Кітапты құрастырушылар түсініктемесі – Астан алар тағылымдар.  

Кітапты құрастырушылар түсініктемесі – Астан алар тағылымдар.

 

Жас ізденушінің зерттеу нысанына болып отырған алаш сарбазы Перуашқа 2014 жылдың 6-шы қыркүйегінде Павлодар облысының Ерейментау өңірінде айында Ас берілді. Ас беру – қазақ халқында ежелден қалыптасқан игі дəстүрлердің бірі. Ата-баба рухына тағзым ету — халыққа қашанда рухани күш берген. Яғни, қазақ дала- сында көшпелі тұрмыс кезінде астан үлкен шара болған емес, сондықтан оның халықтың араласуына, бір-бірін жақын білуіне, сонымен бірге жыр, бəйге, көкпар, күрес сияқты сайыстарда жарысқа түсуіне мүмкіндік бер- ген. Ас беру арқылы марқұмның ұрпақтары өздерінің байлығын ғана емес, қолдарынан ұланғайыр іс ке- летінін, ағайынның ұйымшылдығын паш еткен. Аста елдің бірлігі мен байлығы, мырзалығы, біліктілігі сынға түскен. Мəселен, Абылай ханның асы, Құнанбайдың əкесі Өскенбайдың асы, Керей Сағынайдың асы, дулат Сыпатай батырдың асы жəне осы Ерейментау өңіріндегі Қанжығалы Шауыпкел батырдың асы бүкіл елге мəлім бо- лып, аңызға айналған. Ас беру дəстүрі еліміз егемендігін алғаннан бері қайтадан жанданды. Талдықорғандағы Қаракерей Қабанбай батырдың, Ақмоладағы Қанжығалы Бөгенбай батырдың, Торғайдағы Алаш арыстары — Ах- мет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының аста- ры қазынасы мол халықтық дəстүрлердің — тəрбиелік, ұлттық, рухани байлығымыздың қайта оралғандығының айқын белгісі болды.

Қабырғалы  қазақ  елінің  белестері  мен  бұралаңы  мол тарихында ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысының алар орыны ерекше. Осы тарихи кезеңде Алаш қайраткерлері бастаған қазақ зиялылары қазақ қоғамындағы саяси, рухани, жəне мəдени ахуалға зор ықпалын тигізгені де ақиқат. 100 жылдығы аталып өткен Перуаш Кəрімұлының сонау кеңестік кезеңде еңсесі түскен Ерейментау өңіріндегі қалың бұқараны

 

ерен елдікке, өрелі бірлікке, əлеуметтiк белсендiлiкке, ұлттық топтасуға үндеген жанкешті азаматтарымыздың бiрi болғаны жəне сол жолда құрбан болғаны, оның ұрпақтарының ұзақ жылдар бойы жүргізген іздеулерінің арқасында бəрімізге де белгілі болып отыр. Бізді қазір Тəуелсіздігіміздің арқасында аты қалың көпшілікке мəлім болған Алаш қайраткерлерімен қоян-қолтық жүріп, уағыздарын тыңдап, тапсырмаларын орындап, əдебиеттерін таратып, істерін жалғастырған ұландар бұрынғысынша «халық жауы», «тап жауы», «əлеуметтік қауіпті элемент», «шетел барлау қызметінің тыңшысы» т.с.с. болып қала бере ме деген сұрақ та толғандырады. Перуаш Кəрімұлы дəл осындай, тағы да басқадай жалалар жабылып, саяси айып тағылған 105 мыңға жуық елім деп еңіреген боздақтардың, қанаты қайрылған сұңқарлардың бірі. Олардың əрқайсысын тарихтың қалың қатпарынан аршып алып, бүгінгі ұрпаққа табыстай алсақ  артық  па? Алаш идеялары үшін күрескен Алаш партиясының мыңдаған қатардағы мүшелерін, жақтастарын, Алашор- да үкіметі əскерінің сарбаздарының əрқайсысын ақтауға күш салғанымыз абзал. Олар барлық адам баласына тəн ең қымбаттыларын – отбасын, материалдық игіліктерін, жеке перспективаларын құрбандыққа шалып, біздің бүгінгі тəуелсіздігіміз үшін жандарын да, қандарын да аяған жоқ.

«Әруақты сыйлаған ел азбайды, əулиелер көп жатқан жер тозбайды». Перуаш сынды ар-намысты ту етіп, өмірден өткен ұлының əз басын ұлықтаған туған жері – туған төрі ел иесіз, жер киесіз емес екендігін дəлелдеп аталмыш шараға шынайы пейілдерімен үлкен үлесін қосты. Ерейментау елінің азаматтары бірлікті уысынан шығармай, асылын қадірлей білді. Осы астың барысын- да да ел-жұртының құрметіне Перуаш Кəрімұлының лайықтығы ешқандай шүбəсіз дəлелденді. Ас Алаш ұстанымы жолында адалдық танытып, құрбан болған Пе- руаш Кəрімұлын жан-жақты танып, білуге зор ықпалын тигізді, ол сөз жоқ, ел-жұртының құрметіне лайық жан.

 

Перуаш ендігі жерде Азат Тұрлыбекұлы Преуашевтың ғана атасы ғана емес, ол Ерейментау өлкесінің, қарға та- мырлы қазақтың, алашшыл ортаның рухани болмысын байытатын тұлғасына айналды.

Ал тұтастай алғанда, Перуаш Кəрімұлының биыл 100- ге келгеніне арналған Астың – жеке бір адамның, бір отбасының шеңберінен аясы əлдеқайда кең, ұлт үшін қажетті иманды іс болғанын айту лазым. Одан алар тағылымдар көп. Перуаш ұрпақтары Перуаш атасына, Перуаштың жары – Ерке əжесіне, Перуаштың жалғыз тұяғы — əкесі Тұрлыбекке, бабасы Кəрім Әміреұлына, үлкен əжесі Қайша Садыққызына жəне мыңдаған басқа да белгілі де белгісіз Алашшыл азаматтарға арнап ескер- ткіш – Құлпытас орнатты, оған ежелгі дəстүрмен таңба түсіріп, Күлтегінше күлтелі жыр жолдарын жазғызды. Малтабар ауылының мектебіне сол мектепті  кезінде өзі ашқан, ағартушы-мұғалім болған, Алаш идеяла- рын көпке таратқан Перуаш Кəрімұлының аты берілді. Мектептің алдына ескерткіш белгі орнатылды. Онда да тек Перуаштың аты ғана емес, Ерейментау жерінен са- яси қуғын-сүргінге ұшыраған 50-ге жуық азаматтардың аты-жөндері, тектері тасқа қашалып жазылды. Перуаш Кəрімұлының цензурадан айласын асырып, түрмеден кір киімдерін ораған газеттің бетіне сүтпен жазылып, ол күйемен тазаланып, пайда болған өлеңі ел арасында жатталып, сақталған. Мұны шын мəнінде оның туып- өскен Қоржынкөлі мен кіндік қаны тамған – Малтаба- рымен, туған елімен қоштасу жыры деп атасақ болады. Перуаштың сол кездегі 12 жастағы оқушысы, бүгінде 92 жастағы Бикүл Мұқанова Перуаштың немересі Азат Перуашевқа бұл жүрек тебірентерлік жырды өз ауы- зымен  айтып  берді.  Мүшайраға  қатысқан  ақындар да

«өнер алды – қызыл тілмен» алаштың ардақты азаматы, ақын Перуаш Кəрімұлына өлең-жырларымен өз ескер- ткіштерін орнатты. Ол «Бір мені балаушы еді бір тайпа елге» деген атпен кітап болып шықты. Кітаптың аты – Перуаш өлеңінің бір жолынан алынған. Осының өзінен

 

Перуаштың ел-жұртына қадірлі болғаны көрінеді. Астың ең басты мағынасы, ол — жары Еркеге жазған

«Мен де аман келермін» деп айтқанының орындалғаны.

«Барсакелмес» сапарына кететінін де білген Перуаштың бұл сөздері де оның ақындығын анық байқатады, соны- мен бірге рухының табандылығы мен қуатын көрсетіп тұр. Алаштың арда туған ұланы сол зұлмат заманның тар қалыпына сыймаған. Ақылды ұрпақтың арқасында оның айтқаны келді. Жалындап өткен жас ғұмырдың оты қайта маздады. Тірі кезінде болмаса да, өлі кезінде, 77 жылдан кейін,100 жасында есімі еліне мақтан етуге лайық ер ретінде қайта оралды.

Азаттық деп аңсаған асыл армандары елес болып, ал- дан көрікті өмір белесін көре алмай кетті-ау Перуаш сынды жас оғландар. Біздің борышымыз – олардың ғұмырнамаларын зерделеу жолында еңбек ету. Алаштың батырларын, дүлдүлдері мен сұңқарларының мақсаттары мен мұраттарын жас ұрпаққа жеткізе беру, Алаштың асыл рухын өшірмеу, сол арқылы қазақ елінің іргесін берік етіп, күш-қуатын күн санап арттыра беруге халықты жұмылдыру.

 

Сол бағытта өткен ізгі шараның жекелеген фраг- менттерін ұсына отырып, кітапты құрастырушылар оқырмандардың мұны аласапыран заманның зарын тартып, тағдыры тəлкекке түскен Перуаш Кəрімұлы тəрізді ерлердің есімдері туған жұрты барда ешқашан өшпейтіндігінің бір белгісіндей қабылдайтындықтарына сенім білдіреді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *