Құқық қорғау қызметінің түсінігі, белгілері және міндеттері

  • Құқық қорғау қызметінің түсінігі, белгілері және міндеттері. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарының қызметтері қоғам өмірінің алуан түрлі саласын қамтиды. Бір мемлекеттік органдар еліміздің экономиканың дұрыс қалыптасуына әсер етсе, екіншісі сыртқы саясатты жүзеге асырады, ал үшіншісі еліміздің қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етіп отырады және тағы басқа да мемлекеттік органдар мемлекеттің маңызды деген мәселелерін шешіп отырады.

   Дегенмен, аталған мемлекеттік қызметтердің ішінде, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі ерекше маңызды орында тұрады. Себебі, Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады.

   Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ең басты құндылық — ол адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құқық қорғау қызметінің басты мәселесі болып табылады. Осыдан көрінітіндей, мемлекеттік қызметтің ішінде, құқық қорғау қызметі басты орын алады.

Құқық қорғау қызметтерін дұрыс түсіну үшін алдымен құқық қорғау қызметінің белгілерін жақсы түсіну қажет. Сондықтан, құқық қорғау қызметінің белгілері мыналар:

  1. құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен емес, тек заңда белгіленген құралдары арқылы жүзеге асырылады. Заңда белгіленген құралдарына жатады, атап айтсақ мемлекеттік күштеу шаралары (мысалы, егер адам қылмыс жасаса, онда сот сол қылмыс жасаған адамға қатысты жаза тағайындайды немесе заңмен белгіленген басқада әсер ету шараларын қолдана алады, айыппұл, қоғамдық жұмыстар). Демек, заңдық әсер ету құралдарының ішінде, заң бұзушылықтарды ескерту және оларды алдын алу шаралары басты орын алады.
  2. құқық қорғау қызметін жүзеге асыру кезінде заңдық әсер ету шаралары тек қатаң заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Нақты әсер ету құралдарын қолданудың негізі болып әрқашанда тек заң болып табылады. Әсер ету құралдарын қолдану кезінде заң нормаларына сілтеме жасалуы қажет. Мысалы, адам біршама уақыт бойы көші-қон органдарынан заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткен жоқ болса, онда арнаулы органдар сол адамға қатысты әсер ету шарасы ретінде тек айыппұл ғана салынады. Демек, сол адамның заңсыз іс әрекеті үшін қамауға алуға немесе оған жаза беруге болмайды.
  3. құқық қорғау қызметі әрқашанда нақты тәртіптерді сақтау арқылы заңда белгіленген ережелермен жүзеге асырылады. Мысалы, сот адамға қатысты үкім шығармас бұрын, мыналарды орындау қажет:

а) сот талқылауына тараптар қатысады және олар дәлелдемелерді жан жақты, толық зерттеуі қажет;

б) сот үкімі арнайы кеңесу бөлмесінде талқылануы қажет.

  1. құқық қорғау қызметін әрқашанда арнайы мемлекеттік органдары жүзеге асырады. Арнайы мемлекеттік органдар деп аталуы мынамен түсіндіріледі.

а) аталған органдарда арнайы дайындықтан өткен азаматтар жұмыс атқарады (мысалы, ҚР-сы Ішкі істер Академиясы, ҚР-сы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Академиясы, ҚР-сы Қаржы полициясы Академиясы, Жоғарғы оқу орындарының заң факультеттері).

б) аталған органдар арнайы тәртіптер бойынша құрылады, қайта құрылады немесе таратылады (көп жағдайда, құқық қорғау органдарын ҚР-сы Президенті құрады).

в) аталған органдарда міндетті түрде заңгерлер жұмыс атқарады (мысалы, судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, адвокат).

г) аталған органдардың қызметтері тек арнайы заңдермен реттеледі (мысалы, ҚР-сы сот жүйесі туралы заңмен, Прокуратура туралы заңмен, ҚР-сы Қылмыстық істер жүргізу заңымен және т.б.).

ғ) аталған органдардың арнайы өкілеттіктері бар (мысалы, азаматтарды ұстауға, қамауға алуға, қылмыстық жазаға тартуға).

   Міне, жоғарыда аталған барлық ережелерді талдай отырып, біз құқық қорғау қызметінің түсінігін аша аламыз. Яғни, құқық қорғау қызметі дегенімізі — бұл заңға сәйкес және заң талаптарын қатаң сақтау арқылы құқық қорғау мақсатында заңда белгіленген әсер ету шараларын қолдануға өкілеттігі бар арнайы органдардың мемлекеттік қызметі.

   Құқық қорғау қызметтерінің міндеттері туралы мәселеге келсек, онда оның міндеттінің түсінігі мен мазмұны заңда толық әлі шешілмеген. 

   Бірақ, құқық қорғау қызметінің міндеттері тіптен жоқ дегенді білдірмейді. Құқық қорғау қызметінің міндеттері бар және олар бірқатар нормативтік құқықтық актілерде анықталады. Мысалы, құқық қорғау қызметі ретінде ҚР-сы Ішкі істер министрілігінің өзіндік міндеттері болса, онда прокуратураның өзіндік міндеттері болады, ал Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері де өзгеше, ал соттың міндеттері де қайталанбас өзіндік міндеттері бар.

   Сондықтан, құқық қорғау қызметінің міндеттері, алдымен сол құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының міндеттерінен көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *