Еңбек құқығына сыртқы ішкі талдау

 

Сыртқы талдау.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасы Заңымен қабылданды. Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2015 жылғы 25 қараша №226. 2017жылғы 30 маусымдағы Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулар мен беріліп отыр. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. ҚР 2017жылы 30 қарашада 127-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын.

6. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік ісссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.





Ішкі талдау.

Еңбек кодексін саралай келе менің түсінгенім:еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше бөлімдер.Жалпы бөлімге еңбекті коғамдық ұйымдастыру элементтеріне жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық және салалық тиістілігіне қарамастан, олардың (қызметкерлердің) еңбегін пайдалану және ұйымдастырудың жалпы мәселелерін реттейтін нормалар жатады. Еңбек құқығы саласының ерекше бөлімі институттарға, яғни, еңбек құқығы қатынастарының туындау және жүзеге асырылу деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын бірыңғай нормалардың топтарына сәйкес құрылады. Ерекше бөлім халықты жұмыспен қамтумен және жұмысқа орналастырумен басталады, одан кейін орталық институт — жеке еңбек шарты, оның туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы, содан соң — жұмыс уақыты және демалыс уақыты институты, жалақы институты, кепілдік және өтемақылық төлемдер институты, еңбек тәртібі институты және еңбекті қорғау институты орналасқан. Ал бұлардан кейін еңбек қатынастары тараптарының келтірген зияндары үшін материалдық жауапкершілік институты, еңбек даулары институты, еңбектегі қадағалау және т.б. институттары орын алған. Сала ретіндегі еңбек құқығының жүйесінен еңбек заңдарының жүйесін ажырата білген жөн. Олар мазмұн және нысан ретінде өзара байланыста болады. Енбек заңдарының жүйесі нормативтік құқықтық актілерден, олардың преамбулаларынан, баптарынан, қорытынды ережелерінен және т.б. тұрады. Сол себепті, еңбек құқығының жүйесі еңбек заңдарынан көрініс табады, ал еңбек заңдары еңбек құқығының қайнар көзі болып табылады деген тұжырымға келуге болады.

ҚР « ҚР еңбек туралы » заңының 2-бабы

1.Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2.Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның және енбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның және азаматтың маңызды құқықтары мен бостандықтарының қатарына ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңында бұл заңның реттейтіні тура аталып көрсетілген.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің кауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы). ҚР «Еңбек туралы» заңында осы заңның «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына катысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні» көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына катысты конституциялық құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек кызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқығы.ҚР Конституциясының және ҚР «Еңбек туралы» заңының бұл ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоксанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді. Еңбек құқығының пәні. Еңбек құқығын оқу пәні және құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын, «еңбек» және «құқық» сөздерінің түп — төркініне көз жүгірткен жон болар. Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни, тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сәйкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.



Ал еңбек дегеніміз не?

Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. «Маймылдық адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады себебі, ол адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге және т.б. катысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, еңбек коғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы және тіпті санасыз ғұмырында адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттың барлығы — инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, коғамның материалдық негіздерін құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек адамның табиғи қажеттігінен туындайды. Еңбек — бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайды, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.Сонда еңбектің қандай гүрлері еңбек құқығымен реттеледі?Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек — жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді.Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі — аралас нысандағы еңбекте болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек кызметі, меншік иесі — кәсіпкерлердің, еңбек кооперацияларының кызметі және т.б. кызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек кызметімен айналысып — заңды тұлғаны құрмастан дәріхана, дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі оз дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, ғалымның, өнертапқыштың қоғамдық кооперациядан тыс жүзеге асырылатын еңбегі де еңбек құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы Күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық әскерде, ішкі және сыртқы барлауда әскери міндетін өткеру еңбек құқығының пәніне жатпайды, олар әкімшілік құқықтың пәнін құрайды. Аталған органдардағы кызмет қарапайым жұмыс пен еңбек қатынастарының шеңберінен шығып кетеді. Бұл кызмет мемлекеттің қорғаныс функциясын орындаумен байланысты. Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.

ҚР «Еңбек туралы» заңының 5-бабының 1 — тармағы

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке енбек, ұжымдық шарттармен реттеледі. Еңбек құқығының пәнін құрайтын барлық қатынастарды қарастырып өтелік: 1. Негізгі қатынастар — жұмыс берушінің (ұйым, жеке кәсіпкер) қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін, дағдыларын және т.б.) пайдалануымен байланысты енбек қатынастары шарттық және ақылы негізде жүзеге асырылады. Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген нормалар (тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады. Еңбек қатынастарына қызметкер және жұмыс беруші өз еркі бойынша катысады. Еңбек құқығы қатынастарын қызметкердің жұмыс берушімен еңбек жағдайларын пайдалану жөніндегі заңды байланысы (қызметкер өз жұмысын мұқият орындауға, ал жұмыс беруші оған жалақыны жүйелі түрде төлеуге міндеті) құрайды. Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады: а) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие және соңғы нәтижемен аяқталмайды, яғни, еңбек қатынастары — бұл ұзақ уақытқа созылатын қатынастар. Өзге құқықтық қатынастарда, мысалы, еңбекпен байланысты азаматтық құқықтық қатынастарда орындаушыға нақты бір тапсырма беріледі, ол бұл тапсырманы орындаған соң барлық міндеттемелер де тоқтатылады, яғни, құқықтық қатынастар тамамдалады; ә) еңбек қатынастары — бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар; б)еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. таңдай алады. Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дәлел ретінде қызметкердің жұмысқа тұрардағы өтінішті өз қолымен толтыратынын және жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып, қызметкерді қызметке алу туралы еркін білдіруін келтіруге болады;



в) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерінде енбек ұжымы мүшелерінің бірлескен кызметінің жағдайлары және тәртібі белгіленеді. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті. Мысалы, қысқа мерзімді жалдау шарты бойынша адвокат, аспаз немесе құрылысшы жұмысқа тартылған кезде жұмысты орындаушының өзі немесе оның бригадасы істей ме, олар жұмыс уақытында әлде түнде жұмыс істей ме және осы сияқты жағдайлар жұмыс беруші үшін аса маңызды емес, оны толғандыратын басты мәселе — жұмыстың уақтылы және сапалы орындалуы; г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен — еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты; д)мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты; е)жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа кабылдау бұйрықпен рәсімделеді және қызметкерді кәсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. Еңбекпен байланысты өзге де қатынастарда жұмысты орындаушы штатқа алынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек үрдісіне қарағанда еңбектің нәтижесі маңыздырақ болады; ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған және оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.





Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *