ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ

(Алаш идеясы контекстінде)

 

Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді,

қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.

Әлихан Бөкейхан

 

Бүгінгі əлем елдерінің ұлттық ерекшеліктерін жалмап бара жатқан жаһандану тенденциялары, күнара жарылыс жасап, бей- біт елдің берекесін қашырып жатқан экстремистік, террористік ұйымдар, экономикалық дағдарыстардың жиілігі, үшінші техни- калық революцияның дамушы елдер үшін бұлыңғыр болашағы, қоғам өміріндегі рухани деградация көріністері, əлем елдерін- дегі түрлі түсті революциялар, тарихи уақыттың жылдамдығы, қазақтың өз ішіндегі таныс-білістік, трайболизм, жемқорлық көріністері – бəрі-бəрі қосылып келіп, «тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп, өмірге келгендегі парызы мен қарызын, өткені мен бүгінін, алға қойған бағыт-бағдарын, мақсат-мұратын айқын танып, сол жолда барлық күш-қуаты мен қайрат-жігерін жұмсаған халқының адал ұлдары – Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың рухани күш-жігерін, қайраткерлігін, ең бастысы, олардың ұлттық ұстанымдарын Қазақ Елі үшін, оның əрбір азаматы үшін ең маңызды құндылыққа ай- налдырып отыр. Ал осы қазақ тарихындағы жарық жұлдыздарды, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларын бір тудың астына бірік-

 

тірген, сол жолда өмірлерінің соңғы секундтарына дейін қызмет етуіне күш-жігер сыйлаған бір идея болса, бұл сөз жоқ біздің ұлттық идеямыз – Алаш идеясы болды. Олай болса, бүгінгі тəуелсіз қазақ мемлекеті алдында тұрған, жоғарыдағы аталып өткен проблемаларға қарсы тұру Алаш идеясының моральдық қағидаларын, рухани-саяси ұстанымдарын, құндылықтарын анықтау арқылы ғана мүмкін болмақ. Бұл бүгінгі қазақ ғылымы үшін маңызды əрі күрделі мəселе болып табылады. Сондықтан бұл жолда белгілі бір табысқа жетуді қаласақ, алдымен  көзделген мақсаттарды айқындап, сол мақсаттың  айналасында ой қозғағанымыз ең тиімді əдіс болса керек. Біріншіден, кез- келген ұлттық идеяның мазмұны «біз кімбіз?», «қайдан келдік?»,

«қайда барамыз?» деген мəңгілік үш сұрақтың жауабына саяды. Демек, біздің ең басты мақсат та осы сұрақтардың жауабын табу болмақ. Екіншіден, ұлттық идея белгілі бір сəтте тумайды, ол халықтың күрделі даму жолдарын оның өзімен бірдей басып өтіп қалыптасады, қолдан жасалмайды, халықтың мəдениетінен, салт- дəстүрінен туындайды. Демек, Алаш идеясы бұл біздің ұлттық идеямыз екендігін атап өтіп қана қоймай, оның тарихи тамырын, генезисін ұлттық тарихымызбен, мəдениетімізбен сабақтастыра отырып дəлелдей алуымыз керек. Бұл біздің екінші мақсатымыз болмақ. Үшіншіден, Алаш идеясы тек қана идея күйінде қалған жоқ, ол Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің негізін қалап, олардың негізгі бағыт-бағдарын анықтап, сыртқы-ішкі саяса-  тын белгілеп, ұлттық идеология қызметін де атқарды. Енді осы Алаш идеясының идеология ретінде трансформациялану про- цессін көрсетіп, саяси шешімдердің бағыт-бағдарын белгілеудегі негізгі қырларын ашып кету біздің үшінші мақсатымыз болмақ. Төртіншіден, егер қандай да бір идеология болса, оның басты идеологы жəне идеологиялық құралы болары ақиқат. Алашорда үкіметінің басты идеологы Әлихан Бөкейхан да, ал идеологиялық құралы «Қазақ» газеті болғандығы белгілі. Сондықтан біздің төртінші мақсатымыз осыған дейін тасада қалып қойған, Алаш көсемінің «Қазақ» газетінде жəне жалпы қоғамдық-саяси өмірде идеолог ретіндегі қызметін таныту, талдап көрсету болмақ. Тағы да алдын-ала айтып кететін жайт, біз бұл төрт мақсатты жеке- жеке  қарастырып,  кезегімен  талдамаймыз.  Себебі,   біріншіден,

 

бұл біздің мақаламыздың көлеміне сыймаса, екіншіден, бұл мақсаттардың бəрі бір-бірімен сабақтасып жатқандықтан, біре- уін айтқанда екіншісі өз-өзінен анықтала, айғақтала  бастайты- ны белгілі. Олай болса, біз ең басты мақсатымыз деп атап өткен

«біз кімбіз?», «қайдан келдік?», «қайда барамыз?» деген мəңгілік үш сұраққа жауап іздеу барысында қалған үш мақсатымызды да қамтып отыруға тырысамыз.

Ұлттық идея – бұл өте күрделі ұғым. Күрделілігі сонда, бұл ұғымды əркім əр түрлі түсінеді, əр түрлі қырынан танытуға тыры- сады. Біз бұл соқпақпен жүрмей, алдымен ғылыми анықтамаларын беріп, кейін оны қай қырынан танытатынымызды айтып өтуді жөн көрдік. Ұлттық идея жайлы Ұлттық энциклопедия: «халықты топ- тастыратын, біріктіретін, өз елі үшін мақсатқа бөлейтін асқақ рух болып табылады»[1, 231], − дейді. Ал философиялық энци- клопедия: «Национальная идея призвана дать ответ на ряд вопро- сов, характеризующих народ. В частности, вопрос истории и воз- никновения нации, а также вопрос об исторической миссии и о смысле существования»[2], − дейді. Осыларды жинақтай келгенде, ұлттық идея дегеніміз халықтың ерекшелігін, өткені мен бүгінін сабақтастырып, болашақ бағдарын айқындайтын, ұлт  алдына  ұлы мақсат қойып, сол мақсат жолында жұмылдыратын күш бо- лып табылады. Бəріміз білетіндей, Алаш идеясы – жоғарыдағы анықтаманың барлық критерийлеріне жауап беріп, ұлтты бірік- тіріп, ұлы мақсат жолына жұмылдыра алған идея, яғни біздің ұлттық идеямыз. Ал бұлардың барлығы жоғарыда айтып өткен мəңгілік үш сұрақтың жауабын тапқанда ғана мүмкін болады. Де- мек, біздің Алаш идеясы контекстінде «біз кімбіз?», «қайдан кел- дік?», «қайда барамыз?» деген сұрақтардың жауабын іздеуіміз де ақылға қонымды дүние болмақ.

Сократтың: «Өзіңді танытпай жатып, өзгені танимын дегені күлкімді тудырады» дегенін ескеріп, ең алдымен, «біз кімбіз?» деген сұраққа жауап іздеп көрсек. «Біз кімбіз?» бұл сұрақтың жа- уабы біздің жанымызды, рухани əлемімізді танытатын əдебиетте жатқандығы ақиқат. Бірақ, əдебиетті, көркем туындыны талдаудың сан түрлі жолы бар. Біз жоғарыдағы сұрақтың жауабын анықтау үшін философиядағы «идеал» категориясын басшылыққа алғымыз келеді. Себебі, əдеби көркем туындылардағы жағымсыз кей-

 

іпкерлер халықтың өзін емес, оның неден жиіркенетінін, нені ұнатпайтынын танытса, ондағы  жағымды  кейіпкерлер  оның нені ұнататынын, адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайтынын көрсетеді. Ал идеал бейне болса, халықтың, ұлттың нені аңсайтынын, армандайтынын көрсетеді, жан қалауын та- нытады. Халықтың жан қалауы оның ерекшелігін, кім екендігін, құндылықтарын айғақтайды. Сондықтан да «біз кімбіз?» деген сұраққа да біздің идеалдарымыз кім екенідігін көрсету арқылы жау- ап бере алмақпыз. Бұл − бір. Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, біз бұл сұрақтарға жауапты Алаш идеясы контекстінде анықтауға тырысамыз жəне бұл жауаптың генезисін ұлттық тарихымызбен, мəдениетімізбен, əдебиетімізбен сабақтастыра жүргіземіз. Сондықтан, ең алдымен, Алашорда үкіметінің басты идеологы Әлихан Бөкейханның «Қазақ» газетінде жариялаған мақаларында сол кездегі қоғамға ұсынған идеалын анықтау арқылы «біз кім- біз?» деген сұрақтың жауабын тауып көрмекпіз. Кейін оны ұлттық əдебиетіміздегі идеалдарымызбен сабақтастырамыз. Осы себе- пті «Қазақ» газеті жарыққа шыға бастаған алғашқы жылындағы Әлихан Бөкейханның жариялаған мақалаларын саралап қарағанда, мақала түйіндерінде белгілі бір дəрежеде жеке адамдар бойында болу қажетті қасиеттерді атағанын байқаймыз. Оларды жинақтап келгенде автор бейнелеген тұлға «жол тапқан, жұрт үшін қызмет еткен, ата баласы жақсылар, əділ кісі, харам жимайтын, халық үшін жаумен алысатын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шын- шыл, тура, ұлтына, жұртына қызмет қылу білімнен емес, міне- зден екенін ұққан кісі» болуы қажет [3, 75-236]. Бұл аталған идеал бейнені ұлттық əдебиетіміздегі идеалдармен бірге қарастыратын болсақ, ойымызға Абай Құнанбайұлы ұсынған «Толық адам» ілімі, Шəкəрім Құдайбердіұлы ұсынған «Ар» ілімі оралады. Ал бұл ілімдердің негізінде əл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» сынды трактаттары, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» сынды кітаптары жатқандығын қазіргі ғылым дəлелдеп отыр [4]. Демек, Алаш идеясы ұстанымдарының, құндылықтарының біздің терең тарихымыздан шығып жатқандығын көреміз. Ал бұл талаптардың, ұстанымдардың идеология ретінде жүзеге асқандығын Алаш пар- тиясына мүшелікке өту үшін қойылған «Алаш программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық,

 

туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмай- тын, шыншыл, əділ, тура, кісі осы партияға кіреді» деген сынды талаптардан байқасақ болады [5, 39]. Енді бұл айтылғандарды жинақтап «біз кімбіз?» деген сұраққа концепциялық жауап іздеп көрсек. Әрине, бұл жерде бізге шығармашылық ізденіс те талап етілді. Себебі, осы уақытқа дейін Алаш көсемі болсын, жалпы қазақ əдебиетінің кез-келген белді өкілі болсын бұл сұрақтың ай- наласында толғанып, қазақтың типтік образын, идеалды бейнесін жасауға тырысты, енді бізге осы мол əдеби материалдар мен қазақ халқын біріктірген Алаш идеясының сабақтасқан жерінен «біз кім- біз?» деген метафизикалық сұрақтың концепциялық жауабын таба білуіміз қажет етіледі. Алаш көсемі ұсынған «жұрт үшін қызмет қылатын, ата жолын қуған, əділ, тура, шыншыл, харам жимайтын» кісісін, Алаш партиясына өте алатын «өтірік айтпайтын, шыны- нан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, əділ, тура» кісісін, Абай Құнанбайұлы ұсынған «Толық адамы» мен Шəкəрім Құдайбердіұлы ұсынған «Арлы» адамын қазақ жалпылама түрде кім деп атағанын анықтасақ, біздің кім екендігіміз анықталмақ. Ал мұндай адамды қазақ, бəріміз білетіндей, күнделікті өмірде  де, жалпы танымдық деңгейде де ТЕКТІ адам деп атаған. Иə, иə, дəл өзі. ТЕКТІ адам. ТЕКТІ халық. ТЕКТІ ұлт. Бір қызығы, бұл ұғымды басшылыққа алып Алашорда көсемі мен идеологы Әлихан Бөкейханның сан қырлы тақырыпта жазылған мақалаларын қайта талдайтын болсақ, осы идеяға саятын моральдық ұстанымдарды, рухани құндылықтарды айқын көреміз, бірден байқаймыз. Халыққа осындай рухани талап қойып қана қоймай, өзі де осы дəрежеге лайық болуға тырысқанын бүкіл өмір жолы арқылы да, «тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген өмірлік ұстанымдары арқылы да көре аламыз. Одан бөлек, Алаш көсемінің əлемдік саяси процестерге де тектілік биігінен баға бергенін «Бас салып əлі келгенді тал түсте та- лап алатын болса, ұят, абыройдан тысқары болса, жығылған жаққа қылғаны иттік болса мұның жетілген Еуропалығы, христиандығы қайсы? Өзі туралық жолдан шығып, адам бола тұрып «ит бола- мын» деген бұл төрт досқа сырың қайырлы болсын демес пе?» [3, 234] − деп түріктердің ішкі тұрақсыздығын пайдаланып жабылып,

 

жеріне баса көктеп кіріп жатқан Еуропа корольдіктерінің тексіздік- терін ашық сынаған мақаласынан да байқау қиын емес. Халық өзінің əдебиеті арқылы идеалдар жасап, сол идеалдарға талпына- тыны, ал ол оның тарихи контексте кім екендігін танытатындығы жайлы тұжырымымызды да Әлихан Бөкейханның «Женщина по киргизской былине Кобланды» мақаласындағы мына пікірімен сабақтастырсақ болады: «Каждая, эпическая даже, песня носитъ на себя отпечатокъ субъективной личности слагателя съ его взглядами на жизнь и съ его стремленіями и идеалами, вместе съ темъ отли- чается, насколько это вазможно, исторической правдивостью»[6, 295]. Бұлардан келіп шығатыны,  Алаш  көсемі  идеолог  ретін-  де тікелей тектілік ұғымын атын атап, түсін түстемесе де, бүкіл ғұмыр жолы, іс-əрекеті арқылы осы атқа сай болуға тырысқанын, басқаларға да осындай талап қоя алғандығын, өзін, халқын текті деп танығандығын, сондықтан да əлемдегі басқа ұлттардың тексіздікке барып жатқанын көрсе, ашық сынаудан тайсалмағандығын көріп отырмыз. «Біз кімбіз?» деген сұраққа ғылыми толғанысымызды қорыта келгенде, біз адам бойындағы әділдікті, шыншылдықты, нұрлы ақылды, ыстық қайратты, жылы жүректі, арлылықты, қайсарлықты, туралықты, тазалықты бағалайтын, өзіне де сон- дай биік, ізгі талаптар қоятын, сол атқа сай болуға тырысатын текті халықпыз, текті ұлтпыз, текті қазақпыз.

Қайдан келдік? Бұл сұраққа келгенде Алаш көсемі əрі иде- ологы Әлихан Бөкейханның қызметін екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, қазақ жазба тарихын жазып, қазақтың түбін тануға тырысқаны, «Алаш» ұран концепциясы арқылы  сол кездегі кең байтақ қазақ жерін біріктіргені, қазақ халқын бір тудың астына жинағаны болса, екіншісі, қазақ тарихына тектілік тұрғысынан қарап, сол замандағы жəне қазірге дейінгі ориента- листерден өзгеше, жаңаша көзқарас ұсынып, сол биіктен келіп шығып басқаларды да сынап, талап қойып, осы негізде мемлекет- тік саясатқа идеологиялық бағдар бере білгені болмақ. Енді осы қызметтерге кезек-кезек тоқталып өтетін болсақ.Бірінші  кезек- те, Алаш көсемі «Қазақ» газетінің алғашқы сандарынан бастап

«Қазақтың тарихы» атты мақалалар сериясын жариялап, онда көбіне-көп қазақтың түбін, жеке дара ұлттық ерекшеліктерін, ондағы ру-тайпалардың қазақ жерін бұрыннан мекендегенін жəне

 

олардың жалпы атауы «Алаш» болғанын, яғни барлық рулардың түбі, жиылатын ұраны бір екенін, «Алаш» сөзінің «отан кісі» («отечественник»)деген мағына беретіндігін баяндайды [7, 375- 408]. Демек осыған қарап Алаш көсемі идеялық деңгейде қазақтың түбі бір, «Алаш» бүкіл қазақтың ортақ ұраны, қосылатын нүктесі екенін танытуға тырысқанын көреміз. Бұл туралы белгілі алаш- танушы Д.Қамзабекұлы былай дейді: «Отандық зерттеушілердің ішінде Шоқан Уалихановтан бастап Алаш ұғымын зерделегенін байқаймыз. Ол қазақ пен алаш ұғымдарын қатар қоя отырып («на- чало народа казахов или алач»), былай деп жазады: «У киргиз разные роды имеют свою тамгу и уран. Уран у всех киргиз есть алач». Бұдан «Алаштың» елдік-мемлекеттік рəмізге айналған ұғым екені көрінеді. ХХ ғасырдың басында Ә.Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да, үкіметке де бергенде осы ұстанымды басшылыққа алғаны анық», [8, 216] – дейді. Орынды айтылған, оның дəлелі «Қазақ» газетінің 31 желтоқсан 1917 жылғы санындағы «Алаш бірлігі» мақаласында: «Алашқа қаны бірге Алаш ұлынан артық жанашыр табылмас. Алаштап ұран салып, Алаштың туын тіксек, сүйегінде шақпақтың қуындай жігер, на- мысы бар Алаштың ұлының шыққан шығынына, тартқан бейнет- ке еті ауырмас деп, Аллаға тəуекел қылды. Тозғандықтың белгісі бірсыпыра Алаштың баласы қалың Алаштың баласы бабасының атын атап, туын тікпеген соң Түркістан автономиясына қосылып отыр…Түркістанға қосылған елдің адамдарымен сөйлесіп, баба- сы Алаштың Ақ Орда, алтын бесігіне қол ұстасып, бірге қызмет етпекке шақырады. Олар құшағын жайып, қойнын ашқан бауы- рын кеудеге итермес» [9, 50] – делінген сөздер бола алады. Демек

«Алаш» этнонимі ұлтты ұйыстыратын идеологиялық атау болды жəне өзінің жемісін берді, сол кездегі қазақ жерін бір тудың астын- да біріктіре алды. Бұл идеяның да тамыры тереңде жатқандығын ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақ хандығы құрылған кездегі «Алаш» этнонимі туралы: «Ең алдымен, Қазақ хандығының аясындағы алашабыр ру-тайпалардың этногенеологиялық (этногенетикалық) жадын жаңғыртып, түбі бір туысқандық сезімдерін оятатындай символ-этноним керек еді. Осы орайда, Қазақ хандығын құраған ру-тайпалардың біртұтас туысқандық сезімдеріне тұғыр болған символ-этноним  ретінде  «Алаш»  атауының  таңдалғанына  ден

 

қоюға болады» [10, 71] − деген тұжырымы арқылы бағамдасақ болады. Бұл деңгейде идеолог ретінде Әлихан Бөкейхан табысты жұмыс жүргізе алғанын бүгінгі күн дəлелдеп отыр.

«Қайдан келдік?» деген сұраққа жауап табудың екінші тиімділігі ретінде ұлттық тарихқа жаңаша көзқарас ұсынып, бүгінгі бағыт-бағдарды анықтау, ұлттық рухты көтеруге, бүгінгі күн тұрғысынан қандай бағыттың тиімділігін тануға мүмкіншілік туатынын айтуға болады. Әлихан Бөкейханның идеолог ретінде- гі қызметінің бұл қыры қатты тұщындырады. Мысалы, алдымен қарапайым қазақтың өз ішінде айтатын болсақ, өткенге деген биік моральдық көзқарас Алаш көсемінің «Бұрынғыдан қалған жақсы мұра» атты 1889 жылғы мақаласында қазақтың текті дəстүрін сипаттап, бара-бара бұл құндылықтар ұмытылып жатқандығын күйініп жазғанынан, кейін қазақ дəстүріндегі «жылу» туралы  айта келіп, бұл кез-келген ауыр жағдайға түскен адамға, ел-жұрт болып, бай немесе кедей деп алаламай, барынша шын-ниетпен жүзеге асатын көмек еді, қазір ол тек абыройы бар адамдарға жа- салып жүргендігіне ашынып: «Аталарыңнан қалған жол көмекті солай берсін деді ме, аталарыңның жолы солай ма!?»[6, 272] − деп сынағанынан көре аламыз. Ал халықаралық қатынастарда көрінген ұлттық тарихымыздағы тектілігіміз жайлы Әлихан Бөкейханның

«Въ мире мусульманства» газетінде «Заметки читателя (По по- воду Устава о воинской повинности)» атты мақаласында Ресей империясындағы жалпы мұсылмандардың жағдайын, олардың құқықтары туралы ешқандай жүйелі заң жобалары жоқтығын, ескерілмегендігін, тіпті мұсылман дінінің діни қызметкерлерінің салықтан, басқа да міндеттемелерден босауы былай тұрсын, əскери қызметтен босатылуы қарастырылмағанын айта келіп, тағылар деп оқытылып жүрген кезіндегі Орда хандарының өздеріне жат діннің құқықтарын аяққа таптамай, тіпті ол діннің діни қызметкерлерін барлық салықтан босатқандығын, сол орыс тарихшылардың өздері келтірген деректер арқылы дəлелдеп, осы арқылы қазақ халқының моральдық, рухани дəрежедегі тектілік деңгейін тарихи мысал- дармен көрсетіп береді [6, 361-365]. Оған қоса жоғарыда кел- тірген Алаш көсемінің «Керек сөз» мақаласындағы Еуропаның төрт корольдігін тексіздікте сынағанынан, «Балқан соғысы» мақаласындағы:  «Иттікті  Румынияға  қылғызып  отырып,  оның

 

қылғанына үн шығармай, Еуропа патшалықтары: «Біз мəдениетті Еуропамыз!» деп мақтанады»[11, 484] − деп сынағанынан да, оның сыртқы саясатта рухани қағидаттарды алдыңғы қатарға шығарып, биік адамгерішілік ұстаным таныта алғандығын көреміз. Жəне бұл рухани ұстанымның қазақтың терең тари- хында жатқандығын Қазыбек бидің «біз қазақ мал баққан елміз» деген толғауынан, яғни біз ешкімнің жерін баса көктеп шауып кірмегенбіз, ал біздің жерімізге тікелей шауып келген жаудың бетін қайтара алғандығымыз туралы ұстанымдарынан  көреміз. Ал одан да тереңге бойлайтын болсақ, бұл ұлттық тектілікті Күлтегін ескерткіштеріндегі Қытай иероглифтерінің жолма-жол аудармасында:«Бұлап талау мен зорлық-зомбылық жойылса, садақ-жебені жасауды доғарып, қаруды қоймаға қойсақ, сен мені алдамасаң, мен сені алдамасам, шекарада, тағы да сұғанақтық бол- маса, онда жаман ба?»[12, 216-218]− деген, «бəрі бейбіт, бəрі тату, бəрі қағанды» («Күлтегін») болсын деген ұстанымдардан анық байқаймыз. Бүгінгі күнде Елбасымыздың: «қазақ өзінің əргі-бергі тарихында ешқандай да ұялатын іс жасамаған», –деген тұжырымы да осы ойымызды толықтырып отыр. Осындай текті тарихтың арқасында ғана Алаш көсемі өз мақалаларында өзге елдерді сынай алғандығы ақиқат. Себебі өзі ондай атқа сай болмаса, өзгеге ондай талап қою мүмкін емес қой. Яғни, біз текті ұлтпыз, бірақ біздің тектілігіміз өзгелердің бізден төмендігін білдірмейді, керісінше, біздің ешкімнен кем емес екендігімізді танытады, осы ұлттық тек- тілігіміз біздің өзге əлсіз көршілерімізге зұлымдық жасамауымызға себеп болып, біздің жерімізге баса көктеп кіріп келген жауымызға қасық қанымыз қалғанша тойтарыс беруге күш береді. Осыларды қорыта келгенде, біз қазақ бүгінгі күнге тегімізді танып, салт- дәстүрімізді құрметтеп, ата-бабамыз мұрасы – тіліміз бен дінімізді, еліміз бен жерімізді қасық қанымыз қалғанша сыртқы жауларымыздан қорғаудың, мемлекетіміз қаншалықты күшейіп кетсе де тектілігімізді сақтап, рухани қағидаттарымызды ең басты құндылығымыз етіп қастерлей алуымыздың, ізгі, текті, қайсар қасиеттеріміздің арқасында келіп жеттік.

Қайда барамыз? Осы кезде бізге Елбасымыз өзінің «Қазақстан 2050 – Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында ұсынған, бабаларымыз армандаған «Мəңгілік ел» қазақтың ұлттық

 

идеясы «Алаш идеясы» контекстінде де толыққанды жауап беріп тұрғандығын байқау қиын емес. Себебі «Мəңгілік ел» – ол біздің тарихи тамырымыздан қайнап шыққан ұлттық идеямыз, ал «Алаш идеясының» тамыры сол ұлттық ерекшелікте жатқандығын айтып кеткен болатынбыз. Жəне бұл идеяның «Алаш» қозғалысының  да негізінде жатқандығы дəлелді қажет етпейді. Себебі, алаш қозғалысының басшылары, идеологтары мəңгілік қазақ мемле- кетін армандады, «бүгін болмаса ертең» қазақ елі тəуелсіздік ала- тынына сенді, сол жолда өмірлерін де құрбан етті. Олар келешек- ке, күндердің күнінде олардың ұрпақтары олар жасаған еңбекті бағалайтынына сенді, қазақ елі құрып кетпейтініне, мəңгілік екені- не сенді. Олар өздеріне артылған жүкті, кім екендерін, ішкі руха- ни мəндерін, тарихи тамырларын жіті ұқты. Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның өзі: «Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі  бар  адам көп ойланарлық жұмыс», – деп, болашақ ұрпақ алдындағы парыздары бар екендерін айтып кетті. Ахмет Байтұрсынұлы да:

«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», – деп, қазақтың жоғалып кет-

пейтініне, олардың ұлт алдындағы еңбектері лайықты бағасын алатынына имандай сеніп кетті. Бір қызығы, белгілі алашта- нушы ғалым Тұрсын Жұртбай ағамыздың «Мəңгілік ел» идеясы туралы: «Мəңгілік ел» нысанасының «рейхтық», «ағылшындық- америкалық» үлгіден айырмашылығы, онда тектік шекара  бар. Ол нəсілдік жікшілдік артпайды, бірақ атамекеннің азаттығын, ата-тегінің тазалығын, түркі ұлтының рухани жəне дəстүрлік, тілдік тəуелсіздігін басты қасиет ретінде ұстанады. Бұл нысана- ны əлемнің барлық ұлт пен ұлыстарына «үлгі» ретінде таңбайды. Керісінше «бəрі бейбіт, бəрі тату, бəрі қағанды» («Күлтегін») бол- са деп тілейді. Бірақ, соны тілей отырып, түркі елін де сыйлау- ды, онымен санасуды талап етеді.    Демек, «мəңгілік ел» − түркі

тегінің тұтастығы мен тəуелсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етуге арналған тектік, иə! − тектік тазалық пен еркіндік идеологиясы» [13, 45] − деген тұжырымынан да біздің жоғарыдағы тектілік ту- ралы айтқандарымыздың «Мəңгілік ел» идеясымен байланысып тұрғанын  аңғару  қиын  емес.  Қорыта  келгенде,  Алаш  идеясын

«текті топырақта өсіп-өнген текті халықпен мəңгілік елге қадам басу»ұстанымының айналасында түсіндіре алсақ керек.

 

Енді байқаудың мақсаты Алаш идеясын ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының игілігіне бағыттау болғандықтан, жоғарыда айтқан тұжырымдардың бүгінгі Қазақ Елі үшін маңызын, артықшылықтарын, идеологиялық астарын жəне бұл идеяны насихаттау жолдарын ашып айтып беруді  жөн  көріп  отырмыз. Ең алдымен, кіріспемізде айтып өткендей, қазіргі əлемде жүріп жатқан қоғамдық-саяси процестерге қарсы  əрбір  ұлттың  ба-  сты қаруы, қорғанысы, иммунитеті ұлттық идея болып отыр. Ал ұлттық идея бұл халықтың өз танымынан, мəдениетінен, тари- хынан, əдебиетінен туған дүние екенін айтқан болатынбыз. Енді бүгінгі қазақ идеологтарының басты міндеті осыларды қайта қарап, халықтың өзіне, заманға бейімдеп жаңаша қырынан таны- ту болып отыр. Бұл үшін мəңгілік үш сұраққа конструкциялық, концепциялық жауап ұсыну жəне халықты соған бағыттау ғана қажет етіледі. Біз де осы сара жолды таңдап, мəңгілік сұрақтардың əрқайсысына жеке тоқталып, оның маңызы мен тиімділіктерін, не- гізгі қағидаттарын ашып беруді жөн көрдік.

«Біз кімбіз?» дегенде, текті халықпыз дедік. Ал «тектіліктің» өзі қазақта екі түрлі мағына береді. Бірінші, ата тегі халық алдын- да беделге ие, абыройлы отбасыдан шыққан ұрпақтар болса, екін- шісі «əлеуметтік ортада өзін жақсы жағынан көрсете білгеніне, өзін жетілдіру арқылы белгілі бір қоғамдық дəрежеге жеткеніне» байланысты да текті атанғандар болады [1, 330]. Демек, тектілік дəрежесі – қазіргі көпшілік ойлап жүргендей тек ата-бабасы ел алдында беделді адамдар емес, өзі де белгілі-бір қоғамдық еңбек сіңіріп, халыққа қызмет еткен, өзін-өзі дамытып, ізгі, үлгілі істері- мен көрінген болса оларға да мұндай қоғамдық дəреже беріледі деген сөз. Ал «мұның қажеттілігі бар ма?», «артықшылығы не- ден көрінеді?» деген сұрақтарға келетін болсақ. Бұл, бірініші- ден, халықтың өз-өзіне деген сенімін арттырады. Екіншіден, қоғамдық құндылықтарымызды анықтауға  көмектеседі,  руха-  ни қағида орнатады, халықты ізгілікке жетелейді. Үшіншіден, қазіргі демографиялық жағдайымызға қарайтын болсақ, бір жа- рым миллиардтық алып Қытайға, жүз отыз миллиондық Ресей Федерациясына, отыз миллиондық Өзбекстанға терезесі тең мемлекет болып қарым-қатынас жасай алуымыз үшін əрбір аза- матымыз олардың онына тең болуы, барлығы текті болуы қажет

 

етіліп отыр. Төртіншіден, тектілік концепциясы қазіргі қазақ арасында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерін қамти алатын, олардың конститутциялық құқықтарына қайшы келмейтін ізгі əрі ортақ концепция қызметін атқара алады. Оған дəлел ретінде не- міс ұлтының өкілі, жазушы, аудармашы, танымал тұлға Герольд Белгер ағамызды, адал еңбегімен, Қазақ елін, көк туын əлемге танытып жүрген, бокстан əлем чемпионы Геннадий Головкинді, қоғамдық қызметке белсенді араласып, қазақ тіліне қамқорлық та- нытып жүрген Асылы Осман апамызды жəне т.б. осы дəрежедегі қоғамдық қызметте танылып жүрген өзге ұлт өкілдерін де қазақ бүгіннің өзінде текті атап, олардың ұрпақтары да тектінің ұрпағы ғой деп құрметтелетінін келтіре аламыз. Бесіншіден, қазірде үлкен компаниялар тəжірибесінде ортақ идея үшін жұмыс өте сəтті жүзеге асып отыр. Мұның негізінде біз қоғамда тектілік-     ті идеал ретінде көрсетіп соған талпынуға мүмкіндік жасай ала- мыз. Бұл, бір жағынан, мотивация қызметін атқарса, екіншіден жемқорлыққа, материалдық игіліктер үшін болатын алауыздыққа шектеу қойып, рухани қағида қызметін атқара алады. Себебі, қазақ өз мемлекеттілігінің тарихында «тектілік» критерийлерін заман бейіміне сай жаңартып отырған. Мысалы, Махамбет, Шернияз шығармаларында ұлт үшін ат үстінде қайсарлық пен батырлықпен танылған Исатай сыңды батырлар айтылса, кейін жарты ғасыр өтіп ұлттық əдебиетіміздің өкілдері Абай Құнанбайұлы, Шəкəрім Құдайбердіұлы шығармаларында зиялылық, білімдарлық алдыңғы қатарға шыққаны айқын көріне бастады. Бұл біреуі дұрыс, біреуі бұрыс болды дегеніміз емес, заман бейіміне сай акценттер, крите- рилер өзгергендігі, соған сай халыққа, ұлтқа қызмет ету, сол жол- да өміріңді арнау идеясы, яғни тектілік концепциясының мазмұны ауыспай, формасы ғана жаңарғаны туралы айтқымыз келіп отыр.Ал Абай Құнанбайұлы, Шəкəрім Құдайбердіұлы ұсынған идеалдардың қазақ қоғамында кең тарауы нəтижесінде біз жоғарыда атап өткен ХХ ғасыр басындағы Алаш азаматтары өмірге келді. Енді қазіргі тəуелсіз қазақ қоғамы алдында ХХІ ғасырдағы қазақтың тектілікке қойылатын критерийлерін жасау ең маңызды міндетіміз болмақ.

Қайдан келдік? Бұл сұраққа жауап екі түрлі мақсатта беріледі. Бірінші, тарихи тамырдың бірлігін таныту болса, екінші, ұлттың ұлы тарихын ұлықтап, бүгінгі күнгі қоғамға жаңаша серпін сый-

 

лау. Бірінші мақсатқа келетін болсақ, ең негізгі жол қазақтың шежірелік тарихы болып табылады. Бұл негізде көпшіліктің қарсылығын тудыратын: «біздің рулық қатынастарымызға қайта тіреліп, трайболизм дертін ушықтырып алмаймыз ба?» − деген қорқыныш болса керек. Бұл қорқыныш орынды да, себебі кеше ғана қазақ жүздерін, руларын санап бөлшектеуге тырысып жүрген сыртқы-ішкі күштер, мемлекеттік жүйенің қырық екі тамырына бойлап бара жатқан трайболизм індеттері, жершілдік, бос мақтан мен кеуде соғушылық, өткенмен өмір сүру сынды індеттердің бүгінде, өткенімізге деген орнықты ұстанымсыз, қозып кетуі оп- оңай болып отыр. Бірақ солай екен деп мыңжылдықтар бойы қалыптасып келе жатқан құндылықтарымызды, ұлттық ерек- шелігімізді ұмытуға, олардан бас тартуымызға болмайды. Сунь- Цзыдың: «Разлагайте все хорошее, что имеется в стране вашего противника» – деген сөзін ұранға алған отарлаушы күштер біздің ең жақсымыздан айырды екен деп, олардан бас тартатын болсақ, онда біз өзімізді өздігімізден, ұлттық ерекшелігімізден айырған бо- ламыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Алаш мұрасы жəне осы заман» мақаласында: «Алаш» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дəстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды.    Шығыс мемлекеттерінің жаңару тəжірибесі Жа-

пония мен Корея сияқты дəстүрлі байланыстары кəдеге жараған жерде ғана капитализмнің гүлденетінін көрсетті» [14, 17], – деп айтқанындай бізге бұл деңгейде осы дəстүр мен жаңа заманды үйлестіре білу қажеттілігі туып отыр. Себебі дертке мəн бермей, оны ұмытуға тырысқанмен, ол дерт жазылып қоймайды, қайта күндердің күнінде өзіңді жеп бітуі мүмкін. Сондықтан да біздің ал- дымызда ата-баба дəстүрін жаңа заманға бейімдеп, жаңа қырынан қарастыру, жаңаша түлету қажеттілігі туып отыр. Бұл кезде де бізге Алаш қайраткерлерінің салған жолы ең тиімді жол болмақ. Бұл жол, біріншіден, бүкіл қазақтың түбі бірлігі идеясы болса, екіншіден, түбін тануды мақтан үшін емес, ата-баба, болашақ үрім-бұтақ, туған ел мен жер  алдындағы  жауапкершілік  ретін- де оқытып, насихаттау болып табылады. Ашып айтатын болсақ,

«Алаш» этнонимін қазақ зиялылары қазақ халқын біріктіру үшін идеологиялық мақсатта таңдап алды дедік, осы негізде біздің та-

 

рих ғылымының алдында да шежіренің осы қырларын жаңғырту жолы тұрғанын көреміз. Тағы да Елбасымыз айтқандай:«Нельзя забывать глубинную суть самой традиции шежире, она не закан- чивается на одном роде, племени. Шежире – это Древо поколений, которое сводится к единому корню. Шежире показывает и дока- зывает, что корни наши едины, что все мы казахи едины. Шежи- ре не раскалывает нас, а обьединяет». Ғалым Ақселеу Сейдім-  бек ағамыз айтқандай:«Шежірелік деректер өзінің мазмұндық əр алуандығына, көп нұсқалылығына, тіптен қиял-ғажайыптығына қарамастан, біртұтас этножаралым идеясынан, яғни, ұлтты ұйыстыратын ұлы бірлік идеясынан əсте ауытқымайды» [10, 67]. Қазірде қазақ шежірелерін терең зерттеп тарихшы Мақсат Ал- пысбес айтқандай: «…генеалогическое содержание шежире, как иследуемой народные традиции, как изучаемого вида источника, должно быть на поддержание обшенационалной идентичности и сохранение этнической целостности, на общегражданскую кон- солидацию. В этом плане генеалогическое знание может иметь практическое значение, нужно направлять ее в полезное для об- шественного и государственного развития русло» [15, 24]. Қарап отырсақ, Елбасы да, ғалымдарымыз да «Шежіренің» бізді бөлетін емес, қайта ұлттық бірлігімізді танытатын белгі ретінде тиімділігін көрсетіп отыр. Біз де барынша осыған акцент қоюымыз қажеттігі көрініп отыр. Себебі идеологиялар бір-бірінен бір құбылысқа əр түрлі көзқарас ұсынумен ғана ерекшеленетінін тарих ғылымы дəлелдеп отыр. Бұл Алаш көсемдерінің бірінші жолы болса, екін- ші жол ретінде шежірені өз руымен мақтану үшін ғана емес, ата- бабасы, руластары, келешекте өзін «менің төртінші атам, бесінші атам» деп атайтын үрім-бұтағы алдындағы жауапкершілігін сезіну үшін де оқыту, таныту, түсіндіру жолын атай аламыз. Бұған тағыда Алаш көсемінің: «Түген деген хан, пəлен деген би, батыр өткен, ерлігі, еңбегі көп деп мақтанамыз. Олар сондай болса, қазақ неге сорлы? Біздің кемшілігіміз – əркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі» [16, 4], – деген ұлағатты сөзі дəлел бола алады. Жəне руласы, танысын елге адал қызмет істемесе де, ұлт үшін еңбек етті деп жалаң дəріптеушілікке де тікелей қарсылық танытуымыз қажет. Себебі, кезінде осындай бос мақтанның зиянды екенін сезініп, Алаш қозғалысының басты

 

идеологы Әлихан Бөкейханның «Ашық хат Жапан баласына» атты мақаласында Иса Бердалы деген болыстың өмірден өткенін баян- дап, «халықтың пайдасын ойлайтын азамат еді» деп көпе-көрнеу өтірік жазған Жапан баласына, «қандай зұлым өлсе де» өлігінің үстінде жамандығын айтпаушы еді, бірақ «Жапан баласы секілді ерлер сөйлетпей қоятын емес» деп бастап, болыстың қарапайым халыққа жасаған зұлымдықтарын, жəбірлерін айта келіп: «Қағаз не жазса да көтереді, бірақ ұят та керек нəрсе», – деп жасамаған ерлігі үшін құр мақтауды тыю керек деп өз ұстанымын танытқан мақаласы [17] негіз бола алады. Ал, осыларды қорыта келгенде, бұларды идеологиялық тұрғыда жүзеге асырсақ бізге не береді де- генде:

  1. Ұлтты ұйыстыратын ұлы бірлік идеясын жеткіземіз.
  2. Ата-баба, болашақ үрім-бұтақ алдындағы жауапкершілікті сезіндіреміз.
  3. Біртұтас «Алаш» ұранымен, трайболизм дертіне тосқауыл қоямыз.
  4. Ұлттық салт-дəстүрдің сақталуына қол жеткіземіз.
  5. Қоғамға, ұлтқа қызмет істеуге мотивация береміз.
  6. Ешкім жəне ешнəрсе ұмытылмайтынын жеткіземіз.

(Шежіренің артықшылықтарын танытатын қазіргі генетикалық ғылымның жаңалықтарын да осы қатарға қоссақ болады. Себебі бұл да біздің қаны таза текті ұлт екендігіміздің басты айғақтарының бірі екендігіне ешкім күмән келтірмесе ке- рек.)

«Қайдан келдік?» деген сұраққа жауаптың екінші мақсаты тарихқа жаңаша көзқарас қалыптастыру арқылы ұлттың рухын ояту, өзіне деген сенімін арттыру екенін жоғарыда айтып өткен бо- латынбыз. Бүгінгі күнде бұл мақсаттың өзектілігін Елбасымыздың:

«Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі жəне болашақтағы – тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр… Бірақ бұл мүмкіндік қана ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айна- луы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана  ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзіне шақталған мезгіліне сəйкес

 

боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз…» [15, 3]− деген сөзінен көре аламыз. Оның үстіне 2013 жылғы 5 мамырда мемлекеттік хатшы, Президент тапсыр- масы аясында, ел тарихшылары алдына: «Сегодня, на этапе со- стоявшегося государства, мы должны осмыслить свою историю   с высоты современной науки и создать целостную историческую картину». «Нужно выработать на качественно новым уровне об- щую концепцию истории Казахстана. Она должна быть тесно увя- зана со всемирной историей, четко показывать место Казахстана глобальных исторических процессах, системе их взаимосвязи и научной периодизации» [15, 5-6], – деген тапсырма қойған бола- тын. Бұл да бізге нақты іс-əрекетке көшу қажет екенімізді көрсетіп отыр. Ең қызығы, бұл үшін бізге ешқандай жаңалық ашудың қажеті жоқтығы, тарихымыздың, сол тарихи даму процессімізде ұлтымызбен бірге қалыптасқан салт-дəстүрімізде, мəдениетімізде, əдебиетімізде бүгінгі ұрпақ мақтана алатындай, рухтана алатын- дай, ұялмайтындай үлгілі істер, оқиғалар, ең бастысы, біз басы- нан бастап айтып келе жатқан тектілік тегеуріні есіп тұр. Бізге, тек тарихымызға тектілік тұрғысынан баға беріп, сол биіктен интер- претациялау ғана қажет етілмек. Себебі біздің ұлттық аристокра- тиямыз (хандар), билеріміз, батырларымыз (рыцарьлық), өнердегі, мəдениеттегі (жырау, ақын, сал-серілер) тұлғаларымыз болсын, ең басты ерекшелігі ретінде өздерінің тектілігі арқылы тарихта қалғандығын білеміз [18]. Тағы да біздің ұлттық тектілігімізді та- нытатын – бұл біздің ізгілікті аңсаған халық екендігіміз. Мысалы, күшімізге сеніп, əлімжеттік қылып, ешкімнің жеріне баса көктеп кірмегендігіміз, қонақжайлылығымыз, толеранттылығымыз. Ең қызығы, біз ұлттық əдебиетімізде де осы тектілігімізді сақтай алғандығымыз. Бұған белгілі алаштанушы, əдебиеттанушы ғалым Айгүл Ісмақованың: «Күлтегіннен басталған қазақ жазбаларында текті сөз ғана өмір сүрді. Ол атадан балаға беріліп отырды. Бұл қазақ елінің мəртебесін, мерейін көтеру үшін айтылған ата-бабамыздың асыл сөзі еді»[19] − деген тұжырымы мен ұлттық идея тақырыбын зерделеп жүрген ғалым Досмұхамед Кішібековтің: «Казах боялся не каких то наказаний за сказанные слова, а потери авторитета… Даже в айтысах акыны состязались не в поэтическом красноречии, а во взаимной, беспошадной критике друг друга. Здесь не остава-

 

лись без внимания сам человек, его натура, родословная, семья, аульчане [20, 95]. Свобода слова у казахов не знала границ, един- ственное ограничение состояло в том, чтобы сказанные слово не были глупыми, грубыми и бездарными» [20, 103] − деген сынды тұжырымдары дəлел бола алса керек. Айтпағымыз, ұлттық та- рихымызда бүгінгі əрбір қазақ мақтана алатын, рухтана алатын дүние барынша көп, бізге тек осыны кең ашып таныта, тарата алу ғана қажет етіліп отыр.

Қайда барамыз? Бұл сұраққа жауап берместен алдын жоғары- дағы екі сұраққа жауаптың ауаны біздің келесі бағытымыз, қайда баратындығымызды көрсетіп беретінін айтқымыз келеді. Бұған дəлел ретінде белгілі алаштанушы ғалым Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлының «Алихан Букейхан: дайте жить народам не по Мар- ксу, а так, как они захотят!» атты мақаласында екі рет қазақ дала- сына жасалған ғылыми экспедицияның мүшесі болып, қазақтың кімдігін, мəдениетін, тарихын терең зерттегендіктен өзгерген Әлихан Бөкейхан танымы жайлы: «…он увидел погубность разделе- ние своего народа на классы богатых и бедных или эксплуататоров и эксплуатируемых, по принадлежности к тому или иному роду и жузу или орде, на образованных или безграмотных. Он увидел свой народ единой нацией с обшей культурой, языком и религией» [21, 218] − тұжырымын келтірсек болады. Тағы да айта кететін дүние бұл əр заман өз идеологиясын жəне идеалдарын талап ететітіндігі болып отыр. Ашып айтсақ, біз мақаламыздың басында Әлихан Бөкейхан мен Абай Құнанбайұлы идалдарының сабақтастығын айтып өткен болатынбыз, енді олардың айырмашылығы барлығын да айтқымыз келеді. Себебі, белгілі алаштанушы ғалым Мəмбет Қойгелдиев айтқандай: «Әлихан (1886 ж. туған) жас жағынан Абайға (1845 ж. туған) бала болып келеді. Сондықтан да болса керек екеуінің көзқарас жəне ұстанымдарында ортақ жайлары- мен бірге елеулі айырмашылықтар да бар» [22, 245].Бұл заңды  да. «Елу жылда ел жаңа» демекші, олардың əрқайсысы өз заманы қажеттіліктерінен келіп шығып өз ұстанымдарын қалыптастырды, халықтың тарихын, қазіргі халін түйсініп келешегі қалай болуы ке- рек екені жайлы толғанды, сол деңгейде пікір білдірді, іс-əрекет жа- сады. Бүгінгі бізге де «біз кімбіз?», «қайдан келдік?» сұрақтарының жауабы арқылы келешекте бізге қажетті деңгейге көтерілуіміз

 

үшін, қазір не істеуіміз қажет, қандай қасиеттер ұлықталуы керек екенін түсінуіміз қажет. Бұл деңгейде ғалым Мамбет Қойгелдиев

«Мағжан Жұмабаев. Табалдырық. Манифест» кітабындағы кіріспе мақаласында:«Еуропа əдебиетінің өмірді барлық қырынан игеруде жиған мол тəжірибесі бар, яғни бұл оның асқар таудай байлығы… Бұл Еуропа халқының (арасында бұқарасы да бар) ата- дан қалған мол рухани қоры, байлығы. Адамзатқа, əрбір халыққа өз өмірін түсіну, қорыту ісінде көрсеткен ғажап үлгісі, өнегесі»[23, 15] (қарамен бояған біз – А.А.) – деп ақын Мағжанның əдебиеттегі ұстанымын баяндаған тұжырымын келтірсек болады. Яғни мұнда даұлт өмірінің барлық қырын жіті танып сол жолда еңбектену қажет екендігі туралы ой алға тартылып отыр. Сондықтан бүгінгі тəуелсіз еліміздің ұлттық аңсары, асыл мұраты мəңгілік ел болу болса, оған жеткізетін мəңгілік  құндылықтарымызды  анықтау  ең басты міндет болып табылады. Ал, тектілік бұл біздің басты темірқазығымыз болып қала бермек.Себебі Тұрсынжан Шапай ағамыз айтқандай, «қазір қазақтың жаны үшін күрес жүріп жа- тыр», осы күресте жеңілмеу үшін жеке тұлғалық, ұлттық деңгейде рухани-моральдық темірқазығымыз болған тектілігіміз − біздің ең құнды қазынамыз екенін түсінуіміз, түсіндіре білуіміз қажет! Осы қажет жолында жұмылып жұмыс істеуіміз қажет.

Тəуелсіздігіміздің көк туы кең байтақ жеріміздің көгінде мəңгі желбіресін. Ата-бабамыз бен болашақ ұрпақ алдында жүзіміз жарық, ісіміз ірі болсын. Тектілікке талпынайық, ағайын!

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  • «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас.ред. Ә.Нысанбаев.
  • Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001 – 720 бет. 4 том.

http://terme.ru/dictionary/183/word/nacionalnaja-ideja[В.         А. Алексеева. Национальная идея. Философская энциклопедия.]

  • «Қазақ» газеті. 1913 жыл / Құраст.: С.О. Смағұлова, Ғ.Қ. Әнес, Т.А. Замзаева. − Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 480 бет
  • Әліпхан М. Құттың кілті – кісілік. Түркістан. «Мұра». 1997. – 147 бет.

 

  • Алаш. Алашорда. Энциклопедия. / Құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 544 бет.
  • Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937). Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. Полное собрание со- чинений в 7 томах. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2009. – 564 бет. – I том.
  • Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937). Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. Полное собрание со- чинений в 7 томах. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2009. – 555 бет. – III том.
  • «Алаш» қозғалысы. Құрастырған: Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы, И.Нұрахмет. Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2008, – 324 бет + 16 жапсырма бет.
  • Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917 ж. – мамыр 1920 ж. Движение Алаш. Сборник до- кументов и материалов. Декабрь 1917 г. – май 1920 г. – Алматы:

«Алаш», – Т. 2. – 496 бет

  • Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант, – 728 бет.
  • «Қазақ» газеті. 1913 жыл / Құраст.: С.О. Смағұлова, Ғ.Қ. Әнес, Т.А. Замзаева. − Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 480 бет
  • Қазақ қолжазбалары. «Көне түркі жəне қазақ жазба əдеби мұралары» (б.д.д Х ғ. Бастап – ХХ ғ. дейін) 10 томдық басылым. Тастағы тарих: көне түркі ұстындарының қытайша мəтіндері: Түпнұсқа, жолма-жол аударма, əдеби аударма. – Алматы: «Ел-ше- жіре» ҚҚ, — 2011. 3: — 400 бет.
  • Жұртбай Тұрсын. Мəңгілік аңсар. Зерттеулер. − Алматы,

«Орхон» Баспа үйі, 2014, – 260-бет.

  • Алаштану мəселері. Сериялық ғылыми жинақ. 1 – том – Семей : «таным», 2010, — 420 бет.
  • «Mangi el» Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы. 09.2013
  • Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. – Астана: Ел- шежіре, 2008. – 357 бет
  • Бөкейхан, Әлихан Нұрмұхамедұлы. Шығармаларының толық жинағы [Текст] : [7 томдық] / Т. 2 : Монографиялар, ғылыми ізденістер, мақалалар, əдеби аудармалар : 1904-1906 (Омбы-

 

Қарқаралы — С.-Петербор-Омбы) [құраст. С. А. Жүсіп]. — Астана : Сарыарқа, 2009. — 566 бет.

  • Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры. (XVIII – XX-ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2004. – 400 бет.
  • Ісмақова А. Алаш əдебиеттануы. – Алматы: «Мектеп», 2009. – 560 бет.
  • Кшибеков Д. Национальная идея (От этнических чувств до идеологии). – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 340 с.
  • ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы. Алматы: Экономика, – 440 бет.
  • Қойгелдиев М. Қазақ Елі: Ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күрес (ХІХ ғ. – ХХІ ғ. басы) Монография. М.Қойгелдиев.
  • Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС, «Дəстүр», 2014. – 432 б.
  • Мағжан Жұмабаев. Табалдырық. Манифест. Кіріспе мақала: М. Қойгелдиев. Құжаттық материалдарды мұрағат қорларынан алып, баспаға əзірлеген: М. Қойгелдиев, Ш. Тілеуба- ев. Алматы: «Тау-Самал» баспасы, 2011. – 108 бет + 20 бет түрлі- түсті жапсырма.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *