Намаздың мәкрүһтері

Намаздың мәкрүһтері

С: Намаздың мәкрүһтері нешеу?
Ж: Алпыс.
1. Намазда тәкаппарланып тұру;
2. Себепсіз жөтелу;
3. Қырағатты бұзатындай ауызына бір нәрсе салу;
4. Рукуғде басын арқасы мен артынан жоғары көтеру;
5. Тісінің арасындағы ноқат мөлшерінен аз тамақты жеу;
6. Аяттарды және тәсбихтерді саусақпен санау;
7. Бір сүннетті тәрк ету;
8. Қырағатты рукуғқа барғанда бітіру;
9. Сәждеге барғанда себепсіз тізеден бұрын қолды жерге қою;
10. Қиямға тұрғанда екі тізені қолдан бұрын көтеру;
11. Сәжде ететін жерді тазалау, егер маңдайға бататын ұсақ тастар болса, бір-екі рет тазалауға болады;
12. Есінеуден бұрын ауызды жабу;
13. Екі көзді жұмып тұру;
14. Намазды бітірмей жатып маңдайдағы топырақты немесе терді сүрту;
15. Қолды белге сүйеп тұру;
16. Киімнің жерге тиюінен сақтау;
17. Есінеу;
18. Саусақтарды шытырлату;
19. Себепсіз бір аяққа күш түсіріп, екінші аяқты бос ұстау;
20. Рукуғдан басқа жерде саусақ арасын ашып тұру;
21. Қырағатты тез оқу;
22. Оңға не солға бұрылып, қозғалып тұру;
23. Түкіру;
24. Көйлекті, тақияны аз мөлшерде шешу, көп мөлшерде шешсе дұрыс емес;
25. Бір-екі рет жүзіне киіммен немесе бір нәрсемен желдету;
26. Бір намазға арнайы бір сүрені тағайындау, осы сүрелерден басқа сүрелерді оқымау;
27. Бір ракағатта әдейі арасында бір сүре қалдырып, екі сүре оқу;
28. Парыз намазының бірінші және екінші ракағатында сүрелердің ретін бұзуы,яғни әуелгі орналасқан сүрені кейін оқып,кейінгі орналасқан сүрені алдын оқуы;
29. Кекіру;
30. Себепсіз үш қадам жүру;

31. Әр сүреде «басмала»ні айту;
32. Себепсіз баланы көтеру;
33. Намаз оқушы адам біреудің келуі себептен, дауысын жай шығарып оқуы;
34. Парызда екінші ракағатта бірінші ракағаттағыдан ұзақ сүре оқу;
35. Сәлдеге сәжде қылу;
36. Ер кісілер қарнын санына тигізуі;
37. Ер кісілер білектерін жерге тигізуі;
38. Имамның намазды халыққа қиындық тиетіндей оқуы;
39. Имам халық сұрауы себебінен намазды жеңіл оқу;
40. Имам сүрені ұмытқанда үш рет бір аятты қайталап жамағаттан көмек күтуі;
41. Күндіз оқылатын нәпіл намаздарды жария оқу;
42. Имам іштей оқылатын намазда сәжде аятын оқуы, егер сәжде аяты сүренің соңында болса мәкрүһ емес;
43. Парыз намазында бірінші ракағатта оқыған сүрені қайталап оқу;
44. Ер адам жеңін шынтаққа дейін түріп намаз оқуы;
45. Сіңбіру;
46. Екі рет тәкбір айту;
47. Әр рукіннің тасбихін басқа рүкінде аяқтау;
48. Имам немесе жалғыз оқушы рахмет аяттарын оқығанда Аллаһтан жәннатты тілеу, азап аяттарын оқығанда Аллаһтан тозақтан пана тілеп дұға етіп кідіріп қалуы;
49. Парызда себепсіз бір нәрсеге сүйену;
50. Имамның михрабқа түгел денесімен кіріп намаз оқуы;
51. Саусақпен бір санды немесе бір сөзді жазып көрсету;
52. Саусақтарымен нешенші ракағат екенін біліп тұру;
53. Басымен, қасымен ишарат етіп бір сөз айту;
54. Бірінші ракағатта бір сүре оқып, келесі ракағатта арасынан бір сүре қалдырып, келесі сүрені оқу;
55. Таһараты қысылып намаз оқу;
56. Қабірге немесе нәжіске қарап оқу;
57. Алдынғы сапта орын болып, келесі сапта тұру;
58. Алдында, жанында немесе киімінде жануардардың суреті болуы мәкруh. Бастары болмаса зияны жоқ;
59. Жанып тұрған отқа қарап намаз оқу. Алайда шамға және шыраққа қарап оқуға болады.
60. Басы жалаңбас күйде намаз оқу;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *