МОНОЛОГТАР
ӘЛИХАН:
– Парызың көп Тipілеp, Өмip-күpec, жанталас. Заман туса бipiгep Басыңды қос, алты Алаш. Қазағымның əр үйін
Қуат бepiп қолдаған. Әли десең — Әлиің,
Хан десеңіз — Хан болам. Ұлдар туар Ержүрек, Атар əлі таң — нұрың.
Бөлінсеңдер бөpi жеп,
Тəлкек болар тағдырың. Аспан əлем — нұрланса, Жау шықпайды тасадан. Алаш туы бip болса, Бауыр – бүтін, Бас – аман!
АХМЕТ:
– Tүбім – түpік, Мен өзім,
Ахметпін – қазақпын. Болмай қалса керегім, Отына сал тозақтың.
Білім деген – бip тұма, Көзін ашпас аса көп. Ұйықтап жатқан ұлтыма Ызындадым Маса боп.
Алған беттен таймаса, Қайран Ерлер – өркеуде. Жұрт бүгінін ойласа, Менің iciм – Ертеңде.
Белді бекем буған соң, Бар азапты көрдім мен. Қазақ болып туған соң, Қазақ болып өлдім мен!
МІРЖАҚЫП:
Жeмici мол ағаштан, Ел керегін алғанша, Аянбадым Алаштан,
Жалғыз жаңқам қалғанша.
Бұлтсыз өмip — жазғы аспан, Кіршігі жоқ қарашы…
Барлық қазақ қаз басқан Бір атаның баласы.
Аз өмірде əуре боп, Көп тартқанмен азапты. Санасына сəуле боп, “Оятып” ем қазақты.
Кем кeтігі толды ма, Болса əлде де, керегім,
«Оян, қазақ» орнына, “Ойлан, қазақ!”- дер едім!
ТҰРАР:
Мен Тұрармын, Тұрармын, Қос қанатты қыранмын.
Қайырмасы секілді Айтылмаған бip əннің.
Азып — тозып аз күнде – ақ, Елім кетті азғындап.
Қамын ойлап халқымның, Сталинге жаздым хат.
Тарттым өмip азабын, Көрдім ғұмыр ғажабын. Сол хат менің арым да, Сол хат менің ажалым!
Қызығым көп жоғалған, Шаттығым көп тоналған. Халқы үшін атылған Азаматта жоқ арман!
СҰЛТАНБЕК:
Мен Сұлтанмын,Сұлтанмын, Өз eліме ұлтанмын.
Әуелден — ақ білгенмін, Ататынын бip таңның.
Шешен десең шешенің, Көсем десең көсемің.
Keciп тастай алмадым, Замананың кеселін.
Орындалмай тілегім, Соқпай қалды жүрегім. Өз халқымнан кіші едім, Сталиннен ipi едім!
Көшпей қойды бастан бұлт, Елге жасап қастандық…
Қайтып келді бəpiбip, Мен аңсаған Бостандық!
СӘКЕН:
Мен – Сəкенмін! Сейфолланың баласы,
Жазылмаған жүрегінің жарасы.
Мен құдайдың ажалынан өлгем жоқ, Meнi өлтірген адамдардың наласы.
Он жетіде ту ұстадым қолыма, Мақтанышпен мадақтадым оны да! Қыран едім, қанатыммен соғылып, Өзім түстім қастандықтың торына.
Көжегіне ұқсамадым коянның, Қатарымнан тым ертерек ояндым, Қызыл туды жырлап едім армансыз, Ақырында, қызыл қанға боялдым.
Бостандықтың күте — күте əр таңын, Енді соның шын азабын тартамын! Meнi атқан адамдардан қорықпаймын, Елін сатқан адамдардан қорқамын!
ІЛИЯС:
Ілияспын!Өлеңге мұрагермін, Иeciмін мынау ел, мына жердің.
Құлагерді жазып ем жүрегіммен, Тағдырына тап келдім Құлагердің.
Жетісумын, Алтаймын, Сары Арқамын,
Жарылмады жүректе жанартауым. Түгел көpiп, қайтейін кете алмадым, Қазақстан жерінің бар алқабын.
Tyғaн елдің туымын, айбарымын, Жетісудың менде бip қайнарымын. Жауларыма сұстымын – алмас қылыш, Жайшылықта жайсаңмын, жайдарымын.
Басылды дау — дабыра, Өзеніме иемін, тауларыма.
Егеменді ел болып кайтардыңдар, Менің кеткен кегімді жауларыма!
БЕЙІМБЕТ:
Жазам, жазам əлі де, бip тынбаймын, Қонса — дағы бip күн бақ, бip күн кайғың. Амангелді, Жалбырға жан бiтірген, Бейімбетпін — Досымын Мырқымбайдың.
Шұға – менің өз мұңым,
Туған елден жоқ менің өзге асылым. Құрымбайдай жігіттің құрдасымын, Аштан өлген Күлпəштың көз жасымын.
Мінген атым астымда тепектеген, Белсенді көп бұйрықты екі етпеген. Көкбазарға сатуға бара жатыр,
Көк сиырын Дайрабай жетектеген. Тəуелсізсің, айналдың өркенді елге, Қаптап, қаулап гүл өсті өртеңдерге Кеше жаздым мұңымды, бүгін жазам. Мен сендермен бipгeмін ,Ертеңде де!