Ей, жас ұрпақ, аяла Алаш атын!

Ей, жас ұрпақ, аяла Алаш атын!

 

Алаш болғалы не істемеді!

 

Ынтымаққа ұмтылды көшкен елі. Саясына ел-жұрты саялайтын, Бəйтерек боп кезінде өскен еді.

 

Алаш

Алаш болғалы не көрмеді! Бір кездегі тамыры тереңде еді. Неге деме,

тамыры қырқылған соң, Келе-келе бəйтерек төмендеді.

 

Біз көрмеген Арыстар сөзі құтты, Табанына заманның езіліпті.

Өз бағасын қазақтар өзі құртты, Өз жағасын қазақтар өзі жыртты.

 

Түнереді Алаштың неге аспаны? Неге осы атпайды Алаш таңы? Қайдан жұққан əдет бұл қазақтарға Қалған-құтқан əйтеуір жақ ашпады. Шортик кигізгендей ғып жалаңбұтқа. Алдық қайта қоғамды жаңартып та.

 

Елін сүйген кешегі Арыстардан, Жемқорлардың бүгінгі жаны артық па?

 

Қараңғыдан ұмтылдық жарыққа да, Өткеніміз – бүгінге анықтама.

Ардақтысын аялай алмайды əсте, Еретеңіне сенімсіз халық қана.

 

Кетті өзгеріп əлемнің түрі бүгін, Барады жер жоғалтып жылылығын. Таныта алмай келеміз əлі күнге, Арыстардың кешегі ұлылығын.

 

Алысқа да сын ғой бұл,

жақынға да,

Бізге үлгі болмады батыр баба,

«Халық қашан оянат», деп, Алаштың, Жүрміз қазір аялап атын ғана.

 

Аты ғана осынау «Алаш» деген, Қоламтаға ұқсайды əлі өшпеген.

«Алаш» деген

біздегі тоғышарға, Әзірейлі сияқты елестеген.

 

Талай, талай құлады арман құзға, Шынымен-ақ меңіреу боп қалғанбыз ба?

«Алаш» деген,

ұқсайды бұл заманда, Өз еліне төркіндеп келген қызға.

 

Өзгертпеуге тиіспіз дала салтын, Топастық қой түсінбеу «Алаш» атын,

«Алаш» деген – өз халқың,

өз намысың,

Ей, жас ұрпақ,

ертеңге жол ашатын,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *