Нәжістер
С: Нәжістер неше түрге бөлінеді?
Ж: Ауыр және жеңіл нәжістер болып екіге бөлінеді.
С: Жеңіл нәжістерге не жатады?
Ж: Қаршыға мен лашын секілді еті харам құстардың саңғырығы, сонымен қатар жылқы, сиыр және қой секілді еті халал жануардардың зәрі жеңіл нәжіс болып саналады.
С: Ауыр нәжіске нелер жатады?
Ж: Жеңіл нәжістен басқалары ауыр нәжіс. Мысалы: 1) адамның нәжісі мен зәрі; 2) жылқы, сиыр және қой секілді еті халал жануардардың тезегі; 3) ит, қасқыр секілді еті харам жануардардың тезегі мен зәрі; 3) тауық пен қаз секілді құстардың тезегі; 4) ауыз толып құсылған құсық, денеден аққан қан, ірің және сары су; 5) мас қылатын ішімдіктер және шошқаның бүкіл ағзасы; 6) шариғатқа сәйкес бауыздалмаған жануарлардың еті, қаны; 7) малды бауыздалған кезде шыққан қан.
С: Шымшыққа ұқсас саңғырығы сасық болмаған құстардың тезегі таза ма әлде нәжіс пе?
Ж: Нәжіс емес, таза деп есептеледі.
С: Тышқанның зәрі мен тезегі таза ма, әлде нәжіс пе?
Ж: Суға түсіп кетсе, ауыр нәжіске жатады. Бірақ киім мен тағамға аз ғана мөлшерде тисе, ештеңе етпейді.
С: Балық пен бүргенің қаны таза ма, әлде нәжіс пе?
Ж: Нәжіс емес, таза деп есептеледі.
С: Өлексенің терісі, сүйегі, сіңірі таза ма, әлде нәжіс пе?
Ж: Шошқадан басқа хайуандардікі таза.
С: Өлген жануардардың терілері таза ма, әлде нәжіс пе?
Ж: Иленген терілердің барлығы таза деп есептеледі.
С: Иленбеген тері қандай болады?
Ж: Шариғат бойынша бауыздалған болса, иленбесе де таза. Бірақ, шариғатқа сәйкес бауыздалмаса, иленгенге дейін нәжіс, ал иленгеннен кейін таза деп есептеледі.
С: Ит пен қасқыр секілді еті харам аңдардың терісі де иленгеннен кейін таза деп есептеле ме?
Ж: Әлбетте, таза болады.
С: Шошқаның терісі ше?
Ж: Шошқаның барлық денесі нәжіс. Сондай-ақ, ешбір жағдайда таза болмайды.
С: Киімінде, денесінде немесе намаз оқитын жерінде бір нәжіс болса, намаз оқу дұрыс па?
Ж: Аз болса дұрыс, ал көп болса дұрыс емес.
С: Ауыр нәжіс қандай мөлшерде болса аз деп есептеледі?
Ж: Ауыр нәжіс тиынның көлеміндей болса, аз деп есептеледі. Яғни, осындай жағдайда намаз оқуға рұқсат. Бірақ, одан үлкенірек болса, міндетті түрде тазалау керек.
С: Жеңіл нәжіс қандай мөлшерде аз деп есептеледі?
Ж: Киімнің бір бөлігінің (мысалы, жеңі немесе етегі) төрттен біріндей жеріне жеңіл нәжіс тисе аз деп есептеледі. Осы жағдайда намаз оқи беруге болады. Бірақ, одан артық болса тазалану керек.
ма?
С: Төсеніштің бір жерінде нәжіс болса, нәжіс тимеген жерінде намаз оқуға бола
Ж: Нәжіс тиген жер мен намаз оқитын жердің арасы екі кез (саусақтың ұшынан
шынтаққа дейінгі аралық) шамасында болса намаз оқуға рұқсат, одан жақын болса намаз оқу дұрыс емес.