12 ЖЕЛТОҚСАН НЕМЕСЕ АЛАШТЫҢ АТҚАН ТАҢЫ

12 ЖЕЛТОҚСАН НЕМЕСЕ АЛАШТЫҢ АТҚАН ТАҢЫ

Қазақ өлкесінде 1917-1919 жылдары елеулі  түрде  саяси рөл атқарған Алаш Орда ұлттық үкіметінің тарих сахна- сында пайда болуы кездейсоқтық емес. Қаймана қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігіне айналып, ішкі Ресейден қоныс аударушылардың шылауында кетуі, қазақ бұқарасының егін- шілікке жарамды жерлерден зорлықпен ығыстырылуы, әміршіл- әкімшіл жүйенің жергілікті халықты аяусыз жаныштауы – қазақ халқының ұлт ретінде не жоғалуын, не өзін-өзі сақтауы үшін күресу мәселесін күн тәртібіне шығарды. Халықтың ал- дында тұрған мақсат-мүдделерін қараңғы қазақтың зердесіне жеткізіп, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күштің қалыптасып келе жатқанын 1905-07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп бер- ді. Ол – саяси күрес қазанында әлі де тәлім-тәжірибесінің аздығына қарамастан жұдырықтай жұмылып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

 

Талас ОМАРБЕКОВ: тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Жалпы сол тұста Орта Азия өңірінде өзбек, түркімен, қырғыз, бәрін қосқанда ең күшті интеллигенция қазақта ғана болды. Біздің интеллигенцияның мықтылығы неде еді? Бірінші- ден сол тұстағы қазақ зиялылары өздері үркердей ғана топ бол- са да, екі мәдениетті де бойына сіңірген болатын. Себебі олар қазақ ауылында қазақ молдасынан білім алып, сонымен қатар,ол білімдерін Ресейдің мұғалімдер сенминариясынан бастап универ- ситеіне дейін барып, жалғастырған нағыз білім иелері еді. Және ең маңыздысы, олар қазақты бейбіт жолмен өркендетуді көздеді.

 

«Қарқаралы» петициясы

 

Негізінен, «Алаш» қоғамдық қозғалысы өз бастауын ХХ ғасыр басында 1905 жылы ұлт зиялыларының Патша үкіметіне жолдаған

 

«Қарқаралы» петициясынан алады. Алайда, оған дайындық ХІХ ғасырдың соңында басталып кетті. Мəселен, ең əуелі қараңғылық құшағында жатқан қалың елді оятып, санасын серпілту ісі. Бізде əлі күнге дейін Ыбырай Алтынсариннің Торғайда алғаш қазақ мектебін ашу жолындағы ерен еңбегі өз дəрежесінде бағасын ала алмай келеді. Оған қазақ хандары мен бақуаттыларының қаражат жағынан көмектесуі де айтыла бермейді. Біле білсек, егер ол іс қолға алынбағанда қазақтың небір оқыған зиялы азаматтары қалыптаспас еді. Міне, сол бір халық ағарту ісін біршама жолға салғаннан кей- ін барып — Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған ұлт серкелері бастаған ұлт-азаттық қозғалысы пайда болды жəне олар қазақтың өз алдына дербес ел болуына жол ашу үшін газет шығарып, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып таратуға жан са- лып кірісті.

 

Мəмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымдарының докторы, про- фессор:

Алашзиялыларыалғашретхалықтыағартуүшін, халықтың өмірін жаңа сапаға, жаңа сатыға көшіру үшін жалпыұлттық журнал жасады. «Айқап» деген журнал. Жалпыұлттық «Қазақ» газетін ашты. Бұл басылымдардың:  «Сарыарқа»,  «Бірлік  туы», және басқа толып жатқан газеттерінің қазақ халқының жаңа сапаға, жаңа сатыға көтерілуі үшін өте үлкен еңбек сіңірген, ағартушылық міндет атқарған басылымдар болатын. Байтұрсыновтың «Масасы», Дулатовтың «Оян, қазағы» және басқа толып жатқан кітаптардың мақсаты қазақ халқын ағарту болатын, қазақ халқының қоғамдық санасын ояту, жаңа өмірге шақыру, осы мақсатты көздеді.

 

Жер дауы…

 

Иен жатқан далаға именбей кіріп, жергілікті халықты ең құнарлы, шұрайлы жерінен еріксіз ығыстырған қоныс аудару- шылардың санын шектемесе, əлемдік озық тəжірибені пайда- лана отырып, дəстүрлі мал, егін шаруашылығы мен өнеркəсіпті өркендетпесе, ел болашағының бұлыңғыр екенін алаш қайрат- керлері дер кезінде сезініп-түйсіне білді. Олар отарлық езгіден

 

еңсе көтере алмай жатқан ұлан-ғайыр далада демократиялық принциптердің орнауын, ұлттық мəдениеттің, оқу-ағарту жүйе- сінің, тілдің дамуын көкседі. Бір сөзбен айтқанда, «Алаш» зия- лыларының басты мақсаты – бодандықтың бұғауынан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құру еді. Ал мұның бəрі, сөз жоқ, талай жыл іште тұншығып келіп, тарихи, қоғамдық құбылмалы кезеңде бұрқ ете қалған қазақ ұлтшылдығының көрінісі болатын.

 

12 желтоқсан…

 

Алаш тарихында алтын əріптермен жазылуға тиіс дата

– ол Алаш автономиясының құрылған күні. 1917 жылы 12 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде қазақ халқының ұлттық территориялық мемлекеттігі бо- лып табылатын — Алаш автономиясы жарияланды. Съезд Алаш автономиясының Алаш Орда аталған Ұлт кеңесінің құрамын сай- лады. Халел Досмұхамедов, Айдархан Тұрлыбаевтар да үміткер есебінде қатысқан сайлауда Әлихан Бөкейхан жеңіп шығып, Алаш автономиясының үкіметі – Алаш Орданың төрағасы бол- ды. Уақытша Ұлттық Кеңес құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды. Олар Петроградтың, Мəскеудің, Қазанның, Томскінің т.б. қалалардың түрлі оқу орындарын бітір- ген жоғары білімді зиялылар еді. Осы бір маңызды оқиға туралы Екінші жалпықазақ сиезінің делегаты Әлімхан Ермеков былай деп жазды: «Желтоқсанның он екісі күні, түс ауа, сағат үште Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды».

 

Алаш қаласы

 

– 1917 жылы 12 желтоқсанда Алаш Орда үкіметі өзін жариялағаннан кейін көп ұзамай, 1918 жылдың 8 қаңтары күні Се- мей қаласына келеді. Ал, ол -қазақ үшін үлкен оқиға, ақ түйенің қарны жарылған күн болғаны сөзсіз. Сондықтан арнайы жиын болып, онда қазақтың біртуар ақыны Шəкəрім, Сұлтанмахмұт

 

Торайғыровтар қуаныш жырын оқып, Әріп Тəңірбергенов домбы- рамен арнау айтқан. Міне, осылай Алаш Орда үкіметінің Семейге келуі, оның аласапыран, қиын да қысталаң күндері, жұмыстары басталған.

Біртіндеп жұмыстары қарқын алған соң  1918-1919  жылда- ры Алаш Орданың Орталық жəне Семей болыстық комитеті өз қызметтерін Семей қаласының Жаңа Семей бөлігінде жүргізді. Ал, Семей қаласының Жаңа Семей бөлігі 1917 жылдың шілдесі мен 1927 жылдың 8 қазаны аралығында ресми түрде Алаш қаласы аталған. Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихының құжатнама орталығынан табылған Алаш Орда үкіметінің кеңселік іс-қағаздары: бланктері, мөрлері мен штампта- ры өзгермелі қоғамдық саяси өмірде тарих сахнасына бірінен соң бірі көтерілген ресейлік-аймақтық үкіметтермен қарым-қатынасты дəл осы Алаш қаласында жүзеге асырып отырғанын дəлелдейді.

Өкінішке орай алаштың бұл қуанышы көпке созылған жоқ

 

Алданған үміт…

 

1918 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Семей облысындағы саяси хал-ахуал шиеленісе түсті. Кеңес өкіметі Қазақстанда Кеңестік билікті тұрақтандыруда Алаш Ордамен бола- тын келісімнің басты рөл атқаратынын айқын сезінді. 1918 жылғы ақпан-сəуір айларында Кеңес өкіметі ұлттық мақсат-мүддені қорғап, дербес автономияны баянды қылуды көздеген Алаш Ор- дамен ымыраға келе алмады. Ал Алаш Орда үкіметі өз кезегінде Кеңес өкіметін толықтай мойындауға бармады.

Кеңес өкіметі Алаш пен Алаш Орданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау əдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметі күштеп таратылды. Алаш Орда үкіметінің кей- бір мүшелерінің азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі жағына өтуі 1919 жылдың көктем айларынан басталды. 1919 жылдың қараша айының соңында қазақ саяси элитасының өкілі Райымжан Мəрсеков бастаған жаңа өкіметті мойындамаймыз деп мəлімдеген Алашордашылардың бір бөлігі əскери құрамасымен Қытайға өтіп кетті. Ал екінші бөлігі 1920-жылдың наурыз айының

 

соңында Жоңғар қақпасы арқылы шекара асты. Кезінде Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, Қазақстанда қалғандары түгел дерлік сталиншіл əкімшіл-əміршіл жүйенің құрбандарына айнал- ды.

 

Мəмбет ҚОЙГЕЛДІ, алаштанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, прфессор:

– Неге Алаш идеясы іске аспай қалды? Неге Алаш Орда үкіметі жеңіліс тапты деген сауал туады. Оған жауапты кезін- де Мұстафа Шоқай берді. «Біз Түркістан зиялылары, соның ішін- де қазақ зиялылары орыс демократиясына сеніп қалдық. Солайша, біріміз оның оңшыл бағытын, екіншіміз орыс демократиясының солшыл бағытын қолдадық. Бірақ өмір нені көрсетті? Өмір орыс демократиясының мейлі оңшыл бағыттағысы болсын, солшыл бағыттағысы болсын, қазақ халқына тәуелсіздік беруге даяр емес екендігін көрсетті. Ал, біз сөйткен орыс демократиясына көзсіз сеніп, ақыры, алдандық да қалдық дейді. » дейді.

 

Дегенмен…

Солақай саясат «Алаш Орда» үкіметін құрушыларды құрбан етсе де, тұтас Алаш идеясын жоя алған жоқ. Араға қаншама жылдар салып, түбі сол бір ізгі идея өз жемісін берді. Бүгінгі біздің Тəуелсіздігіміз сол Алаш арыстары қол жеткізе алмай кет- кен, бірақ кеуделерінен жаны шығып ара жатса да қазақтың ел болатындығына сенгендігінің нəтижесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *