ШЕКАРАНЫҢ ӨТКЕНІ, БҮГІНІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
« Туып өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат»
Қазыбек би
Биыл Орта Азиядағы ұлттық республикалардың терри- ториялық бөлінісіне, делимитация болғанына тоқсан жыл болды. Осы тарихи оқиғаның басы-қасында Алаш зиялылары болған еді. Алаш арыстарының тұсынан бастап, бүгінгі біздерге дейін шекарамыздың қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткені бел- гілі. Шекарамыздың өткеніне шолу жасай отырып, бүгіні мен болашағына талдау жасап көрейік.
Шекараның болуы — мемлекеттің болуы деген ұғымды біл- діреді. Шекара мəселесі ХХІ ғасырда да адамзат үшін, мемлекет- тер үшін, өте қастерлі ұғым жəне маңыздылығын еш жоймай қала береді. Халықаралық қатынастарды зерттеушілер соңғы уақытта трансұлттық компаниялардың көбеюі алдағы уақытта шекаралар- ды жоюға немесе мойындамауға алып барады деп пайымдайды. Бірақ бұдан, шекара мəселесі өзінің маныздылығын арттырмаса, кеміткен емес. Тіпті, əлемде шекара мəселесінің шешілмеуі əр түрлі қиындықтарға да алып барып жатыр.
Мəселен, Қытай мен Үндістан шекаралық аумақтарға байла- нысты ұзақ уақыт жанжалдасып келеді жəне елуінші жылдардың соңында, бұл ең ірі Азия мемлекеттері бір-бірімен соғысқа еніп кетуіне шақ қалған. Көп жылға созылған Үнді-Пəкістан жанжалы Кашмирдің кімге тиесілі екендігіне байланысты бітпейдін жырға айналған. Жапония мен Қытай Сэнкаку (Дяоюйдао) аралы жөнінде дауласса, Спратли аралына Вьетнам, Қытай, Филиппин, тіпті, Тай- вань да дəмелі. Ресей мен ҚХР қатынастарында да шекаралық да-
улар бар. Таяу Шығыста да шешілмеген аумақтық мəселелер өте көп. Осындай проблемалар Иран мен Ирак арасындағы 8 жылдық соғысқа əкеп соқты, Ирак мемлекетінің құрамындағы «про- винция» деп аталаған Кувейтке қарсы Ирактың басқыншылық соғысқа баруына себеп болды. Бұл жекелеген мысалдар ғана. Оны жалғастыра беруге болады[1, 328 б.].
Ғасырға жуық уақытта Қазақ елінің шекарасы мəселесі қалай өрбігендігін жəне əр кезеңдегі ұрпақтың салмағы қандай болғанын қарастырсақ. Қазақ елінің территориясы ежелден болған. Бұл жер- де тақырыптың нақтылығы үшін тек белгілі уақыт шеңберін алып қарастырып отырмыз.
1920 жылдың 26 тамыз күні Қазақ автономиясын құру жəне оның шекарасын белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді. Сол кезде үлкен дауға айналған «Қазақ автономиясына қай жерлер кіреді?» деген сұрақ туындаған. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермековтар Қазақ мемлекетінің территориясын анықтаудағы қиындықтарға қарамастан, табандылық танытып, өздерінің тарихи миссиясын орындап шықты.
Ә.Ермеков сол кездегі қазақ жеріне қатысты баяндама жаса- ды. Ол баяндамада Астрахань, Орал, Торғай Ақмола, Семей, Сыр- дария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губернияларын қамтитын, жалпы көлемі 3 467 922 (3,4 км2) шаршы шақырым жерді беруді сұрады. Белгілі алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай былай дейді:
- Әлімхан Ермеков өз сөзінде мынадай пікір айтты:
«Қазақстан шекарасын анықтау барысында мұқым өлкенің этникалық, экономикалық жəне мəдени ерекшеліктерін ерек- ше ескеру керек. Егер қазақтардың осы уақытқа дейін көшпелі өмір салты мен мал шаруашылығын басты кəсіп ретінде сақтап қалғанын басты назарға ілсек, онда бұл облыстардың өзара тығыз байланысы көзге анық көрініп тұр.
Сондықтан да, Қазақ автономиялы республикасын құру тек солтүстік және оңтүстік облыстардың арасындағы шекаралық тұтастықты сақтаған жағдайда ғана мүмкін әрі нақты өмірлік сипат алады.
Егер, бұл мəселе керсінше шешілген жағдайда автономия тір- шілік көзінен айырылады. Сонымен қатар, мəдени, экономикалық
жəне аралас облыстарда талап етіп отырған территорияның құрамында қалып қояды. Бұл орталықсыз оңтүстік облыстардың экономикалық шаруашылықғы мəдени ашаршылыққа ұшырап, тірі өлікке айналады. Осы пайымдауларды ескере отырып, Қазақ автономиясының шекарасын көрсетілген шекара бойын- ша бекіту қажет. Орынбор қаласы уақытша орталық ретінде қарастырылуы керек!» [2.].
Ал, С. Сәдуәқасов 1924 жылы «Қазақстанды қалай құрған жөн? Орта Азияда ұлтаралық шекара жүргізу және Қазақстан Республикасының құрылуы» атты мақаласын жариялады[3.].
Мақалада С. Сəдуақасов: «осы күнгі алдымызда тұрған мəселелердің ең үлкені: Орта Азиядағы республикалардың шека- расын бөлу туралы. Бұл мəселе жөнінде жұрттың көбі қараңғы. Қазақстан республикасы да бұл əңгімеге жуырда ғана кірісті. Орта Азия деген қай жер? Онда қандай халықтар, қандай мемле- кеттер бар? Қазақстан Республикасында болып жатқан əңгіменің қаншалықты қажеттілігі бар? Орта Азия ұлттарының шекарала- рын бөлу Қазақстан өміріне қандай өзгерістер алып келеді? Қандай жаңалықтар бар? Қандай деген сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жа- уап тапқан жағдайда ғана біз оны іс жүзіне асыруға кіріскеніміз абзал деп жазады»[4,19б.].
Сонымен, С. Сəдуақасов: «Қай дәлелді алсақ та, барлық қазақ жұрты бір республикаға қосылуы керек деген пікірге келеміз. Қазақ халқы бірігеді, бір республика туының астына жиналады»
-деп тұжырымдайды.
1924 жылы 12 маусымда РК(б)П ОК Орта Азияда ұлттық мемлекеттік межелеудің басты принциптері мен оны жүзеге асыру жөніндегі нақты ұсыныстар мақұлданды. Осы қаулының бір тармағында КСРО ОАК-нің ұлттар кеңесі мүшелернің бірінің төрағалық етуімен Орта Азия бюросы жанынан арнаулы территориялық комиссия құру көзделді[5.]. Соңың нəтижесінде, Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы, Жизақ уезінің бірне- ше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады.
Қарақалпақ елінің азаматтарының өздерін туыстас Қазақ еліне автономиялы облыс ретінде қосу туралы өтініштері қабылданып, ҚазАКСР құрамына қосылды.
1925 жылы аяқталаған ұлттық-территориялық межелеуден кейін Қазақстанға оңтүстік өңірдегі қазақтар тұратын аудандармен қоса, қарақалпақ автономиялық облысы қосылғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ, Мəскеу 1930 жылы қазақ жерінің кеңдігін сілтей отырып, Қазақстан ұлттық-территориялық меже- леу нəтижесінде өзіне қосылған аймақтарды толығымен игере ал- майды, басқара алмайды деген сылтаумен Қарақалпақстан автоно- миялы облысын Қазақ АКСР-нің құрамынан алып, Өзбек КСР-нің құзырына берді[4,47б.].
Сонымен бірге, астана Орынбордан Қызылордаға көшкен уақытта РКФСР-дың құрамында Орынбор облысы қалып қойды.
Тіпті, мынадай жағдай болған болатын. 20 ғасырдың 30-40 жылдары сталиндік режим уақытында қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген халықтар, мəселен, қазақ жеріне еріксіз келген шешен- дер, ингуштар мен қарашайлар Кеңес өкіметінің шешімімен 1956 жылдың 16 шілдесінде КСР ішкі істер министрлігінің əкімшілік қарауынан құтылып, арнаулы тізімнен шығарылды. Оларға бостандық берілді. Көпшілігі сол кезде Қазақстанда тұрған шешен мен инғұштарға қайтуға рұқсат етілсе де, оларды Кавказға жаппай кетуге жоғарғы жақ жасырын нұсқау берді. Сол кездегі КСРО ішкі істер министрі Н.Дударов: «Қазақстанда шешен-ингуш автономи- ясын құру қажет» — деген ұсыныс жасады[6.].
Шекара мəселесі Хрущевтың билік құрған кезінде тағы да үлкен шиеленіске айналды.
1956 жылы 21 қаңтардағы Бостандық ауданы,1963 жылы 26 қаңтарда Қазақ АКСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығына сəйкес Өзбекстанға Оңтүстік Қазақстан облысының Киров жəне Мақта-Арал аудандары, Қызылқұм ауданының Қызылқұм жəне Шымқұрған ауылдарының кеңестері (жалпы жер көлемі 959 мың га) сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының жайылымдық жер- лері (11,354 мың га) мен Қызылорда облысының ұзақ уақыттан бері Өзбек КСР-і пайдалануындағы 1,150 мың га., жері берілді[7.]. Осы мəселенің қалай өрбігендігі жөнінде сол кездегі Қазақ елінің басшысы Д.Қонаев өзінің ғұмырнамалық естеліктерін-
де былай дейді: «… 1962 жылы желтоқсанда Мəскеуде Кремльде қазақ өнер жұлдыздары концерт берді. Бұл кезде Мəскеуде ҚКП Орталық комитетінің бюро мүшелері Бейсенбаев, Шарипов, Юсу- пов жəне т.б болды[8, 148-151б.]. Осы кезде мен Хрущевқа теле- фон соғып, оны концертке шақырдым, ал өз келісімін беріп, мені кремльге келіп кетуге шақырды. Мен Хрущевтің кобинетіне кірген- де, онда Микоян болды. Амандастық, содан кейін Хрущев «Бүгін менде, Оңтүстік Қазақстан крайкомының бірінші хатшысы Юсу- пов болды. Ол мақта өсіретін аудандарды өзбектерге беру жөнінде мəселе көтерді. Бұл мақтаның өнімін көбейтуге көмектеседі деді. Сонымен қатар, өзбектердің мақта өсірудегі бай тəжірбиесі ту- ралы айтты. Бірақ, ол ондай мəселелерді айтқанымен, Хрущев тыңдамады. КСРО-ның 1937 жылғы қабылданаған конститу- циясында республикалардың территориясы оның келісімінсіз өзгертілмейді. Нəтижесінде, жоғарыда айтылған жерлер Өзбекстан құрамына өткен болатын. Бірақ, Хрущев қызметтен кеткен соң, менің басқаруыммен бұл жерлер республикаға кері қайтарылған болатын, тек екі совхоз және 500 мың қой мен ерте кезде берілген жерлер қалып қойды. Осының өзін қайтару көптеген қиындықтар туғызып, қажырлы жұмысты талап етті»[8.].
Осы тұста Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы болған Д.Қонаев пен Н.Хрущев арасында республикаға қатысты мəселелер бойынша теке -тірестер жиі болып тұрды. Соның бірі — Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Маңғышлақ өңіріне қатысты болған. Хрущев, Қонаевпен болған бір кездесуінде, Маңғышлақ түбегін түркімендерге беру жөнінде мəселе көтереді. Өзінің бұл ұсынысын Маңғышлақ байлығын түркімендер жылдам игереді, олардың шөлейттегі тəжірбиелері мол жəне геология барлау ұйымдары мықты дамыған, сонымен қатар елге мұнай көптеп ке- рек, сол себептен барлау жұмыстарын ұлғайтуымыз қажет деген сылтаумен түсіндіруге тырысады. Бірақ, Қонаев, Хрущевтың бұл ұсынысына үзілді -кесілді қарсы шығып, геология министрі Си- доренкомен ақылдасуды сұрайды. Сидоренко Хрущевқа берген жауабында Қазақстанда геологиялық барлау қызметінің мықты екендігін жəне қазақтардың Маңғышылақты жылдам игеретін- дігін айтты. Хрущев өзінің бұл мəселеде асығыстық жасағанын түсініп, республикалар арасындағы шекараны əзірге бұзбаймыз,
əлі ойланамыз деп бұл мəселеге қайтып оралмаған. Хрущевтың ойларының Қазақстанда толық жүзеге аспауы жəне оның ұсыныстарына республика басшыларының əрдайым наразылық көрсетіп отыруы республикадағы басшылықты ауыстыруға əкеп соқты [4, 52-53б.].
Хрущев билік құрған уақытта Қырымды 1954 жылы 19 ақпанда Ресейден алып Украинаға берген болатын. Хрущев дəл осы сценарийді қолданып, Маңғыстау өңірін Қазақстаннан алып Түркіменстанға бермекші болған еді, алайда ол ойы іске аспады. Неге? Осы тұста біздің ел басқараған азаматтарымыз Д.Қонаев пен Ж.Тәшеновтар қызмет лауазымдарынан ұлт тағдырын, ел мүддесін, елдің тұтастығын жоғары қоя білді. Мұның өзі осы ел ағаларының Алаш арыстарының жалғасы екендігін нақты іспен дәлелдеп, 50-60 жылдары шекарамыз сынға түскен уақытта еліміздің территориялық тұтастығын сақтап қалған еді.
Брежневтің тұсында бұл бағыттағы жұмыс біраз бəсеңдеді. Бірақ, соңынан басқаша өріс алды. Неміс диаспорасының ұлттық дамуын көркейтеміз, экономикамызды нығайтамыз дегенді желеу етіп, 1979 жылы 31мамырда КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы «Қазақстанда неміс автономиялық облысын құрамыз» де- ген қаулы шығарды. Алайда, сол кездегі Целиноградтың Орталық алаңында жəне басқа жерлерде, көптеген адамдардың қатысуымен автономияға қарсы шерулер өтті. Осыған орай, мәселенің шешілуі кейінге қалдырылды, одан соң Д.Қонаевтың араласуымен бұл мәселе күн тәртібінен біржолата алынып тасталды[4, 53б.].
Кеңес империясының ыдырауы, Қазақ елінің тəуелсіз мемле- кет ретінде шекарасын көршілерімен нақты айқындау керектігін талап етті. Кеңес Одағынан шыққан бір қатар мемлекеттерде ше- кара үшін соғыс пен қақтығыстар болды, мəселен, Армения мен Әзірбайжан «Қарабақша» үшін қантөгіске де барды. Ал көрші өзбек пен қырғыз шекарашыларының арасында оқтын-оқтын қақтығыстар əлі күнге дейін жалғасып келеді. Мұнын барлығы шекараның нақты шешілмеуінен болған жағдай.
Ұлтыбританиялық Дурхем университетінің жүргізген зерттеу- лері бойынша бүгінгі таңда əлемнің құрлықтағы шекараларының 25% толық анықталмаған, соңғы кездегі қақтығыстардың 15% шекаралық мəселелердің шешілмеуінен туындап отыр, ал
шекаралық таластан шыққан қақтығыстар жалпы саны 95-ке жет- кен [9]. Шекаралық қақтығыстардың саны əлі де артуда.
Қазақ елі тəуелсіздік алғаннан бастап, ең алдымен шекара- сын анықтап алуға тырысты. Көршілеріне де ең алдымен ұсыныс жасаған да біздің еліміз болатын. Біз жоғарыда Қазақ елінің шека- расына тарихи шолу жасай отырып оның анықталуын айттық. Енді мынадай сұрақ туындауы мүмкін. Егер, біз шекарамызды кеңес өкіметі кезінде анықтасақ, оны тəуелсіздік алғаннан кейін тағы да нақтылауға қандай жағдай түрткі болды деген секілді сауалдар…
Бұл жағдайлар, кеңес өкіметі уақытында бір елдің ішкі мəселесі ретінде қарастырылып, сонымен қатар шекара манындағы елді- мекендер екі елге де, ауылшаруашылығы мақсатында кезек — ке- зек өтіп отырғандығы да бар. Ал, енді тəуелсіз елдердің арасын- да мұндай жағдай алдағы уақыттарда өрбімейтіндігі анық. Біздің шығыстағы көршімізбен шекара үшін КСРО-мен арада қарулы қақтығыс та болғаны мəлім.
Мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы (Каспий теңізіндегі шекараны есепке алмағанда кезде) 13500 км шама- сында. Еліміз шекарасын шамамен жиырма жылға жуық уақытта барлық көршілерімен толықтай делимитациялап бітті. Нақтырақ айтқанда, 100% құрлықтағы шекарамызды айқындап, барлық халықаралық заңдармен негіздеп, бекіттік. Бұл мемлекет басшы- сы Н.Назарбаевтың өзінен кейін келетін елбасшыларына шекара мәселесін толық шешілген күйде қалдыра алатынына кепілдік бе- реді. Яғни, біздің ешбір көршімізбен шекара мәселесі бойынша да- улы жеріміз жоқтығын білдіреді.
Шекара мəселесі аса маңызды іс болып табылады. Маңыздылығы жоғары істе де аракідік мəселелер болатыны рас. БАҚ беттерінде Оңтүстіктегі үш ауылға қатысты жиі мəселелер көтеріліп отырды. Ал, енді осыған тоқтала кетсек.
«Елбасымыздың тапсыруы бойынша, Мақтаарал ауданының Өзбекстанмен арадағы шекара сызықтары делимитацияланды. Екі Республика арнайы комиссия шығарып, делимитация сызықтарын сызып, қазықтар қағылды. Бірақ, Қазақстаннан барған комиссия мүшелерінің тірлігіне ел риза емес. Сондықтан, дау-дамай əлі күнге дейін жалғасып, үлкен жанжалға айналуда. Өйткені, де- лимитация сызықтары дұрыс сызылмаған. Қазақстан жағынан
барған комиссия мүшелерінің жігерсіздігінен, бойында ұлттық намыстың жоқтығынан көп жеріміз Өзбекстанға беріліп қойды. Мəселен, бұрыннан Қазақстанның „Қоғалы” совхозының біраз жері, «Мақталы» совхозының бөлімшелері, “Маңғытай”,
„Құлшығаш” ауылдарының жерлері, “Атамекен” кеңшарының жерлері ауыл тұрғындарының мемлекеттік актілері бола тұра, Өзбекстанға өтіп кеткен. Ол ол ма, „Қоғалы”, “Қараөзек” совхоздарының Қызылқұмдағы мал жайылымдарының көбісін құдықтарымен қоса Өзбекстанға қалдырып қойған. Меніңше, қазақстандық комиссия мүшелері жердің жай-жапсарын білмей- тін, түсінігі жоқ, ұлт намыстан жұрдай жандар болғанға ұқсайды. Өзбекстанның комиссия мүшелері Қазақстанның ұлтарақтай жері болса да, өздеріне қаратуға тырысқан. Құмдағы кейбір отырған қазақтардың үйін бір бөлек, құдығын бір бөлек қылып сызықтар сызған. Қаншама мал жайылымдары Өзбекстан аумағына өтіп кет- кен. Егер, сол кездегі комиссия мүшелерінің құрамында бұрынғы совхоздың басшылары мен жергілікті тұрғындары, ақсақалдары болғанда, мұндай келеңсіз дау-дамай, жанжал болмасы анық еді. Сол кезде бір өзбек тұрмайтын „Амангелді”, “Арнасай”, „Ильич” совхоздарының Қазақстанда қалуына толық мүмкіндіктері бар еді. Бірақ, сол комиссия мүшелері мен совхоз басшыларының қарақан қу басының қамын ойлап, намыссыздық танытқанының салдары- нан ешқандай əрекет етпей, қол қусырып отырғаны қынжылтады. Олар қаншама халықтың қарғысына ұшырап отыр. “Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды” дегендей, тұрғындар арасында ко- миссия мүшелері өзбектер не айтса соны істеп, бас шұлғып, қол қой деген жеріне қолдарын қойғанын əңгіме етеді. „Жыланға арбалған торғайдай” күн кешкен деседі[10.]» деп, БАҚ беттерінде азаматтар өз өкпелерін білдірген болатын.
Ал, осыған қатысты делимитация мəселесінің басы — қасында болған белгілі дипломат Қ.К.Тоқаев өзінің мемуарында былай дейді: «Айта кетер бір жайт, өзбек мамандары өздерін жақсы жағынан көрсетті, оларды айтқанынан қайтару қиын, қайсыбір мəселе болсын, əсіресе, сауда-экономикалық саласына байланы- сты мəселелерді тым жетік меңгеріп, келісім мəтіндерін əзірлеуде де мұқият жұмыс істейді. Өкінішке орай, Қазақстан өкілдері жай- лы олай айта алмаймын. Себебі, елімізде қаржы-экономикалық ведомстволар қызметкерлерін күрт жасарту науқаны барысында,
іс жүзінде барлық тікелей өндірісте істеген мамандар штаттан шығарылып, келіссөзге өңкей бір тəжірибесіз жастар барды. Олар қабілетті де болар, бірақ ,өзбек келіссөзшілерінің тегеуріні алдын- да жиі абдырап қала берді.
Ал, керісінше, тəжірибелі мамандарымызды сақтап қалған салаларда келіссөздер бір қалыпты сəтті өтті. Бұл көбіне су про- блемаларына, сондай-ақ шекараны делимитациялауға қатысты»[1, 224 б.] –деп, өз ойын білдірген болатын.
БАҚ беттерінде Өзбекстаннан басқа да көршілерімізбен болған шекараны делимитациялауға қатысты əр түрлі мəселелер бой көрсеткен болатын. Осыған байланысты дипломат Қ.Тоқаев өзінің ғұмырдерегінде былай жауап береді: «Мен қазақ жерін Қытайға “беруге көне салды” немесе “тегіннен- тегін берді” деген тезистерге үзілді-кесілді қарсымын. Ешқандай көне салушылық болған жоқ. Өткен уақыттардан бізге мұра болып қалған бұл жер дауы саяси жағынан да, заңды тұрғыдан да барынша мүлтіксіз, қолда бар шарт құжаттарына сəйкес шешіледі. Өзіңе тиесілі емес нəрседен дəмеленіп те, оған көніп-көнбеудің де қажеті жоқ. Орыс- қытай шарттарынан даулы аумақтардың 53% Қазақстанға, қалған 47% Қытайға тиесілі болуға тиісті туындаған еді.
Шекара туралы мұндай келісімнің орынды болуына күмəн біл- дірушілік қытай тарапынан да болғанын айта кеткеніміз жөн. Кей- бір Пекин “желөкпелері” “Қытай əлсіздік көрсетіп, Қазақстанның айтқанына көніп қалды” дегенді айта бастады. Бұл келісімді тай- вань баспасөзі өткір сынға да алды. Аралдағылар “қытай коммуни- стері үлкен қателік жіберді, гоминьдан режимі мұндайды ешқашан жібермес еді” деп шуласты.
Иə, жер дауы ежелден-ақ қалмай келе жатқан нəрсе. Ал тəжірибелі Ресей келіссөзші-дипломаты айтқандай, кез келген жер мəселесінің “90 % эмоциядан тұрады.” Расында да, даулы шека- ра мəселесі қалай шешілсе де, оны сынға алып, үлкен қателесулер мен көне салушылық болады деп, қоғамдық пікірдің қолтығына су бүркушілер əркезде де табылады»[1, 210б.] –деп, бұл мəселелерге жауап берген болатын.
Жалпы алғанда, біздің барлық көршілерімізбен еш шека- ра дауымыз жоқ, шекарамызды халықаралық заң нормалары негізінде заңдастырып бекіттік. Бұл жұмыс қалай дегенде де сəтті іс болып табылады. Аракідік «əттегенайлары» болғанына
қарамастан, мәселен, Қытай ешбір көршісімен 100% шекарасын делимитацияламаған болатын. Қытай тарихында алғаш рет бізбен келісім жасасты.
Украинадағы болып жатқан жағдайлар бізге Қазақ еліне біраз ойлар салып тастады. Шекарамыз бен еліміздің тұтастығын сақтауға жаңаша көзбен, жаңаша оймен қарауға итермелеп отыр. Енді шекарамызбен еліміздің тұтастығының бүгіні мен болашағына қатысты қарастырсақ.
Украинада орын алып отырған жағдайлар шекаралық мəселеге бірнеше түрлі факторлармен қарау керектігін аңғартты. Отандық саясаттанушы Е.Қарин өзінің фейсбук əлеуметтік желісіндегі парақшасында былай дейді: «Украина төңірегінде қалыптасқан бүгінгі жағдай- Қазақстан үшін де өз кезегіндегі бір сынақ, сын сəт деп те айтуға болады. Өйткені, бұл оқиғалар посткеңестік кеңістікте қалыптасқан мемлекетаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптеріне ықпал жасауда. Айталық, аймақтық қауіпсіздіктің бірден-бір құқықтық негізі болып есептелетін 1994 жылдың 5-желтоқсанында Будапештте қабылданған меморан- думда- АҚШ, Ресей жəне Ұлыбритания, Украина, Белорусия жəне Қазақстанның шекараларының беріктігіне, аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне кепілдік еткен болатын. Енді болса, арада бар болғаны 20 жыл ғана өтсе де, Ресей Украинаға қарулы күштерін кіргізуге шешім қабылдап отыр. Сөйтіп, бұл шешім, посткеңестік кеңістігіндегі қауіпсіздіктің барлық құқықтық негізіне бір сəтте балта шапқандай болды.» деп пікір білдірді.
Көріп отырғанымыздай, болып жатқан оқиғалар халықаралық қатынастағы құқықтық нормалардың да кейде пайдаға аспай қалатынын білдіріп отыр. Демек, шекара мен елдің тұтастығы ол кең ауқымды факторлармен қаралады. Сол факторларды санама- лай отыра, біз аталаған мəселелерге қаншалықты жауап бере ала- мыз жəне болашақта Қазақ елінің шекарасының мызғымастығы мен елдің тұтастығының қалай болатының жорамалдауға болады. Украинадағы оқиғаларға тоқталсақ, Қырымды Ресей тез арада,
еш қиналмастан өзіне қосып ала салды. Белгілі дипломат Қ.Тоқаев өз еңбегінде «… орыс жері Қырымды Укрианаға беріп жібер- гені белгілі, енді жаңа жағдайда оның кімдікі екендігіне ешкім таласпайды[1,225б.]» -деген болатын. Алайда, Ресей халықаралық
нормаларды аяққа таптай отырып қосып алды. Сонымен қатар, Шығыс Украинада орыс этносның басымдығы Украинаның тұтастығына кері əсерін тигізіп жатыр. Осыған байланысты, кейбір мəселелерде сарапшылар Украина мен Қазақстанның ұқсастығы бар екендігін айтып аландаушылық білдіріп жатыр.
«Украинадағы орын алған жағдайлар посткеңестік мемле- кеттерде əлі де болса мемлекеттік ортақ бірігушілік идея мен идеологияның нақты қалыптаспағандығын көрсетіп отыр»- дейді, мамандар.
Алдағы уақытта, солтүстіктегі облыстарды қазақтандыру мəселесі күн тəртібінде тұрғандығын көрсетеді. Осы аймаққа сла- вян энтосына жататын ұлттар бұрынан көп пе еді, осыған тарихи шолу жасасақ!?
Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханның ұстанымдарын кел- тіре кетейік. «Ата-бабасының қанымен келген жерлерді өз мен- шігі ретінде есептейтін қырғыздар орыс бодандығына енген кезде, мемлекеттің олардың жеке меншігіне қол сұғатынын ойламаған еді; сонымен қатар патша үкіметі ешқандай себепсіз, тек қана əлдінің пəрменімен барлық қырғыз жерлерінің мемлекет меншігіне алынуын қарастыратын бұйрықтар шығарды, мұның нəтижесінде қырғыз жерінде қоныс аударушылардың қозғалыстары құрылып, ең жақсы жерлер қоныс аударушылардың меншіктеріне өтті, ал нашар жерлер қырғыздарға қалдырылды», — деп жазды Ә. Бөкейханов.
Қазақ жерлерін зерттеу туралы Ф. Щербинаның экспедици- ясына қатысқан Ә. Бөкейхан қазақ жеріндегі қоныс аударушы- лар қозғалысының отарлау мақсатымен жүргізіліп жатқандығын əшкерелей отырып, былай жазған болатын: …елде халықтың шынайы қажеттілігін еш ескермей, бюрократиялық жол- мен шығарылған Дала ережелерінің енгізілуі, үкіметтің заңды қадірлемеуі, жеке адам құқықтарын елемеу, өмірдің барлық жағына қол сұғатын əкімшілік жəбір көрсету, қырғыздардың рухани жəне экономикалық мүдделерін назарға алмау, халықтың надандығын қолдау — міне, мұның барлығы халықты кедейленуге, ал оның мəдени дамуын тоқырауға əкелді [11.].
Ә. Бөкейхан Мемлекеттік Думаның кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде былай деді: «Қырғыздардың (қазақтардың) өмірі
мен олардың болашақта дамуы үшін, аса маңызды рөл ойнайтын қоныс аударушылар мəселесіне біраз тоқталуға тура келеді.
Еуропалық Ресейден қоныс аударушылар, ең алдымен дала облыстарының солтүстік уездеріне орналасуда. Губернаторлық есептер бойынша, 1905 жылы Ақмола облысында 484456 адам қазақ, 205515 адам шаруа өмір сүрді, пайыз жағынан қазақтармен салыстырғанда шаруалар — 42% пайызды құрады. Соңғы үш жылда, әсіресе 1907 жылы, қоныс аударушылардың саны көбейді, сондықтан пайыз бойынша шаруалардың басымдылығы артты. Осылайша, қоныс аударушылар жөніндегі басқарма бер- ген мәліметтер бойынша 1907 жылы Ақмола облысына 12000 от- басы көшіп келді[12.].
Одан кейін тың игеру желеуімен солтүстіктегі облыстарға орыс жəне славян этностары көптеп шоғырлана бастады. Кезінде патшалық Ресей жəне Кеңес Одағы тұсында солтүстік аймақтарды орыстандыру жүргізілген болса, енді қазақтандыру да күн тəртібіндегі мəселеге айналуда.
Әлихан Бөкейхан Кеңес өкіметі құрылғанда Алаш азамат- тарының және ізбасарларының коммунистік партияда жұмыс жасауына да қарсы болмаған. Ал, бірақ қонысаударушылардың ауып келуіне ерекше қарсы болған. Міне, осыдан байқайтымыз өзге этнос өкілдерінің санының тым артып кетуі, елдің шекаралық жəне тұтастығына, кейде кері ықпал етуші факторға айналып кетуі мүмкіндігін аңғартады. Бір айта кететін жайт, осыдан барып өзге этнос өкіліне жеккөруші сезіміне бой алмауымыз керек. Басты- сы, оларды да ортақ мақсатымызға жұмылдыра жұмыс жасаудың механизмдерін жасай білуіміз жəне соған мəн беруім қажет. Осы мəселеге сəл кейінірек тоқталатын боламыз.
Алдағы уақытта солтүстік жəне шығыс аймақтарда мемлекет құрушы ұлттың санын арттыру үш түрлі бағытта жүретіндігін көрсетіп отыр.
- Оралмандарды орналастыру. Осы жылы үкімет оралман- дарды Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан жəне Шығыс Қазақстан облыстарына орна- ластыру жөнінде қаулы қабылдады.
- Жастарды оқуға тарту. Білім жəне ғылым минист- рлігі «Мəңгілік ел жастары – индустрияға!» атты мемлекет-
тік бағдарлама жасап, соның аясында оңтүстіктің жастары- на солтүстіктегі оқу орындарынан арнайы 2050 білім грантын дайындады. Оның 1050-і жоғары оқу орнына, 1000-ы коллед- ждерге бөліп қарастырған. Грантты иеленген жастар атаныпта кетті.
- Оңтүстік шаруаларын солтүстікке және шығысқа шақыру. Мемлекет тұтастығынан бөлек табиғи қажеттілікте бар. Бұрынғы Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігінің баяда- масында «демографиялық туу осылай қала беретін болса, 2050 жылға қарай солтүстік облысларда халық саны 1 млн-ға кемісе, ал оңтүстіктегі облыстарда 5 млн-ға артады» деп болжам келтірген болатын. Бұл бағытта нақты ресми бағдарлама бойынша шақырту болмаса да, жергілікті шенеуніктердің шақыруымен қолға алынып жатқаны байқалады. Мысалы, Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданы əкім Оңтүстік Қазақстан облысының шаруа-дихандарын шақырған болатын. Сонымен бірге, қазіргі таңда оңтүстіктің шығыста еңбек етіп жатқан шаруаларын тілге тиек етіп, алдағы уақытта барыс- келісті артыру туралы сөз болды.
Солтүстік жəне шығыс аймақтарда инфрақұрылымға мəн бе- руімізді қажет етеді. Қазіргі заман Столыпин реформасы кезін- дегідей «жер болса, салықтан босатылса болды» деп көше бер- мейді. Инфрақұрылымға, ауыз су, жарық, жол мəселесі, сонымен бірге əрбір ата-ана өзінің баласының болашағына алаңдайды. Ол жаққа барушылар да «қаншалықты менің балаларымның болашағы жарқын болады?» деген сұраққа жауап іздейді. Міне, осы аталған жағдайлар шешілгенде ғана аталған аймақтарға бару қызығушылық туғызып, үлкен бір үрдіске айналады.
Жағдай тек көшіп келушілерге ғана жасалса, тұрғылықты тұрғындармен арада əлеуметтік дүрдараздыққа алып баруы мүмкін. Сондықтан да жеркілікті тұрғындардың да əлеуметтік жағдайларын өсірудің жолдарын қарастыруды қажет етеді.
Кеңес өкіметі тың игеру кезінде орыстандыру саясатын қолдана білді. Тіпті, келушілерді құшақ жая қарсы алудың көңіл күйін де қалыптастырды. Біз де көшіп барушыларды құшақ жая қарсы алып, жергілікті тұрғындар мен көшіп келуші ағайын арасындағы бауырмашылдық сезімін қалыптастыра білуміз ке- рек. Ол дегеніміз- қарапайым сөздік қолданысымыздағы тұрпайы
сөздерді мысалға келтірсем: «южандар», «северьян», қытайдан келген қандастарымызды «қытай», өзбекстаннан келгенді «өзбек» деу секілді сөздерден арылып, Сабыр Адай айтпақшы «əр қазақ
-менің жалғызым» деген түсінікте болуымыз қажет. Осындай жағдайда ғана, жоғарыда аталған, мемлекет тарапынан үш бағытта жүріп жатқан іс -қимылдар өз нəтижесін беретін болады.
Болашақта болуы мүмкін шекарамыз бен тұстығымызға қатысты төрт тенденцияға тоқталып өтсек.
- Каспий теңізінің әлі де нақты мәртебесінің анықталуын күтуде. Мұның басты себебі Каспий маңы елдерінің мүддесінің бір жерден шықпауы. Каспийге қатысты Иран-Кеңес келісім- дері болған, алайда, ол қазіргі заман талаптарына жауа бере ал- майды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан жолы еңбегінде Каспий теңізіне қатысты: «Қазақстан ұстанымы негізі- нен Каспийдің біртұтас экологиялық жүйе ретіндегі ерекшелігін ескере отырып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымының 1982 жылғы Конвенциясының жекелеген ережелерін қолдану мəселесіне бай- ланысты болды. Теңіздің түбі мен ондағы ресустарды аралық сызықтар бойынша межелеу ұсынылды. Су айдынында келісілген ендіктерде теңіз аумақтары мен балық аулау аймақтарын белгілеу қажет дедік. Теңіздің қалған бөлігі мен беткі айдыны жағалаудағы мемлекеттердің сауда кемелері, сондай-ақ, еркін кеме қатынасы жəне балық аулаудың келісілген квотасы негізінде балық аулау үшін, ашық болуы тиіс еді.
Ресей Каспийді бірлесіп иемдену негізінде пайдаланылатын жалпыға ортақ теңіз деп есептеді: демек, бұл ұстаным Каспийдің түбіндегі табиғи ресурстармен қоса, табиғат байлықтарының барлық түріне таралуы тиіс деді.
… Әзірбайжан əу бастан-ақ «көл айдыны» нұсқасын ба- тыл жақтаған болатын. Ондай жағдайда, ұлттық секторлардағы теңіздің жер қойнауы мен түбін, беткі айдынын бөлсе, сондағы пайда болған межелеу сызықтары — мемлекеттік шекара болып та- былатын еді.
Каспий өңірінің елі ретінде Иран, əлі күнге дейін Каспий теңізін каспийлік бес мемлекеттің арасында бес тең бөлікке (айдынына 20%-дан) көндіргісі келіп жүр»[13, 156-159б.] –деп, тараптардың мүдделерінің əртүрлілігін айтады. Каспий мəселесінде алға ілгер- леушілік бар, алайда, нақты əлі шешім табылған жоқ. Каспий мұнай
мен балыққа бай теңіз болып саналады. Бізді алаңдататыны гео- саяси ойындар Каспийге ауысып кетіп жатса, үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін.
- Шекара маңындағы аудандардағы халықтың орталық- тарға көшу тенденциясының тоқтамауы. Осыған қатысты Алаш айнасы газетінде жарияланған «Шекаралық аудандарға қашанғы шекеден қараймыз?» атты мақаладан тезистер келтірсек.
«Еркін Нұразхан, ҚР Мəдениет қайраткері:
- Ел іргесін бекітіп, нығайтайық десек, шекара қызметіндегі əскердің санын арттырып, сапасын жақсарту өз алдына, олардың арқа сүйер халқын қайтадан өз орнына қондыру, яғни, шекаралық аудандарды қалпына келтіру ісі əбден пісіп-жетілгендей. Кеңес кезіндегідей шекаралық аудандарда тұрып, еңбек ететін бюдж- еттік қызметкерлерге 50-70 пайыздық қосымша еңбекақыларын тағайындап, жұртты туған жеріне оралуына мүмкіндік жасау керек сияқты. Мектептер, балабақшалар, мəдени мекемелерін қалпына келтіріп, халықтың əлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге бар жағдайды жасаған абзал болар. Айналдырған бес-алты ауданның жағдайын жасауға үкіметіміздің ақыл-парасаты, күш-қуаты жетуге тиіс деген ойдамыз.
Жақында, редакцияға бір ақсақал келді. Бұрын Тарбағатай ау- данында тұрған екен.
- Соңғы кездері шекаралық аудандарды қайта қалпына кел- тіру жөнінде жиі айтылып жүр ғой. Егер бұл мəселе Парламент деңгейінде көтеріліп, қолдау тауып жатса, ел өміріндегі ерекше бір жаңалық болар еді деп ойлаймын. Өйткені, бүгінде шекараға жақын елді — мекендерде халық саны мүлде аз. Кейде қорқасың… Бұрынырақта шекараға жақын маңда халықтың қарасы қалың бо- латын. Тіпті, шекарадан өтіп, шеп бұзып, шектен шыққандарды жергілікті халықтың өзі-ақ тəртіпке келтіріп отыратын. Сондықтан, шекаралық аудандарды қайта қалпына келтірсек, азып-тозған ауыл- дарды ғана емес, шекара мəселесіне аса көп алаңдамас едік, — деп, Алаш айнасы газеті шекара маңындағы аудандардың мəселесін көтерген болатын.
Әсіресе, Қытаймен шекаралас аудандар халқының сол жер- лерді тастап кетушілік үрдістері орын алуда. Енді шығыстағы
көршімізге қатысты БАҚ беттерінде таяуда ғана «Қытай депутаты көршілердің жерін қосып алуды реттейтін заң жобасын ұсынды» атты мақала жарық көріп, қоғамда аландаушылық туғызды.
Осыған қатысты саясаттанушы Мақсат Жақау: «Қытай Халық Республикасының депутаттары əзірлеген шетел аумақтарын өз территориясына қосу туралы заң жобасы Парламент депутаттары- на ойланып-талқылауға ұсынылған мəселе ретінде ғана қаралып отыр. Ресми күн тəртібінде қаралатын заң жобасы емес. Деген- мен, мұның өзі тегіннен-тегін жасалып жатпағанын, жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайтынын ескеруіміз керек», – дейді. Бұдан шығатын түйін — шекара маңындағы елді — мекен, ауылдарға мем- лекеттік тұрғыда ерекше мəн беруіміз керек деген сөз. Мəселенің алдын алмасақ кейін қиын болары анық. Оңтүстік Азия елдері- не Қытай мигранттары көшіп барып, кейін сол елдерде тұрақты қалып қойды. Қазіргі таңда Қытай диаспорасы экономика сала- сында жетекші орын алады. Аталған елдердің ішкі жəне сыртқы саясатына ықпал етуші диаспораға айналып үлгерген болатын. Қалай болғанда да, мемлекеттік тұрғыдан шекара маңындағы аудандарға айрықша статус беру арқылы ол жерлерді бос кеңістікке айналдырмаудың барлық амалын қарастырумыз қажет-ақ.
- Ақпараттық қауіпсіздік. Елімізде, отандық арналардан шетелдік арналардың саны басым. «Ақпарат кімнің қолында бол- са, билік сонда» деген қанатты сөзді ескеретін болсақ. Қазақстанда 2014 жылдың 1 шілдесінде нақты ресми тіркеуден өткен 235 ше- телдік телеарналар ресми тіркеуден өткен, олардың 158-і ресейлік телеарналар екен[14.]. Шетелдік телеарналдардың саны отандық арналарға қарғанда əлде қайда көп екендігі көрініп тұр. Бұл де- геніміз шетелдік телеарналардың ақпараттық ықпалының жоғары екендігін білдереді. Жақында бас прокотура шетелдік арналар тір- кеуден өтпесе елімізде көрсетілмеуі мүмкін деген болатын. Ша- масы бұл жерде Бас Прокуратура қайта тіркеулен өту мəселесін қарастырып отырған сияқты. Жақсы бастама жасады. Алайда тіркелу барлық шетелдік арналарға қолданып, «кейбір шетелдік танымдық арналар жабылып, ақпараттық арналары сол қалпында жұмыс жасай қала беруі мүнкін бе?» деген сауал пайда болуда. Мəселен, Дискаври секілді танымдық арналар елімізге тіркеуден өтуге келмесі анық. Ал көрші Ресейдің ақпараттық арналары тір-
келуден өтіп сол бұрынғыдай жасай береме деген күдікте бар. Ше- телдік арналарының саны 5-тен артық болмасын деген заң қажет сияқты. Сонда ғана отандық арналарға үлкен ақпараттық кеңістік болады.
Еліміздің тұтастығын сақтауда, ақпараттық қауіпсіздігін қорғауда нақты қадамдар жасаған боламыз.
- Трансшекаралық өзендер мәселесі. Экологтар, адамзаттың жыл өткен сайын суға, ауыз суға деген сұранысы арта береді. Тіп- ті, 2050 жылға қарай 1литр бензин мен 1 литр ауыз суының құны бірдей болуы мүмкін деген қорқынышты болжамдар жасауда. Ал, таулардағы мұздақтар жыл өткен сайын жылдам еріп, болашақта өзен суларының деңгейі төмендесе, керісінше суға деген сұраныс мұнайға деген сұраныс сияқты болып жатса, Орталық Азия ел- дерінде трансшекаралық өзендер мəселесі күн өткен сайын шие- ленісе түседі. Кейбір сарапшылар Орталық Азияда қақтығыстар трансшекаралық өзендерге қатысты орын алуы мүмкін деген бол- жамдар жасағандары да бар. Әр ел өз аумағынан өтетін өзен суын барынша тосып қалуға мүдделі болып жатыр. Ал ол өз кезегінде келесі елдің экономикалық мүддесіне кері əсер етеді. Өзбекстан президенті елімізге келгенде осы мəселені қозғап, қырғыз, тəжік жағын сынға алған болатын. Президент Н.Назарбаев та ШЫҰ-ның Душанбеде өткен кезекті саммитінде трансшекаралық өзендер проблемасына қатысты айтып, оған аймақтық қауіпсіздік факто- ры ретінде басымдық берген болатын. Көршілерімізбен алдағы уақытта трансшекаралық өзендердің мəртебесін анықтау- күн тəртібіндегі мəселеге айналуда.
Аталған төрт жайттың екеуі ақпараттық қауіпсіздік пен шекара маңындағы елді-мекен, ауылдар мəселелері еліміздің ішкі ісі болып саналады. Демек, толық өзіміз шешуге құқылы болып табыламыз, ал Каспий жəне трансшекаралық өзендер істерің көршілерімен біріге отырып қарастыруға тура келеді.
Жоғарыда мемлекетшілдік идеологияны қалыптастыруға тоқталып өткен болатынбыз. Ақпараттық қауіпсіздікке де қатысты мəселелерді де тілге тиек еттік. Енді осыған тоқталсақ. Қазақ елінің тұтастығы мен шекарасы әр кезеңде әр ұрпақ иығына жүк болып, сол жүкті көтеруде сынға түскен еді. Қазір ел басқарған аға ұрпақпен артынан өсіп келе жатқан буын бізге сын бо-
лып табылады. Осы жүкті көтеріп келер ұрпаққа Қазақ елінің тұтастығы мен жерін аман есен тапсыру тарихи миссиясы бо- лып табылады. Ол үшін не істеу керек? Жоғарыда көтерілген жайттардан тұжырымдай келе, мемлекетшілдік идеологиясын қалыптастыру керек деп санаймыз. Мемлекетшілдік идеоло- гияны қалыптастыру — бірінші кезекте мемлекет құраушы қазақ ұлтының мойнына түседі. Бұған қарап мемлекетшілдік идеологи- ясынан басқа этнос өкілдері шет қалады деп ойлауға болмайды. Біздің алдымыздағы тіл мəселесі қашан өз тұғырына шынайы орныққанға дейін өзектілігін жоймайды. Конфуций айтпақшы
«елдің тұтастығын сақтағың келсе, бір тілде сөйлет» деген бол- са, осы мағыналас сөзді Кемал Ататүрік те айтқан болатын. Біз қазақ тілін мемлекеттің негізгі тұтастығын сақтаушы компонент ретінде қарастыруымыз керек. Ал, тілді білмейтіндер үшін, олар- ды ынталандырып отырсақ, қазақ тілі он-он бес жылдан кейін болса да өз тұғырына шығады. Сондықтан, қазірден бастап тілді үйрену арқылы болашағың жарқын болады деген қоғамдық ой қалыптастыруға тиіспіз. Мемлекетшілдік идеология ол — ұлтына, дініне, тіліне қарамастан, осы Қазақ елін жан -жүрегімен сүйетін елжанды (патриот) азаматтарды қалыптастыру. Алаш идеясының ең негізгі қағидатының өзі де — ұлтына, дініне қарамастан мем- лекетшілдік елжанды (патриот) азаматты қалыптастыру болды. Мəселен, Алашорда үкіметінің ұлт кеңесінің құрамында басқа ұлт өкілдері де болған болатын. Демек, Алаш арыстары ортақ игілікке жетуде өзге этностарды да тарта білгендігін көреміз. Мемлекет- шілдік идеология- шекарамыздың мызғымастығы мен еліміздің тұтастығының бүгіні мен болашағына кепіл болады.
Қорытындылай келгенде, Украинадағы жағдайдың біздің елде болмауының алдын-алудың бірден бір жолы -мемлекетшілдік иде- ологияны қазақ ұлтына жəне осы елде тұратын басқа да этностарға нақтылы шынайы қалыптастыру болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Тоқаев Қ Беласу. Дипломатиялық очерктер. – Алматы
«Дəуір» 2003 656 б + 35 суреттер
- Сейсенов Ұлықбеков Шекара мəселесі шешілген күн // kerey.kz
- Сəдуақасов С. Қазақстанды қалай құрған жөн? Орта Ази- яда ұлтаралық шекара жүргізу жəне Қазақстан Республикасының құрылуы// Қазақстан коммунисі 1991. №81-87 б.
- Сейдін Н.Б. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ше- красы, қалыптасуы, мəселелері жəне айқындалу барысы. Ғылыми баслым. – Алматы: ҚР Президентті жанындағы ҚСЗИ –172 б
- Доклад С. Садвокасова выделении Оренбургской губерний из состава КССР//АПРК.Ф.191.Оп д.13б.л.191-197.
- Кəкен.А. Шекара// Егемен Қазақстан, 31мамыр 2000 ж
- Постановление Президиума Верховного Совета казахской ССР// АПРК.Ф.708,Оп.29.д.163.№137-138
- Конаев Д.А Моем времени Воспоминания. Алма-Ата:Дəуір, 1992.с.312.
- Аламанов С.К чтобы вопрос не провоточил: государствен- ная граница живой организм// слово Киргызстана 20 апреля 1999 г
- Ағман Сабырханов// Қазақ жерлері өзбекстанға жұтылып бара жатыр http://kerekinfo.kz/blog/10024.html //
- Букейханов А. Киргизы. Формы национального движения в современных государствах. Петербург-Петроград. 1910,с.595.
- Букейханов А. «Киргизы». // Формы национального дви- жения в современных государствах. Под ред. Костелянского А. И. Петербург-Петроград, 1910, с
- Назарбаев Н. Қазақстан жолы, – Қарағанды, 2006 – 372 б
- Сайт Агентство Республики Казахстан по связи и информа- ции http://aci.gov.kz/ru