Қазақстан Республикасының Пре- зиденті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекет тарихын, даңқты ба- балары жүріп өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ беттері мен дара тұлғаларының қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі замана жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады»

деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ар- найы мұрағаттарында қалың көпшілікке белгісіз батырлар туралы талай құжаттар сақтаулы. Халық арасында ешкім де, ешқашан да ұмытылмауы тиіс. Бұл тек бір отбасы үшін ғана емес, барлық қазақ ұлты үшін құнды дүние. Қазіргі ұрпақ үшін халқы мен Отанына мінсіз қызмет етуде жоғары азаматтылық пен отаншылдықтың үлгісі болып табылатын Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғаны көпшілікке таныту өте маңызды. Перуаш Кəрімұлына қатысты та- лай құжаттар əлі де құпия болып қалуда.

Ал, біз Алаштың тағы бір ардақты азаматының табылғанына қуаныштымыз. Ендігі мақсат оның репрессияланғанына қатысты беймəлім деректерді ашу болып табылады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. qazaquni.kz
  2. baq.kz
  3. Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. Сборник документов / Отв. редактор Л.Д. Дегитаева. — Алматы: Казахстан, 1998. — 336 с., 14-15 б.
  4. Приговор народа // Большевик Казахстана. 1937. №2.
  5. Сборник законадательных и нормативных актов о репрес- сиях и реабилитации жертв политических репрессий. – Москва: Республика, -С.10-12.
  6. Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. Алматы: Ғылым. 2000. 388 с. с.154

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *