Құқық қорғау органдары, оның түсінігі мен жүйесі

Құқық қорғау органдары, оның түсінігі мен жүйесі. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында нақты органдар құрылады және оларды тиісінше құқық қорғау қызметінің органдары деп атайды. Құқық қорғау қызметтерінің мазмұнын, құқық қорғау қызметінің бағытын талдай отырып, құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдарына мыналарды жатқызуға болады:

а) соттар (ҚР-сы Жоғарғы соты, облыстық және оған теңестірілген соты, аудандық және оған теңестірілген соты);

б) прокуратура (ҚР-сы Бас прокуратура, облыстық және оған теңестірілген прокуратура, аудандық және оған теңестірілген прокуратура);

в) қылмыстарды анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын органдар (ҚР-сы Ішкі істер Министрлігі және оның органдары, ҚР-сы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары, ҚР-сы Қаржы полициясы және оның органдары);

г) Әділет Министрлігі және оның органдары;

ғ) адвокатура;

д) нотариат.

Осы құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ішінде сот органдары басты орында тұрады. Себебі;

а) сот органдары — сот билігін құрайды;

б) сот органдары арнайы тәртіптер бойынша құрылады;

в) сот органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда түпкілікті, соңғы шешім шығарады.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдардан бөлек тұратын және олармен тығыз байланыста болатын және олардың жүйесінен шығатын — ол құқық қорғау органдары. Құқық қорғау органдарының ерекшелігі тек олар ғана қылмыстармен күреседі, қылмыстарды алдын алады, анықтап, жояды. Қылмыс жасаған тұлғаны анықтап, оны қылмыстық жауапқа тартады және жасалған қылмыс бойынша тергеу жүргізеді. Сондықтан, құқық қорғау органдарына мыналар жатады:

а) ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу аппараты;

б) ҚР-ның Ішкі істер министрлігінің тергеу аппараты;

в) ҚР-ның Қаржы полициясының тергеу аппараты;

г) Анықтау органдары.

4. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің мәні мен жүйесі.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау” оқу пәнінің мәніне мыналар жатады:

құқық қорғау қызметтері;

құқық қорғау қызметтерінің басты бағыттары;

құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдары мен құқық қорғау органдарының құрылысы.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің шеңберінде құқық қорғау қызметтерінің түсінігі, маңызы мен мазмұнына байланысты жалпы мәселелер қарастырылады.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің жүйесінде ерекше орында сот төрелігінің түсінігі мен маңызы тұрады.

Аталған оқу пәнінің жүйесінде, сонымен бірге, соттардың қызметтерін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, прокурорлық қадағалау, қылмыстарды анықтау мен тергеу, заң көмектерін көрсету мәселелерін ашып қарастыруға бағытталады.

5. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсының басқада құқықтық пәндерімен ара қатынасы.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсы құқық қорғау қызметтері туралы бастапқы мәліметтер беретін оқу пәні болғандықтан, ол басқада құқықтық пәндерімен тығыз байланыста болады.

Құқықтық пәндер жүйесінде, бірінші орында “Конституциялық құқық” пәні тұрады. Бұл оқу пәнінде Конституцияға сәйкес құқық қорғау органдарының алатын рөлі мен қызметіне жалпы сипаттама беріледі.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсы “Әкімшілік құқықпен” де байланысты. “Әкімшілік құқық” барлық мемлекеттік органдарының (оның ішінде, құқық қорғау органдарына ұқсас) ұйымдастырылуы мен қызмет жасау заңдылықтары зерттелінеді.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсы сонымен бірге, Мемлекет және құқық теориясымен, Мемлекет және құқық тарихы және тағы басқа құқықтық пәндерімен тығыз байланыста болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *